Ашық сабақ алгебра (7сынып)

Раздел Математика
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алгебра 7 «Ә»сынып

Сабақтың тақырыбы:Екі өрнектің қосындысы мен айырмасының квадраты

бойынша есептер шығару

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Екі өрнектің қосындысы мен айырмасының квадратының формуласын қорытып шығару , білік дағдыларын қалыптастыру, есептерді шешу кезінде тиімді пайдалана білуге үйрету.

Дамытушылық: Өз бетінше білім алу дағдыларын қалыптастыру, логикалық ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларға экологиялық тәрбие бере отырып,оларды шыдамдылыққа, дәлдікке, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Өтілген тақырып бойынша есептер шығаруды меңгерту.

Әдіс-тәсілі: Математиканы оқытудың есеп шығаруға негізделген технологиясы.

Сабақтың көрнекілігі: Семантикалық карта, есеп жазылған үлестірме қағаздар,белсенді тақта.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар назарын сабаққа аудару,түгендеу.

ІІ. Қайталау сұрақтары:

1. Негіздері бірдей дәрежелерді көбейту қалай орындалады?

2. Негіздері бірдей дәрежелерді бөлу қалай орындалады?

3. Теріс санның жұп дәрежесінің таңбасы қандай?

4. Теріс санның тақ дәрежесінің таңбасы қандай?

5. Көбейтіндіні дәрежеге шығару ережесін айтып беріңдер.

6. Бөлшекті дәрежеге шығару ережесін айтыңдар.

7. Дәрежені дәрежеге шығару ережесін айтыңдар.

8. Қандай өрнекті бірмүше деп атайды?

9. Көпмүше деп нені айтамыз?

10. Бірмүшені көпмүшеге көбейту ережесін айтыңдар.

11. Көпмүшелерді көбейту ережесін айтыңдар.

12. Жақша сыртына шығаратын ортақ көбейткішті қалай анықтайды?

ІІІ.Жаңа сабақ:

Өткен сабаққа шолу. Екі өрнектің қосындысының квадраты және айырмасының квадраты Көпмүшені көпмүшеге көбейтуді кейбір жағдайларда ықшамдырақ орындауға болады. Көпмүшелерді көбейтудің осы дербес жағдайларын өрнектейтін формулаларды қысқаша көбейту формулалары деп атайды.

Енді а және в өрнектерінің қосындысын квадраттайық:

(а + в)2 = (а + в)(а + в) = а2 +ав + ав + в2 = а2 + 2ав + в2

Яғни, (а + в)2 = а2 + 2ав + в2

Енді а және в өрнектерінің айырмасын қарайық:

(а - в)2 = (а - в)(а - в) = а2 - ав - ав + в2 = а2 - 2ав + в2

Сонымен, (а - в)2 = а2 - 2ав + в2

формуласына екі өрнектің айырмасының формуласы деп атайды.

Енді, сабағымызды саяхат сабақ түрінде «2030 жылға» сапар ойыны түрінде жүргіземіз.

Ол үшін «Жүйелі білім» жедел поездын пайдаланамыз.

Сапар барысында «Тапсырма», «Тұжырымдама», «Білім», «Амалдар»станциясы арқылы өтеміз.

1. «Жүйелі білім» поезы 3 вагоннан тұрады. Ол үш қатар.

2. Үш вагонда үш тексеруші болады:

1-вагон - «Амалдар»; 2-вагон - «Ойшылдар»; 3-вагон - «Тапқырлар»

3. Тексерушілердің білімін ревизор-мұғалім қабылдайды

4. «Тапсырмалар» станциясына әр тексеруші тапсырмаларын алып станциядан қозғалады (үлестірме қағаздар). №178-есеп 1) 2) 3) 4)

5. «Тұжырымдама» станциясы. Бұл станция теңіздің жағасына орналасқан. Сондықтан теңізден балық аулаймыз. Балық аулау - кәсіптің бір түрі. Аулаған балықтың артындағы тапсырмаларды орындаймыз.

№179-есеп. Көбейткіштерге жіктеңдер.

6. «Білім» станциясы. Семантикалық карта. Мына кестеде тігінен тапсырмалар берілген, ал көлденеңінен жауаптары берілген. Тапсырма мен жауап сәйкес келетін клеткадағы әріптерді тізіп жазсақ, білім туралы жақсы ой-сөйлем шығады. Кәне, соны табайық.

№180-есеп

Жауап

Тапсырма

в2

х4 + 6х2у +9у2

1681

1521

а2-2ав-….

Б

А

К

У

Ғ

392

Д

Ж

З

І

Е

412

Ә

Б

Л

Г

В

2 + 3у)2

Қ

І

Я

Ю

Ү

49-28а+….

Ұ

Ы

Т

Р

М













жауап

тапсырма

M2

10609

0,09а4 + 2,4а2в + 16в2

m2

а4 - 10а2в + 25в2

1-2m+……

К

У

Ғ

Б

Д

1032

Ж

А

З

І

Е

….+18mn+9n2

С

Ә

Г

В

Я

(0,3а2 + 4в)2

Ю

Қ

Т

Ү

Ұ

2 - 5в)2

Р

П

И

М

Ы


Жауап

Тапсырма

2704

2 - 6ху22

9801

49х4у2 + 42х3у3 + 9х2у4

2601

512

К

Ж

З

У

М

992

Ғ

Г

Ұ

Д

І

522

Р

Е

Ә

В

Ү

(7х2у + 3ху2)2

Ф

Ц

Ш

А

И

m2+…..+36

A

T

P

E

H

ІҮ.Сабақты бекіту.

7. «Амалдар» станциясы. Математикалық ойын ойнаймыз. Тақтаға есептер жазылған.

Кім жылдам? Тапсырмаларын орындаймыз:

№181-есеп. Өрнекті ықшамдаңдар

Ү.Қорытындылау: ( Рефлексия)

«BLOB TREE» білім ағашы арқылы оқушылардың сабақтан алған білімдерін қорытындылау.

ҮІ. Үйге тапсырма беру

№182 есеп, қысқаша көбейту формулаларын жаттау.

ҮІІ. Бағалау.Оқушылардың біліміне,ынтасына,белсенділігіне қарай бағалау.



© 2010-2022