Веклассное мероприятие по математике (интеллектуальная игра) для учащихся 7-9 кл

Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Веклассное мероприятие по математике (интеллектуальная игра) для учащихся 7-9 клВеклассное мероприятие по математике (интеллектуальная игра) для учащихся 7-9 клВеклассное мероприятие по математике (интеллектуальная игра) для учащихся 7-9 клВеклассное мероприятие по математике (интеллектуальная игра) для учащихся 7-9 клВеклассное мероприятие по математике (интеллектуальная игра) для учащихся 7-9 клВеклассное мероприятие по математике (интеллектуальная игра) для учащихся 7-9 клВеклассное мероприятие по математике (интеллектуальная игра) для учащихся 7-9 клВеклассное мероприятие по математике (интеллектуальная игра) для учащихся 7-9 клВеклассное мероприятие по математике (интеллектуальная игра) для учащихся 7-9 клВеклассное мероприятие по математике (интеллектуальная игра) для учащихся 7-9 клВеклассное мероприятие по математике (интеллектуальная игра) для учащихся 7-9 клВеклассное мероприятие по математике (интеллектуальная игра) для учащихся 7-9 клВеклассное мероприятие по математике (интеллектуальная игра) для учащихся 7-9 клВеклассное мероприятие по математике (интеллектуальная игра) для учащихся 7-9 клВеклассное мероприятие по математике (интеллектуальная игра) для учащихся 7-9 клВеклассное мероприятие по математике (интеллектуальная игра) для учащихся 7-9 клВеклассное мероприятие по математике (интеллектуальная игра) для учащихся 7-9 клВеклассное мероприятие по математике (интеллектуальная игра) для учащихся 7-9 клВеклассное мероприятие по математике (интеллектуальная игра) для учащихся 7-9 клВеклассное мероприятие по математике (интеллектуальная игра) для учащихся 7-9 клВеклассное мероприятие по математике (интеллектуальная игра) для учащихся 7-9 клВеклассное мероприятие по математике (интеллектуальная игра) для учащихся 7-9 клВеклассное мероприятие по математике (интеллектуальная игра) для учащихся 7-9 клВеклассное мероприятие по математике (интеллектуальная игра) для учащихся 7-9 клВеклассное мероприятие по математике (интеллектуальная игра) для учащихся 7-9 клВеклассное мероприятие по математике (интеллектуальная игра) для учащихся 7-9 клВеклассное мероприятие по математике (интеллектуальная игра) для учащихся 7-9 кл«Математикалық өрмек»

зияткерлық сайысының жұмыс жоспары

Дайындаған №15 орта мектептің жоғарғы санатты

математика пәнінің мұғалімі Шинтимирова Амина Камешқызы

Мақсаты:

  1. Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыруға, математикадан алған білімдерін нығайтуға, ойлау қабілеттерін дамытуға жағдай туғызу.

  2. Ұйымдастырушылыққа, бағытталған мақсатқа жете білуге және қойылған сұраққа өздіктерінен іздене білуге, шапшаңдыққа, жинақылыққа дағдыландыру.

  3. Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершіліктерін жетілдіру, біліміне деген сенімін арттырып, үлкен жетістіктеріне жетуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: презентация, үлестірмелі қағаздар

Ойынның барысы:

  1. Ұйымдастыру. Мұғалімнің кіріспе сөзінен кейін оқушылар домалақ жіпті бір-біріне беру арқылы тарқата отырып, өздерін таныстырады және бір-біріне тілектер айтады: - Өзім жайлы айтып өтсем...Мен...

бүгінгі ойыннан келесі өзгешеліктерді күтемін...(бір-біріне қолдау көрсету, сәттілік тілеу және т.б.) 3-слайд

  1. Ойынға қатысушылар орындарына отырады, сұрақтарды таңдау ретін анықтау үшін әрбір қатысушыға сандардан құралған өрмегі бар қағаздар үлестіріледі. 1-ден 10-ға дейінгі сандарды жалғастыратын үздіксіз жолды тауып, оны қызыл түспен сызып шығу керек. 4-5 слайд

  2. 6-слайд. Экрандағы өрмекті пайдаланып, оқушылар өздері анықтаған рет бойынша сұрақтарды таңдайды.

Сұрақтар үш топқа бөлінген, көк дөңгелектермен белгіленген сұрақтардың дұрыс жауабына 10 ұпай, қызылмен берілген сұрақтардың дұрыс жауаптарына 20 ұпай, ал жасылмен берілген сұрақтар жауабына 30 ұпай беріледі.

Көк дөңгелектер сұрақтары:

  1. Видео-сұрақ: 1 = 0 екенін дәлелдеу. Оқушылар дәлелдеу барысында жіберілген қатені табады. (Жауабы: х - а = 0 болғандықтан, 0-ге бөлуге болмайды)

  2. Видео-сұрақ: а саны өзінен кіші кез келген санға тең екенін дәлелдеу. Мұнда да оқушылар дәлелдеу барысында жіберілген қатені табады. (Жауабы: а-в-с = 0 болғандықтан, 0-ге бөлуге болмайды.)

  3. Полиглот. Жұмбақ-1:

Ақыл-ойдың шырағы,

Зәулім көктей шырағы.

Биігіне шықсаң да,

Қанбайды адам құмары. (Жауабы: Білім, знание, knowledge)

  1. Полиглот. Жұмбақ-2:

  2. Білімнің -жол басшысы,

Шәкірттің қол - басшысы. (Жауабы: Мұғалім, учитель, teacher)

  1. 2 санын үш бестікпен, 4 санын үш бестікпен, 5 санын үш бестікпен, 0 санын үш бестікпен өрнектеңдер.

(Жауабы: (5+5):5, 5-5:5, 5+5-5, (5-5):5. )

  1. А.С. Пушкин 1799 жылдың 26 мамырында туып, 37 жыл 8 ай және 3 күн өмір сүрген. Ол қай күні қайтыс болған?

(Жауабы: 1799+37= 1836 ж. + 8 ай , 26 қаңтар 1837 ж. + 3 күн, шығады 29 қаңтар 1837 жылы.)

Қызыл дөңгелектер сұрақтары:

  1. Қорапта 25 кг шеге бар. Табақты таразы мен массасы бір кг гирь тасты қолданып, екі рет өлшеу арқылы қалай 19 кг шеге алуға болады?

(Жауабы: 12+1кг=13; 12/2=6; 6=6; 13+6=19)

  1. Суретші Худабеднов бір айда 42 картина салды. Олардың 17-сінде орман, 9-нда өзен, ал 13-нде орман да, өзен де салынған. Қалған картинкаларда түсініксіз суреттер бар. Қанша түсініксіз суреттер бар?

(Жауабы: Эйлер-Венн диаграммасы. (29+17)-13=33; 42-33=9)

  1. А қаласынан В қаласына Печкин жолға шықты. Ал Матроскин керісінше В қаласынан А қаласына шықты. Олар кездскесін, Печкин қайтадан кері жүрді, ал Матроскин сол жүрген жолымен жүре берді. Печкин А қаласына Матроскиннен 30 минутқа ерте келеді және оның жылдамдығы Матроскиннің жылдамдығынан 6 есе көп еді. В қаласынан А қаласына дейін Матроскин қанша уақыт жіберді?

(Жауабы: Кездескенге дейін Печкин Матроскиннің жүрген жолынан 6 есе артық жол жүрді. Печкин А қаласына қайта оралғанға дейін Матроскин кездескеенше дейін жүрген жолындай жол жүрді. Демек, Матроскинге 30минут ішінде әлі жүрген жолының бесеуіндей жүру керек. 30:5=6 мин. Демек, Матроскин Печкинге кездескенше дейін 6 мин жүрген Онда 6+6*6=42мин.)

  1. Үйде 12 шәшке мен 9 табақшалар бар еді. Балалар шәшкелердің жартысын және 7 табақша сындырды. Неше шәшке табақшасыз қалды?

(Жауабы: 4 шәшке)

  1. Жаңа үй салып жатқан Бобер Бобтың 6 бөренесі бар. Олардың әрқайсысын 6-ға бөлу керек. Ол өзінің өткір тістерімен бөренені бір жерден кесу үшін 1 минут уақытын жібереді.Барлық жұмысқа оның қанша уақыты кетеді?

(Жауабы: Бөренелердің біреуін 6-ға бөлу үшін 5 рет кесу керек. 1бөренеге- 5минут, 6*5=30 минут)

  1. Квас сатушы квасты тек қана 3 және 5 литрлік ыдыспен сатады. Бір күні 1 литр квас сұрап келген сатып алушы болды. Сатушы өзінің екі ыдысын пайдаланып қалай 1 л квасты құйып берді?

(Жауабы: 3 литрлік ыдысты толтырып, 5 литрлік ыдысқа құяды, екінші рет толтырып, 5 литрлікке құйғанда, ол толады да 3 литрлік ыдыстың ішінде 1 л квас қалады.)

Жасыл дөңгелектер сұрақтары:

  1. 1.Үшбұрышты екі түзу жүргізу арқылы оны екі үшбұрышқа және бір төртбұрышқа бөл.

2.Үшбұрышты екі түзу жүргізу арқылы оны екі үшбұрышқа және бір бесбұрышқа бөл.

(Жауабы:



  1. Оны сіріңкеден немесе таяқшадан құрастыруға болады.

Өзара тең 4 шаршы құрастырылған. 3 шырпының орнын ауыстыру арқылы тең 3 шаршы құрастыр.



  1. Лентадан көз мөлшермен 20 см кесіп алу. Кім дәлірек, жақынырақ кессе, сол жеңеді .

  2. Жарқын картадан үй тұрғызды. Суретте 1,2 және 3 қабатты үйлер бейнеленген. 1 қабат- 2 карта, 2 қабат- 7 карта, 3 қабат- 15карта. 4 қабатты үй тұрғызу үшін оған қанша карта қажет болады ?

(Жауабы: 26 карта)

  1. «Бірден сызып шық»

Қарындаштың ұшын қағаздан алмай және бір сызған сызықпен қайталап жүрмей, суреттегі фигураларды бірден сызып шық.

Бірінші фигураны бірден сызып шығуға болмайды, себебі екіден артық тақ түйіні бар. Ал екінші фигураны сызып шығуға болады, себебі екі ғана тақ түйіні бар.

Вторая фигура получится, т.к. она имеет четные узлы и 2 нечетных.





  1. Берілген тік төртбұрышты суретте көрсетілгендей бөлсек, бөліктерінен қандай фигуралар жасауға болады?









Жауабы:







«МАТЕМАТИКА өрмегі» ойынының бағалау парағы

Өрмекшінің аты-жөні

математика

логика

эксперимент

Жалпы ұпайы

10 ұпай

20 ұпай

30 ұпай

1





2





3





4





5





6





7





8




9





10





11





12





13





«Математика өрмекшісі»: ___________________________________________

Сабақты қорытындылау. Жеңімпазды анықтау.





© 2010-2022