ҚМЖ тақырыбы Призманың жазықтықпен қимасын салу (10 сынып)

Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

"Тексерілді"

___________________________

директордың ОІЖ орынбасары

Геометрия пәні бойынша № 20 сабақ

Өткізген күні: 13.11.2015 ж.

Сынып: 10"А" Пән мұғалімі: Еспентаева К.К.

Тақырыбы: § 9. Призманың жазықтықпен қимасын салу.

Күтілетін нәтиже:

  1. Білу және түсіну: Қиюшы жазықтық, тік призманың диагональдық қимасы мен көлбеу призманың қималары ұғымымен танысып білу.

  2. Қолдану: Призма қималарын салуды параллель проекциялау және оның қасиеттері арқылы кескіндеуді меңгеру.

Ресурс: Оқулық, сызғыштар, АКТ, призма модельдері,

Сабақ түрі: Жаңа білімді игеру

Сабақтың әдісі: СТО элементтері бар схемалық-сызба сабағы

Сабақтың құрылымы мен мазмұны:

Сабақ кезеңдері

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1

Ұйымдастыру бөлімі

2 мин

Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу

Мұғаліммен сәлемдеседі. Кезекші жоқ оқушыларды хабарлайды

2

Үй тапсырмасын тексеру

4 мин

№11, 13 (В); 18 (С)

«Қайталау-оқу айнасы» әр түрлі деңгейдегі сұрақтар беріледі, оқушылардың кезекпен жауап беруі сұралады.

Оқушылар екеуара үй тапсырмасын тексеріп, бағалайды.

Оқушылар сұрақтарға жауап беру үшін §1-8 параллель проекциялау мен оның қасиеттерін еске түсіреді.

3

Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айқындау

4 мин

Жаңа білімді қажет тірек ұғымдарды "Алфавит сызығы" арқылы оқушылардың өздеріне айқындауға көмектесу

Оқушылар өз тәжірибесіне сүйеніп, тірек ұғымдары арқылы жаңа сабақтың мақсаты мен міндеттерін айқындайды

4

Проблемалық жағдай туғызу

5 мин

Жаңа білімге қатысты интербелсенді тақтада сызбалар ұсынып, пікір алмасу жүргізеді (модульдер: СТО, ДО, АКТ)

Сызбалар арқылы қималарды алу әдістерін және қиманың түрін анықтап, тұжырымдайды. Қиманы алудың жолын қандай сызбаларды орындау керектігін түсінеді.

5

Тапсырманы екеуара орындау

22 мин

Оқулықтан

А: № 20, 22

В: № 23

Оқушылар екеуара оқулықтан берілген тапсырмаларды пікірлесіп, талдап орындайды.

6

Эвристикалық тапсырма (шығармашылық, зерттеушілік)

С: № 26, 27

Дарынды оқушылар берілген тапсырманы орындайды

7

Білімді жинақтау және жалпылау

3 мин

Жаңа білімді алдынғы біліммен салыстырып жинақтауға сұрақтар ұсыну

Сұрақтарға жауап беру арқылы алған білімдерін алдынғы тақырыптар бойынша жинақтау

8

Бағалау:

3 мин

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Оқушылардың бағаларын талдау арқылы қорытынды бағаны шығару

Оқушылар сабақ соңында бірін-бірі бағалау критерийлері бойынша орташа бағасын анықтайды.

9

Үйге тапсырма

1 мин

№ 19 (А); 25 (В)

Үй тапсырмасын күнделікке жазып алады

10

Рефлексия

1 мин

Оқушыларға "смайликтер" арқылы сабақты бағалауды ұсыну

Оқушылар "смайликтер" арқылы сабақтан алған әсерін бағалайды


"Қайталау - оқу айнасы" қайталау сұрақтары

1) Кеңістікте түзулер қалай орналасады ?

2) Жазықтықтағы және кеңістіктегі параллель түзулерге не ортақ, ерекшелігі неде ?

3) Неге бабаларымыз тағанды (темір ошақты) үш аяқты етіп жасаған ?




© 2010-2022