Конспекты по математике на тему Ондық бөлшектерді қосу және азайту

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Конспекты по математике на тему Ондық бөлшектерді қосу және азайту

Конспекты по математике на тему Ондық бөлшектерді қосу және азайту

Конспекты по математике на тему Ондық бөлшектерді қосу және азайту

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу және азайту.

Сабақтың мақсаты: Ондық бөлшектерді қосу және азайту есептер шығара отырып алған білімдерін жүйелеп бекіту.

Сілтеме: 5-сынып оқулығы, әдістемелік нұсқаулық.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер мен модульдер:Топтық, жұптық,жеке жұмыс, СТО стратегиялары, АКТ, дарынды және талантты балаларды оқыту, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

  • Ондық бөлшектерді қосу және азайту амалдарыжайлы білетіндерін естеріне түсіреді;

  • Ондық бөлшектердің ережелерінің мәнін түсінеді;

  • Бірнеше мысалдар келтіре отырып, өз ойларын дәлдейді,тақырыпқа қатысты есептер шығарады;

  • Ондық бөлшектерді қосу мен азайтудың ерекшеліктерін талдайды;

  • Тақырып бойынша сұрақтар қоя отырып, негізгі мәліметтерді жинақтайды;

  • Алған мәліметтерді жүйелей отырып, тақырыптың құндылығын бағалайды.

Көрнекілігі:Слайд,оқулық, сурет, кесте.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі-1 минут. Тренинг «Рахмет айту» топ мүшелері шеңберде бір-біріне қарап тұрып Сыни тұрғыдан ойлана отырып, өз ойларын айтады.

ІІ Топқа бөлу- 3 минут. Қиындыларды тарату (қиындылар бойынша ондық үлестер, жүздік үлестер).

Оқушылар қиындылар бойынша топқа бірігеді, қиындыларды жинайды, қиындыда жазылған сөздердің мағынасын түсіндіреді. Тақырыпты анықтайды, сабаққа мақсат қояды.

ІІІ Білу кезеңі - 1 минут. Жеке жұмыс.

Мұғалімнің іс-әрекеті: «Ыстық орындық» стратегиясы. Топ арасынан өзіне сенімді оқушы ортаға шығып орындықта отырып қалған топтардың қойған сұрақтарына жауап береді.

Оқушының іс-әрекеті: Оқушылар топпен ақылдаса отырып ашық , жабық сұрақтар қойып үйренеді, қызығушылықтары артады.Конспекты по математике на тему Ондық бөлшектерді қосу және азайту

Бағалау түрі:Қол шапалақтау арқылы бағалауКонспекты по математике на тему Ондық бөлшектерді қосу және азайту

ІҮ Түсіну кезеңі-10 минут. Топтық жұмыс.Оқушыларға оқулықпен жұмыс жасату.

№ 1292, 1295 есеп.

Оқушылар есептің берілгенін оқиды, топта талқылайды,бір-біріне түсіндіреді, есепті тақтаға шығарады.

Бағалау түрі: Бағдаршам арқылы бағалауКонспекты по математике на тему Ондық бөлшектерді қосу және азайту

Ү Қолдану кезеңі-5минут. «Кім жылдам?» Ондық бөлшектерді қосу мен азайтуға арналған есептер шығарту. Конспекты по математике на тему Ондық бөлшектерді қосу және азайту

Оқушылар интерактивті тақтада көрсетілген есептерді жылдамдыққа орындайды.

Бағалау түрі:Бас бармақ арқылы бағалау.

ҮІСергіту сәті- 3минут. «Видео көрсетілім» жаттығу.

ҮІІ Талдау-10минут. Оқушыларға жасырынған сөздерді табу үшін бірнеше есептер беру (шаңғы,шана сөздері жасырынған).

Оқушылар өздеріне берілген есептерді дұрыс шығара отырып, жасырынған сөзді табады.

Бағалау түрі:Топтық бағалау.

ҮІІІЖинақтау - 3 минут. АВ әдісі тест жұмыс.

Оқушылар алған білімдерін жинақтау мақсатында тест жұмысын орындайды.

ІХБағалау -2 минут. Оқушылардың ой-пікірін тыңдау. Аталған тақырып бойынша тақырыптың құндылығымен бөлісу.

Х Үйге тапсырма беру: тақырып бойынша берілген ережелерді жаттау,№ 1300 есепті шығару 98-бет.

ХІОқушылардан кері байланыс алу-2минут. Стикер бойынша кері байланыс алу:

Не білемін Не білдім Нені білгім келеді

Рефлексиямұғалімнен.



© 2010-2022