9 саны мен цифры

Раздел Математика
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: 9 саны мен цифры.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға 9 санының пайда болуымен таныстыру, 9 санын оқуға және жазуға үйрету.

  2. Ой - өрісін, дүниетанымын молайту. Суреттер бойынша тіл байлығын арттыру. Өз беттерінше жұмыс істеуге дағдыландыру.

  3. Көркем жазуға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың өту әдісі: сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланысы: музыка, әліппе.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Оқушыларды түгелдеу.

  2. Сабаққа психологиялық дайындығын жасау.

  3. Өткен сабақты пысықтау.

  4. Жаңа сабақ.

  5. Қорытынды.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз.

Сабақтың мақсатын хабарлау:

  • Балалар, бүгін математика сабағымызда алған білімдерімізді еске түсіре отырып, қаншалықты меңгергенімізді ортаға саламыз.

  • Өткен сабақты қайталау.

  • Сұрақ - жауап.

  • 8 санының құрамын атау.

  • 7 санының құрамын атау.

  • 6 санының құрамын атау.

  • 5 санының құрамын атау.

  • Қосу амалының компонентін атау ( қосынды. қосылғыш, қосындының мәні).

  • Азайту амалының компонентін атау ( азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні).

  • Сандарды өсу және кему ретімен анықтау.

  • Қосудың ауыстырымдылық қасиеті дегеніміз не?

Жаңа сабақ. Кіріспе сөз

  • Ал, бүгін балалар 9 санымен танысамыз.

  • 9 санына дейін неше санмен таныстық?

  • Иә, дұрыс 8 санына дейін таныстық.

  • Сандардың қатарын түсіндіру 0,1,2,3,4,5,6,7,8

9 саны мен цифры.


  • Музыка сабағынан «Санамақ» жаттаған болатынбыз.

  • Осы сандарға байланысты санамақты айтайық.

Санамақ.

1 дегенім - бұзау,

2 дегенім - ешкі,

3 дегенім - үстел,

4 дегенім - теке,

5 дегенім - бесік,

6 дегенім - асық,

7 дегенім - жылқы,

8 дегенім - серке,

9 дегенім - түйе.

Оқулықпен жұмыс.

  • Кітаптағы суреттер бойынша 9 санының шығуын түсіндіремін.

  • Сандар қатарын түсіндіру. 0,1,2,3,4,5,6,7,8-ден кейінгі сан 9.

  • Слайд бойынша есептер.

9 саны мен цифры.



  • Дәптермен жұмыс.

  • 9-ғыз санын жазу.

  • Қажетті санды табыңыз: 2...4, 5...7, 3...5

9 саны мен цифры.



  • Мысал 1. Сурет бойынша өрнек құрастыру.

9 саны мен цифры.



  • Мысал 2. Ауызша есептеу.

  • Фигураларды атаңыз. Кесінділерді өлшеп салыстырыңыз.

9 саны мен цифры.



  • «Ойлан тап» ойыны.

  • Кестені толтырыңыз.

9 саны мен цифры.



  • Мысал 3. Сандардың көршілерін атаңыз.

9 саны мен цифры.



  • Сабақты қорытындылау. Сұрақ - жауап.

  • Үйге тапсырма. Мысал 6


© 2010-2022