«Жас математиктер» сайыс сабағы

"Описание материала: Сайыс сабақ сегіз бөлімнен тұрады. Екі топқа бөлінген оқушылар білімділіктерін бөлім шарттарына сәйкес берілген сұрақтарға жауап беру арқылы көрсетеді. Тапсырмалар 6 сынып оқушыларына лайықталынып алынды. Атап айтқанда логикалық есептер, шырпымен (басқатырғы) жұмыс, түрлі жұмбақтар, тақтада сурет салу, ән айту т.б тапсырмалар қамтылды. Негізгі мақсат: Оқушылардың интелектуалдық ойлау қабілетін арттыру. Оқушыларды білімділікке,шапшаңдыққа, сыныптарды өзара сыйластыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ы Алтынсарин атындағы гимназия


Сыныптан тыс тәрбие сағаты

Тақырыбы:

" Жас математиктер"

(интеллектуалды ойын)


Өткізген: математика пәні мұғалімі Абжанова Ляззат

Толеуханқызы

2013-2014 оқу жылы


Арқалық қаласы

Тақырыбы: Жас математиктер.

Сайыстың мақсаты:

Сыныптар арасында танымдық білгірлер сайысын өткізе

отырып, оқушылардың пәнге деген көзқарастарын бағалау,

озық оқушыларды ерекше марапаттау. Оқушылардың

интелектуалдық ойлау қабілетін арттыру. Оқушыларды

білімділікке, шапшаңдыққа, шабыттылыққа,

инабаттылыққа, сыныптарды досыққа, ұйымшылдыққа

тәрбиелеу;

Сайыс: 6 «А»-6 «Ә» сыныптар арасында өткізілді.

Көрнекіліктер: сызба плакаттар, үлестірмелер, кестелер,

Пәнаралық байланыс: информатика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, музыка;

Сайыстың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды топқа бөлу,

Топтарды таныстыру

Әр команда өз аттары мен ұранымен, әнімен таныстырады.

ІІ. Өткізілетін сайыстың жоспарымен таныстыру:

І бөлім «Бәйге»

ІІ бөлім «Жеті жұмбақ»

ІІІ бөлім «Графиктік сызба»

ІҮ бөлім «Жанкүйерлер сайысы»

Ү бөлім «Жұмбақшылар сайысы» (Үй тапсырмасы)

ҮІ бөлім «Логикалық есептер»

ҮІІ бөлім «Музыкалық шығарма»

ҮІІІ бөлім «Қорытынды»

ІІІ. Негізгі бөлім:

1. Уа халайық! Халайық!

Бәріне жар салайық.

Бүгінгі ойын төрінде,

Математика елінде,

Математика тілінде,

Есеп шешіп жарысып,

Жұмбақ шешіп аңдысып,

Шабыттасып шалқысып,

Есеппен ән салысып,

Көңілді ойын жасайық!

Формула шешуін табайық!- деп

Қымбатты математиканың жанкүйерлері мен сайыс тамашалаушы жиналған қонақтар, сайысқа қатысушылар.Сіздерге қатал да, қатесіз математикалық жалынды сәлем!!!

Бүгінгі «Жас математиктер» атты ойынымызды бастайық!

Ендеше сайысымызды бастамас бұрын топтардың атымен таныстырайық:

6-сынып жас математиктеріне сөз берейік. Әр топ өз командаларының атын, ұранымен таныстырады.

Жанкүйерлеріміз 6 сынып оқушылары, көрермендер және әділ қазы алқасы математика пән мұғалімдері және тіл мамандары.

Ду қошемет көрсетейік!

Мінеки залда тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны бізде қоштаймыз,

Кешіккенді тоспаймыз, - дей келе

І бөлім «Бәйге» сұрақ-жауап (бұл бөлімде әр топқаға 5-тен сұрақ қойылады, дұрыс жауаптары үшін 5 ұпайдан беріледі, ойлануға 1 минуттан уақыт беріледі.)

6 «А»-сыныпқа сұрақтар: Капитандары жауап береді

  1. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? (нөл саны)

  2. Үшбұрышта неше қабырға неше бұрыш бар? (3қабырға, 3бұрыш)

  3. Оң сандар және теріс сандар деп қандай сандарды атайды? (минус және плюс таңбалы сандарды).

  4. Екі минус таңбалы сандардың көбейтіндісі қандай таңбалы сан болады? (плюс таңбалы сан).

  5. Ең үлкен екі таңбалы сан? (99)

6 «Ә»-сыныпқа сұрақтар: Капитандары жауап береді

  1. Жай сандардың ең кішісі қандай сан? (екі саны)

  2. Төртбұрышта неше қабырға неше бұрыш бар? (4қабырға, 4бұрыш)

  3. Теріс және оң санның модулі? (оң сандар).

  4. таңбалары әр түрлі екі саннның көбейтіндісі қандай таңбалы сан болады? (теріс таңбалы сан).

  5. Ең кіші екі таңбалы сан? (10)

ІІ бөлім: «Жеті жұмбақ» - тіл өнер сайысы. /бұл бөлімде жеті жұмбақтың шешімін табу керек, қай топ жұмбақты тез шешіп, үш тілде аударса 30 ұпайда, екі тілде аударса 20 ұпайдан, 1 тілде ғана айтса 10 ұпайдан беріледі/.

Нәрселерді санағанда

Керек ол бізге ауадай

Айтыңдаршы бұл қандай сан

Жан-жағыңа қарамай.

(натурал сан, натуральное число, real)

  1. Бір шеңбердің үстінде, бір шеңбер.

(сегіз саны, восемь, ейт)

  1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойында

Ұзындығы жазулы тұр бойында.

(сызғыш, линейка, ruler)

  1. Бір бірімен жарысқа

Төрт аю, бір арыстан

Екі қой мен бір түлкі

Бәрі нешеу кім білді?

(сегіз саны, восемь, ейт)

  1. Алпыс төрт бөлмеде

Отыз екі тұрғын бар.

Ақ, қарағып бөлгенде,

Бірін-бірі қуғындар,

Ханы үшін де, жаны үшін де,

Бермейді олар намысын.

(шахмат, шахмат, )

  1. ... жылда ел жаңа.

(елу, пятьдесят, fifty)

І«Жас математиктер» сайыс сабағыІІ бөлім «Графиктік сызба» /. 6 «А»-сынып. Сиырдың басын екі шырпыны қозғап теріс қаратыңдар/

«Жас математиктер» сайыс сабағы«Жас математиктер» сайыс сабағы«Жас математиктер» сайыс сабағы«Жас математиктер» сайыс сабағы

6 «Ә»-сынып 3 шырпыны ғана қозғап шаянның бағытын өзгерт

ІҮ бөлім «Жанкүйерлер сайысы»

Бұл кезеңде көрермендерден бір-бір оқушы ортаға шақырылады. Жанкүйерлердің екі қолына да бор беріледі. Тапсырма: сол қолмен үшбұрыш, ал оң қолымен шеңбер салу керек. Берілетін баға - 5 ұпай. Жанкүйерлер алған бағасын өзінің тобына береді.

Үбөлім (Үй тапсырмасы) Жұмбақшылар сайысы.


  1. Сауле артында жүз ине,

Десек сөзді жасырдым.

Тапқыр болсаң тауып көр

Қулығымды асырдым (кірпік)

2. Жиырма баласы бар төртеуі ана,

Бірі ұзын бірі- қысқа дара-дара

Қандайлық іске қоссаң ерінбейді,

Білімпаз мамандығы болған сара.

(2 аяқ, 2 қол , саусақтар)

3. Күбір-күбір қарағым,

Қартайғанша жарадың.

Осы айтқан жұмбақты,

Дұрыс тапсаң жарадың. (құлақ)

5. Қызыл түлкі шықпайды

Өз інінен шықпайды. (тіл)

6. Көсеуім басы ақ күміс,

Тапшы кәне көрелік (саусақ пен тырнақ)

7. Оң қолым, сол қолым,

Бәріде өз қолым.

Тапқыр болсаң, тапшы қане?

Барлығы не болады. (10 саусақ, қол)

ҮІ бөлім «Логикалық есептер»

1-топ: 1. Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?

2. Мектеп ауласында 18 шырша өсіп тұр. Тағы да 4 емен және 2 шырша отырғызылды. Мектеп ауласында барлығы неше шырша бар?

3. Төртеуі 4 сағат шахмат ойынын ойнады. Әрқайсысы қанша сағат шахмат ойнады?

4. Қатар тұрған үш санның қосындысы да көбейтіндісі де 6-ға тең Ол қандай сан?

5. Түнгі сағат 11-де жаңбыр жауса, 48 сағаттан соң күн шығады деуге бола ма?

2-топ: 1. Жанұяда 3 ұл бар. Әр ұлдың 1 әкесі бар. Жанұяда неше бала бар?

2. 1 жұмыртқаны қайнатуға 3 минут кетсе, 5 жұмыртқаны қайнатуға неше минут керек?

3. Бөлмеде 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық отыр?

4. Екі аяғымен түрегеп тұрған адамның салмағы 50кг, бір аяғымен тұрған адамның салмағы неше кг?

5. Адамның 10 қолында неше саусақ бар?

ҮІІ бөлім «Музыкалық шығарма» /Бұл бөлімде әр топ өздерінің өлең жолдарына сай әнін (әуенін) шығарып, тобымен орындап берулері керек.

ҮІІІ бөлім «Қорытынды» әділ қазылар алқасына сөз беріледі. Жеңімпаз топтарға марапаттау қағазы мен сыйлықтар берілді.

Музыкалық нөмір.

Бағалау парағы

Сайыс бөлімдері

І топ

ІІ топ

І бөлім «Бәйге»

ІІ бөлім «Жеті жұмбақ»

ІІІ бөлім «Графиктік сызба»

ІҮ бөлім «Жанкүйерлер сайысы»

Ү бөлім «Жұмбақшылар сайысы» (Үй тапсырмасы)

ҮІ бөлім «Логикалық есептер»

ҮІІ бөлім «Музыкалық шығарма»

ҮІІІ бөлім «Қорытынды»





© 2010-2022