Математика, физика, химия, информатика апталығы

Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика, физика, химия, информатика апталығы


Қазан айының 14-19 аралығында мектепте математика, физика, химия, информатика апталығы өтті. Апталық барысында ашық сабақтар беріліп, сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді.

Математика пәнінің мұғалімі Курмашева Майра Жумагалиевна 11-сыныппен алгебра пәнінен «Алғашқы функция және интеграл» тақырыбына бекіту сабағын өткізді. Сабақ барысында оқушылармен түрлі деңгейдегі есептер шығарылып, сызба жұмыстары жүргізілді. Сабаққа Уәлиева Айгерім, Нажмиденова Аяулым, Шора Берік белсене қатысты.

Математика, физика, химия, информатика апталығы


Қазанның 16-сы күні 7-сынып оқушыларымен физика пәнінен «Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар» тақырыбына пән мұғалімі Ережепова Асылзат Ерганатовна ашық сабақ өткізді. Жаңа сабақ болғандықтан оқушыларға тақырып график сызу, анықтамалар жазу, өмірден алынған мысалдармен түсіндірілді. Сонымен қатар, оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіру мақсатында түрлі логикалық тапсырмалар орындалып, есептер шығарылды. Сабаққа Қабылбек Аружан, Қабидолла Ислам, Иманғали Айгерім өте жақсы қатысты.

Математика, физика, химия, информатика апталығы Математика, физика, химия, информатика апталығы

Сондай-ақ пән мұғалімі сабақтан тыс«Интеллектуалды олимпиада» ойыны атты іс-шара ұйымдастырды. Шараға 7,8,9 - сынып оқушылары қатысты. Ойын 5 бөлімнен тұрды. Оқушыларға физика пәнінен бағдарлама бойынша логикалық есеп, тәжірибе жасау, құралдарды атап, қызметін түсіндіру сияқты қызықты әрі, тартымды сұрақтар қойылып , оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артты. Сайыс бойынша 7-сынып оқушылары бәрінен де озып шықты.

Математика, физика, химия, информатика апталығыМатематика, физика, химия, информатика апталығы

Математика, физика, химия, информатика апталығы


Информатика пәнінің мұғалімі Нажмиденов Ардак Берикбаевич «Ғажайыптар әлемінде» атты сыныптан тыс іс-шара өткізді. 7-8 сынып оқушылары қатысты. Сайыс 5 бөлімнен тұрды. Информатикаға байланысты сұрақтар қойылды.компьютердің пайдасы мен зияны туралы диспут өтті. Сайыста Иманғали Аңсат, Қабылбек Аружан, Қабиев Исламбек белcенділік танытты.

Математика, физика, химия, информатика апталығыМатематика, физика, химия, информатика апталығы

Математика, физика, химия, информатика апталығыМатематика, физика, химия, информатика апталығы

Химия пәнінен пән мұғалімі Омаров Балғабай Сатыбалдинович 10 сыныпта «Тұздар гидролизі» тақырыбына ашық сабақ берді. Сабаққа оқушылар белсене қатысты. Жаңа сабақ интербелсенді тақтада өткізілді. Мұғалім мен оқушылар демонстрациялық тәжірибелер көрсетіп, реакциялар жүргізді. Сонынмен қатар, сабақтан тыс «Тіршілік әлемінде» атты 7-10 сынып оқушылар арасында шара өткізілді. Оқушылар топқа бөлініп, әр сыныптың оқушылары аралас отырды. Химия, биологияға пәндерінен логикалық сұрақтар, тіршілік иелеріне байланысты түрлі сауалдар қойылып топтардан жауаптар алынды. Сайыс барысында Сулейменова Тоғжан, Қабылбек Аружан, Қарғалиев Айбек, Иманғали Аңсат тартымды жауаптарымен көзге түсті.

Математика, физика, химия, информатика апталығыМатематика, физика, химия, информатика апталығы

Математика, физика, химия, информатика апталығы Математика, физика, химия, информатика апталығы

Аптаның соңында жаратылыстану-математика бағытындағы пән мұғалімдерінің шешімімен, белсене қатысқан оқушылар мен ең үздік қатысқан сыныпқа мақтау қағаздары мен түрлі сыйлықтар беріп марапатталды.Ең үздік сынып болып 7-сынып танылса, 7-сынып оқушысы Қабылбек Аружан, 8-сынып оқушысы Иманғали Аңсат, 7-сынып оқушысы Қабидолла Ислам және 11- сынып оқушысы Уәлиева Айгерім белсене қатысқан оқушылар қатарынан көрінді.

Май ауданы

Қазан орта мектебінің

физика пәні мұғалімі

А. Ережепова

© 2010-2022