Тіктөртбұрыш анықтамасы, қасиеттерін білу және оларды қолданып есептер шығару

Раздел Математика
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары

Сабақ: №1

Мектеп: Семей қаласы, №23 ЖББОМ КММ

Күні:

Мұғалімнің есімі: Шакенова Г. О.

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Тіктөртбұрыш анықтамасы, қасиеттерін білу және оларды қолданып есептер шығару

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Тіктөртбұрыштың анықтамасын, қасиеттерін білу, оларды қолданып есептер шығара алу. Теоремаларды өз бетімен дәлеледей алу дағдыларын қалыптастыру, ой өрістерін дамыту.

Табыс критерийлері

Барлық оқушылар:

Тіктөртбұрыштың анықтамасын, қасиеттерін біледі, оларды қолданып есептер шығара алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Теоремаларды дәлелдей алады, теоремаға кері тұжырым жасай алады.

Кейбір оқушылар:

Шығармашылық пен елестету қабілеттері арқылы күрделі тапсырмаларды

( есеп) орындай алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар: Теоремаларды дәлелдеуде математикалық тілде сойлей алады.

Сұрақтарға нақты дәлелдемелер арқылы, толық жауап бере алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Төртбұрыш, тікбұрыш, тікбұрышты үшбұрыш, диагональ, периметр, перпендикуляр, тікбұрышты үшбұрыштардың теңдік белгілері.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік біліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Тіктөртбұрыштың диагональдарының теңдігі

Сіз неліктен ...екенін айта аласыз ба?

Тікбұрышты үшбұрыштардың катеттері тең болса, онда олардың гипотенузалары да тең болады.

Жазылым бойынша ұсыныстар:

АВСD тіктөртбұрыш, ▲

Алдыңғы оқу

Тікбұрышты үшбұрыштардың теңдік белгілері

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулар мен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Мұғалімнің әрекеті

Оқушылардың әрекеті

1-кезең: Қызығушылықты ояту(15 минут):

- ұйымдастыру

- үй тапсырмасын тексеру;

-қарастырылған тақырып бойынша бұрынғы білім еске түсіріледі;

- белсенді әрекетке жұмылдырылады;

- ойлау жұмысына ынталандырылады

Ынтымақтастық ахуалын қалыптастыру. «Жүректен жүрекке» арқылы оқушылардың көңіл-күйін көтеру.

«Ыстық орындық» стратегиясы бойынша үй тапсырмасын тексеру.

Сыныпты 4 топқа әртүрлі фигуралармен бөлу.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазғызып, мақсатын оқушылармен бірлесе отырып шығару, табыс критерийлерін жасайды. Әр кезең бойынша бағалау критерийлерімен таныстырады.


Амандасады, бір-біріне тілек айтады, көңіл-күйлері көтеріледі.

Сұрақ «Ыстық орындық» болғандықтан, онда көп отыруға болмайды. Ойыншы жауап бере алмаса, топ ішінен бір бала жауап береді немесе топ болып жауап беруі қажет.

Әртүрлі фигураларды алады, оларды топтастыру арқылы топтарға бөлінеді.

Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлеріне диалогтық талдау жасап, сұрақтарға жауап береді.

Топ басшысын сайлайды, бағалау парақтарын таратады.

Фигуралар, бағалау парағы

Оқулық, дәптер

2-кезең: Мағынаны ажырату(15 мин):

- оқушылар өз тәжірибелері арқылы жаңа білім туралы өзіндік түсінік пен пікір қалыптастырады;

- жаңа білім жайлы өзіндік түсінік қалыптастырады

Слайд арқылы «Тірек сөздер» көрсетеді:

Параллелограмм,төртбұрыш, бұрыш,тікбұрыш, диагональ.

«Атаулар туралы үш сұрақ» тәсілі арқылы ой қозғайды, мағынаны ашады.

Тіктөртбұрыш, перпендикуляр, диагональ.

-Қайда?

-Қалай?

-Қандай?


Теореманы дәлелдеу үшін «Фишбоун» әдісін қолданады.



Сергіту сәті

Сыни тұрғыдан ойлау арқылы тірек сөздерді қолданып тіктөрбұрышқа анықтама береді, элементтерін анықтайды.

«Қайда? Қалай? Қандай?» сұрақтары бойынша үш терминнің мағынасын ашып, тіктөртбұрыштың қасиетін шығарады. Оқушы жеке ойланады, жұбымен талқылайды, топта тұжырым жасайды. Өз болжамдарын, пайымдауларын айтады.

Топтар бір-бірінің жұмысына «Бас бармақ» бойынша баға береді.

Фактілер мен себептер арқылы теореманы дәлелдейді, топта талқылайды, әр топтан бір оқушы шығып түсіндіреді, постер жасайды. Кері теорема айтады.

Топтар бір-бірінің жұмысына «Бағдаршам» бойынша баға береді.

Санның квадраты, кубын табу арқылы сергіту сәтін жасайды.

Интербелсенді тақта

Түрлі-түсті қағаздар,

Маркерлер

Тіктөртбұрыш анықтамасы, қасиеттерін білу және оларды қолданып есептер шығару



Тіктөртбұрыш анықтамасы, қасиеттерін білу және оларды қолданып есептер шығару

3-кезең:

Ой-толғаныс(10 минут):

  • анализ, өз ойлары мен түсініктерін өздері игерген мәліметтері арқылы жеткізеді;

  • синтез, бір-бірімен ой бөліседі

  • сабақ қорытындысы

Әр топқа есептер жазылған парақтар тарады. «Өкіл» әдісі бойынша топтарға деңгейлік тапсырмалар (есептер)береді.

Топта оқушылар бірлесе отырып, талқылау жүргізеді. Топтың әрбір мүшесі ортақ жұмысты орындайды. Топ басшысы топ жұмысына қадағалау жүргізеді. Басқа топтарға барып, өз есептерінің шығару жолдарын түсіндіреді.

Жауап үлгілері арқылы өзін-өзі бағалайды.

Түрлі-түсті қағаздар,

Маркерлер

Келесі оқуға арналған тапсырмалар

(үй тапсырмасы)

Теорияны оқу, оқулықан есептер беру.

Архитектура мен құрылыс саласындағы тіктөртбұрыштардың маңыздылығы туралы мәлімет қарастырып әкелу.

Қосымша ақпарат

Саралау

Әр топ басшысы топтағы оқушыларға, тапсырманы бұрынырақ орындағандар басқа оқушыларға көмек көрсетеді. Қабілеттеріне қарай деңгейлік тапсырмалар беріледі.

Бағалау

«Атаулар туралы үш сұрақ» бойынша мағынаны ажыратуда топтар бір-бірін «бас бармақ» , «графикалық органайзер» арқылы дәлелді тұжырым жасауларын «бағдаршам» арқылы бағалайды. Топ басшысы топ мүшелерін бағалау парағындағы критерийлер бойынша бағалайды.

Пәнаралық байланыс.

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерін орындау. АКТ құзыреттілік. Құндылықтармен байланыс.

Информатика.

Қауіпсіздік нормалары, сынып тазалығы сақталған. Техникалық құралдарды пайдалана алады. Оқушылар ынтымақтастық қарым-қатынаста болады.

Оқушы оқу мақсатына жетті, себебі

Тақырып бойынша негізгі идеялар мен түсініктер есептер шығару барысында дұрыс, тиімді қолданылды.

Оқушы оқу мақсатына талпынды, себебі

Алдын-ала айтылған бағалау критерийлері оқушылардың жауапкершілігін, талпынысын тудырды.

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Оқу неге бағытталған болды? Жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер еңгіздім және неліктен?

Сабақ мақсаты қарым-қабілеті, деңгейлері бойынша барлық оқушының өз бетімен білім алуына негізделіп құрылды. Бүгінгі сабақта оқушылар тіктөртбұрыштың анықтамасын, қасиетін білді. Топпен жұмыс істеу барысында әрбір топ мүшесі тапсырманы орындау үшін өз үлестерін қосуға тырысты. Үй тапсырмасын тексеру кезінде уақытты тиімдірек пайдалану керек екендігін түсіндім. Осы орйда келесі сабақтарымда осы кезең бойынша басқа да әдістері қарастыруды жоспарладым.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

  1. «Атаулар туралы үш сұрақ» бойынша оқушылардың аталған терминдерді қайда және қандай жағдайда қолданста болатынын атап өтіп, фигураның негізгі қасиетін жылдам тұжырымдауы.

  2. «Балық қаңқасы» арқылы теоремаларды дәлелдеуде негізгі фактілер мен оардың себептері анық айқындалып, дәлелдеме жасауы.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. «Бағдаршам» және «Басбармақ» бойынша топтардың бір-бірін бағалауы нақты, дәлелді болды

2. Бағалауды критериийлер бойынша жоспарлау оқушылардың өз істеріне деген жауапкершілігін арттыра түсті.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымда жетілдіруге көмектесетің не білдім?



© 2010-2022