5-ші сыныптар арасында математикалық сайыс

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

















5-ші сыныптар арасында математикалық сайыс

Тақырыбы: «Математикалық сайыс»

5-сынып











Математика пәнінің мұғалімі

Қалиева Қымбат





Тақырыбы: «Математикалық сайыс»

Мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін, ынтасын, қабілеттерін, белсенділіктерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, математика пәнінен алған білімдерін тереңдету, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, ептілікке баулу, білімді, озық болуға тәрбиелеу.

Түрі: Сайыс

Көрнекілігі: презентация, слайдтар, ребустар, кроссвордтар, ойынға қажетті әртүрлі заттар.

(Топтардың атын ребусқа жасыру)

Сайыс жоспары:

  1. "Бәйге " сұрақ жауап cайысы

  2. "Сандары бар және тақырыпқа байланысты ребустар" үй тапсырмасы

3. "Қызықты есептер"

4 . "Кім зерек?"

5. "Математикалық мақал - мәтелдер "

6. "Тарихқа саяхат " үй тапсырмасы

7. Қорытынды

1-сайыс «Бәйге».

I топқа сұрақтар



  1. Әріпті өрнек деп қандай өрнекті атайды?

  2. Қандай теңдік теңдеу деп аталады?

3. Белгісіз қосылғыш қалай табылады?

4.Қандай сандар 9-ға бөлінеді?

5. Жай сандар деп қандай сандарды атайды?

6. Белгісіз бөлгіш қалай табылады?

ІI топқа сұрақтар

1.Құрама сандар деп қандай сандарды атайды?

2. Қандай сандар 3-ке бөлінеді?

3. Белгісіз азайтқыш қалай табылады?

4.Теңдеуді шешу дегеніміз не?

5.Белгісіз көбейткіш қалай табылады?

6. Қандай кесінді радиус деп аталады?



2-сайыс "Сандары бар және тақырыпқа бойланысты ребустар" үй тапсырмасы.

Тапсырма: суретті 10сек. көріп, нені көргенін баяндау.

5-ші сыныптар арасында математикалық сайыс5-ші сыныптар арасында математикалық сайыс

5-ші сыныптар арасында математикалық сайыс5-ші сыныптар арасында математикалық сайыс

3-сайыс "Қызықты есептер

I топқа сұрақтар

  1. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)

  2. Дайындауға болады, бірақ жеуге болмайды?(сабақты)

  3. Аспанда бір қатар үйректер ұшып барады. Біреуі алдында, екеуі артында, біреуі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің ортасында. Барлығы неше үйрек ұшып барады?(3 үйрек)

  4. Сағат 22.00-де жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?(жоқ)

  5. Отбасында 5 ағайынды бар. Олардың әрбіреуінің 1 апайы бар. Отбасында барлығы неше бала?(6)

  6. Столдың 4 бұрышы бар. Егер 1 бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?(5)

ІI топқа сұрақтар

  1. Төрт пен бестің арасында қандай таңба қойылғанда 4 тен артық 5 тен кем сан шығады? (үтір)

  2. 70 мин көп пе, әлде 1 сағ 10 мин көп пе?(тең)

  3. Екі қолда 10 саусақ. Сонда 10 қолда неше саусақ болады?(50)

  4. Әсем поездың басынан есептегенде 7-вагонға отырды. Марина поездың соңынан есептегенде 7-вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. Поезда неше вагон болған?(13)

  5. Екі адам 2 сағат шахмат ойнаса, олардың әрқайсысы неше сағат ойнаған?(2)





  1. Үш ағайынды. Арман, Аян, Аслан ағайынды үшеуі әр сыныпта оқиды. Аслан Арманнан, ал Аян Асланнан кіші емес. Бұл үйдің үлкені, ортаншысы, кішісі кім?
    (Ең үлкені Аян, ең кішісі Арман, ортаншысы Аслан).

4-сайыс. "Кім зерек?" (есте сақтау қабілеттерін дамыту мақсатында)

Бұлбұлдың 2 құлақ, 1 басы бар
Салдыраған 8 жерден таңбасы бар.
Бұлбұлды жолға салып айдағанда,
Салатын неше түрлі жорғасы бар.
(Домбыра)
Өзі 4 қанатты және 6 аяқты,
Сөйтсе де тікұшақтың көшірмесі сияқты.
(Инелік)
Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
(Сызғыш)
Қарнында бір көлдің балығы бар,
Немесе жандының алыбы бар.
(Кит)
Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр - шиыр жолы көп.
(Қалам)
Екі ағайынды екеуі де бір үйде,
Бірін - бірі көрмейді.
(Көз)


5-сайыс. Математикалық мақал - мәтелдер
1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім ал)
2. Білекті бірді жығады, (білімді мыңды жығады)
3. Екі жақсы қас болмас,
(екі жаман дос болмас)
4. Досыңды үш күн сына ма, (үш жыл сына)
5. Бір елі ауызға -
(екі елі қақпақ)
6. Жүз теңгең болғанша, (жүз досың болсын)
7. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)
8. Жалқаудың екі досы бар: (бірі - ұйқы, бірі - күлкі)
9. Бес бармақ жиылса, (жұдырық болады)
10. Ер бір рет өледі,
(қорқақ мың рет өледі)







6-сайыс «Тарихқа саяхат». ­Әр топтан 1оқушы математика тарихынан деректерді келтіреді. I топқа «Бөлшек тарихынан»

ІI топқа «Аль-Хорезми»

Қорытынды.

Марапаттау.

© 2010-2022