Курсы по выбору для 11 кл

Раздел Математика
Класс 11 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Семей қаласының білім бөлімі» ММ

Әдіскер _______________

ӘБ отырысында қаралды

№1 хаттама«_____»_____________2015 ж.

Бірлестік жетекшісі______

«БЕКІТЕМІН»

«№4 ЖОББМ» КММ

Директор _______________

«КЕЛІСІЛДІ»

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары _______________

«_____»_____________2015 ж. «_____»_____________2015 ж.









Күнтізбелік - тақырыптық жоспар



«Кіріктірілген математика курсы» бойынша

11 «А» сыныбы

Пән мұғалімі: А.М.Мукатаева

Оқу бағдарламасы бойынша сағат саны:

Барлығы - 34 сағат

Аптасына 1 сағат









2015-2016 оқу жылы

Түсінік хат

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 24.09.02 жылғы № 693 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік базистік оқу жоспарында «Математика» пәні міндетті жеті білім саласының бірі ретінде қарастырылған. Сондықтан 11 - класқа бір сағат қолданбалы курс бөлінген. Қолданбалы курс тақырыбы "Кіріктірілген математика курсы" деп аталады, соның ішінде біз әр түрлі теңсіздіктерді шешуді қарастыратын боламыз.

Ұсынылып отырған қолданбалы курсқа арналған бағдарлама төмендегідей бөлімдерден тұрады:

  1. Курстың тақырыбы мен мақсат - міндеттері

  2. Курстың мазмұны мен құрылымы

  3. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

  4. Пәнаралық байланыс

  5. Құзыреттіліктер

  6. Оқу-тақырыптық жоспар

Курстың тақырыбы: Кіріктірілген математика курсы

Курстың мақсаты: Математиканы оқытудың мақсаты міндетті нәтижелерге жету ғана емес, сонымен қоса, оқушылардың математикаға деген қызығушылықтарын, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Оқу-танымдық, ақпараттық, коммуникативті, әлеуметтік, құндылыққа бағытталған құзыреттіліктерді қалыптастыру. Өтілген материалдарды формальды түрде тексеру емес, алған білімнің мәнін түсіндіру. Логикалық ойлауды, танымдық дәлелді, тұлғаның интеллектуалдық сапасын дамыту. Курсты оқу барысында оқушылардың теңсіздіктер жөніндегі білімдері тереңдейді.

Курстың міндеттері:

  • рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану дағдысын қалыптастыру;

  • өрнектерді тепе-тең түрлендіру, көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу; өрнектерді түрлендіруде қысқаша көбейту формулаларын қолдану біліктілігін пысықтау;

  • әр түрлі теңсіздіктерді және олардың жүйелерін шешу біліктілігін бекіту;

  • функция графигін сала білу; функцияның қасиеттерін білу және теңісіздік шешуде қолдана білу біліктілігін жетілдіру;

Курстың мазмұны:

Барлығы 34 сағ (аптасына 1 сағ.)

Бір және екі айнымалысы бар теңсіздіктер мен теңсіздіктер жүйесі (3 сағ.)

Сан аралығы. Сан аралықтарының бірігуі мен қиылысуы. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер мен олардың жүйелерін шешу. Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу.

Екі айнымалысы бар теңсіздік. Бір айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесі. Екі айнымалысы бар теңсіздіктер жүйесі.

Квадрат теңсіздік (2 сағ.)

Квадрат теңсіздіктер. Квадрат теңсіздікті квадраттық функция графигінің көмегімен шығару. Интервалдар әдісі.

Екі айнымалысы бар сызықтық және сызықтық емес теңсіздіктер мен жүйелері (5 сағ.)

Екі айнымалысы бар теңсіздіктер жүйелерінің шешімдерін әр түрлі тәсілдермен табу.

Тригонометриялық теңсіздіктер (4 сағ.)

Тригонометриялық өрнектерді теңбе-тең түрлендіру және оларрды қолдана білу. Қарапайым тригонометриялық теңсіздіктерді және олардың жүйелерін шешу.

Көрсеткіштік және логарифмдік теңсіздіктер (12 сағ.)

Қарапайым көрсеткіштік, логарифмдік теңсіздіктерді және олардың жүйелерін шешудің негізгі әдістері. Модулі, параметрі бар теңсіздіктерді шешу.

Қайталау (8 сағ.)















Оқушылардың дайындықтарының деңгейіне қойылатын талаптар


Оқушылар аталған курсты оқып-үйрену нәтижесінде мынандай міндетті дайындық деңгейін бейнелейтін біліктерді игеруі тиіс:

  • санды және әріпті өрнектердегі жақшаларды ашу;

  • әріпті өрнектің ұқсас қосылғыштарын біріктіру;

  • бір айнымалысы бар теңсіздік;

  • бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі туралы түсініктері болу керек,

  • бөлшек-рационал өрнектерді тепе-тең түрлендіру;

  • квадрат теңдеудің түрлерін ажырата және шешу;

  • квадрат теңдеу түбірлерінің формулаларын;

  • квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу;

  • интервалдар әдісімен теңсіздіктерді шеше алу;

  • функция графиктерін салу және қасиеттерін анықтау;

  • тригонометриялық функциялардың мәндерін жатқа айта алу;

  • негізгі тригонометриялық теңбе-теңдіктерді пайдалана отырып қарапайым тригонометриялық теңсіздіктерді шеше алу;

  • дәрежелік, көрсеткіштік және логарифмдік өрнектерге күрделі емес теңбе-тең түрлендірулер жасай алу;

  • қарапайым дәрежелік, көрсеткіштік және логарифмдік теңсіздіктерді шеше алу;

Пәнаралық байланыстар

Бұл курсты оқыту процесінде пәнаралық байланыс:

«Қазақ тілі» пәнімен:

  • алгебралық терминологиялармен сөздік қорын байыту;

«Геометрия» пәнімен:

  • графиктерді салу, кестелерді құру, теңсіздіктер мен олардың жүйесін шешу барысында сызу құралдарымен жұмыс атқару тәсілдерін қолдану;

  • бір айнымалысы бар модульді сызықтық теңсіздіктерді, бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу барысында геометриялық фигуралардың бірігуі мен қиылысуын табу біліктігіне сүйену.

Құзыреттіліктер

Оқу-танымдық құзыреттілік - «Кіріктірілген математика курсы» атты курсын игеру деңгейімен; ойлау қызметінің жалпылама әдістерімен; индукция мен дедукция, жалпылау мен нақтылау, анализ бен синтез, абстракция мен ұқсастықты қолдана отырып тұжырымдарды негіздеу және теориялық білімді практикада қолдануымен сипатталады.

Ақпараттық құзыреттілік - оқулықтардан, ғылыми-танымал әдебиеттерден, газет және журналдардан, ғаламтор желілері арқылы ақпарат іздеу және алу біліктігін көздейді. Алынған ақпаратты өз қызметін жоспарлау және жүзеге асыруда қолдану; өздігінен білімді меңгеру; проблемаларды шешу барысында біліміндегі олқылықтарды анықтау біліктілігін көрсетеді.

Коммуникативті құзыреттілік - жұппен және топпен жұмыс жасау білігімен, ұжымдық шеше таба білуімен, ұжымда мәселені талқылау мен оны шешуге қатысуымен, өз пікірін сыпайы қорғай білуімен, көзқарастардың әртүрлі болуын түсінуімен, басқа адамдардың пікірлеріне құрметпен қарауымен сипатталады.

Құндылыққа бағытталған құзыреттілік - күнделікті өмірге қажетті білім мен білікті игерудің қажеттілігін түсіну; олардың ғылыми-техникалық прогресс үшін маңызылдығын түсіну болып табылады.

Әлеуметтік құзыреттілік - азаматтық борыш пен жауапкершіліктің қалыптасуы; айналасындағыларға құрметпен қарап, басқа адамдардың мүддесі мен өз мақсатының ара қатынасын белгілей білуі.





























Оқу - тақырыптық жоспар

(аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)

Р/с

Тақырыптың мазмұны

Сағат саны

Өтілетін күні

1.

Қарапайым сызықтық теңсіздіктер

1


2.

Сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу

1


3.

Сызықтық теңсіздіктер мен теңсіздіктер жүйелерін графиктік тәсілмен шешу

1


4.

Квадраттық теңсіздікті шешудің алгебралық әдісі

1


5.

Интервалдар әдісі

1


6-7.

Екі айнымалысы бар сызықтық және сызықтық емес теңсіздіктер жүйесін шешу тәсілдері

2


8-9.

Екі айнымалысы бар теңсіздіктер жүйесін графиктік әдіспен шешу

2


10.

Өзіндік жұмыс, тест жұмысы

1


11-14.

Тригонометриялық теңсіздіктер және олардың жүйелерін шешу

4


15-16.

Функцияның анықталу облысын табу

2


17.

Модулі бар теңсіздіктерді шешіп үйрену

1


18.

Түбірі бар теңсіздіктерді шешу

1


19.

Кейбір III дәрежелі теңсіздіктерді шешу

1


20-21.

Көрсеткіштік теңсіздіктерді шешу

2


22-23.

Логарифмдік теңсіздіктерді шешу

2


24.

Теңсіздіктер жүйелерін шешу

1


25.

Өзіндік жұмыс, тест жұмысы

1


26.

Коррекциялық сабақ

1



Қайталау

8сағ


27.

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік

1


28.

Квадраттық теңсіздіктер

1


29.

Тригонометриялық теңсіздіктер

2


30.

Көрсеткіштік теңсіздіктер

1


31.

Логарифмдік теңсіздіктер

1


33.

Қорытынды тест жұмысы

1


34.

Қайталау

1








Пайдаланылған әдебиеттер:

1.«Математика және физика» республикалық ғылыми-әдістемелік журнал

2. «Математика және логика» республикалық ғылыми-әдістемелік журнал

3. «Алгорифм» журналы

4. Алгебра оқулықтары, 7-11 сынып

5. Тест жинақтары

6. Ғаламтор желілері.



© 2010-2022