- Преподавателю
- Математика
- Поурочный план по математику на тему Ондық бөлшекті натурал санға көбейту
Поурочный план по математику на тему Ондық бөлшекті натурал санға көбейту
Раздел | Математика |
Класс | 5 класс |
Тип | Конспекты |
Автор | Абилкасимова Н.Ш. |
Дата | 22.12.2015 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
Сабақтың тақырыбы | Ондық бөлшекті натурал санға көбейту тақырыбына есептер шығару | |||||
Сілтеме | Жоспар | |||||
Сабақтың мақсаты | Оқушылардың 75%-ы он минуттың ішінде бес есептің төртеуін шығара алуы керек; | |||||
Күтілетін нәтиже | 1. Ондық бөлшекті натурал санға көбейтуді үйренеді; 2. Өрнектің мәнін табуды үйренеді; 3. Мәселе есептер шығарып үйренеді; 4. Көбейтіндіні тиімді тәсілмен есептеуді үйренеді; 5. Теңдеу шешуді үйренеді. | |||||
Негізгі идея | ||||||
Тапсырма | 1. Ой қозғау. (Блум гүлі) | |||||
Тапсырма | 2. Топтық жұмыс (ДЖИКСО әдісі) | |||||
Тапсырма | 3. Жұптық жұмыс (қатесін тап) | |||||
Тапсырма | 4. Жеке жұмыс (бес есеп) | |||||
Сабақ бойынша мұғалім жазбалары | Уақыты | Мұғалім әрекеті
| Оқушы іс-әрекеті | |||
КІРІСПЕ | 3 мин | Топқа біріктіру үшін қағаз қиындылары пайдаланылады. | Оқушылар топқа бірігіп өз орындарына жайғасады. Құрастырғандағы шыққан сұраққа жауап іздейді | |||
Тұсаукесер
| 5 мин
| Ой қозғау үшін Блум гүлін пайдаланамын. Білу сұрағы: Ондық бөлшек натурал санға қалай көбейтіледі? Түсіну сұрағы: Ондық бөлшекті 10, 100, 1000-ға көбейткенде үтір қалай қарай жылжиды? Қолдану сұрағы: 3,4*100 көбейтіндісінің мәні қанша болады? Талдау сұрағы: (3*2,5)*4 көбейту үшін қандай қасиетті қолданғанда тиімді шығарамыз? Жинақтау сұрағы: 2,3 мыңды натурал сан түрінде қалай айтылады? Бағалау сұрағы: Жеңіл машина 14,8 км/сағ жылдамдықпен жүріп, 4 сағатта қандай қашықтыққа барады? Мадақтау арқылы бағаналаны. | Сұрақтарға қол көтеріп жауап береді. Қате жауап болған жағдайды өз қатесін жөндету мақсатында мұғалім тарапынан қойылған қосымша сұрақтарға жауап іздейді. | |||
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
| 20 мин
| Оқушылармен бірлесіп, табыс критерийлерін құрамыз. 1) Өрнектің мәнін табуды үйренетін боламын. 2) Мәселе есепті шығарып үйренетін боламын. 3) Теңдеу шешуді үйренетін боламын. Топтық жұмыс: (ДЖИКСО әдісі) Оқушыларды 1,2,3 сандары бойынша 3 топқа қайта біріктіремін. 1 топқа: 1) 0,33*40 көбейтіндісін табыңдар және 2,81х+1,8у, мұндағы х=20, y=6 өрнектің мәнін табыңдар деген екі тапсырманы, 2 топқа: Тоқыма станогына 1 сағатта 3,45 м мата тоқылды. Бір тоқымашы қатарынан 2 станогта жұмыс істесе, 7 сағатта неше метр мата тоқиды? деген мәселе есеп; 3 топқа: 2*(2,31*5) көбейтіндісін тиімді тәсілмен есептеңдар және х:100=5,4 теңдеуін шешіңдер деген 2 тапсырма беремін. Өз топтарына қайта бірігіп бірі-біріне түсіндіреді. Бағдаршам арқылы өздерін бағалайды. Бақылаушылар бақылаған жұмыстарын оқиды. | Рөлдерге бөлінеді. Қайта топ құрады, сол топқа берілген тапсырманы ортада талқылап, өз топтарына келіп түсіндіреді. Осы түсіндіру барысындағы жұмыстарды бақылаушы бағалау парағына түсіріп отырады. Егер оқушылар толық 5 есептіде түсінген болса жасыл түсті көтереді, 4 есепті түсінсе сары түстіні, түсінбегендері көп болса қызыл түстіні көтереді.
| |||
| 5 мин
| Жұптық жұмыс (қатесін тап) 1) Өрнектің мәнін тап: 1,6х+у, мұндағы х=9, y=28.05 Шешуі: 1,6*9+28,05=1.44+28.05=42.95 2) Көбейтуді орында: 0,06*30=0.18 3) Көбейтуді тиімді тәсілмен есептеңдер: 20*(1.9*5)=1,9*(20*5) =1,9*100=19 Сағат тілі бойынша алмасып дайын үлгі жауап арқылы 3 есептіңде қатесін дұрыс тапқан жұптардың аты аталып 3 шапалақ арқылы бағалайды. | Оқушылар екі-екіден бірігіп жұп құрайды. Қатені табу барысында оқушыларда логикалық қабілеттері ашылады. | |||
ҚОРЫТЫНДЫ | 10 мин
| Жеке жұмыс (Бес есеп) 1) Көбейтуді орындаңдар: 0,08*400 2) Өрнектің мәнін табыңдар: 7,5х+6,91у, мұндағы х=100, у=10. 3) Жолаушылар поезында 15 вагон бар. оның 0,6-сы купелі вагондар, қалғандары плацкарт вагондар. Жолаушылар поезында неше плацкарт вагон бар? 4) Көбейтіндіні тиімді тәсілмен есептеңіз: (2,61*1,25)*8 Екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағаланады. | Осы 5 есепті шығару барысында оқушыларда танымдық дағдылары қалыптасады. Шешімін табуға тырысады. Өзін-өзі реттеуге үйренеді. | |||
2 мин | Рефлексия Мен ....................... үйрендім. Маған .................... қиын болды. ................................ білгім келеді. | Табыс критерийлерін пайдалана отырып, сабақ рефлексиясын жазады. | ||||
Кейінгі тапсырмалар | № 1049, №1059
|