7 сынып алгебра сабағынан ҚМЖ жоспары

Раздел Математика
Класс 7 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алгебра пәнінен қысқа мерзімді жоспар

Апта: 2 Күні: 09.09.2015

Пәні

Алгебра

Мұғалім аты-жөні

Б.Бишеева

Сынып: 7

Оқу-ісінің меңгерушісі


________М.Көшкінбаева

Сабақтың тақырыбы: Формула. Бір және екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулерге берілген есептер

Сілтеме:

  • 6-7 сынып оқулықтары;

  • Стендтер.

Сабақтың мақсаты: Формула. Бір және екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулерге берілген есептер шығару

Білімділік мәні:

Мәтінмен берілген есептергді «математикалық тілге» формулаға айналдыру. Бір және екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулерге берілген есептер шығару.

Дамытушылық мәні:

Практикалық дағдыларын дамыту, өз бетінше жұмыс жасауда білімдерін пайдалана білуге, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру.

Тәрбиелік мәні:

Ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу

Нәтиже:

  • Жұмыс істеу алдындағы қауіпсіздік ережелерін біледі

  • Ұжыммен бірігіп жұмыс істеу ережесін біледі.

  • Формула құрастыра алады. Бір және екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулерге берілген есептерді шешеді.

Түйінді идеялар:

  • Ұжыммен бірігіп жұмыс істеу ережесі

  • Сызықтық теңдеулердің графиктері түзу сызық болады.

Сабақтың түрі:

Қайталау сабағы

Әдіс-тәсілдері:

АКТ, ЖИГСО-1, диалогтық оқыту

Пәнаралық байланыс:

Сызу, информатика, география

Ұйымдастыру кезеңі (2 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

  1. Сәлемдесу.

  2. Ұйымдастыру.

  3. Топқа бөлу.

  4. Сабақ барысымен таныстыру.

  5. Бағалау парағын таныстыру.

  6. Балалардың назарын сабаққа шоғырландыру

  • Сәлемдесу

  • Өздерін ретке келтіру

  • Топқа бөліну

  • Кітап құралдарын, дәптерлерін, қалам қарындаштарын дайындыққа келтіру

Үй тапсырмасын тексеру (7 мин.)

(сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау тәсілі)

  • Өткенді қайталау

Қызығушылықты ояту (2 мин.)

6-сыныпқа арналған электронды оқулықтан «Сызықтық функция графиктері» көрсетіледі мұғалім қысқаша шолу жасайды.

Оқушылар зейін қойып тыңдайды



Мағынаны тану

(Мұғалім жаңа тақырыпқа шығады. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады.)

ББҮ (2 мин.)

ББҮ-ны толтыру

ББ бойынша флипчартта жазу

Білемін?

Білгім келеді?

Үйрендім?









Сабақтың негізгі бөлімі (20 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпты Пирамида, Бәйтерек және «Мәңгілік ел» суреттер қиындысы арқылы 3 топқа бөлу, топ басшыларын сайлау.

Топтағы әрбір оқушының қолына «бағалау парағын» беру. Сабақтың өтілу шартын түсіндіру.

7-сынып оқулығында:

№7. Сызықтық функцияның графигін салу есебі;

№8 Көрсетілген теңдеулермен берілген түзулердің қиылысу нүктелерінің координаталарын табу есебі;

№9,12,13 теңдеулерді шешу есептері

Оқушылар белсене қатысады. Суреттерді құрастыру арқылы үш топқа бөлініп отырады.

Оқушылар үш топқа бөлініп сабақ құрылымымен таныстырылады. Топтағы әрбір оқушының қолдарына «бағалау парағы» беріледі.

Оқушылар бірін-бірі бақылап топта жұмыс жасайды. Топтағы әрбір оқушы:

№7. Сызықтық функцияның графигін салу есебін;

№8 Көрсетілген теңдеулермен берілген түзулердің қиылысу нүктелерінің координаталарын табу есебін;

№9,12,13 теңдеулерді шешу есептерін шешеді.

Оқушылар өздері шығарған жауаптары туралы топқа түсіндіреді.

Ой толғаныс (4 мин.)

Топтың ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру

Топтық ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру

Қорыту. Күтілетін нәтиже (3 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Кері байланыс сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу, басқаға бағыттау)

Сұрақтарға жауап береді.

Бағалау (2 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бақылайды, бағалайды.

Оқушылардың формативті бағалауымен өз бағасынан ортақ баға қояды.

Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырады. Оқушылар өз топтарындағы көшбасшыларды анықтайды.

Үйге тапсырма (1 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үйге 8-9 беттердегі №21-26 есептерді және Алгебра ұғымы туралы ақырыбын оқып келу.

Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады.

Рефлексия (2 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату. Екі жұлдыз - бір тілек әдісін ұсыну.

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу. Екі жұлдыз - бір тілек әдісімен толтырады.



© 2010-2022