ЕҮОБ және ЕКОЕ табуға есептер шығару презентация

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№______

Күні__________

Сабақтың тақырыбы: ЕҮОБ және ЕКОЕ табуға есептер шығару

Сабақтың типі: ойын сабақ

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың мақсаты:

Дамытушылық: Сандар туралы білімдерін дамыту.

Білімділік: Ең үлкен ортақ бөлгіш және ең кіші ортақ еселікті бекіту. Сандардың бөлінгіштігін жалпылау. Сандардың бөлінгіштігіне берілген есептерді алгебралық тәсілдермен шығару дағдыларын қалыптастыру. Математикалық сөйлеу мәдениетіне үйрету.

Тәрбиелік: Творчестволық құлшынысқа, өз ойын еркін дәлелдеп жеткізе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі (пәнді үйренуге мотивация беру, сабақтың мақсаты мен құрылымымен таныстыру).

II. Өтілген сабақты еске түсіру.

III. Өтілген материалдарды бекіту.

IV. Сабақты қорытындылау және оқушыларды бағалау.

V. Үйге тапсырма.

Сабақта қолданылатын құралдар: оқулық, таратпа материалдар, презентация.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі (пәнді үйренуге мотивация беру, сабақтың мақсаты мен құрылымымен таныстыру).

Мұғалім: Өткен сабақта біздер «Ең үлкен ортақ бөлгіш және ең кіші ортақ еселік» ұғымымен танысқан болатынбыз. Бүгінгі сабағымыз «Ең кіші ортақ еселікті» бекіту сабағы. Сабағымыздың құрылымы сандардың бөлінгіштігін, ең үлкен ортақ бөлгіш, ең кіші ортақ еселік туралы алған теориялық білімдерімізді еске түсіру, оларды есептер шығару барысында қолдану.

II.Үй тапсырмасын тексеру

Енді балалар, бүгінгі сабағымызды ойын сабақ ретінде алып отырмын. Қазір өзіміздің біліміміз арқылы мектебімізді саламыз. Ол үшін ең алдымен жер таңдап аламыз. Ең алдымен іргетас құюымыз керек, ол үшін ережелерді білуіміз қажет.

1. Сонымен сұрақтар:

  1. Жай сандар дегеніміз не?

  2. Құрама сандар дегеніміз не?

  3. Ең үлкен ортақ бөлгіш дегеніміз не?

  4. Өзара жай сандар дегеніміз не?

  5. Берілген натурал сандардың ең кіші ортақ еселігі деп қандай санды айтамыз?

  6. Өзара жай сандардың ең кіші еселігі неге тең?

  7. Егер берілген натурал сандардың біреуі басқа берілген сандарға бөлінсе, олардың ең кіші ортақ еселігі қалай табылады?

2. Бірінші қабатты салу үшін бізге қандай тапсырма берер екен .

№743 есеп

Сандардың ең үлкен ортақ бөлгішін табыңдар:

  1. 48 және 28 3) 45 және 32 5) 60 және 75

  2. 12 және 15 4) 24 және 88 6) 78 және 117

3. Екінші қабаттың тапсырмасы

№744 есеп

Жай көбейткіштерге жіктеліп жазылған сандардың ең кіші ортақ еселігін табыңдар

4. Үшінші қабаттың тапсырмасы

№745 есеп

  1. 54 және 135 3) 150 және 400 5) 42, 60 және 70

  2. 38 және 114 4) 180 және 300 6) 18, 63 және 35

5. Төртінші қабаттың тапсырмасы

№747 есеп

  1. 42 - ге бөлгіш, ал 7 - ге еселік сандарды;

  2. 78 - ге бөлгіш, ал 13 - ке еселік сандарды жазыңдар.

6. Шатыр тапсырмасы

№746 есеп

Маржан дүнгіршектен бағасы 80 тг лотерея билеттерін немесе бағасы 60 тг маркаларды сатып алуы керек. Сатушының қайтаратын ақшасы болмаған жағдайда Маржан үйінен неше теңге ақша алып шығуы керек?

ЕКОЕ(80;60)=240

Жауабы: 240 теңге

  1. Енді мектебіміздің жан - жағына талдар егейік. Ол үшін карточкадағы сұрақтарға жауап берейік.

3)ЕҮОБ(60;20)=?

____________________________________

5)ЕКОЕ(33;21)=?

____________________________________

1)ЕКОЕ(60;20)=? ____________________________________

2)ЕКОЕ(?;3)=15 ____________________________________

4)22·32·5 және 2·32·5 сандарының ең кіші ортақ еселігін табыңдар

_______________

6)ЕҮОБ(26; 65)=?




жауаптар таблосы:

№1

60

№3

20

№5

231

№2

5

№4

180

№6

13



  1. Гүлдерге де осылай тест сұрақтарға жауап береді.

Тест жұмысы
1. Қай сан құрама сан болды?
1) 22 П
2) 23 Н
3) 1 Е
2. 144 санына еселі санды тап?
1) 11 М
2) 12 И
3) 14 В
3. Қай сан жай сан болады?
1) 10 Л
2) 29 Ф
3) 54 У
4. Өзара жай сандардың ең үлкен ортақ бөлгіші
1) 2 Д
2) 7 Ю
3) 1 А
5. ЕҮОБ (10: 15)=?
1) 5 Г
2) 6 Э
3) 7 К
6 ЕҮОБ (160: 180)=?
1) 16 Я
2) 24 З
3) 20 О
7. Қай сан құрама сан болмайды?
1) 21 Б
2) 23 Р
3) 1 Ь
Дұрыс жауап сәйкес келетін торкөздегі әріптерді теріп жазсаңдар, «жай сан» ұғымын біздің заманымыздан бұрынғы IV ғасырда енгізген ежелгі грек ғалымының атын оқитын боласыңдар.
1 2 3 4 5 6 7
22 12 29 1 5 20 23
П И Ф А Г 0 Р

Барлық тапсырмалар орындалған кейін мектебіміз жарқырап шыға келеді. Сонымен бүгінгі алға қойған мақсатымызды орындадық.

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалаймын.

Үйге тапсырма: №738, №750


ЕКОЕ(60;20)=? ________________________________________________________________________________________________________





ЕҮОБ(60;20)=?

________________________________________________________________________________________________________

ЕКОЕ(33;21)=?

_____________

______________________________________________________________________________

ЕКОЕ(?;3)=15 ___________________________________________________________________________________________





22·32·5 және 2·32·5 сандарының ең кіші ортақ еселігін табыңдар

__________________________

ЕҮОБ(26; 65)=?

____________________________________________________________________________________




Тест жұмысы


1. Қай сан құрама сан болды?
1) 22 П
2) 23 Н
3) 1 Е
2. 144 санына еселі санды тап?
1) 11 М
2) 12 И
3) 14 В
3. Қай сан жай сан болады?
1) 10 Л
2) 29 Ф
3) 54 У
4. Өзара жай сандардың ең үлкен ортақ бөлгіші
1) 2 Д
2) 7 Ю
3) 1 А
5. ЕҮОБ (10: 15)=?
1) 5 Г
2) 6 Э
3) 7 К
6 ЕҮОБ (160: 180)=?
1) 16 Я
2) 24 З
3) 20 О
7. Қай сан құрама сан болмайды?
1) 21 Б
2) 23 Р
3) 1 Ь

© 2010-2022