Разработка урока на тему Бір айнымалысы бар теңдеулер тарауын қайталау. (6 класс)

Раздел Математика
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар теңдеулер тарауын қайталау.

Мақсаты: 1.Теңдеулер құруға берілген есептерді шеше білу, теңдеуді

құрудың әр түрлі әдістерін пайдалану;

2.Оқушыларды алғырлыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу;

3.Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,

есептерді түрлендіріп шығару дағдысын қалыптастыру;

Типі: қайталау сабағы

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, таблицалар, түрлі-түсті карточкалар, кестелер

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпты 3 топқа бөлеміз

Өрнектер, теңдеулер,теңсіздіктер

Тапсырма №1

Әр топ теңдеулер тақырыбын қайталап ассоциациялық аймақ құрады

Тапсырма №2

Ауызша есептер "Кім жылдам?"

Өрнектер тобы Теңдеулер тобы Теңсіздіктер тобы

1)3х-4=5 1)5х-3=17 1)2х=17+3х

2)х*-49=0 2)х*-64=0 2)х*-25=0

3)3х=-1,2 3)5х=-1,5 3)6х=-1,8

Тапсырма №3

Есептің қатесін тап

Өрнектер тобы

1)14а-3(8-а)=14а-24-3а=11а-24

2)8х-(3,7-х)+(1,2-5х)=8х-3,7-х+1,2+5х=12х-2,5

Теңдеулер тобы

1)16а-7(а-5)=16а-7а-35=-а-35

2)6х-(2,4-х)+(1,4-5х)=6х-2,4-х+1,4+5х=10х-1

Теңсіздіктер тобы

1)6а-4(5а+1)=6а-20а+4=-14а+4

2)7х-(2,5-х)+(1,4+х)=7х-2,5-х+1,4-х=5х-1,1



Тапсырма №4

Өрнектер тобына:

Дүкенге барлығы 8,2 т картоп, сәбіз, пияз және қызанақ түсті. Картоп пен сәбіз 4.75т, картоп пен пияз 6,37т, картоп пен қызанақ 4,28т. Дүкенге бақша өнімдерінің әрқайсысынан неше тонна түсті?

Картоп х

Сәбіз у

Пияз а

Қызанақ в

х+у=4,75 у=4,75-х

х+а=6,37 а=6,37-х

х+в=4,28 в=4,28-х

х+у+а+в=4,28

х+4,75-х+6,37-х+4,28-х=8,2

15,4-2х=8,2

2х=15,4-8,2

2х=7,2

х=7,2:2

х=3,6

у=4,75-3,6=1,15

а=6,37-3,6=2,77

в=4,28-3,6=0,68

картоп 3,6т

сәбіз 1,15т

пияз 2,77т

қызанақ 0,68т

Теңдеулер тобына:

Дүкенге сатуға әкелінген көкеністің бірінші күні Разработка урока на тему Бір айнымалысы бар теңдеулер тарауын қайталау. (6 класс) і сатылды. Екінші күні қалғанының 0,4-і сатылды, одан қалғаны үшінші күні сатылды. Дүкенші үшінші күні екінші күнге қарағанда 570 кг көкеністі артық сатты. Дүкенге сатуға неше тонна көкеніс әкелінген?

Барлық көкеніс х

Бірінші күні Разработка урока на тему Бір айнымалысы бар теңдеулер тарауын қайталау. (6 класс) х

Қалғаны х-Разработка урока на тему Бір айнымалысы бар теңдеулер тарауын қайталау. (6 класс)х=Разработка урока на тему Бір айнымалысы бар теңдеулер тарауын қайталау. (6 класс)х

Екінші күні Разработка урока на тему Бір айнымалысы бар теңдеулер тарауын қайталау. (6 класс) хРазработка урока на тему Бір айнымалысы бар теңдеулер тарауын қайталау. (6 класс)

Үшінші күні Разработка урока на тему Бір айнымалысы бар теңдеулер тарауын қайталау. (6 класс)

Барлығы 3800кг=3,8т

Теңсіздіктер тобына:

Компьютерде терілетін оқулық үш терушіге берілді. Бірінші теруші оқулықтың Разработка урока на тему Бір айнымалысы бар теңдеулер тарауын қайталау. (6 класс) -сін , екінші теруші қалғанының 0,6-сын, үшінші теруші қалғанын терді. Үшінші теруші бірінші және екінші терушілердің терген беттерінің қосындысынан 120 бетті кем терді. Компьютерде терілетін оқулық неше бет болған?

Барлық бет х

Бірінші күні Разработка урока на тему Бір айнымалысы бар теңдеулер тарауын қайталау. (6 класс)

Қалғаны х-Разработка урока на тему Бір айнымалысы бар теңдеулер тарауын қайталау. (6 класс)

Екінші күні Разработка урока на тему Бір айнымалысы бар теңдеулер тарауын қайталау. (6 класс)

Үшінші күні 0,35х+0,39х-120=0,74х-120

0,35х+0,39х+0,74х-120=х

0,48х=120

х=250

барлығы 250 бет


Тапсырма №5


Логикалық есептер шешу

Өрнектер тобына:

Ұрылар мен кемпір.

Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен, панасы жоқ жалғыз кемпір болыпты. Жаз шығып, ел жайлауға көшкенде, сүйенері жоқ кемпір жалғыз қалады. Түн ішінде кемпірдің жалғыз сиырын ұрламақ болып ұрылар келеді. Кемпір:"Ә, бұлар менің жалғыз сиырымды нысанаға алған екен, мен де бұларды алдайын,"-деп ойлайды. Сөйтіп, жалма-жан бір шелек суды сапырып отырып, мынадай өлең айтыпты:

"Сапырып-сапырып Сарманға бер,

Құйып-құйып Құрманға бер,

Есіктегі екеуге бер,

Төрдегі төртеуге бер,

Өзің іш те, маған бер"-деген екен.

Мұны естіген ұрылар:"Қой, мұнымыз бекер болар. Бұл үй толы кісі, әрі бізден екі есе артық екен, кетейік,"-деп кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты.

Сонда үйдегі адам нешеу ұрылар нешеу?

Шешімі:1+1+2+4+1+1=10

10:2=5

Жауабы: 10 адам, 5 ұры.

Теңдеулер тобына:

Қой жеу.

Арыстан қойды 2 сағатта, қасқыр 3 сағатта, ит 6 сағатта жеп бітіре алады. Ал үшеуі қатар жесе, қанша уақытта жеп бітіре алады?

Шешуі:Айталық, үшеуі бірігіп х сағатта жейді дейік. Қойды бір бүтін деп алсақ, арыстан бір сағатта қойдың ½ бөлігін, қасқыр 1/3 бөлігін, ит 1/6 бөлігін жейтін болғандықтан, мынадай теңдеу құрамыз.

х/2+х/3+х/6=1

х=1

Жауабы: 1 сағатта жеп тауысады.

Теңсіздіктер тобына:

Мата сатып алу.

Саудагер 5400 теңгеге 138 м қара және көк мата сатып алды. Егер қара матаның 1 метрі 30 теңге көк матаның 1 метрі 50 теңге болса, саудагер қанша метр қара және қөк мата сатып алды?

Шешуі: х+у=138

30х+50у=5400

у=138-х

30х+50(138-х)=5400

х=75 қара мата

у=63 көк мата



Тапсырма №6

Тарихи есеп.

1271 жылы бір венециялық көпес Шығыс елдерін аралауға шығыпты. Оның саяхаты өте қызықты өтіпті. Ол Арменияда Персияда, Индияда болыпты. Қытайда 17 жыл тұрыпты. 1295 жылы қахарман көпес еліне оралыпты. Венециядағы көпестер өте ауқатты тұрыпты. Өздерінің байлықтарын мыңмен есептепті. Олар "милле" деп созып айтады екен. "Милле"-мың деген сөз. Жаңағы саяхатшы көпес оларға қытайлықтардың өте бай екендіктерін айту үшін "мильоне" деген сөзді пайдаланыпты. "Мильоне"-мыңның мыңы дегенді білдіреді. "Миллион" сөзі осылайша пайда болған екен. Бұл көпес кім еді

Марко Поло.


Сайысты қорытындылап, жеңімпаз топты марапаттаймыз.

Үйге тапсырма

Әзіл есеп.

Әжей үлкен баласының үйіндегі немерелеріне қалтасындағы кәмпиттің жартысын берді. Ортаншы баласының үйіндегі немерелеріне қалғанының жартысын берді. Сонда әжейдің қалтасында кіші баласының үйіндегі немерелеріне беруге 6 кәмпит қалды. Алғашқыда әжейдің қалтасында неше кәмпит болған?


© 2010-2022