Қысқа мерзімді сабақ жоспары Параллелепипедтер және олардың қасиеттері тақырыбына (11-сынып)

Раздел Математика
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қысқа мерзімді сабақ жоспары Параллелепипедтер және олардың қасиеттері тақырыбына (11-сынып)Қысқа мерзімді сабақ жоспары Параллелепипедтер және олардың қасиеттері тақырыбына (11-сынып)Қысқа мерзімді сабақ жоспары Параллелепипедтер және олардың қасиеттері тақырыбына (11-сынып)Қысқа мерзімді сабақ жоспары Параллелепипедтер және олардың қасиеттері тақырыбына (11-сынып)Қысқа мерзімді сабақ жоспары Параллелепипедтер және олардың қасиеттері тақырыбына (11-сынып)Қысқа мерзімді сабақ жоспары Параллелепипедтер және олардың қасиеттері тақырыбына (11-сынып)Қысқа мерзімді сабақ жоспары Параллелепипедтер және олардың қасиеттері тақырыбына (11-сынып)Қысқа мерзімді сабақ жоспары Параллелепипедтер және олардың қасиеттері тақырыбына (11-сынып)Күні: 22.09.2015

№7 сабақ

Сыныбы: 11

Пәні: геометрия

Сабақтың тақырыбы:

Параллелепипедтер және олардың қасиеттері

Сілтеме

Күнтізбелік жоспар, геометрия оқулығы В.Гусев, Ж.Қайдасов, нұсқаулық, электронды оқулық.

Жалпы мақсаты:

Тақырыпты оқыта отырып, оқушыларда параллелепипедтің элементтері жайлы түсінік қалыптастыра отырып, оның қасиеттерімен таныстыру.

Түйінді идея:

Параллелепипедтер және олардың қасиеттері жайлы білімдерін кеңейту.

Оқыту нәтижесі:

  • Параллелепипед және оның элементтері жайлы түсініктері кеңейеді;

  • Параллелепипедтің қасиеттерімен танысады;

  • Көрнекі құралдардың көмегімен көпжақтардың жазықтықпен қимасы туралы түсінік қалыптастырады;

  • Кеңістікте елестету қабілеттерін дамытады;

  • Параллелепиепдтің белгілі элементтері бойынша белгісіз элементтерін табуды үйренеді.

Ақпарат көздері:

Оқулықтар, электронды оқулық, АКТ, үлестірме қағаздар

Іс-әрекет түрлері:

1. «Сәлемдесу» тренингі

2. Топқа бөлу.

3. Жұптық жұмыс.

4. «Крестиктер, нөлдіктер» стратегиясы.

5.«Мен білемін» тәсілі.

6.Оқулық бойынша топтық жұмыс (есептер шешу)

7. Ақпараттық постер әзірлеу.

8. Рефлексия:

  • Жұптық бағалау;

  • Топты бағалау.

Мұғалімнің сабақ туралы жазбалары

тапсырма 45 минутқа арналған

Сабақ кезеңдері

Оқытуда қолданылатын модульдер

Мұғалім іс-әрекеті

Уақыт

Оқушы іс-әрекеті

1. Білу




Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;


Жас ерекшеліктеріне сай оқыту;







Сыни тұрғыдан ойлау;





Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (диалог);

АКТ




Жас ерекшеліктеріне сай оқыту;

Сыни тұрғыдан ойлау; АКТ


Сәлемдесу тренингі

Салем достым! (амандасады)

Сен қалайсың? (иықтарынан қағады)

Қайда болдың? (құлақтарынан тартады)

Мен сені сағындым! (қолдарын жүректеріне қояды)

Сен келдің (қолдарын жаяды)

Жақсы болды (құшақтайды)

Оқушыларды тренингтің мақсатымен таныстырады да тренингті жүргізіп, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады.

Топқа бөлу

Шеңбер бойымен тұрған оқушыларға таратпаларды таратып шығады да, топқа бөлініңдер деп оқушыларға тапсырма береді. Шағын топтарға оқушылардың қалай топтасатынын бақылайды, көмек керек болған жағдайда бағыт-бағдар береді.

Жұптық жұмыс.

Оқушыларға бір-бірлерінің дәптерлерінен үй жұмысын тексеруді тапсырады.

Тақтада үйге берілген есептердің дұрыс жауаптары пердешемен жабылып тұрады. Мұғалім оқушыларға жұпта бір-бірінің жұмыстарын тексергеннен кейін қатемен жұмыс жүргізуді, жұпта талқылауды ұсынады.

«Крестиктер, нөлдіктер» стратегиясы арқылы үй тапсырмасын сұрау. Оқушыларға бір-бір кестеден таратып береді де ойынның шартымен таныстырады. Кестеде тоғыз ұяшық бар. Әр ұяшыққа сәйкес сұрақтар оқылады. Жауаптарды түзетуге болмайтындығын, түзету жасалса қате болып саналатыныны ескертеді.



3










2








2








5

Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Өзара жұптарға бөлініп, өз жұптарына қарап тұрады да мұғалімнің айтқанын қайталайды. Тренингке қатысып, сабаққа деген жақсы көңіл-күйлері қалыптасады.


Оқушылар геометриялық фигуралардың түрлеріне қарай топтасады.

1-топ: параллелограмм;

2-топ: ромб.

Оқушылар жұптарының есептерін тексереді де бақылау парағына баға қояды. Жұптағы тексеру аяқталғаннан кейін, тақтадағы дұрыс жауаптармен салыстырады. Қатемен жұмыс жүргізеді. Қатені болдырмау жақтарын қарастырады.

Әр ұяшыққа сәйкес сұрақтар қойылғанда, оқушылар тұжырыммен келісетін болса "ия" жауабын "х" белгісімен, келіспейтін болса "жоқ" жауабын "0" белгісімен белгілейді.

Барлық ұяшықтар белгіленіп болғаннан кейін дұрыс жауаптар кестесімен сәйкестендіріп өз-өздерін тексереді.

2.Түсіну




Сыни тұрғыдан ойлау;

Талантты және дарынды балаларды оқыту;


АКТ


«Мен білемін» тәсілі.

Тақтада «параллелепипед» түйінді сөзін ерекшелеп қояды да, осы сөз оларда қандай ассоциация туғызатынын сұрайды. Оқушыларға жауаптарын параққа жазуды тапсырады.

параллелепипед

Мұғалім оқушылардың жауаптарын тірек-сызбаға енгізе отырып, жаңа тақырып бойынша не білетіндіктерін саралайды.

Жаңа сабақты түсіндіру. Жаңа сабақ бойынша оқушылардың не білетіндіктерін нақтылаған соң, олардың білімдерін таныстырылымның көмегімен толықтырып, айнала қоршаған ортадан мысалдар келтіреді.


3














5


Оқушылар ассоциация құра отырып, өз ойларына параллелепипед ұғымы бойынша келетін сөздерді жазып шығады. Содан соң жұпта талқылау жүргізіп, ең негізгілерін ерекшелеп, жауап ретінде ұсынады. Бастысы айтылған жауапты қайта айтуға болмайтындығын ескерулері қажет.


Оқушылар жаңа сабақ бойынша жаңа терминдер мен анықтамаларды дәптерлеріне жазады.

3.Қолдану



Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (диалог)

Топтық жұмыс.

Топтарға оқулық бойынша тапсырма береді. Есептерді жұпта талқылауды ұсынады.

Топтар шығарған есептердің дұрыс бұрыстығын тексеріп, саралайды, бағыт береді.


10

Тақырып бойынша оқулықтан топтық тапсырма алады. Алдымен жұпта талқылайды да бірлесе отырып, есептерді шешеді.

1- топ: №11(1), №13, №14

2- топ: №11(2), №12, №15

Тақтаға жаза отырып, басқа топтарды жұмыстарымен таныстырады, есептің шығарылу жолын түсіндіре отырып, дәлелдейді.

4.Талдау

5.Жинақтау


Сыни тұрғыдан ойлау; Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (диалог); Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Ақпараттық постер әзірлеу

Тақырып бойынша алған білімдерін талдап, жинақтау үшін топтарға «Параллелепипед» тақырыбында ақпараттық постер әзірлеуді тапсырады.

Топ баяндамашыларының постер бойынша баяндамаларын тыңдайды, кемшіліктері болса түзету жолдарын көрсетеді.

10

Оқушылар топтаса отырып, тақырып бойынша ақпараттық постер әзірлейді. Топтар жұмыстарын «Мозайка» әдісі бойынша қорғайды, яғни әр топта тек баяндамашы қалады да, қалған топ мүшелері келесі топқа қонаққа барады. Баяндамашының баяндамасын тыңдап, қайта өз орындарына келіп отырады.

Топтар постерлерін қорғап болғаннан кейін өзара критериалды бағалау жүргізеді.

6.Бағалау



Сыни тұрғыдан ойлау;

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Топтық бағалау

Топ төрағаларына сөз береді. Топ төрағаларының бағаларын тыңдайды, саралайды, соған сүйене отырып, оқушылардың сабақтағы қызметін бағалайды.

Жұптық бағалау

Оқушыларға «Жұбыңды бағала» деп аталатын арнайы парақшалар таратып береді де бүгінгі сабақтағы жұптарының қызметін бағалауды ұсынады.

Рефлексия

Рефлексия парақшаларын таратып береді.

Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің қандай? Не үйрендіңдер? соны жазыңдар деп тапсырады.


3










2

Топ төрағалары бағалау парақшасы бойынша топ мүшелерін критериалды бағалайды.

Оқушылар парақшадағы критерийлер бойынша бағалау жүргізіп, жұбының жиынтық бағасын айтады, түсініктеме береді.

Оқушылар стикерлерге сабақтан алған әсерлерін жазып, смайликтердің астына жапсырады.

Пайдаланылған құралдар:

Тапсырма жазатын қағаздар,түрлі-түсті қарындаш, маркерлер, бағалау парақшалары, стикерлер

Нақты үйге тапсырма:

§2.2 оқу, №16; «Параллелепипед» тақырыбында таныстырылым әзірлеу.

Тексерілді:______________________

© 2010-2022