Өлшеу нәтижесінен алынған сандарды бір таңбалы санға көбейту, бөлу

Балалар, бүгінгі математика сабағымыз ерекше түрде өтеді. Біз сендермен бірге саяхатқа шығамыз. Қазіргі уақытта саяхатқа немен шығуға болады? (ұшақпен, пойызбен, автобуспен...). Ал біздің ата-бабаларымыз бұрынғы кезде түйемен, ат арбамен бір ауылдан екінші ауылға той-думанға барып тұрған. Бүгінгі таңда біз ата-бабаларымыздың дәстүрін, салттарын жалғастырушы ұрпақ болғандықтан, біз де саяхатқа түйемен және аттармен шығамыз. (Түйемен аттардың суретін тақтаға ілу). Саяхатқа шығуға дайынсыңдар ма? Қандай жол ережелерін білу қажет. Керуенге орнығып отырып алайық. Оқушылар өз фотосуреттерін түйелерге және аттардың үстіне жапсырады). Халықта “Қазақ қонақсыз болмайды” деген сөз бар. Ол біздің еліміздің қонақжайлылығын білдіреді. Осы керуенмен біз Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 22 жылдығына орай әр аймақта тәуелсіздігімізді тойлауға барамыз. Әр облыс дайындаған тапсырманы орындауға тырысамыз. Балалар, Қазақстан Республикасы неше ақмайқа бөлінген (5) Орталық Қазақстан Шығыс Қазақстан Солтүстік Қазақстан Батыс Қазақстан Оңтүстік Қазақстан ·
Раздел Математика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қарағанды облысы білім басқармасының «дамуы

шектелген балаларға арналған облыстық

№3 мектеп - интернаты» КММ













Ашық сабақ:

Тақырыбы: Өлшеу нәтижесінен алынған сандарды

бір таңбалы санға көбейту, бөлу

(әдістемелік бірлестік апталығы)





Математика мұғалімі:

Шакманова Ж.Б.

Сыныбы: 7а

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Өлшеу нәтижесінен алынған сандарды бір таңбалы санға көбейту, бөлу

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Өлшеу нәтижесінен алынған сандарды бір таңбалы санға көбейту, бөлу амалдарын есептеу тәсілдерін меңгеріп есептер шығару.

Түзету: Есептер шығару арқылы зейінін және есте сақтау қабілетін, саусақтарға байланысты жаттығу арқылы қол - саусақ моторикасын түзету және дамыту.

Тәрбиелік: Қазақ халқының салт-дәстүрлерін оқушылар бойына сіңіру. Халықтық педагогиканы негізге ала отырып, оқушыларды қонақжайлылыққа, адамгершілікке, азаматтыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, топтық жұмыс.

Пәнаралық байланыс: отантану, география.

Көрнекіліктер: ҚР картасы, асықтар, қоржын.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

- Бір, екі, үш,

Бойға жинап күш.

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты біз бастаймыз.

(Оқушылар орындарына отырады).

  1. Сыныппен амандасу

  2. Сыныпты түгендеу, кезекшімен сөйлесім

  3. Оқушыларды сабаққа бейімдеу

  • Қазір қай жыл мезгілі?

  • Қыс айларын ата

  • Қазір қай ай?

  • Желтоқсанның нешесі?

  • Бүгін аптаның қай күні?

  1. Үй жұмысын тексеру.

Балалар, бүгінгі математика сабағымыз ерекше түрде өтеді. Біз сендермен бірге саяхатқа шығамыз.

Қазіргі уақытта саяхатқа немен шығуға болады? (ұшақпен, пойызбен, автобуспен...).

Ал біздің ата-бабаларымыз бұрынғы кезде түйемен, ат арбамен бір ауылдан екінші ауылға той-думанға барып тұрған. Бүгінгі таңда біз ата-бабаларымыздың дәстүрін, салттарын жалғастырушы ұрпақ болғандықтан, біз де саяхатқа түйемен және аттармен шығамыз. (Түйемен аттардың суретін тақтаға ілу).

Саяхатқа шығуға дайынсыңдар ма? Қандай жол ережелерін білу қажет. Керуенге орнығып отырып алайық. Оқушылар өз фотосуреттерін түйелерге және аттардың үстіне жапсырады).

Халықта "Қазақ қонақсыз болмайды" деген сөз бар. Ол біздің еліміздің қонақжайлылығын білдіреді. Осы керуенмен біз Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 22 жылдығына орай әр аймақта тәуелсіздігімізді тойлауға барамыз. Әр облыс дайындаған тапсырманы орындауға тырысамыз. Балалар, Қазақстан Республикасы неше ақмайқа бөлінген (5)

  • Орталық Қазақстан

  • Шығыс Қазақстан

  • Солтүстік Қазақстан

  • Батыс Қазақстан

  • Оңтүстік Қазақстан

Өлшеу нәтижесінен алынған сандарды бір таңбалы санға көбейту, бөлу

(Балалардың назарын облыстарға бөлінген картаға аудару. Саяхатқа баратын қалаларды анықтау)

  • Орталық Қазақстан - Қарағанды қаласы

  • Шығыс Қазақстан - Өскемен қаласы

  • Солтүстік Қазақстан - Петропавл қаласы

  • Батыс Қазақстан - Атырау қаласы

  • Оңтүстік Қазақстан - Шымкент қаласы

Жолымызды туған жеріміз Орталық Қазақстан - Қарағанды қаласынан бастаймыз. Саяхат барасында мүдірмей тапсырмаларды орындау үшін қане ауызша есептер шығарып дайындалып алайық.

- Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?

(Бәйге, көкпар, орамал тастамақ, ...).

«Бәйге» ойыны

Бәйге ойыны - ат жарысы. Оған жүйрік бапталған атпен шабандоздар қатысқан. Ал біздің мақсатымыз: өткен материалға байланысты қойылған сұрақтарға ауызша дұрыс жауап беру. (өткен тақырыптар бойынша тақтаға есептер ілінеді. Оқушылар оны ауызша орындайды)

(Ауызша сандарды санау)

Сандарды тура және кері санау: 986 ,987, 988, 989, 990, 991, 992, 993, 994, 995.

995, 994, 993, 992, 991, 990, 989, 988, 987, 986.

Логткалық есептер:

  • Айдос үйдің 6 - қабатында тұрады, ал осы подъездің 3 - қабатында тұрады. Егер Айдосқа дейін 60 баспалдақ болса, Жандосқа дейін неше баспалдақ бар? (30)

  • 2 сиырдың мүйізі нешеу?

  • 4 жұмыртқа 4 минут піссе, 1 жұмыртқа неше минут піседі.

«Орамал тастамақ» ойыны

1км =...м (1 000м)

7км = ...м (7 000м)

50км = ...м (50 000м)

1м =...см (100см)

8м =...см (800см)

48м =...см (4 800см)

1т =...кг (1 000кг)

9т =...кг (9 000кг)

60т =...кг (60 000кг)

1кг =...г (1 000г)

4кг =...г (4 000г)

11кг =...г (11 000г)

Қала тұрғындары жауаптарыңа риза, сендерге өз сәлемдемелерін жолдады. Енді жолға шығып, Өскемен қаласына бет алайық.

Өскемен қаласына келіп жеттік. Өскемен қаласының тұрғындары бізге арналған тапсырманы қоржынға жасырып қойыпты

Қоржын ішінде сандар. Бұл сандар өз орнын табу керек.

«Жауабыңды сәйкестендіру» ойыны

9км 800 м = 9800м

9м 63см = 963см

1кг 200г = 1200г

9м 3дм = 93дм

2км 300м = 2300м

8км 300 м = 8300м

8м 43см = 843см

3кг 300г = 3200г

3м 4дм = 34дм

3км 400м = 3400м

(Оқушылар кезекпен шығып әйнекшелерді толтырады. Сандар жазылған қағазды желімдеп жапсырады).

Қала тұрғындары жауаптарыңа риза, сендерге өз сәлемдемелерін жолдады.

  1. Сергіту сәті «Қара жорға биі»

Саяхатымызды жалғастырамыз....

Петропавл қаласына бет алайық.

- Керуен, керуен, көш керуен

Көкшедегі көш керуен.

Ата салтын сақтаған

Қош келдің, көш керуен.

(Петропавл қаласы керуенді өлеңмен қарсы алады).

- Петропавл қаласында үлкен той-думан. Тойға келген әйел затына дорба, қалта таратылады. Ер адамдарға жол беріледі. Бізге бұл тойдан не бұйырады?

- Петропавл қаласының қоржынындағы тапсырма сөзді есеп.

№421 есеп (сөзді есеп)

Орамда 30м мата бар. Осы орамнан 5 жаялық тігу үшін, әрбіреуіне 1м 80 см есеппен мата алынды. Сонда матадан қанша метр қалдық қалды?

Бірілгені:

Барлығы - 30м мата

5ж - әрбіреуіне 1 м 80 см

Қанша метр мата қалды - ?

Шешуі:

1 амал:

1м 80 см * 5 =

Өлшеу нәтижесінен алынған сандарды бір таңбалы санға көбейту, бөлу1м 80 см = 180см

180 см * 5 = 900см = 9м

2 амал:

30м - 9м = 21м

Жауабы: Орамда 21м мата қалды.

Бұл қаланың тапсырмасын да орындадық. Қала тұрғындары сендерге риза.

Шаршаған болсақ қолымызға жаттығу жасап алайық

Шөлдедік, сусағанымызды Атырау қаласына барып басайық. Қазақ халқының қандай сусындарын білесіңдер?

(қымыз, шұбат, айран, шалап...)

- Атырау қаласында қоржынына қол салайық

Қоржын ішінде нөмірленген асықтар.

Өлшеу нәтижесінен алынған сандарды бір таңбалы санға бөлуге байланысты есептер(әрбір топ қоржыннан бір-бір асықтан алып есеп шығарады )

ОӨлшеу нәтижесінен алынған сандарды бір таңбалы санға көбейту, бөлуқулықпен жұмыс. Өлшеу нәтижесінен алынған сандарды бір таңбалы санға көбейтуге байланысты есептер(әрбір топ қоржыннан бір-бір асықтан алып есеп шығарады )

1 асық: №419 2 баған 1 есеп

2

II, III деңгей - өздігімен шығару,

IV деңгей - мұғалімнің көмегімен.асық: №419 2 баған 2есеп

3 асық: №419 3 баған 1есеп

4 асық: №419 3 баған 2 есеп

1 асық: №419 2 баған 1 есеп

2т 87 кг * 6 = 12 522 кг

2Өлшеу нәтижесінен алынған сандарды бір таңбалы санға көбейту, бөлут 87 кг = 2000кг +87 кг = 2087кг

2087 кг *6=12 522 кг

2 асық: №419 2 баған 2есеп

1км 54м * 8 =8км432м

1Өлшеу нәтижесінен алынған сандарды бір таңбалы санға көбейту, бөлу км 54 м = 1000м+54м=1054м

1054 м *8=8432м

3 асық: №419 3 баған 1есеп

8т 1 кг * 7 = 56т 7кг

8Өлшеу нәтижесінен алынған сандарды бір таңбалы санға көбейту, бөлут 1 кг = 8000 кг + 1 кг=8001кг

8001кг *7=56007 кг

4 асық: №419 3 баған 2 есеп

9км 38м * 5 =72км304м

9Өлшеу нәтижесінен алынған сандарды бір таңбалы санға көбейту, бөлу км 38 м = 9000м+38м=9038м

9038 м *8=72304м

Өлшеу нәтижесінен алынған сандарды бір таңбалы санға көбейту, бөлу

5

II, III деңгей - өздігімен шығару,

IV деңгей - мұғалімнің көмегімен.



асық: №427 2 баған 1есеп

19м 26см : 6 = 321см

6асық: №427 2 баған 2 есеп

91м 90см : 2= 4м 595см

Жақсы білім көрсетіп бұл қаланың да тұрғындарын қуанттық.

Атырау қаласынан шығып туған жеріміз Шымкент қаласына барайық.

Шымкент қаласында да той-томалақ қызып жатыр. Біз де тыс қалып қоймайық. Бір сайысқа қатыса кетейік

«Жұмбақтар сайысы».

Қолымда 55 алма

5-ін бердім апама,

5-ін бердім атама,

Нешеуі қалды өзімде? (45 алма)

Көлден ұшты 80 қаз,

Қайтып қонды 50 қаз

Қонбады оның нешеуі,

Қане кім тез шешеді? (30 қаз)

100 асықтың 50-ын,

Досым сұрап алды

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолымда қалады. (50 асық)

"Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар" дегендей, біз барлық қала тұрғындарының дайындаған тапсырмаларын орындадық. Әрине, ол білімнің арқасы.

Шымкент қаласынан шығып үйге қайтайық. Қарағанды қаласына жеткенше, үй тапсырмасын жазып алайық.

«Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» дегендей, өз қаламыз бізді құшақ жая қарсы алды. Саяхатымыз ұнады ма?

V. Білімдерін бекіту

Балалар, бүгінгі сабақта не оқып, не үйрендік?

Өлшек нәтінесінен алынған сандарды бір таңбалы санға көбейту, бөлуге байланысты есептер шығардық.

1км 1м * 5 =5км5м

1Өлшеу нәтижесінен алынған сандарды бір таңбалы санға көбейту, бөлукм = 1000м

1001 м *5=5005м=5км5м

VI. Сабақты қортындылау және бағалау

VII. Үй тапсырмасы туралы ақпарат және бағалау

(№427 3 баған 2есеп III, IV деңгей ;

№427 2 баған 3есеп II деңгей )

Осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар!

© 2010-2022