• Преподавателю
  • Математика
  • Интерактивті модульдік оқыту технологиясы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда пайдалану

Интерактивті модульдік оқыту технологиясы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда пайдалану

  Интерактивті модульдік оқыту технологиясы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда пайдалану.            Білім беру саласындағы жаңашыл ұстаным болып отырған білім стандартының негізгі ерекшілігі – негізден оқу нәтижелерін сипаттауға бағытталған. Бұл бағытта жаңаша жұмыс жүргізу үшін мұғалімге сабақты құрудың және өткізудің диалектикалық ыңғайын тауып, педагогикалық процесті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға, әр түрлі жаңарған техника мен технологиялар арқылы әрекеттенуіне е...
Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Интерактивті модульдік оқыту технологиясы оқушылардың

шығармашылық қабілетін дамытуда пайдалану.

Білім беру саласындағы жаңашыл ұстаным болып отырған білім стандартының негізгі ерекшілігі - негізден оқу нәтижелерін сипаттауға бағытталған. Бұл бағытта жаңаша жұмыс жүргізу үшін мұғалімге сабақты құрудың және өткізудің диалектикалық ыңғайын тауып, педагогикалық процесті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға, әр түрлі жаңарған техника мен технологиялар арқылы әрекеттенуіне еркіндік берілген. Сондықтан да сабақтың дәстүрлі әдістерінен бас тартып, оқушылардың шығармашылық ойын терендетіп,білім мен ой - өрісін дамытуға, іс - әрекет дағдысын қалыптастыруға әсерін тигізетін сабактарды көбірек өткізуді дағдыға айналдырған жөн.

Оқушыладың алған білімдердің пәрменді, берік болуын қамтамасыз ету үшін, бұрын өткен материалды жаңа материалды оқып үйренуімен байланысты белсенді түрде дарыста қайталаудың маңызы зор. Ол оқушылардың есте сақтауы мен ғылыми ойлауын дамытуда үлкен роль атқарды. Мұндай қайталау әр түрлі құбылыстар арасындағы байланыстарды анықтауға, сол арқылы білімдердің ғылыми дәрежесін анықтауға жәрдемдеседі.

Сабақтың тиімділігі сабақта қолданылатын оқу материалын баяндау әдістеріне, оқушылардың оқу әрекетіне ұйымдастыру, олардың білімдерін дағдылары мен шебердіктерін тексеру формаларына байланысты. Оқыту әдістерінің және оқушылардың сабақтағы оқу әрекетін алуан түрлілігі, олардың шебер пайдалану - математиканы оқыту процесінің тиімді болуының аса маңызды шарттарының бірі.

Білімберу жүйесінің басты міндеті - жеке адамды калыптастыруға, дамытуға, шыңдауға бағытталғанбілім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, жеке адамның рухани, шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, оқытудың жаңа технологиясын еңгізу, т. б . міндеттер атап көрсетілген. Осы аталған міндеттерді орыедау жолында педагогика ғылымы жаңа оқыту технологияларын қолданып, баланың білімін, білігі мен дағдасын емес, білім алу арқылы дамуын бірінші орынға қойып, тұлға тәрбиелейтін жаңа білім парадигмасын көшуге бағыт алды.

Модулдік оқыту технологиясы оқушыларды өз шығармашылығымен жұмыс істеуге, өз бетімен білім алуға, білімін практика жүзінде қолдана білуге, білімін күнделікті өмірмен байланыстырып отыруға бейімдейді.

Модуль барысында оқушылар бірнеше баға алады, ол арқылы оқушылардың тақырыпты қаншалықты терең түсінгендігін анықтауға болады.

Модульдік оқыту технологиясын қолдана отырып, жүйелі жұмыс жүргізу нәтижесінде оқушылардың білім сапасын жыл сайын біршама көтерүге және оқушылардың ойлану қабілетін, танымдық белсенділігін, математика пәніне қызығушылығын дамытуға болатындығына сенімім мол.

Қазіргі уақытта мұғалімнің міндеті заман талабына сәйкес оқушының жеке тұлға екенін ескертіп, сабақты жетілдіре отырып оның нәтижесін арыттыру. Сондықтан пән мұғалімі көп ізденіп, сабақта оқытудың жаңа технологияларын қолдану керек. Сондай технологиялардың бірі - «модульдік оқыту технологиясы». Төменде М. Жанпейісовтың «Интерактивті модульдік оқыту технологиясы» негізінде 8 - сыныпқа арнап жасалған модульдің жоспарын ұсынып отырмын.

Модульдің мақсаты:

1.Квадрат теңсіздігі түсінігін қалыптастыру;

2.Квадрат теңсіздікті шешуде квадраттық функцианың графигін қолдану, интервалдар тәсілін пайдалана білу дағдыларын жетілдіру;

3.Ойлау, іскерлік қабілеттерін дамыту.

I.Оқушы нені білу керек:

1.Квадраттық теңсіздіктің түрлерін;

2.Квадраттықтеңсіздікті шешудің парабола әдісін білуі.

3.Квадраттық теңсіздіктерді шешіде интервалдар әдісін білуі.

II.Оқушы нені меңгеру керек:

1.x - тің кез келген мәнінде ax2+bx+c квадрат үшмүшесінің графигін орналасуын меңгеру;

2.Квадрат теңсіздікті парабола әдісімен шешуді меңгеру;

3.Квадрат және бөлшек рационал теңсіздіктерді шешуде интервал әдісін қолдануды меңгеруі.

Шығармашылық жұмыстар:

Модуль таңбалы квадрат теңсіздіктерді шешу.

Математика бағытындағы пәнді оқытуда жаңа педагогикалық технологиялармен қатар жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануда біраз тәжірибе жиналды.

Қазақстан Республикасы дүние жүзінің дамыған елдері сияқты, орта білімді ақпараттандыру жолына түсті. Бірыңғай білімдік - ақпараттық кеңістік қалыптасып келеді.

Ал, білім беру саласын ақпараттандыру тек қана оқытудың ұйымдастыру формалары мен әдістерін жетілдіріп, өзгертіп қана қоймайды, сонымен қатар бүкіл оқыту үрдісін басқарудың және бақылаудың жаңа әдістерінің пайда болуына жағдай жасайды.

Дұрыс іске қосып, пайдаланған жағдайда ақпараттық технологиялардың мүмкіндігі мол: мұғалім де, оқушы да тез іске қосатын мол оқу- әдістемелік материал жинақталады, оқу материалының қолдану тиімділігі арттырылады, жеке бағдарламалармен жұмыс істеуге мүмкіндік туады; сабаққа дайындылу мен оны өткізудің тиімділігін арттырады.

Мұғалім өзі немесе оқушылардың көмегімен оларға таратылатын дидактикалық материалды көбейтеді, оқушылардың білім дәрежесін қадағалап, бақылауға мүмкіндік береді, оны тестілік тапсырма- сұрақтар бойынша жүзеге асырады, сабақты оған қажетті барлық ақпараттық материалмен қамтамасыз ететін мультемедилік бағдарлама негізінде ұйымдастырады, мұның өзі оқушыларды оқу материалын сапалы меңгеруге жұмылдырады.

Егер ақпараттық технология интернет жүйесімен байланыстырылса мұның өзі оқушылардың қажетті білімдік материалды іздеуіне мүмкіндік береді. Математика пәнін оқытуды ақпараттық технологиямен жабдықтауда компьютердің мүмкіндігі көбірек. Оның өзі де күрделі жұмыс.

Ғылым мен өндірістің дамуына математиканың қажеттілігі, математикалық білім мен біліктіліктің қолданылу аясының кеңейуі, еліміздегі әрбір оқушының математикалық білімінің толық болуының мәнін және маңызын күшейте түсті. Бұл еліміздің әрбір азаматына орта білім алуға міндет арта отырып, мұғалім қауымынан ертеңгі күні мемлекет сенім арта алатындай оқушылардың математикалық дайындығының сапасын көтеруді және білімнің қандайда бір деңгейіне кепілдік беруін қамтамасыз етуді талап етеді. Бүгінгі күні мектептің алдына білім берідің және тәрбиелеудің сапасын жоғарылату, әр пәнді жоғары ғылыми дәрежеде оқыту талаптары қойылған. Осыған байланысты оқылатын материалдар тізбесін және көлемін нақтылау, оқулықтар мен оқу бағдарламаларындағы артық жүктемелерді алу, оқу пәндеріндегі жетекші идея мен негізгі ұғымды нақтылай сипаттауды қамтамасыз ету, әрбір пән үшін іскерлік пен дағдының тиімді көлемін анықтау қажеттігі туып отыр. Бұл мәселелерді шешудің негізгі бір жолы мұғалімдердің теориялық және әдістемелік шеберліктерін жетілдіру екені айқын.

Осы мақсатта, ең алдымен қазіргі жұмыс істеп тұрған мектептер жұмыстарына бірлесе отырып педагогикалық, әдістемелік ғылымдардың соңғы жылдардағы жаңалықтарын енгізіге күш жұмсауы қажет. Ал бұл жұмысты жүзеге а сыру мектеп мұғалімі қауымының өз іскерліктерін арттырумен қатар олардың әдістемелік ғылым жетістіктерін меңгеруге бел шеше кірісулеріне тікелей байланысты.

Мектепте осы бағытта жүргізілген жұмыстың тиімділігі мен пайдалылығына қарамастан кез келген жаңалықты оқу процесіне енгізу қиындықсыз болмайды. Демек, бұл қиындықтан шығудың алғашқы қадамы, ол көптеген ғалым педагогтар аалдыға тартып отырған орта мектеп үшін қажетті ең төменгі білім деңгейін анықтап, оны қалыптастыру ісін жүзеге асыру және осыған байланысты орта білім стандартының талаптарын мүлтіксіз, тез арада жүзеге асыру қажеттілігі туып отыр.

Кейінгі жылдары мемлекетіміздің білім беру кеңістігінде жалпылама стандарттау процесі жүріп жатқаны белгілі. Бұл өте күрделі жауапкершілігі зор іс. Білім беру стандартының оқу процесінде іске асырылу міндеттілігі мектепте еңбек етіп жатқан педагогтар жұмысын күрделендіруі шындық, тіпті олардың оқу процесінде күнделікті жұмысын күрт қиындатып жіберетіні хақ, өйткені осы стандартқа қол жеткізерлік және мұғалім жұмысының жоғары сапасына кепілдік берерлік тиісті педагогикалық технологияны таңдап білікті түрде оны оқу процесіне енгізу мақсаты туындап отыр. Бізге белгілі көптеген оқыту технологияларының қайсысы жемісті және ұтымды екенін орта мектепте мұғалімдеріне ешкім негізі. Деп, айқындап бермеді. Оқушы білімінің стандарт талабының деңгейіне жеткізу үшін орта мектептерде дәстүрлі оқыту әдістемесі орнына педагогикалық жаңа іс- әрекеттерді анықтап, оны теориялық және практикалық жағынан ұқыпты түрде дайындап алу қажет.

Дәстүрлі оқыту әдістемесі көбіне - көп оқу процесін ұйымдастыру және оны жүзеге асыру жөніндегі ұсыныстар мен қағидалар жиыны болса, ал педагогикалық технологияны принциптік маңызды екі ерекшелендіреді:

1) технология көзделген нәтижеге жетудің кепілдігі;

2) технология болашағы;

Кез келген есепті компьютермен шешу үшін алдымен есептің математикалық қойылуын анықтау, алгоритмін құру, одан соң оны программалау тілінде жазу керек екені белгілі. Программалау тілінің бірі - Паскальдің негізін салушы Никлас Вирттың тұжырымдауынша, программалау ісі қалай болған күнде де математикасыз өмір сүре алмайды. Математика қанша дамыса да көптеген құбылысты математикалық түрде мазмұндап жазу әлі күнге мүмкін болмай отырқан сияқты, көптеген есептер үшін алгоритм жазу әлі күнге шейін дамуда.

Соңғы төрт- бес жыл ішінде пайда болған жаңа программалық өнімдер көпшілікке кәсіби информациялық технологияларды пайдалана білудің аса қажеттігін көрсетті. Біздің қоғамымызда болып жатқан өзгерістер орта білім беру саласының дамуына да өзгерістер енгізуге себепші болды.

Қортынды жасай отырып, осы технологияның элементтерін қолданүдың тиімді жақтарын көрсетуге болады:

Оқушының тұлғасын дамыту;

Пәнге кызығушылығын арыттыру;

Ауызша және жазбаша тілін дамыту;

Жолдастық қарым - қатынасты тәрбиелеу;

Өз ойын айта білу;

Деңгейі төмен оқушылардың өз білімін көрсетуге мүмкіндік туғызу.



© 2010-2022