Интеллектуалды ойын Озық ойлы тапқырлар!

Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Интеллектуалды ойын Озық ойлы тапқырлар!

Озық ойлы, тапқырлар

(интеллектуалды ойын)

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың ой-өрісі мен танымдық қасиеттерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру, өз ойларын еркін жеткізу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.

Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.


  1. «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек».

С.М.Ломоносов

2. «Математиктердің өзіне тән тілі бар, ол формула» С.В.Ковалевская

3. «Арифметика - математиканың, ал математика - барлық ғылымдардың патшасы» К.Гаусс


  1. «Лобачевскийді үш нәрсе данышпандылыққа жеткізді, олар: дарын, жігер және еңбек». М.Искаков

Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің 8-9

сыныптар аралығында өткізілгелі отырған «Озық ойлы, тапқырлар» атты математикалық сайыс кешімізге қош келіпсіздер!

….Жақсы білім алуға жалықпалық!

Табылмаса тарығып талықпалық!

Салақтықты қоялық сақ болалық!

Білгенді, білмегенді анықталық! -деп Шәкәрім атамыз айтқандай, бүгінгі біздің кешіміздің мақсаты: Оқушылардың ой-өрісі мен танымдық қасиеттерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру, өз ойларын еркін жеткізу дағдыларын қалыптастыру.

1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, оқушылар!

Нақты ғылымдарға қызығушылар.

Естігенін есте тұтып,

Оқығанын миға тоқушылар.

2- жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!

Айтар ойын тұспалдар.

Сіз оқытқан окушылардың,

Сәті келді сыналар.

1-жүргізуші: Есепті түрлі-түрлі шығарамыз,

Арасында ойын ойнап жарысамыз.

Ойға оралымды, қиын сұрақ бәрі де бар.

Әзіл есепті де жүзеге асырамыз.

2- жүргізуші: Олай болса, тұрмайық,

Кешімізді біз бастайық,

Әділ бағаға қалтасы толы,

Әділқазыларды шақырайық.

1-жүргізуші: Кешімізді бастамас бұрын әр топтың білімін дұрыс бағалау

үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс

шарттары әрбір әділқазының алдына дайындалып қойылған.

1. ________________________

2. ________________________

3. ________________________

4. ________________________

5. ________________________

2- жүргізуші: Шын жүйрік шабысынан табылады.

Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда

Сіздерге құрметпенен қол соғылады.

Әр топты ортаға шақырып, кешіміздің өтілу тәртібімен таныстырайық. Әр сыныптан 3 оқушы бірдей киім үлгіде қатысулары тиіс..


  1. Бүгінгі кешіміздің алғашқы кезеңі « Сәлем-cөздің анасы». Әр топ өздерін таныстырады (аты, ұраны).

(Әділ-қазылар алқасы «Сәлем -сөздің анасы» кешіміздің алғашқы кезеңін бағалауларыңызды сұраймыз!)


  1. «Жылдам сұрақ, тез жауап» (Жауап нақты, тез болу керек)


  1. 12-ні 10 есе арттыр (120)

2. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? ( 4 рет)

3. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты. Мектепке неше бала барды? ( 5 бала )

4. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? ( 4 сағат)

5. Төрт пен бестің арасында қандай таңба қойылғанда 4-тен артық, 5-тен

кем сан шығады? ( үтір )

6. Жанұяда 2 ұл және әр ұлдың 2 әпкесі, 1әкесі бар. Әр қыздың бір анасы

бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар? ( 2ұл, 2 қыз, 1 әкесі, 1 анасы- 6адам)

7. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80

минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең)

8. 25 % санның қандай бөлігі? (1/4)

9. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)

10. Ең үлкен үш таңбалы сан?(999)

  1. Екі нүктенің арасындағы түзу? (кесінді)

  2. 360 санын 10 есе кеміт (36)

  3. Қанша қалтам?

Өзімде бар сан қалта

Арт жағында қос қалта

Жейдеде екі төс қалта

Пиджакта екі іш қалта

Бір төс қалта және бар

Сонда есепте, кәне ал,

Менің қанша қалтам бар?

Тағы айтпақшы пальтом бар

Онда да төрт қалтам бар? (15)

(Бұл кезеңнің бағасы айдан анық, яғни әрбір топ дұрыс жауап беруіне сәкес баға алады. Олай болса әділ қазылар осы 2 кезеңнің бағасын айтсаңыздар)

Біреу озса жарыста,

Біреу артта қалады.

Ренжімей тараса,

Озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден -

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол -

Еңбектену, жалықпау!

Ойынның шарты бойынша 2 кезеңнен кейін ұпай саны аз топ ойыннан шығады. Олай болса біз .......... тобын қошеметпен шығарып салайық. Рахмет белсене қатысқандарыңыз үшін! Сәттілік тілейміз!

3. «Математикалық аукцион».

Мен математикалық термин айтамын, сіздер сол терминнің соңғы әрпінен жаңа математикалық термин құрастыру керексіздер. Яғни, топтар арасында тізбектеліп жалғасын табу керек. «перпендикуляр»

(Әділ-қазылар алқасы «Математикалық аукцион» кешіміздің үшінші кезеңін бағалауларыңызды сұраймыз)

4. Кешіміздің келесі кезеңі «Капитандар жарысы». Ұлы математиктердің есімін атап қадам тастайды, қай топтың капитаны ұзақ қашықтыққа жүрсе, сол топ жеңімпаз, есімдерді қайталауға болмайды.

(Әділ-қазылар алқасы «Капитандар жарысы» кезеңін бағалауларыңызды сұраймыз және осы кезеңдердің жалпы ұпай санын айтып өтсеңіздер!)

Ойынның шарты бойынша ұпай саны аз тағы бір топпен қоштасуға тура келіп тұр. Олай болса біз .......... тобына қошемет көрсетіп шығарып салайық. Жеңілдік деп ойламаңыздар, себебі сіздер 4 кезеңге қатысып жеңімпаз атанып отырсыздар! Ақ жол сіздерге тілейміз!

5. «Тапқыр болсаң, тауып көр!». Жұмбақ шешу.

1-жүргізуші: Математикалық атаулар мен ұғымдар,

Есте болар, құрбылар, бәріңнің де.

Енді бір сәт солар жайлы жұмбақ шешсек

Артық болмас, бастайық, кезек бізде.

2- жүргізуші: "Жемісті, жақсы иісті бәйшешек

Аралайық пайдасын көрем десек

Ұғымдағы милы жастың ойын қозғап

Үйретер талай тәлім, талай есеп " - деп Шәкәрім атамыз айтқандай Шәкәрім жұмбақтарын шешіп көрелік:

1) Нәрселерді санағанда,

Керек ол бізге ауадай,

Айтыңдаршы, бұл қандай сан,

Жан-жағыңа қарамай? (натурал сан)

2) Өмірің сенің қызық,

Жолында жоқ түзу сызық,

Басы да жоқ аяғы.

Бір айналым баяғы. (дөңгелек)

3) Дүкеннен мен сабын алдым,

Оның және қабын алдым,

Екі дәптер, бір қарындаш,

Тіс ысқышты тағы да алдым.

Есептеші сонда бәрі

Қанша болды, қолда бары? ( 6 )

4) Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазылып тұр бойында. ( сызғыш )

5) Тамам сөзді сөйлейді сөйле десе

Етінен ет кесемін сөйлемесе

Айт демесе айтпайтұғын жауабы жоқ

Сүйгенімді сөйлеттім әлденеше.

(Қарындаш)

(Әділ-қазылар алқасы «Тапқыр болсаң, тауып көр!» атты кешіміздің бесінші кезеңін бағалауларыңызды сұраймыз! Жалпы ұпай санын айтып өтсеңіздер)

Жеңіс бар жерде жеңіліс бар демекші, ...... ұпаймен ......... тобын қошеметпен ортаға шақырамыз! Сіздер бүгінгі кешіміздің қола жүлдегері атанып отырсыздыр, рахмет сіздерге білімдеріңізді көрсетіп, белсенділік танытқандарыңыз үшін. Қошемет...

6. «Математиктердің өзіне тән тілі бар, ол формула» - деп Софья Ковалевская айтқандай бүгінгі «Озық ойлы тапқырлар» атты кешіміздің алтыншы кезеңі «Ойнай да, ойлай да біл!» деп аталады. Бұл ойынның шарты, екі топ кезкелген математикалық формула жазып жарысады. Уақыттарыңыз 2 минут, қайталанған формулалар есептелінбейді.

Бұл біздің соңғы кезеңіміз болатын, сондықтан әділқазылар жеңімпаз топты анықтағанша, ән көңілдің ажары демекші, ортаға ...... сынып оқушысы ................................ шақырамыз.

1-жүргізуші: Санаңды сенің толтырар,

Есептану пәні бар.

Сабағынды егер оқысаң,

Өмірде саған жол болар.

2-жүргізуші: Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды.

Ал, қазір әділқазылар сөз алады.

Сайысымыздың жеңімпаздарың анықтап,

Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.

Құрметті достар, топ мүшелері, бүгін жеңілген топ бар, бірақ жеңілген адам жоқ. Бүгінгі ақыл-ой жарысында бәріміз, жеңіске жеттік, білім алдық. Жеңіс құтты болсын деп кешімізді аяқтаймыз.

1,2-жүргізуші:Қош, сау болыңыздар!





















Қаралды:

Ә.Б. жетекшісі:

Ж.Т.Ильясова

____________________

«____»__________2014 ж.


Келісілді:

Директордың ҒАЖ

орынбасары

Т.Т. Жакилина:

______________

«____»_____2014 ж.

Бекітілді:

Астана қаласы әкімдігінің

"№34 орта мектеп" КММ МА

Г.М. Мекежанова:

___________________

«____»_______2014 ж.






Математикалық сайыс











Қатысушылар: 8-9 сыныптар

Математика пәнінің мұғалімі: Ибраева Э.М.








2014-2015

© 2010-2022