Сан аралықтарына есептер шығару

Раздел Математика
Класс 6 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сан аралықтарына есептер шығаруСан аралықтарына есептер шығаруСабақтың тақырыбы: Сан аралықтарына есептер шығару
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік
Оқушыларды теңсіздіктер шешімін сан аралығымен жаза білуге, координаталық түзуде кескіндей білуге қалыптастыру.
2. Дамытушылық
Оқушылардың ой - өрісін кеңейту, математикалық тілде сөйлей білу қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік
Оқушыларды тез ойлап, дәл таба білуге, бірін - бірі сыйлауға, шапшаңдыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: білім мен дағдыны қорытындылау сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, есептер шығару
Сабақтың көрнекілігі: плакат, тест тапсырмалары, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
- оқушылармен сәлемдесіп, жоқ оқушыларды түгелдеу;
- оқу құралдарының түгел болуын талап ету;
- сынып тазалығы мен тәртіптеріне көңіл бөлу;
- назарларын сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру
№326 есеп (оқушылар дәптерлерін алмастыру арқылы тексереді)
3. 1-қадам. «Білу»

Қайталау сұрақтары:

Сан аралығы деген не?

Сан аралығының қандай түрлері бар?

Қандай сан аралығы кесінді деп аталады?

Қандай сан аралығы жартылай интервал деп аталады?

Қатаң теңсіздіктің шешімдер жиыны координаталық түзуде қалай кескінделеді?

Қатаң емес теңсіздіктің сан аралығын жазу үшін қандай жақша қолданылады?

Сан аралықтарының қиылысуы деген не?

Сан аралықтарының бірігуі деген не?

2-ші қадам. «Түсіну»

Сан аралығының белгіленуі

(-∞;3]

[-3;2]

(-7;0)

[-4;2)

(2;+∞)

Сан аралығының аты

Сәуле

Кесінді

Интервал

Жартылай

интервал

Ашық сәуле

Теңсіздік түрінде жазылуы

X « 3

-3« X « 2

-7˂X˂0

-4 « X˂2

X˃2

3-қадам: "Талдау"

Салыстырыңдар:

І. а) сан аралықтарының қиылысуы;

ә) сан аралықтарының бірігуі;

б) бос жиын;

ІІ. а) интервал

ә) кесінді

б) сәуле

.4-ші қадам. Жинақтау. Алған білімдері бойынша тірек сызба құрастыру.

5-қадам. Қолдану.

Ашық тест.

Сан аралықтарына есептер шығаруСан аралықтарына есептер шығаруТест сұрағының 4 жауабы берілген, дұрыс деген жауапқа шерт.

  1. х>12

  2. -1<х<8

  3. Сан аралықтарына есептер шығарух≤-7

Сан аралығының белгіленуі

Сан аралықтарына есептер шығару

Сан аралықтарына есептер шығару

(-7;0)

Сан аралықтарына есептер шығару

Сан аралықтарына есептер шығару

Сан арлығының аты

Сәуле

Кесінді

Интервал

Жартылай интервал

Ашық сәуле

Теңсіздік түрінде жазылуы

Сан аралықтарына есептер шығару

Сан аралықтарына есептер шығару

Сан аралықтарына есептер шығару

Сан аралықтарына есептер шығару

Сан аралықтарына есептер шығару

Кеспе қағаздармен жұмыс:

Кестедегі берілген сан аралығына тиісті ең үлкен бүтін санды,ең кіші бүтін санды тауып кестені толтыр.

Сан аралықтарына есептер шығару

Сан аралықтарына есептер шығару

№1

Теңсіздіктерді шешіп,шешімдер жиынын сан аралығы арқылы көрсетіңдер:

1)3х Сан аралықтарына есептер шығару -18 3)х - 3Сан аралықтарына есептер шығару11 5) 3 - 2 (х-1) Сан аралықтарына есептер шығару8+х

  1. 2)- 8 хСан аралықтарына есептер шығару 32 4) - 3Сан аралықтарына есептер шығару - 4 6)4(х+3)Сан аралықтарына есептер шығару 3(х+2)
    №995
    1)- 4;- 2; - 6; 0; 7; 9, 3; 8, 4 сандарынан [- 3; 8, 5] аралығына тиістілерін теріп жазыңдар.
    Жауабы: - 2; 0; 7; 8, 4.
    2) сандарынан (-; 4, 8] аралығына тиістілерін теріп жазыңдар.
    Жауабы:
    8. Сабақты қорытындылау
    9. Оқушылар білімін бағалау
    10. Үйге тапсырма Қиылысуы бос жиын болатын сан аралықтарына 3 мысал келтіріп жаз.






Сан аралығының белгіленуі

(-∞;3]

[-3;2]

(-7;0)

[-4;2)

(2;+∞)

Сан аралығының аты


Теңсіздік түрінде жазылуы



Сан аралығының белгіленуі

(-∞;3]

[-3;2]

(-7;0)

[-4;2)

(2;+∞)

Сан аралығының аты


Теңсіздік түрінде жазылуы



Кестедегі берілген сан аралығына тиісті ең үлкен бүтін санды,ең кіші бүтін санды тауып кестені толтыр.

Сан аралықтарына есептер шығару

Сан аралықтарына есептер шығару


Кестедегі берілген сан аралығына тиісті ең үлкен бүтін санды,ең кіші бүтін санды тауып кестені толтыр.

Сан аралықтарына есептер шығару

Сан аралықтарына есептер шығару



Теңсіздікті шешіп, шешімдер жиынын координаталық түзуде кескінде


Теңсіздікті шешіп, шешімдер жиынын координаталық түзуде кескінде


Өзіндік жұмыс

1. ( - ∞;5] сан аралығының аты:

А) ашық сәуле Б) интервал В) кесінді Г) сәуле

2. Белгіленумен жаз: 1-ден 4-ке дейінгі кесінді

А) (1;4) Б) [1;4] В) (1;4] Г) [1;4)

3. Сан аралығындағы бүтін сандарды тап: (4; 7]

А) 4;5;6 Б) 4;5;6:7 В) 5;6 Г) 5;6;7

4. Белгіленуімен жаз: 1-ден 3-ке дейінгі 3 саны қоса алынған жартылай интервал

А) (1;3] Б) [1;3] В) (1;3) Г) [1;3)

5. Теңсіздіктер шешімін сан аралығымен жаз: 2х6

А) [2;6] Б) (2;6) В) [2;6) Г) (2;6]

6. [4;9] сан аралығының аты:

А) кесінді Б) сәуле В) ашық сәуле Г) интервал

7. Белгіленуімен жаз: 2-ден 7-ге дейінгі интервал

А) [2;7] Б) (2;7] В) [2;7) Г) (2;7)

8. [-4;5) аралығындағы ең кіші және ең үлкен бүтін санды тап.

А) -4 және 3 Б) -4 және 4 В) -4 және 5 Г) -3 және 5

9. Белгіленуімен жаз: -∞ -тен 6-ға дейінгі ашық сәуле

А) [6;+ ∞) Б) (6;+ ∞) В) (-∞;6) Г) (-∞;6]





Бағалау парағы

Оқушының аты-жөні

Білу

Түсіну

Талдау

Жинақтау

Қолдану

Бағалау

1


2


3


4


5




Бағалау парағы

Оқушының аты-жөні

Білу

Түсіну

Талдау

Жинақтау

Қолдану

Бағалау

1


2


3


4


5




Бағалау парағы

Оқушының аты-жөні

Білу

Түсіну

Талдау

Жинақтау

Қолдану

Бағалау

1


2


3


4


5




Бағалау парағы

Оқушының аты-жөні

Білу

Түсіну

Талдау

Жинақтау

Қолдану

Бағалау

1


2


3


4


5




























Тәрбие сағаты: «Ауғанстан - журектегі жара»

Мақсаты:

Білімділігі: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру.

"Ауған соғысы" - жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлері туралы мәлімет алу.

Дамытушылық: Тарихи деректердің маңыздысын аша білуге және материалдарды диалектикалық тұрғыдан талдай білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Тәуелсіздік жолында күрескен аға - апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу.

Әдісі: еске алу сабағы

Көрнекілігі: Тақырыпқа сай слайд. Интерактивтік тақта.

Сабақ бағдарламасы:

1. Отан туралы өлеңдер (еліміз туралы видеоролик)

2. Ауғанстан соғысы тарихы туралы баяндама (видеоролик)

3. «Қанжардан құтқарған қазақ тілі» (көрініс)

4. Ауғанстан соғысының ардагері Қалджанов Қошық Жүзбайұлы туралы мәлімет (Слайд)

5. Күй «Кероғлы»

6. «Тәуелсіз Қазақстан» (видеоролик)

7. Қорытынды

Сабақ жүрісі: Ашылуы

Жүргізуші - Қайрат:

Сол Ауғанда талай досты жерледік

Қарлы шыңға күн түн демей өрледік

Сұрапылда ерледік те шерледік

Намыс туын қолдан бірақ бермедік

Армысыздар қымбатты ұстаздар, оқушылар және бүгінгі кездесуіміздің аса құрметті қонақтары!

Нұрсейіт: Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер төркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын, өзі әнші халықта

Кім айта алар

Болмаған,- деп - Әнұран?!

Әнұран орындалады.

Жүргізуші - Қайрат:

Соғыс жан алып - жан беру

Соғыс халықтың басына келген қасірет, жұт

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 25 жыл толуына байланысты

«Ауғанстан - жүректегі жара» тақырыбындағы кешімізді ашық деп жариялаймыз.

Жүгізуші - Ақмоншақ:

1989 жылы, Ақпан айының 15 - де талай аналарды перзенттерден айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де, қайғылы да «Ауған соғысы» аяқталды. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда. Бүгінде «Ауған соғысы» қажет пе еді? деген сұрақтар көп қойылған кезде, біз жастар, еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын Отан алдындағы борыштарын адал атқарған азаматтар деп құрмет тұтамыз.

(Еліміздің табиғаты туралы слайд көрсетіледі.)

Гүлжайна: Көп аузынан түспейтін,

Отан деген немене?

Оның тұлға, түс, кейпін

Достым, білгің келе ме?

Рахымжан: Отан - сенің ата - анаң

Отан - досың, бауырың,

Отан - өлкең, астанаң,

Отан - аудан, ауылың.

Отан - тарих, Отан - тіл,

Жасаған елің, өз халқың!

Отан - өлең, Отан - жыр

Көтерген көкке ел даңқын.

Отан - осы, достарым,

Көңілге мұны түйе біл!

Отан деп өсіп жан - жағың,

Оны ардақтап, сүйе біл!

Абыз: Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен -

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

Жеткізген: Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған «Отан»- деп сыбырлаған

Айгүл: Жаным менің, кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған!

Отан!

Отан!

Бәрінен биік екен

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

Отанды сүймеуің де күйік екен,

Отанды сүйгенің де күйік екен.

Сәкен: Отан белгілі бір адам үшін оның өзінің елі ғасырлар бойы ғұмыр кешіп және солай болып қалуы үшін жанын пида қып күресіп келе жатқан өңір, өлке ғана емес, туған шаңырағы, ата - ана, бала - шағасы, жары, дос - жаран туысы. Солармен бірге жалғанған көретін қызығы мен бақытты тұрағы, өлгеннен кейін де, ұрпақтарына рухы жар болып жататын топырағы.

Жүргізуші - Қайрат: Сыныбымыздың оқушылары Мақзам Нұрбек, Мырзабай Алтын Соғыстың тарихынан қысқа баяндама жазып келіпті соны тыңдаңыздар.

Мақзам Нұрбек: КОКП ж/е КСРО басшылығы Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген "Халықтық - демократиялық үкіметті" қолдап, көршілес елдің социалистік бағытпен дамуын көздеп интернационалдық әскери жәрдем береміз деген желеумен оның ішкі істеріне араласты. 1965 жылы қаңтарда Ауғаныстанға Кеңес Одағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті тыңшыларының қатысуымен астыртын қызмет атқарған Ауғаныстан халықтық - демократиялық партиясы құрылып, біраздан соң ол екіге бөлініп "Халық" тобын Н. М. Тараки, Х. Амин, ал "Парчам" тобын Б. Кармал басқарды. 1977 жылы мамырда Мәскеудің нұсқауымен Ауғаныстан халықтық - демократиялық партиясының екі тобы бірігіп астыртын қимылдарын ұлғайта түсті. Мұхаммед Дауд үкіметі халықтық - демократиялық партиясына қысым жасап, 1978 жылдың 26сәуірінде оның бала-шағасымен қазаға ұшырады. Сөйтіп Ауғаныстанға АХДП билігі орнады. Жаңа үкімет КСРО - ның айтқанынан шықпай, бірден социализм негізін қалауға көшті. Жер реформасын енгізу, діндарларды қудалау, ағарту саласындағы өзгерістер, кеңестік романдарды көбірек пайдалану жергілікті көшпелі тайпалардың әдет - ғұрпымен, салт - мүддесімен санаспау, т. б. бұхара халықтың наразылық тудырды.

Мырзабай Алтын: 1978 жылы қазанда ірі қақтығысулар басталды. Ауған үкіметі КСРО мен достық тату көршілік ж/е ынтымақтастық туралы шартқа отырып Мәскеу арқа сүйеді. Алайда халық күресі одан әрі күшейе түсті. 1979 жылдың ақырында 26 уәлаятта 18 көтеріліс өрті лаулады. Сондай жағдайда АХДП басшылары өзара тартысып, Кармаль тобы жеңіліп оның өзін Чехославакияға елші етіп жіберді. Келесі жылы қыркүйекте Тараки Аминнің қолынан қаза тауып, АХДП мен мемлекет басына Амин отырады. Бұл жағдайда Мәскеу өз мүддесіне қауіп ретінде қабылдады. КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті Аминді қызметінен шеттетіп "парчамшыларды" билікке әкелуге әрекеттенді. 1979 жылы 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы Л. И. Брежнев, Ю. В. Андропов, М. А. Суслов, Д. Ф. Устинов Ауғаныстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп 1979 жылы 25 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғаныстан шекарасынан өтіп онда 1989 жылдың ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Қазақстан ауған соғысына 22 000 адам қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті.

Мұғалім: Ауғанстан соғысы не үшін басталды? Оқушылар ендігі кезекте тақтаға назар аударайық. (Ауған соғысы туралы видеоролик көрсетіледі)

Көрініс: «Қанжардан құтқарған қазақ тілі» (соғыс дауысы үнтаспадан жіберіледі)

Ақтөре:

Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын,

Қабірлері нұрға орансын, суық көрде жылынсын

Есіл ерлер ескерткішке айналсаң да біз үшін

Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісіңдер, тірісің!

Таңат: Сақтады олар елін, жерін, қонысын

Ақтады олар азаматтық борышын

Сол үшін де қолтығынан сүйейік,

Ардагерге - майдангерге

Иейік біз барлық жерде

Басымызды сол үшін.

Жүргізуші - Қайрат: Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып 1 минут үнсіздікпен еске алуыңызды сұраймыз.

Рахмет отырыңыздар!

Жүргізуші - Ақмоншақ

Ардагерлер

Айтса ертек көгендері

Тайбандары таймаған өрден кері

Сыңғырлап сыр шертеді жиындарда,

Кеуде толы жарқырап ордендері.

Ерлан: Туған жердей жат жердің болмайтыны - ақиқат,

Оған көңілің толмайтыны - ақиқат.

Алтын торда алтын құс өсірсеңде, бұлбұл құс

Өскен бағы болмаса, қонбайтыны - ақиқат.

Набат: Қызығы балалықтың тарқамаған,

Кезінде - ақ әр ауылдан, әр қаладан

Аттанып қан майданға сендерсің ғой

Соғыстың бар азабын арқалаған.

Мұғалім: Міне, біздің де Мұнайшы ауылында осы зұлмат соғысының ардагері Қалджанов Қошық Жүзбайұлы тұрады екен. Ол бүгін келе алмады. Бірақ сыныбымыздың оқушылары үйіне барып, сол кісімен сұхбаттасып, мәліметтер жинақтап, сіздерге ұсынғалы отырмыз.

Қалджанов Қошық Жүзбайұлы 1958 жылы 10 - қарашада Түркменстан республикасы Мары облысы Тахта - Базар ауданы Саража совхозында дүниеге келген. 1965 жылы Саража совхозындағы №20 мектепке 1 - сыныпқа қабылданып, 1975 жылы бітірді. 1977 жылы әскер қатарына шақыртылып алынды. Ресейдің Краснодар жерлерінде әскери борышын өтеді. 1979 жылы желтоқсанда Ауғанстанға соғысқа кетті. Соғыс 1989 жылы ақпан айында аяқталды. 1981 жылы отбасын құрған, бес баланың әкесі.

(Ардагер туралы мәлімет оқылады, слайд көрсетіледі)

Сұлуфан: Сапқа тұр, ақ ниет адамдар

Кел қосыл бейбітшіл шеруге

Тыныштық жауларын жеңуге.

Бейбіт күн тулары самғасын

Тыныштық тулары шарласын,

Жетім боп ана мен балалар,

Ойран боп от басы қалмасын.

Жол берме соғысқа азамат

Сен ғана тыныштық қорғаны.

Гаухарай: Жастық шақта жалын жұтып, қан кешкен,

Жарқын дүние жанарынан сан көшкен.

Ардагерлер - естелігі ерліктің,

Ұрпақтары - бұтақтары,

Қасиеттің, өсиеттің, ұмытылмас мәңгі естен.

Жүргізуші: Ақмоншақ

Жалт ете қап оқ жаудан ұшқан,

Сен құлаған көлбетіп таулы алыстан.

Елестейсің көзіме қасірет боп

Қайғым да сен мәңгілік - Ауғанстан!

(Видеоролик соғыс деген немене)

Жүргізуші: Қайрат

Бәріміз де Отанды сүйетін, елін, жерін қорғайтын батыр атаның ұрпақтарымыз. Егеменді Қазақстанның патриот ұландарымыз.

Сүйеген Исмайыл «Кероғлы» күй орындайды.

Мұғалім: Қазақ жұрты не көрмеді десеңдерші, тарих беттеріне көз жүгіртсек, «Қазақ» хандығы құрылғаннан бері қазақтардың басынан түрлі қиын - қыстау кезеңдер мен адам төзгісіз жан түршігерлік жағдайлар өткені жайында сыр шертеді. Қазіргі таңда еліміздің жетістігі өте көп. Дегенмен, бұл жетістіктерге жетуде еліміз көп қиыншылықты көргенін ұмытпағанымыз жөн. Халқымыз бостандықты аңсап, тәуелсіздікке зарығып жетті.

(Қазақстан туралы видеоролик көрсетіледі.)

Жүргізуші: Ақмоншақ

О, олардың көз жасының татымын

Татып көрсең ойланар ең пақырым

Халық болып ешқашанда оңбайды

Жылатқан ел ақыны мен батырын

Мұғалім: - Сабағымызды «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген» әнімен аяқтағымыз келіп отыр.

Сабағымыздың соңында мектебіміздің тәрбие ісінің орынбасары Мұқашева Айжан апайға сөз беріледі. Келесі сөз кезегі бүгінгі кешімізге қатысып отырған қонақтарда.

Мұғалім сабақты қорытындылайды.





















© 2010-2022