Матем: 2санын қосу және азайту

Раздел Математика
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: 2санын қосу және азайту.

Сабақтың мақсаты: оқушыларды 2 санын қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру; осы тәсілді 2+2 және 4-2 жағдайларында қолдану білігіне машықтандыру, берілген ұзындығы бойынша кесіндіні сызуға үйрету;

Сабақтың типі: баралас сабақ

Сабақтың құрылымы.

1.Ұйымдастыру. Көңіл-күй ахуалы.

Математика қызық пән

Бәріміз оны білеміз.

Қызық есеп шығарып.

Жауапты тез береміз.

Сан қатары бойынша бір сан аттай отырып, тура және кері бағытта ойша санау.

2.Білімді еске түсіру: 10-ның көлемінде бір сан аттап, екі сан аттап тура және кері бағытта кез келген саннан бастап санау.

3. Білімді жаңалық ретінде ашуы.

Оқушылар тура және кері ретпен бір сан аттай отырып санаумен байланысты 2 санын қосу және азайту тәсілдерін түсіндіріп береді.

Оқулықпен жұмыс жүргізу.

№1 тапсырма. Суретті пайдаланып, оқушылар бос тор көздерді толтырады, өздері таңдауын түсіндіреді. Осылайша санға 2-ні қосу және саннан 2-ні азайту тәсілдері тиянақталады.

5+2=7 4+2=6 3+2=5

7-2=5 6-2=4 5-3=2

№2 тапсырма. Сандар қатарын пайдаланып, оқушылар бір сан аттай отырып, тура және кері ретпен санайды. Содан кейін қажетті жазулар тақтада орындалады. Барлық мүмкін жағдайлар қарастырылады.

2+2=4 4-2=2 3+2=5 5-2=3 т.б.

№3 тапсырма. Алдымен берілген кесінді өлшенеді. Содан соң сол кесіндіні 2см арттырады және 2см кемітеді.

4см+2см =6см теңдігін жазу. Ұзындығы 6см кесінді сызу

4см-2см=2см теңдігін жазу. Ұзындығы 2см кесінді сызу

№4, №5 тапсырмалар өткен материал тиянақтау мақсатында оқушылар өз беттерімен орындайды.

СТ. Әр суретте барлық таяқша нешеу екенін санату керек. Әрі қарай таяқшалардың орналасу қалпына назар аударта отырып, қандай да бір таяқшаны алған кезде басқа қандай фигура шығатынын анықтату.

Сергіту: Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Қосып едім екеуін.

Болып шықты он саусақ (қимылмен жасау)

Дәптермен жұмыс: №1, №2, №4 тапсырмаларын оқушылар өз беттерімен орындайды. №3, №5 тапсырмаларына оқулықтағы тапсырмаларды орындату.

Сабақты қорытындылау: Бүгінгі сабақ сіздерге ұнады ма? Бүгін біз сабақта не үйрендік?

Есіңде сақта: 2+2=4. 2-ге 2-ні қосқанда, 4 шығады. 4-бұл 2және2 деген сөз.

Ал 4-2=2, өйткені 2+2=4





© 2010-2022