Конспект урока на тему Қосу формулалары

Раздел Математика
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың өтілетін күні

Пәні

Класс

Өткізетін мұғалім

«Бекітілді»

16.02.2016 ж.

Алгебра

9

Абилгазин Б.Ж.


Сабақтың тақырыбы

Қосу формулалары

Мақсаты

Екі бұрыштың қосындысы мен айырымындағы тригонометриялық функциялардың формулаларын үйрету, осы формулаларды тригонометриялық функцияларды тепе - тең түрлендіруде қолдана білуді меңгерту.

Оқыту нәтижесі

Екі бұрыштың қосындысы мен айырымындағы тригонометриялық функциялардың формулаларын біледі, осы формулаларды тригонометриялық функцияларды тепе - тең түрлендіруде қолдануды үйренеді

Түйінді идеясы

Екі бұрыштың қосындысы мен айырымының тригонометриялық функцияларын сол бұрыштардың тригонометриялық функциялары арқылы өрнектейтін формулаларды қосу формулалары деп атайды

Стратегиялар

Топтау, топтық, жеке жұмыс, «Қарлы кесек», «Сиқырлы сұрақ», «Бүгін мен ....», «Үш шапалақ», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Критерлік бағалау» әдісі

Уақыты

Ресурсы

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

2

мин

Карточкалар

Топтау: sin 60 , cos30, tg30, ctg60, Конспект урока на тему Қосу формулалары

Оқушылар өздеріне ұнаған тригонометриялық функциялар бойынша мәндерін тауып топтасады, үш топқа бөлінеді

15

мин

Формулалар

Оқушыларға тақырыпты бөліп береді. Қосу формулалары берілген постерді ұсынады

Берілген тақырыпты топ болып оқиды, мағынасын түсінеді, бір - біріне түсіндіреді, диалогқа түседі, сұрақ қояды, жауап береді, өз пікірлерін ортаға салады, сыни тұрғыдан ойлайды, үнсіз оқушы ашылады, дарынды оқушы таланттылығын көрсетеді, мысалды талдайды, бірін - бірі тыңдайды, топтық таныстырылымдарын қорғайды және бірін - бірі саусақ белгілерімен бағалайды.


7

мин

Оқулық

1 - тапсырма:

Топтық жұмыс беріледі: синус - №342, №347(а)

косинус - №343(а), №347(ә)

тангенс - №344(а), №347(б)


Үш топ бір мезгілде берілген есептерді шешіп, топ болып шығарылу жолын өзара топта талқылайды, бір - біріне түсіндіреді. Кейін барлық топ үшін жалпылай түсіндіреді, дәптерге түсіреді

«Үш шапалақ» әдісімен қолдау көрсетеді

1

мин


Сергіту сәті. «Мәндерді табайық!»

Әр топ кезекпен тригонометриялық функциялардың мәндерін радиан, градус арқылы сұрайды, таңбаларын, қай ширекте жататынын анықтайды, ойланады, еске түсіреді, көңіл - күйлері көтеріледі, сергиді

4 мин


Постер

2 - тапсырма: оқушыларға оқулықтан №347 есеп беріледі. Тапсырманы орындатуда «қарлы кесек» әдісі қолданылады

Әр топ түсті маркерлермен өздеріне берілген тапсырманың бірінші алгоритмін постерге орындап келесі топқа береді, келесі топ екінші алгоритмді өзге түспен жазады... Осылайша алғашқы постерді әр топ өздері қайтып алады және класта қорғайды, жіберілген қателіктер болса тексереді, түзету енгізеді, дәптерге түсіреді

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен пікірлерін білдіреді

5 мин

Постер(сұрақтар)

3 - тапсырма: «Сиқырлы сұрақ» әдісімен қорытындылайды

Постерде көрсетілген сұрақтарды оқиды, ойланады, жауап береді, қайталайды, есте сақтайды

3 мин


Кері байланыс үшін «Бүгін мен ...» әдісін қолданады.

Оқушылар бүгінгі сабақтан не білгенін, көңіл - күйін, көңілінде туындаған сұрақтарын «Бүгін мен ...» әдісімен өз ойын жеткізеді

3

мин





Бағалау

Бағалау критериі: «А» деңгейінің әрбір дұрыс жауабы 1 балл, «В» деңгейінің әрбір дұрыс жауабы 2 балл, ал «» деңгейінің әрбір дұрыс жауабы 3 балл, үй тапсырмасы 2балл. 7 балл - «5», 5 балл - «4», 3 балл - «3» (Топ басшылары бағалап отырады)


Қосымша тапсырма

&22. №343(ә), №344(ә), №346



© 2010-2022