«Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар» тарауын қайталау

Раздел Математика
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:

«Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар» тарауын қайталау.

Сабақтың типі:

Білім мен іскерлікті тексере отырып, оқушы білімін бағалау.

Сабақтың мақсаты:



Тарау бойынша алған білімдерін бекіту және тиянақтау.





Сабақты жоспарлау:

  1. Ұйымдастыру кезеңі (1 мин.)

  2. Сабақ тақырыбы (1 мин.)

  3. Сабақтың мақсатымен таныстыру (1 мин.)

  4. Сабақтың барысы (30 мин.)

  5. Сабақты қорытындылау (3 мин.)

  6. Оқушылардың білімін бағалау (4 мин.)

  7. Үйге тапсырма беру (2 мин.)

  8. Математика тарихынан (3 мин.)

Сабақтың көрнекілігі:

Тапсырма түрлеріне қарай конверттерге салынған сұрақтар, есептер, тесттер, схемалар, баға рейтингісі, баға мониторингісі, дидактикалық материалдар, журнал МФ.

Техникалық құралдар:

Компьютер, интерактивті тақта

Сабақта қолданылатын оқыту әдістері:

Сұрақ-жауап, проблемалық жағдай туғызу, топтау, жұптау, дифференциалдау, бақылау, практикалық, көрнекілік өз бетімен жұмыс істеу.

Сабақтың түрі:

Сайыс сабақ (жарыс түрінде білім бекіту сабағы).

Сабақтың барысы:

  1. Оқушыларды топ бойынша орындарға отырғызу.

  2. Бақылаушы топтарды сайлау (сабақ кезеңдерін бағалау үшін).

  3. Тапсырмаларды (сұрақтар, дидактикалық материалдар, тапқырлыққа берілген есептер, тесттер) үлестіру.

І кезең: «Сұрақтар

Мақсаты:

Оқушылардың тақырып бойынша теориялық білімдерін тексеру (Әрбір дұрыс жауап 1 балмен бағаланады).

  1. Шектеулі, шектеусіз сандар тізбегіне мысалдар келтіріңдер.

  2. n-ші мүшесінің формуласымен берілген тізбекке мысал келтіріңдер. Осы тізбектің қайсыбір мүшесін атаңдар.

  3. Рекурентті формула дегеніміз не?

  4. Қандай тізбек арифметикалық прогрессия деп аталады? Мысал келтір.

  5. Арифметикалық прогрессияның екіншісінен бастап кез-келген екі көршілес мүшесінің айырмасы неге тең? Ол қалай белгіленеді?

  6. Арифметикалық прогрессияны қалай беруге болады?

  7. Арифметикалық прогрессияның негізгі қасиетін (ортаңғы мүшесінің қасиетін) тұжырымдаңдар.

  8. Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласын жазыңдар.

  9. Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласын жазыңдар.

  10. Қандай тізбек геометриялық прогрессия деп аталады? Мысал келтіріңдер.

  11. Геометриялық прогрессияны қалай беруге болады?

  12. Геометриялық прогрессияның (ортаңғы мүшесінің) қасиетін тұжырымдаңдар.

  13. Геометриялық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласын жазыңдар.

  14. Геометриялық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласын жазыңдар.

  15. Егер геометриялық прогрессияның еселігі 1-ге тең болса, онда оның мүшелерінің қосындысы неге тең?

ІІ кезең: «Ауызша есептеу»

Мақсаты:

Оқушылардың тақырып бойынша алған дағдыларын қалыптастыру (Әрбір дұрыс жауап 1 балмен бағаланады).

1. Келесі тізбектер берілген:

а) 1,2,3,4,5,...

ә) -19,-16,-13,-10,...

б) 2,4,6,8,10,...

в) 2,4,8,16,...

г) 1,1,1,1,...

ғ) 625,125,25.5,1.2,...

д) 1,1,2,3,5,8,13,...

е) 1,1,1/2,1/4,1/8,...

Осылардың қайсысы арифметикалық прогрессия болып табылады? Қайсысы геометриялық прогрессия болып табылады? Қайсысы шектеусіз кемімелі геометриялық прогрессия болып табылады?

2. 3,0,-3,-6,-9,-12 шектеулі тізбектің 1-ші, 3-ші, 6-шы мүшелерін атаңдар. Бұл тізбек арифметикалық прогрессия бола ма?

3. хn=3n-1 формуласымен берілген (xn) тізбегінің «Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар» тарауын қайталау. мүшелерін табыңдар. Бұл тізбек арифметикалық прогрессия бола ма?

4. -10,-8,-6,... тізбегі арифметикалыќ прогрессия . Табу керек: а) a10; ә) a8

5. 1+2+3+4+5+...+100 қосындыны тиімді тәсілмен қалай есептеуге болады?

6. 2,4,8,... геометриялық прогрессия берілген. Табу керек: а8-?

7. 1+1/2+1/4+1/8+... қосындысы неге тең?

III-кезең. «Математикалық диктант»

Мақсаты:

Оқушылардың білімін болжау, білімдегі олқылықтардың алдын алу.

  1. Берілген тізбек арифметикалық прогрессия болып табыла ма? 3; 13; 23; 33

  2. n)- арифметикалық прогрессия, мұндағы: а1=1.5; d=-0.25. Табыңдар: а23.

  3. n)-арифметикалық прогрессия. d-ні табыңдар, мұндағы: в1=3 , в26=53.

  4. Шектеулі арифметикалық прогрессияның кейбір мүшелері белгісіз. Сол мүшелерді табыңдар, егер а1=0, а3=2,2 .

  5. Берілген тізбек геометриялық прогрессия болып табыла ма? 2; 10; 14; 70.

  6. n)-геометриялық прогрессия, мұндағы: в1=2,3; q=2. Табыңдар: в5.

  7. n)-геометриялық прогрессия, q-ді табыңдар, мұндағы: в1=2, в8=256.

ІV кезең «Тест»

Мақсаты:

Оқушы білімін объективті (нақты) бағалауға мүмкіндік алу.

Дұрыс жауабын тап:

1. (вn)-тізбегі арифметикалық прогрессия. Егер в1= -0,8 жєне d=0, 2 болса, онда в16-ны табыңдар.

А) -38

В) 22

С) 24

2. Xn=55-4n формуласымен берілген тізбектің 15-ке тең мүшесінің номерін табыңдар.

А) 35

В) 10

С) 20

3. Арифметикалық прогрессияның а1=4 , d=2. S12-?

А) 180

В) 192

С) 165

4. 16; х; 22 сандары арифметикалық прогрессия құрайды. х-ті табыңдар.

А) 19

В) 18

С) 20

5. (вn)-тізбегі геометриялық прогрессия. Егер в1=1,6 және q=2 болса, онда в5-ті табыңдар.

А) 51,2

В) 25,6

С) 2,56

6. 3; 6; ...; тізбегінің алғашқы алты мүшесінің қосындысын табыңдар. Бұл тізбек - геометриялық прогрессия.

А) 93

В) 189

С) -189

V кезең «Тапқырлық»

(Берілген сөз бойынша математикалық терминдер айту ? (Мысалы: «Прогрессия»)

5.Сабақты қорытындылау.

6.Оқушы білімін бағалау.

Бағалау парағы

Тақырыбы: Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар.

Рет саны

Оқушының фамилиясы, аты

Ауызша сұрақтар

Ауызша есептер

Математикалық диктант

Тест

Қорытын-ды баға



КММ №16 орта мектеп

Математика пәні мұғалімі: Акимбаева Р.М.


© 2010-2022