Конспект по математике: Өрнектерді тепе-тең түрлендіру

Раздел Математика
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Өрнектерді тепе- тең түрлендіру.

Сынып: 6 «А»

Мерзімі:

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Алгебралық өрнектерді теңбе - тең түрлендіріп ықшамдауын үйрету.

Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту, оқушылардың құзыреттерін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: тапсырмалар

Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу ә) Оқушылар тізімін тексеру б) Сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІ Өткен тақырыпты қайталау:

  • Үй тапсырмасының орындалуының барын тексеру, сұрақтарына жауап беру.

ІІІ Жаңа тақырып:

Екі өрнектегі әріптердің қабылдайтын мәндерінің кез келгенінінде олардың (өрнектердің) сәйкес мәндері тең болса, онда олар теңбе -тең өрнектер деп аталады.

  1. Қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып, алгебралық өрнектердегі қосылғыштардың орындарын ауыстырып топтауға болады.

  2. Көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып, алгебралық өрнектердегі көбейткіштердің орындарын ауыстырып топтауға болады.

  3. Көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиетін пайдаланып алгебралық өрнектерді теңбе -тең түрлендіру

  4. Қосындыны берілген санға бөлуді пайдаланып, әріпті өрнекті түрлендіру

  5. Алгебралық өрнек қысқартылмаған бөлшекпен берілген жағдайда бөлшекті қысқырту арқылы ықшамдалады.

ІV Дамыту кезеңі. Есептер шығару:

Ауызша орындалатын тапсырмалар: №722

Тақтада орындалатын тапсырмалар: № 723, №725, №730

Орындарында орындалатын тапсырмалар: №727

Сабақты бекіту кезеңі:

  1. Қандай өрнектер теңбе-тең өрнек деп аталады?

  2. Қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып, алгебралық өрнектерді қалай ықшамдайды?

  3. Көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып, алгебралық өрнектерді қалай ықшамдайды?

  4. Қысқартылмаған бөлшекпен берілген алгебралық өрнек қалай ықшамдалады?

Сабақты қорытындылау: Оқушыларға сабаққа қатысқанына сай баға қою.

Үй жұмысы: №732, №733


© 2010-2022