Сыныптан тыс жұмыс Математика ғылымдар патшасы (5 сынып)

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қостанай облысы, Жангелдин ауданы,

«Қаражан Топаев атындағы орта мектебі»ММ



Сыныптан тыс жұмыс Математика ғылымдар патшасы (5 сынып)




Математика пәні мұғалімі Мұхамедғали Күлпаш Әбдісалыққызы




Математика ғылымдар патшасы.

«Білімділер »сайысы

Сабақ түрі:Сайыс сабақ.

Сайыс мақсаты:Математикадан алған білімдерін

шыңдау,олардың пәнге деген қызығушылығын арттыру,шапшаңдық қабілетін дамыту.

Көрнекілігі:Ұлы ғалым портреттері,қанатты сөздер жазылған плакатар,кеспе қағаздар.мультимедия.

Құрметті оқушылар мен ұстаздар!

Бүгінгі 5-сынып оқушылары арасында өткізілетін математикалық сайыс кешін бастайық.

Ғылымдардың патшасыатанғансың

Евклид,Фолес,Пифагордан бастау алғансың,

Ұлы ұстаз Аристотель мен шығыстың ұлы ойшыл данасы Әл-Фарабиден бата алғансың,

Төзбейтін өтірікке,жалғандыққа.

Жасықтан емессің сен,қаталдансың

«Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін»

Нағыз пән-Математика атанғансың.

Біреу озса жарыста,Біреу артта қалады.

Ренжімей тарасса,Озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден,Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол,Еңбектену,жалықпау-дей келе,сайыскер екі топты ортаға шақырамыз.

Үлгілі тәртіп,жақсы оқу,алға қойған мақсаты.

Жиналған ылғи дарындар,

жүректе от,көздерінде жалын бар.

Қиын пәнді бәріміз меңгереміз,

Қосу менен басқаны теңгереміз.

Сандардың біз сырына үңілеміз,

Атақ-даңққа біз бөленеміз.

Сайыс бағдарламасымен таныстыру.

1. «Зерде »бөлімі/әр топқа берілген мақал жалғасын табу/

2. «Күміс алу» Логикалық есептер./ұпай беріледі,оны 5 минут ішінде шешу керек/

3. «Бәйге»1 минут ішінде/9 сұраққа жауап беру/

4. «Көкпар»/жұмбақ есептердің мағынасын мұқият тыңдап жауабын айту/

Әділ қазылар алқасы:

1.Мейірман Г. Оқу-тәрбие орынбасары.

2.Мизамбекова Ж.Ұйымдастырушы педагог

3.Әуезханова Г. Математика пәні мұғалімі.

1.1-топ.

1.7рет өлшеп/1рет кес/

2.1 тал ексең /10 тал ек/

3.100 сомың болғаншы/100 досың болсын/

4.7 жұрттың тілін біл/7 түрлі білім біл/

5.Ер жігіт 1 рет өледі/қорқақ 1000 рет өледі/

6.1 жылы сөз/көп күнге азық/

7.1 кісі қазған құдықтан/1000 кісі су ішер/

2-топ.

1.Жігіт 1 сырла/8 қырлы/

2.Ұлға 30 үйден тыю/қызға40 үйден тыю/

3.Білекті 1-ді жеңеді/білімді1000-ды жеңеді/

4.Дос егіз болса/дұшпан 8/

5.40 кісі бір жақ/қыңыр кісі 1 жақ/

6.100-ден 1-еу шешен/100-ден 1-еу көсем/

7.30 тістен шыққан сөз/30 рулы елге тарайды/

1-топ.

Сиқырлы шаршы.

1,2,3,4,5,6,7,8,9.сандарын шаршыға тігінен де,көлденеңінен де бұрыштап қосқанда 15-ке тең

болу керек.

4

9

2

3

5

7

8

1

6

2-топ.Сиқырлы фигуралар:

Кішкене дөңгелектер ішіне 1,2,3,4,5,6,7,8,9 сандарын орналастыр.Оларды түзумен қосқанда цифрлар қосындысы 15-ке тең болу керек.

Сыныптан тыс жұмыс Математика ғылымдар патшасы (5 сынып)

3.Бәйге.

1-топ.

1.Санауға қолданылатын сан. (натурал)

2.Бұрыш өлшейтін құрал(транспортир)

3.Үш бөлімі бар сан(құрама сан)

4.Ең үлкен 3 таңбалысан(999)

5.Көбейту амалы компоненттерін айт.

6.Қосу амалы компоненттерін ата.

7.EVOБ деген сөзді талда.

8.17 саны құрама сан ба?

9.Берілген санға қалдықсыз бөлінетін сан(еселік)

10.Алманың жартысы неге ұқсас(Өзінің жартысына

ұқсас)

2-топ.

1.Кесінді өлшейтін құрал (сызғыш)

2.Екі бөлгіші бар сан(жай сан)

3.Ең кіші 3 таңбалы сан(100)

4.Азайту амалы компоненттерін айт.

5.Бөлу амалы компоненттерін айт.

6.ЕКОЕ деген сөзді талда.

7.Санды жазу үшін қолданылатын таңба(цифр)

8.12 саны жай сан ба?

9.Берілген санды қалдықсыз бөлетін натурал сан(бөлгіш)

10.Жай санды,құрама санда емес.

4.Көкпар.

1-топ.

1.Түйе,бота маң басқан.

Төрт аяғын тең басқан

Шұнақ құлақ бес ешкі,

Қос лақты қос ешкі.

Төрт қозылы екі қой,

Бәрін бірге ойлап қой. (17)

2.Дүкеннен бір сабын алдым.

2 дәптер,1қарындаш.

Тіс ысқышты тағы алдым.

Есептеші сонда бұд бәрі,

қанша болды қолда бары? (6)

2-топ.

1.Сапырып -сапырып Сарманға бер,

құйып-құйып Құрманға бер.

Есіктегі екеуге бер,

Төрдегі төртеуге бер,Өзің іш те,маған бер-дегенде

ұрылар қой ,мұнымыз бекер екен. Бұл үй толған кісі

екен.Әрі бізден 2есе артық екен деп кетіп

қалыпты.Сонда үйде неше адам,ұры нешеу?

(5-ұры,10- адам)

2.Кітапханада 3 бөлме.Әр бөлмеде 10 шкаф,әр шкафта 5

сөре санай алсақ егерде,айтып берші анықтап қанша

болды сөресі?(150)

5.Қорытынды.

Бүгінгі кеште талай шабыт шыңдалды.

Кеш қызығын талай адам тыңдады.

Тәрбиелер тәлімі мол жерді.

Болса егер көңіл жанын таңдады.

Көңі қойып бұл кешке.

Келгендерге көп рахмет!-дей келе кешімізді аяқтаймыз.

Әділқазыларға сөз беріледі.

Марапаттау.











© 2010-2022