Поурочный план Екі нүктенің арақашықтығы

Раздел Математика
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 10.02.15

Пәні: Геометрия

Сыныбы: 8

Мұғалімнің аты

Шыныбаева Гүлден

Сабақтың тақырыбы:

Екі нүктенің арақашықтығы

Сілтеме:

ОМЖ, Оқулық

Жалпы мақсаттары:

Берілген координатасы бойынша жазықтықтағы екі нүктенің арақашықтығын табу формуласын үйрену және есептер шығарғанда пайдалана білу

Ресурстар:

Оқулық, сабаққа қажетті ресурстар

Әдіс - тәсілдер:

Тәсілі: жұппен, топпен

Әдісі: СТО, диалог

Оқу нәтижесі:

Топқа бөлу барысында психологиялық ахуал тудыру. Оқушылар өздерінің алтын ережелерін құру, жеке, топпен, жұппен тапсырманы орындайды. Бағалау критерийлерін үйренеді.Сыни тұрғыданй ойлау қабілеттері дамиды.

Негізгі идеялар:

Ізденіс жұмыстары арқылы оқушылардың оқуға деген қызығушылығы артады,танымдық қабілеттері дамиды

Тапсырма көздері:

1.Кеңейтілген тапсырмалар

2.Ізденіс жұмыстары. Жұптық,жеке жұмыстар

Сабақтың көрнекілігі:

Слайдтар, тапсырма көздері жазылған карточкалар

Мотивациялық кезең:

Оқушылардың қабілеттеріне қарай ,ерекшелігіне қарай жұптарға бөлу

Сабақтың барысы:

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі:

1 мин

Кезекші арқылы оқушыларды барлау.


Топқа бөліну

2 мин

Топқа бөлу үшін әр түрлі стикерлер беру.

Стикерлер арқылы өз топтарын айқындайды және топқа бөлінеді.

Үй тапсырмасын сұрау

5 мин

«Ойлайық, кім ойшыл».

1) Пифагор теоремасын жатқа айт;
2) Кесінді ортасының координатасын табу формуласын айт;
3) Кесіндінің бір ұшы мен ортасының координатасы берілсе, екінші ұшының координатасы қалай табылады?

Сұрақтарға жауап береді.Әрбір тапсырманы шешу тәсілдерін қолдануды үйренеді.

Ой қозғау: (тақырыпқа байланысты оқулықтағы есептерді шығару)

10мин

Өтілген тақырып бойынша формулаларды қолдану тәсілдерін үйрету, тапсырмалар беру:

Координаталық жазықтықта А(х1; у1) және В(х2; у2) нүктелері берілсін.
Берілген координаталары бойынша олардың арақашықтығын анықтайық. А және В нүктелерінен координаталық осьтерге параллель түзулер жүргізіп, қиылысуын С нүктесімен белгілеңдер.


Тапсырмаларды орындайды, жұппен, топпен, жеке берілген есептерді орындайды.

Негізгі бөлім


Ұғындыру мысалдары:
У А 1) х1≠ х2, у1 ≠ у2 жағдайын қарастырамыз:
С В А мен С нүктелерінің арақашықтығы Іу2 - у1І мәніне тең, ал
О х С мен В нүктелерінің арақашықтығы Іх2 - х1І мәніне тең. АВС тікбұрышты үшбұрышын қарастырамыз:
Түйінді шешу:
Пифагор теоремасы бойынша: АВ2=АС2+ВС2 сонда, АВ2=(х2 - х1) 2+(у2 - у1) 2
Іс - әрекет:
А(1;- 2), В(- 2; 2) болса, А және В нүктелерінің арақашықтығын табайық:
АВ2= (- 2 - 1) 2+(- 2 - 2) 2=9+16=25, АВ=5






Қорытынды

5мин

Санаға сіңіру:
1) Егер координаталар басы О(0; 0) нүктесі мен Р(х; у) нүктесіне дейінгі қашықтықты табу керек болса: ОР2=х2+у2
2) Егер екі нүктеде абсцисса осінде жатса: d=Ix2 - x1I
3) Егер екі нүктеде ордината осінде жатса: d=Iy2 - y1I
Нәтиже: Жазықтықтағы екі нүктенің арақашықтығы олардың сәйкес координаталарының айырымдарын квадраттап қосып, одан квадраттық түбір тапқанға тең.


Бағалау:

2мин

Тапсырмаларға арналған критерийлермен таныстыру, топтық жұптық, жеке тапсырмаларды бағалау

Бірін бірі бағалайды, топтық жиынтық бағалар қалыптасады.

Рефлексия

2мин

Екі жұлдыз бір тілек

Кейінгі тапсырмалар:

Үйге тапсырма:

1мин

Оқулықтан 1.2 тақырып №380



© 2010-2022