Ондық бөлшектерге есептер шығару 5 сынып

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 27.03.2015 ж

Пәні: Математика

Сынып: 5

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерге есептер шығару.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Ондық бөлшектерді қосу, азайту, көбейту және бөлу тақырыптары бойынша алған білімдерін бекіту, тиянақтау.

  2. Дамытушылық:Тез ойлап, жылдам жауап беру қабілетін арттыра отырып, алған білімдерін тәжірибемен ұштастыру және білімін нақты көрсете алу қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік:Ұқыпты жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезінуге баулу. Еліміздің тарихы туралы мәлімет бере отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Бекіту, қайталау, жалпылау сабағы.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдері: Практикалық жұмыс.

Сабақта қолданылатын технология: СТО элементтері

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: слайдтар, электронды оқулық, бағалау плакаты, үлестірмелі карточкалар.

Пәнаралық байланыс:алгебра,тарих

Сабақтың ақпараттық картасы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі-2 минут

  2. Үй тапсырмасын тексеружәне мотивация кезеңі. «Қазақ хандығына 550 жыл» Сәйкестендіру кестесі-5 минут

  3. Теориялық бөлім. «Керей мен Жәнібек» Математикалық диктант-10 минут

  4. Практикалық бөлім. Электронды оқулықпен жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар орындау-10 минут

  5. Қоғаммен байланыс бөлімі. «Қасым ханның қасқа жолы». Мәтін есептер шығару-10 минут

  6. Шығармашылық бөлім. «Қаламы қарымды журналист». Логикалық есеп шығару.-5 минут

  7. Үй жұмысын беру кезеңі-1 минут

  8. Сабақты қорытындылау кезеңі-2 минут

Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Сабақтың эпиграфы: Өткен күн, Кеше, -тарих,

Келер күн, Ертең, -сыр,

Ал, бүгінгі күн -ертеңге сый.

Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше түрде - редакциядағы жұмыс түрінде болмақ. Яғни, баспасөз құралдарының бірі - газет шығарамыз. Біздің елімізде биылғы 2015 жыл - бірнеше саяси оқиғалар мен маңызды шаралардың жылы. 2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және жеткен жетістіктерімізді бағалау жылы. Мерейлі белестер - Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Осының барлығы біздің өткен тарихымыз, жарқын болашағымыз.

Қазіргі уақытта осы атаулы оқиғаларды баспасөз беттерінде, ақпарат құралдарының барлығында насихатталып жатыр. Біз де осы жұмыстарға өз үлесімізді қосу үшін «Қазақ хандығының 550 жылдығына» арнап газет шығарамыз.

Күнделікті оқып жүрген газеттер бір көзге қарағанда жеңіл болып көрінуі мүмкін, бірақ газет шығару ісі - оңай емес, ол бірнеше кезеңдерден тұрады. Редакцияда жұмыс жасайтын қызметкерлерлер, олар - журналистер, корректорлар, редактор деп аталады. Сіздер барлығыңыз - журналистерсіздер, ал журналисттер мақала жазса, Сіздер сәйкесінше - есеп шығарасыздар. Корректорлар - жұмыстарды түзетушілер, олар - сыныптағы үздік оқушылар. Ал, редактор газетті баспаға жіберуге қол қояды, яғни әр оқушының жұмысын бағалау парағына бағалап отырамын.

Газет 4 бөлімнен тұрады:

  1. Теориялық;

  2. Практикалық;

  3. Қоғаммен байланыс;

  4. Шығармашылық.

  1. Үй жұмысын тексеру кезеңі: Сәйкестендіру кестесі

Газеттің теориялық бөлімінің мақаласын дайындамастан бұрын, газет қандай тақырыппен шығатындығын анықтап алайық. Ол үшін үйге берілген тапсырмалар және олардың шешімдері жазылған кесте беріледі. Үй тапсырмасын тексеру есеп пен оның жауаптарын сәйкестендіру арқылы жүзеге асырылады. Ондық бөлшектерге берілген есептердің жауаптарын дұрыс тапқан жағдайда, газеттің тақырыбы шығады.

есеп

жауабы

әріп

6,3-2,3+7,5

11,5

Қ

5,6+8,03-7,99

5,64

а

(39,8+116,7)Ондық бөлшектерге есептер шығару 5 сынып

1878

з

12,08Ондық бөлшектерге есептер шығару 5 сынып100-75,6Ондық бөлшектерге есептер шығару 5 сынып11

376,4

х

100-19,07-4,39:10

80,491

н

(6,15+3,5)Ондық бөлшектерге есептер шығару 5 сынып100

965

д

58,3Ондық бөлшектерге есептер шығару 5 сынып20-49,07

1116,93

ы

0,63Ондық бөлшектерге есептер шығару 5 сынып12+0,9Ондық бөлшектерге есептер шығару 5 сынып30-25,56

9

ғ

18,3Ондық бөлшектерге есептер шығару 5 сынып0,5-5,81Ондық бөлшектерге есептер шығару 5 сынып0,5

6,245

550

6,72: (0,37+0,83)

5,6

ж

(12,33+7,3):6,5

3,02

л

Шығатын сөйлем: Қазақ хандығына - 550 жыл.

Мінекей, балалар газетіміздің басты тақырыбы - Қазақ хандығының 550 жылдығы болады.


  1. Теориялық бөлім: Математикалық диктант.

Газеттің теориялық бөлімін жазу үшін ондық бөлшектер тарауын қайталаймыз. Оқушылар әр түрлі үлестірмелі қағазға жазылған анықтамалардағы бос орындарды толтырып, ауызша айтып беруі қажет. Корректорлар оқушылардың жауаптарында қате кетсе түзетеді. Әрбір анықтамаға сәйкес келетін әріптердің қосып жазғанда, Қазақ хандығын негізін салған ұлы екі ханның аты шығады.

  1. Бірліктен де кіші разрядтары бар ондық жүйеде жазылған сан ондық бөлшек деп аталады.

  2. Ондық бөлшек екі бөліктен тұрады, бүтін бөлігі және бөлшек бөлігі.

  3. Ондық бөлшектерді қосу үшін: ондағы аттас разрядтар бірінің астында бірі тұратындай етіп баған түрінде жазу керек, разрядтары бойынша қосу керек, қосындыдағы үтірді қосылғыштардағы үтірлердің астына қою керек.

  4. Ондық бөлшекті ондық бөлшекке көбейту үшін, үтірге назар аудармай, натурал сандарды көбейткендей көбейту керек, ондық бөлшекте неше ондық таңба болса, көбейтіндіде оң жақтан сонша цифрды үтірмен ажырату керек. Ондық бөлшекті натурал санға көбейткенде көбейтудің ауыстырымдылық, үлестірімділік, терімділік қасиеттері орындалады.

  5. Санды ондық бөлшекке бөлу үшін, бөлінгіш пен бөлгіштегі үтірлерді оңға қарай сонша цифр аттап көшіру керек, шыққан натурал санға бөлуді орындау керек.

  6. Ондық бөлшекті натурал санға бөлу үшін, ондық бөлшектің үтіріне назар аудармай, оны натурал санға бөлу керек, бүтін бөлікті бөлі аяқталғанда, бөліндіде үтір қою керек.

  7. Ондық бөлшекті 0,1, 0,01, 0,001 ..разряд бірліктеріне көбейту үшін, осы бөлшектегі үтірді разряд бірліктерінде неше нөл болса, сонша цифрға солға қарай жылжыту керек.

Балалар, қолдарыңдағы үлестірмелі карточкаларды кері ауыстырғанда Қазақ хандығын алғаш құрған хандардың аты шағды.

Жауабы - Керей мен Жәнібек


  1. Практикалық бөлім. Электронды оқулықтан деңгейлік тапсырмалар орындау.

Ондық бөлшектерге есептер шығару 5 сынып


Ондық бөлшектерге есептер шығару 5 сынып

Ондық бөлшектерге есептер шығару 5 сынып


  1. Қоғаммен байланыс бөлімі. «Қасым ханның қасқа жолы» - Мәтіндік есептер шығару.

№1 есеп: Қасым ханның (1511-1523 жж.) билік құрған жылдары қазақ халқының қазіргі мекен тұрағы қалыптасты. Солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлауы 300,12 км-ді құрап, Ұлытаудан асты. Оңтүстік-шығыста оған Жетісудың 150,28 км аумағы қарады. Батыстағы аймағы Жайық өзені алабын алып жатты, ол 105,25 км -ді құрады. Оңтүстіктегі шекарасы Сырдария өзені алабына дейін жетті, ол Жайық өзені алабының 2,2-індей. Қасым хан басқарған тұста Қазақ хандығының шекарасының ұзындығы қандай болды?

№2 есеп: Жәңгір хан 1643 жылы азғантай әскерімен 50 мың жауынгері бар жоңғарлардың шабуылына қарсы тұрды. Жәңгір ханның әскері жоңғар әскерінің санын 83,3-есе кем болған. Осы ұрыста жоңғарлар 10,25 мың әскерінен айрылды. Осы кезде Жәңгір ханның жалаңтөс деген батыры 20 мың әскермен көмекке келіп, жоңғарларды талқандады. Ұрысқа барлығы қанша қазақ қатысқан?


  1. Шығармашылық бөлім. «Қаламы қарымды журналист»-Логикалық есептер шығару.-Газеттің басты мақаласын жазған журналистті анықтау керек. Ол үшін 1 логикалық есеп беріліп, сол есептің шығару жолын қорғап шығу қажет.

Логикалық есеп: Кенесары ханның үш сандыққа толы қазынасы болыпты. Бірінші сандықта 3,6 кг алтын салғанда, ондағы алтын 9,5 кг алтын болыпты. Екінші сандықтан үшінші сандыққа 2,5 кг алтын салып, үшінші сандыққа 1,75 кг алтынды жұмсағанда, үш сандықтағы алтынның салмағы бірдей болды. Алғашқыда сандықтардың әрқайсысында қанша алтын болды?


  1. Бағалау

  2. Үйге тапсырма: № 1176,1182

5


© 2010-2022