Қазақ әдебиеті пәнінен сабақ жоспары: А. Құнанбаев Ескендір поэмасы

: Поэманың идеясын түсіндіре отырып, идеялық - тақырыптық негізін, ой астарын түсіндіру, көркем туындыны түсіне білуге, мәнерлеп оқуға, ақынның образ жасау шеберлігін ұғынуға жол ашу Дамытушылық: Поэманы талдай білуге төселдіру, өзіндік пікір қалыптастыруға дағдыландыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру Тәрбиелік:  Оқушылардың дүниетанымын, адамгершілік қасиеттерін дамыта отырып, рухани имандылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: СТО технологиясының элементтері бар аралас сабақ Сабақтың әдісі:  түсіндіру, ...
Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ № 34 Мерзімі: 15.01 Сынып: 10а Пән: қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: А. Құнанбаев "Ескендір" поэмасы
Сабақтың мақсаты міндеттері: Білімділік: Поэманың идеясын түсіндіре отырып, идеялық - тақырыптық негізін, ой астарын түсіндіру, көркем туындыны түсіне білуге, мәнерлеп оқуға, ақынның образ жасау шеберлігін ұғынуға жол ашу
Дамытушылық: Поэманы талдай білуге төселдіру, өзіндік пікір қалыптастыруға дағдыландыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру
Тәрбиелік: Оқушылардың дүниетанымын, адамгершілік қасиеттерін дамыта отырып, рухани имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: СТО технологиясының элементтері бар аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, МСК, тест
Сабақтың көрнекілігі: дәйексөздер, Абай шығармалары
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі:
(2 минут)
ІІ Үй тапсырмасын сұрау: Пікірталас картасын толтырған болатын, сол бойынша сұрақтар қою.

Оқулықтағы мәтінді оқып, шығарманы толық талдауға дайындалып келу. Суреттердің біздің сабағымызға қатысы болды ма?

"Ай нұрын ұстап мінсе де, Қызыққа тоймас адамзат" Бұқар жырау.

ІІІ Жаңа сабақ - талдау сабағы: "Ескендір"

Абай поэмалары
"Ескендір" "Масғұт" "Әзім әңгімесі"

1) Әдебиет теориясы: "Поэма" - грек сөзінен шыққан, "туынды" деген мағынаны береді, өлеңмен жазылады. Көлемі
2) Қызықты дерек: "Ескендір" поэмасының сюжетін алғаш рет неміс романтикалық әдебиетінің көрнекті ғалымы болған француз Альберт фон Шамиссо Талмудтан алады. Шамиссодан В. А. Жуковский 1844 жылы аударады. Мұнда А. Македонскийдің қырып - жоюы туралы жырлайды. Бұл сюжет Абайды да қызықтырады. Абай сюжетінде өзгеріс бар. Поэмада Ескендірдің аты - жөнін, әкесін, тұрған жері мен патшалығын, Ескендірдің ұстазы - Аристотельді қосады. Абай шығармасы тұпнұсқаға ұқсас. "Ескендір" поэмасы тармақты 42 шумақтан тұрады.
3) Мінездемелік салыстырушы карта:

Ескендір

Аристотель

қабілетті

менмен

тапқыр

батыл



4) Түсіндірме сөздік
1. Хакім - ғалым
2. Данышпан -
3. Иман -
4. Ғибрат - үлгі
5. Нәпсі -
6. Араны -
Мазмұндау жоспары: Жұптық жұмыс
1. Ескендірдің тегі, патшалығы, жорықтары, әскердің шөл далада қиналуы
2. Бұлаққа кездесуі, жаулап алмақ ниетпен қала қақпасына баруы
3. Ескендірдің бұйрығы
4. Күзетшінің сыйлығы
5. Аристотель шешімі
6. Ақын өсиеті

ІҮ Бекіту:

Ой тұжырымдау:

Шығарма атауы

Жанры, түрі

Тақырыбы, идеясы

Түйінді ой

Тест тапсырмалары
1. Ескендір таққа отырғанда неше жаста болған?
а) 43
ә) 32
б) 21
2. Ескендірдің әкесінің есімі кім?
а) Филипп
ә) Македония
б) Аристотель
3. Тарихта ол батыл, жүректі, ақылды, қайратты тұлға ретінде қалды:

а) Ескендір
ә) Аристотель
б) Масғұт
4. Әл-Фараби кімді өзіне ұстаз тұтқан?
а) Ескендір
ә) Аристотель
б) Әзім

5. "Тойымсыздық" сөзіне мағынасы жақын сөз

а) қасиетсіздік
ә) ашкөздік
б) мешкейлік

1) б 2) а 3) а 4) ә 5) ә,б
Ү Қорыту: Мешкей деген жақсы ат емес. Абайша айтсақ: ашкөздік, тойымсыздық дерт екен. Дүниеге қанағат ете білу, артық малыңды ысыраптамай, мұқтаж жандарға көмектесуді Алла бізге парыз қылды. Пендеміз деп өзімізді қызыққұмарлыққа салынуға жібермеуіміз керек екен.

Үйге тапсырма:
Поэманы оқып, көркемдік құралдар табу, анықтама жазу, жоспар бойынша көркем мазмұндау конспектісін жасау.
Оқушылардың еңбегін бағалау.















Сабақ № 41 Мерзімі: 6.02 Сынып: 10а Пән: қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: «Өтеген батыр» дастаны
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Жамбылдың жыршылық қырын таныту, дастанның мазмұны, тәрбиелік мәнін түсіндіру, талдауды үйрету; Дамытушылық :оқушылардың ой-өрісін дамыту, әдебиетті сүюге баулу, қосымша тарихи деректер келтіру арқылы пәнге қызығушылығын ояту; Тәрбиелік: адамгершілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу, ақын өмірін үлгі ету, Өтеген батыр бейнесі арқылы Отанын,өнерді сүюге баулу.
Түрі: дәстүрлі жаңа сабақ
Типі: Жаңа сабақты меңгеру
Көрнекіліктер: Жамбыл Жабаевтың портреті, дастан мәтіндері, слайд.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, тарих.
Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, түгендеу, жұмылдыру.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау: Жамбыл Жабаев, оның өмірі, отбасы, қоғамдық қызметі, жалпы шығармашылығы туралы ізденіс тапсырмалары берілді, сұралып, талқыланады.
ІІІ Жаңа сабақ: Дастандары: "Өтеген Батыр", "Сұраншы Батыр"
«Өтеген батыр» дастаны кім туралы, не жайында? Соны білмек керек.
Өтеген батыр (1699-1773) - XVIII ғасырдың І-жартысында жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен қазақ батыры. Ұлы жүздің дулат тайпасынан шыққан. Бабасы Сырымбет 1635 жылы Ойрат ханы Батырдың 50 мың әскеріне қарсы соққы берген Салқам Жәңгірдің сапында ұрысқа қатысқан. Өтеген батыр 15 жасынан жоңғарларға қарсы соғысқа араласқан.1723 жылы Тауасар, Райымбек, Ханкелді батырлармен тізе қосып, жоңғарлармен айқасады. 1470 жылы Іле бойында қалмаққа қарсы жасақ жинаған Төле би әскеріне қосылып, елін жаудан азат етіседі. 1756 жыл шамасында Абылайдың Қытаймен бейбіт болу саясатына қарсы шығып, Жиделібайсында 17 жыл жүріп қайтыпты деген аңыз да бар.
Өтеген батыр - ел арасында аңызға айналған адам. Оны алғаш жырлаған Сүйімбайдың бабасы Күсен ақын. Өтеген батыр жайында тарихи дерек жинаған тарихшы Делебаевтың материалына қарағанда, Тілеміс, Майкөт ақындар да батырды дастан етіп жырлаған екен. Бұлардың ішінде бізге жеткені - Жамбылдың «Өтеген батыр» дастаны. Өтеген батыр туралы дерек-аңыздар жинауға әдебиетшілер Е.Ысмайылов, Қ.Тұрғанбаев, Н.С.Смирнова, С.Бегалиндер қатысқан. Алматы облысының Бозой мен Қарой аралығында Өтеген батыр есімімен аталатын жерлер бар.

ІV Дастанды талдаудың концептуалды кестесі (алдымен жеке толтырылады, сонсоң көптің пікірі тақтада толтырылады)

Шығарма атауы, авторы

Жеке пікірім

Талдау қорытындысы

Жанры, түрі

Құрылысы

Тақырыбы

Идеясы

V Қорытынды: Жыршы, жыраулық өнерімен де танымал болған Жамбылдың жүз жасаған өмірінде артына қалдырған мол мұрасы қанша сусындағымыз келсе таусылмастай кәусар бұлақ екеніне көз жеткіздік деп сенемін. Ендеше, Өтеген батырдың ерліктері көпке үлгі болғанын Жамбыл қалай жырлаған, көркемдігін қалай бағалайсыңдар?
VІ Оқушыларды бағалау.
VІІ Оқушыларға үй тапсырмасын беру: дастанды мазмұндау жоспары мен конспектісін жазу.

Сабақ № 42 Мерзімі: 10.02 Сынып: 10а Пән: қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: « Сұраншы батыр.» дастаны.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Жамбылдың жыршылық қырын таныту, дастанның мазмұны, тәрбиелік мәнін түсіндіру, талдауды үйрету; Дамытушылық :оқушылардың ой-өрісін дамыту, әдебиетті сүюге баулу, қосымша тарихи деректер келтіру арқылы пәнге қызығушылығын ояту; Тәрбиелік: адамгершілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу, ақын өмірін үлгі ету, Өтеген батыр бейнесі арқылы Отанын,өнерді сүюге баулу.
Түрі: дәстүрлі жаңа сабақ
Типі: Жаңа сабақты меңгеру
Көрнекіліктер: Жамбыл Жабаевтың портреті, дастан мәтіндері, мақала("Саурық пенен Сұраншы намысы болған елінің").
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих.

Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, сынып оқушыларын түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасы: Өтеген батыр кім? Тарихта болған ба? Әлде бұл тек аңыз ғана ма?

Жамбылдың суреттеуінде оның бейнесі қандай?

ІІІ.Жаңа сабақ: "Сұраншы батыр" дастанын оқу.

Топтастыру "Сұраншы" категорияларды өздері тауып, күнді толтыруы керек.

Сұраншы батырдың қандай адам екенін байқадыңдар?

Қызықты дерек:

Осы жырды қандай жырға ұқсатар едіңдер? Қай жолдар арқылы?

Ақын осы екі дастанды біp жылдары қатар жырласа керек. «Сұраншы батыр» дастанын Жамбыл ең алғаш рет Садырмек деген беделді кісінің асы күні толғапты. Бұл жиын Жиренайғыр деген өзеннің бойында өтеді. Ертеде Сұраншы батыр қоқандықтармен осы өзен бойында соғысып жеңіске жеткен екен. Міне осы өзен бойында жайлаған Шапырашты, Дулат, Ысты, Жаныс ақындар Жамбылдан «Сұраншы батыр» дастанын жырлауды өтініпті. Халық талабымен Жамбыл «Сұраншы батырды» таң атқанша жырлаған екен. Сұраншы - тарихта болған адам, Жетсу халқының мүддесін корғаған нағыз батыр. Жер жәннаты Жетісуды алуға бip жағынан патшаның, екінші жағынан - қоқандықтардың ұмтылғаны тарихтан белгілі. Қоқандықтардың озбырлығынан зәбір көріп, бастарына қаралы күн туған халық ендігі үміт Сұраншы батырда екендігіне тоқтасады. Сөйтіп, хабаршы жіберіп, Сұраншы батырды алдырады. Сол кездегі Сұраншы батырдың бейнесін, батырлық тұлғасын даралауда ақын өте шеберлік көрсеткен. Оның жауға қарсы соғысы да ақындық шабытпен шынайы суреттеледі. Арыстандай ақырған азулы жауға қарсы түлкідей айлалы болу керек екенін өсиет еткен Сұраншы батыр Қарасай батырдың соғыстағы амал - тәсілдерін қолдана отырып, жауды жеңіліске ұшыратады.

«Сұраншы батыр» жырын батырлар жырымен салыстыру.

V Үйге тапсырма: Дастанды оқып, талдауға дайындалу.

VІ Рефлексия кезеңі: ««Аяқталмаған сөйлем»: Бүгінгі сабақтан мен өзіме не алдым?..

Бағалау критерийлері

1.Үй тапсырмасын орындауы - 2

Сөз саптауы

Ой ұшқырлығы

2. Сабақтағы белсенділігі- 1

3.Шығармашылық қабілеті- 2

4.Жаңа тақырыпты меңгеруі- 2

5. Тапсырмаларды өз бетімен орындай алуы- 2

6.Өтілген тақырыптан ой - түюі - 2

7. Көшбасшылығы - 1

8. Өз ойын еркін жеткізе алуы -2 (жиынтық бағалау )

Формативті бағалау- бір топтың ішіндегі оқушылар бірін - бірі бағалайды .(жоғарыдағы критерий бойынша )

Дереккөздер және жабдықтар:

Кейінгі тапсырмалар немесе

Портфолио деректері

Оқушылардың орындаған шығармашылық тапсырмалары, жазған эсселері

Сабақты талдау

Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаевтың өмірі мен өлеңдері (презентациясымен)

Сабақтың мақсаты: 1. білімділік: ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру. Өлеңдерінің мазмұны мен идеясын ашу.
2. дамытушылық: көркем ойлау, жүйелі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
3. тәрбиелік: ақын өлеңдерін насихаттай отырып, оқушыны отансүйгіштікке, адалдыққа, әділдікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: тарих, өнер, география
Сабақтық көрнекілігі: Ж. Жабаевтың суреті, шығармалары, буклет, слайд.

Сабақтың жүру барысы
І. Ұйымдастыру сәті
1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Кезекші арқылы түгелдеу
3. Сынып тазалығына көңіл бөлу
4. Оқушы назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Балалар, Ілияс Жансүгіровтің асқан ақындық таланты оның поэма жанрында әсіресе айқын көрінеді.
1. Олай болса, ақынның қандай поэмаларын білеміз?
2. «Күй», «Күйші» поэмаларының негізгі тақырыбы не?
3. Кенесары хан туралы қай поэмасында айтылады?
4. «Дала» поэмасы Қазақстанның неше жылдық тойына арналған?
5. «Дала» поэмасы қандай тараулардан тұрады?
6. Осы поэмада ақын көбінесе қандай көркемдік тәсілді қолданған?
7. «Құлагер» поэмасында кімнің өмірі суреттелген?

ІІІ. Жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Жүз жыл жырлаған жүрек (слайд - 1)
Жүз жыл өмір кешкен ақында неше жүз жылдар өнері мен шеберлігі түйіскен. (М. Әуезов) (Слайд - 2)Ой қозғау сұрақтары
1. Балалар, Жамбыл Жабаевты қай шығармасы арқылы жақсы білесіңдер?
2. Қазақ әдебиетінде ақынның алатын орны қандай?

Мұғалімнің түсіндірмесі
1. Ақынның дүниеге келуі
2. Ақынның ұстаздары мен ақындық ортасы. (Сүйінбайдан Жамбылдың бата алу сәтінен көрініс) (слайд - 3)
3. Айтыстары
4. Сатиралық өлеңдері
5. Отаншыл өлеңдері
6. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы өлеңдері.

ІV. Сабақты бекіту. Хронологиялық кесте толтыру.
Жылдар Негізгі оқиғалар
1846 ж.------- Ақын дүниеге келді
1863 - 64 ж.---- Қоқан хандығы билік құрды
1881 ж.------- Құлмамбетті жеңді
1916 ж.------- Ұлт азаттық көтеріліс
1936 ж.------- Қазақстан көркем әдебиетінің онкүндігі
1941 - 1945 ж.---- Ұлы Отан соғысы
1945 ж.------ Дүние салды
Шығармалары
«Кедей күйі»
«Зілді бұйрық», «Патша әмірі тарылды»
«Туған елім»
«Ленинградтық өренім», «Ата жаумен айқастық»

1. Балалар, Жамбыл атамыздың өлеңдерін жатқа айтатындарың бар ма?
(Ұлы Отан соғысы кезінде жазған өлеңдерін оқушылар жатқа айтады)
2.«Зілді бұйрық», «Патша әмірі тарылды» өлеңдері мәнерлеп оқылады.
3. Мазмұны ашылады
4. Өлеңнен кейіпкерлерді табу.
Кейіпкерлер әлемі
Көпес, халық, патша, губернатор, жандарал, пристав, болыс

Өлеңді құрылысына қарай талдау
«Зілді бұйрық»
«Верныйдың» // «қадам баспай» // «қаласына» - а
Кемпір, шал //жылап жатыр// баласына - а
Ешбір ем // табылмады // іздесе де - б
Халықтың // жүректегі // жарасына - а

4 тармақты, 1 шумақты, 11 буынды,
3 бунақты қара өлең ұйқасы.

Әдебиет теориясы бойынша өлеңнен көркемдеуіш сөздерді табу.
Көкорайға жайылған
Секілді едік үйрек, қаз
(теңеу)

Көген көзді қосақтап,
Қалай қиып берерміз?!
Көздің жасы моншақтап,
Көңіл шер боп өлерміз.
Көк жайлауды қалдырып,
Қайда көшіп кетерміз?!
(аллитерация)

V. Сабақты қорыту «Топтастыру»
Жамбыл

ұстаз
ақын
шәкірт
дастан

VІ. Үйге тапсырма:
Ақ басты Алатаудың Жамбылымын (шығарма)
VІІ. Бағалау: Жауаптарына қарай бағалау.

Күні:

Қазақ әдебиеті 11 сынып

Атырау облысы Индер ауданы Кулагино орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің І санатты мұғалімі

Кенжеғалиева Райхан Ғиниятқызы

Сабақтың тақырыбы:

Жамбыл Жабаев. «Өтеген батыр» « Сұраншы батыр.» дастаны.

Сілтеме

Білім стандарты, сабақ жоспары,

Жалпы мақсаттар

Сұраншы батыр , Өтеген батыр туралы деректермен таныстыра отырып, батырлардың тарихи тұлғалар екеніне тоқталу.

Оқыту нәтижесі

Сыни ойлауды дамыту . Дастандардың мазмұнын түсініп талдайды, алған білімдерін өмірмен байланыстырады

Негізгі идеялар

Теориялық білімді практикамен ұштастыру,ойларын тиянақты жеткізе білу.

Жеті модуль

1,2, 3,4,5,6,7- модуль

Тапсырмалар

1. Жамбылдың ұрпақтары туралы тың деректер жинатыру

2. Шығармашылығы бойынша слайд даярлау

3. Өтеген батыр кім? тарихта болған ба? Әлде бұл тек аңыз ғана ма? Сұраншы батыр ше? (Топтастыру)

4. «Өтеген батыр» , «Сұраншы батыр» жырларын батырлар жырымен салыстыру

5.Шығармашылық тапсырма: «Жүз жасаған Жамбыл Жабаев»(ой толғау )

Кейінгі тапсырмалар

Рефлексия

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: І.Ұйымдастыру кезеңі

А) Амандасу

Ә) Сынып оқушыларын түгендеу.

Б)Сынып оқушыларына бір оқушы тренинг өткізеді (дарынды және талантты балаларды оқыту)

В) Сынып оқушыларын тақырыпқа байланысты тірек сөздер беру арқылы жұптастырдым.

Одан соң ретпен санату арқылы топқа бөліп, топтастырдым.

ІІ. Үй тапсырмасы : І топқа: Үзінді қайдан алынған? Бұл сөз кімдікі?

Қақаған қар аралас соғып боран,

Ел үрей - көк найзалы жау торыған.

Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын,

Жамбыл деп қойылыпты атым содан,

ІІ топқа: Бұл сөздерді кім айтты? Бұндай сөздер тілімізде қалай аталады?

-Ұлым, мен мұныңа ренжімеймін. Өйткені сенің әкеңді білемін, сен туралы да естігенмін. Сен маған бүгін өз жырыңды сыйладың, соның өзі жетіп жатыр. Қолыңды жай мен батамды берейін.

Домбыра - садақ та, өлең - жебе, ақылмен пайдалана білгейсің.

Шын ақынның ар-ұяты өлеңде. Оны көзіңнің қарашығындай сақтағайсың.

(Әр топтан бір оқушы шығып өз жұмысын қорғайды)

(сергіту сәті)

ІІІ.Жаңа сабақ:

Шығармашылығы бойынша слайд даярлау (1 оқушы шығып қорғайды) дарынды және талантты балаларды оқыту)

І топқа:Өтеген батыр кім? Тарихта болған ба? Әлде бұл тек аңыз ғана ма?

ІІ топқа:Сұраншы батыр ше? (Топтастыру)

(Жыр нұсқасын алдарына беру)

Ортақ тапсырма:

Сұраншы батырдың қандай адам екенін байқадыңдар?

- Осы жырды қандай жырға ұқсатар едіңдер? Қай жолдар арқылы?

Өтеген батыр» , «Сұраншы батыр» жырларын батырлар жырымен салыстыру

Бала Жамбылдың оқыған өлеңін видеожазбаданг тыңдату.

Тапсырма:

Дүниеге жаңа Жамбыл келдіме?(ой-толғау)

V. Үйге тапсырма: «Жүз жасаған Жамбыл Жабаев»

«Жамбылға хат»(ой толғау)

VІ. Рефлексия кезеңі: ««Аяқталмаған сөйлем»: Бүгінгі сабақтан мен өзіме не алдым?..

Бағалау критерийлері

1.Үй тапсырмасын орындауы - 2

Сөз саптауы

Ой ұшқырлығы

2. Сабақтағы белсенділігі- 1

3.Шығармашылық қабілеті- 2

4.Жаңа тақырыпты меңгеруі- 2

5. Тапсырмаларды өз бетімен орындай алуы- 2

6.Өтілген тақырыптан ой - түюі - 2

7. Көшбасшылығы - 1

8. Өз ойын еркін жеткізе алуы -2 (жиынтық бағалау )

Формативті бағалау- бір топтың ішіндегі оқушылар бірін - бірі бағалайды .(жоғарыдағы критерий бойынша )

Дереккөздер және жабдықтар:

Кейінгі тапсырмалар немесе

Портфолио деректері

Оқушылардың орындаған шығармашылық тапсырмалары, жазған эсселері

Сабақты талдау











Пәні: Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Дулат Бабатайұлы «Еспенбет» поэмасы
Сабақтың мақсаты: білімділік- Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармаларының қыр-сырын меңгертіп, тереңдей бойлату, дастанына жан-жақты талдау жасау ; дамытушылық-оқушыларды өз беттерінше әрекет етуге үйрету,өз ойларын бөлісіп, пікірлерін қорғай білу дағдыларын дамыту; тәрбиелік - дастанды оқи отырып шығарманың негізгі идеясын тауып,батырлыққа, батылдыққа өз елін , жерін сүюге баулу.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, талдау, ой толғау,тест, болжау, түсіндіру.

Сабақтық көрнекілігі: интерактивті тақта, электронды презентация, Дулаттың шығармалары енгізілген кітаптар, суреті.

Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі

ә) Үй тапсырмасын сұрау, қорытындылау.

Жаңа сабақ . Тақырыбы : Дулат Бабатайұлы «Еспенбет» поэмасы

Сабақты бастамас бұрын оқушылардан Дулаттың қандай шығармалары білетіндерін, оқығандарын сұраймын. Жауаптарын толықтыра отырып, жаңа сабақты бастаймын.

Дулаттың бір елеулі шығармасы «Еспенбет» поэмасы. Бұл поэманы оқушыларға бөліп беріп,оқуға уақыт беріп,оқушыға қарасөзбен айтып, ,жоспар құруды тапсырдым. Берілген уақыттан соң бөлініп берілгені бойынша қарасөзбен айтқызып, құрған жоспарларын оқытамын. Оқушылардың жауаптарын кірістіре айтып, . «Еспенбет» поэмасын мына жоспар бойынша түсіндіремін.

Жоспары:

1. Қарапайым отбасынан шыққан Еспенбет.

2. Нағашысы Ер Қосайдың қолында өсуі.

3. Батыр нағашысының тәрбиесі.

4. Ақбөрте құлыгға қызығуы.

5. Еспенбет 14 жаста.

6. Ер-туған жеріне,ит-тойған жеріне.

7. Нағашысынан Ақбөртені ғана қалап алған.

8. Еліне келген Еспенбет. Сәтімқұлға берілген ас.

9. Ақбөртенің бас бәйгені алып,100 тайлақты жеңіп алуы.

10. Қабанбай бастаған батырлармен жауға аттанып,жеңіске жетуі.

Осы жоспарды негізге ала отырып өтілген сабақтардағы проза жанрында жазылған әңгіме , повестерге жасалатын шығарма құрылысына талдауды сюжетті шығарма болғандықтан осы поэмаға да жасаттым.

Поэма құрылысына талдау

1. Оқиғаның басталуы - Еспенбеттің ер шешен,көсемдігі туралы айтылуы

2. Оқиғаның дамуы- Еспенбеттің жетім қалып, нағашысынан жақсы тәрбие алуы

3. Оқиғаның байланысуы- Еліне қайтқысы келіп ,нағашысының батасын алуы , тайды қалауы ,Ақбөртенің жеңісі.

4. Оқиғаның шиеленісуі- Қабанбай бастаған батырлардан кеткен бір кекті қайтаруға жауға аттануы

5 Оқиғаның шарықтау шегі-Қалмақ батырымен жекпе -жекке шығып, қалмақты өлтіруі

6 Оқиғаның шешімі- Еспенбеттің жекпе -жекте жеңіске жетуі, мол олжадан ештеңе алмай елге қамқор болуы.

Сабақты пысықтау: оқушыларға сабақты пысықтату мақсатында шығармадан үзінді оқытып, Еспенбетке мінездеме бергіземін. Оқушылардың өз ойларын тереңірек білу үшін оқушылар қосымша мынадай тапсырмалар орындайды.

а) «Еспенбет » поэмасы бойынша берілген интервью -тест

Сұрақтары Жауаптары

1.Қазіргі заманда батыр деп кімді айта алар едің?

2. Еспенбет бейнесі мен Өтеген, Сұраншы батырлар бейнесі арасында ұқсастық бар ма?

ә) Үлестірмелі қағаз арқылы хронологиялық тест тапсырмасын таратып, барлық оқушының жауап беруіне мүмкіндік жасау.

Хронологиялық тест

Болған оқиға Жауабы Болған уақыты

Дулаттың өмірге келген жылы 1880 жылы

«Өсиетнама» жинағының шыққан жылы 1874 жылы

«Замана сазы» деген атпен «Жазушы» баспасынан өлеңдер жинағының шыққан жылы 1830-1840 жылдары

Дулаттың дүниеден өткен жылы 1802 жылы

Ақын толғауларының көбі ХІХ ғасырдың қай жылдарындағы тарихи жағдайларға байланысты туған? 1991 жылы

Сабақты қорыту: оқушыларға өтілген тақырыпқа сәйкес бірнеше сұрақтар беріп , жауаптарын толықтырып, Дулаттың «Еспенбет » дастаны бойынша қазіргі өмірмен байланыстырып мынадай болжау сұрақтарын бердім.

Болжау сұрақтары:

1.Егер сен осы ортада Еспенбет батыр отырса қандай сұрақ қояр едің?

2.Еспенбет нағашысының тәрбиесінде болмаса батыл, күшті, батыр болып шығар ма еді?

3.Дәл осы заманда жүйрік атың болса машинаға немесе ақшаға айырбастар ма едің?

Оқушыларды мынадай кесте арқылы алдымен бір-біріне бағалатып, қорытындысында жауап берген оқушыларға қарай отырып, өзім бағалаймын.

Бағалау

Оқушы

лардың аты-жөні Үй тапсыр

масын сұрау Жоспар құру Түсінігін қарасөз

бен айту Болжау сұрақта

рына жауап Интер

вью-тест Поэманы құрылысына талдау Хроноло

гиялық тестке жауап Қоры

тынды

Үйге тапсырма: Дулат Бабатайұлы «Еспенбет» поэмасын оқып, поэмадан үзінді алып,тармақтарын ұйқас, буын, бунақ түрлеріне талдау

Сабақты тақырыбы: Сүйінбай Аронұлы «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері»

Мақсаты: 1) Ақынның өмірі туралы мағлұмат беру 2) Өлеңді мәнерлеп оқу, логикалық ойлау қабілетін дамыту 3) Өлеңді негізге ала отырып, оқушының бойына жақсы қасиеттерді қалыптастыру, жаман әдеттерден жирендіру, жақсы мен жаманды ажырата алуға, өмірге қажетін таңдай білуге бағыттау.

Сабақтың тақырыбы: Сүйінбай Аронұлы «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері»

Мақсаты:

1) Ақынның өмірі туралы мағлұмат беру

2) Өлеңді мәнерлеп оқу, логикалық ойлау қабілетін дамыту

3) Өлеңді негізге ала отырып, оқушының бойына жақсы қасиеттерді қалыптастыру, жаман әдеттерден жирендіру, жақсы мен жаманды ажырата алуға, өмірге қажетін таңдай білуге бағыттау.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, талдау,баяндау.

Көрнекілік: Ақын портреті, теңге суреті, венн диаграмма.

Бөлімі

Мұғалімнің әректі

Оқушының әрекеті

Білім

І. Ұйымдастыру

Бағалау жүйесі.

- Балалар, бүгінгі сабағымызда біз жақсы бір талдау жасаймыз, алдымен үйге не берілді?

- Ақынның өмірбаяны мен шығармашылығы туралы дайындап келген жұмыстарыңды тыңдайық.

Үй тапсырмасын дұрыс орындап келіпсіңдер.

(оқушының назарын тақтаға аудару)

- Сүйінбай Аронұлының өмірбаяны мен шығармашылығы туралы ізденіп, оқып келу тапсырылды.

1. Ақынның өмірбаяны.

2. Шығармашылығы туралы.

3. Айтыстары туралы. /оқушылар дайындап келген жұмыстарын баяндайды/.

Түсіну

Алдарыңда тұрған ақынның портреті Қазақ халқының тұңғыш кәсіби суретшісі Ә.Қастеевтің көркем туындысы. Ақынға арналып тұрғызылған мазар туған жерінде орналасқан. Сүйінбайды біз ұлттық валютамыз теңгеден де көреміз.

- Балалар, мен сендерге мынандай сұрақ қояйын. Жақсы дегеніміз не? Жаман дегеніміз не?

Ақынның тоқтаусыз шығарған жыр-мұрасы ұшан-теңіз болған . Солардың ішіндегі бүгін біз сендермен ақынның «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері » атты толғауын өтеміз.

ОҚазақ әдебиеті пәнінен сабақ жоспары: А.Құнанбаев Ескендір поэмасыҚазақ әдебиеті пәнінен сабақ жоспары: А.Құнанбаев Ескендір поэмасыҚазақ әдебиеті пәнінен сабақ жоспары: А.Құнанбаев Ескендір поэмасықушылар өз ойларын айтады.

- Алдымен не істейміз ?

- Қандай мақсат қояр едіңдер ?

- Осы мақсаттарға жету үшін тапсырмаларды орындайық.

- Мақсат қоямыз.

- Ақынның өлеңінің мазмұнын түсіну,талдау.

- Сөздік жұмысын жасау.

Сөздік жұмысы.

Қызықты тұсы-

Арғы атасы -

Сақ тұрады -

Парқы -

Миуалы -

Іріткі салар -

Оқушы жауап берген соң шығады

Интересный промежуток

Предок, прадедушка

Быть осторжным

Сушество, достоинство

Плодоносный

Разлагать, растрайвать.

-Балалар, енді өлеңді тыңдаңдар.

1.Өлеңді мәнерлеп оқып беру

2. Оқушыларға оқыту.

3. Мазмұнын сұрау.

4. Әр топқа берілген тапсырмаларды орындату.

1. Баяндаушы «Жақсы жігіт елінің ағасындай»деген өлең жолдарын қалай түсінесіңдер?

2. Дәнекер: Ақын жақсы адамды неге «миуалы алмаға» теңейді?

3. Із қуушы: Жаман адам неге тал түсте адасып жүреді ?

Қолдану

Оқулықпен жұмыс. /өлең сөздерін тірек ете отырып, жақсы мен жаман қасиеттерді теріп жазу/ Венн диаграмма.

Жақсы

Сөзіне сақ тұрады,елінің ағасындай, жүзі жақсы, сөзін әркім пайдаланады, миуалы алмадай.

Ортақ қасиеті

Адамның бойындағы қасиеттер

Жаман

өтірікші, өсегі көп, іріткі салар, жалған сөзбен бықсытар ел арасын, әркімге бір ұрынады

Анализ

Тақтамен жұмыс. Өлеңнің бір шумағын құрылысына қарай талдау.

Жақсы жігіт ел-жұртының қаласындай,

Жақсы әйел әмме жұрттың анасындай.

Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ,

Көреді бәрін де өз баласындай.

Синтез

Толғау қандай мақсатта жазылған? «Ой толғау»

Әрқайсысы өз ойларын жазады.

Бағалау

Балалар, бүгінгі тақырыпқа байланысты қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

Қорытынды:

-Балалар, бүгінгі сабақта жұмыстарыңмен білімдеріңді көрсеттіңдер.Сонымен, бүгінгі сабақтан не түйдіңдер?

Үйге тапсырма: Өлеңнің ұнаған шумақтарын жаттап келу.

Білімдерін бағалау.

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен!

Білетін мақал-мәтелдерді айтып шығады.

-Бүгінгі сабақтан түйгеніміз: жақсы сөйлеу, жақсы қылықты болу, өтірі-өсек айтпау, т.б

10-сынып ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Шығарма. «Менің арманымдағы мектептің қос шырағы».

Мақсаты: а) Оқушылардың арманындағы мектепті жасаудағы әдебиет-

шілер мен сәулетшілердің еңбектерін насихаттау арқылы,

оқушыларды белгілі бір мамандыққа қарай бейімдеу.

б) Оқушыларды еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке, таңдаған

мамандығына адал қызмет етуіне тәрбиелеу.

в) Оқушылардың бойындағы білімдерін кәсіби білімге қарай ба-

ғыттып, әрі қарай дамыту.

Сабақтың түрі: шығармашылық сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: зерттеу әдісі, жобалап оқыту технологиясы

Сабақтың формасы: топпен.

Сабақтың көрнекілігі: Ы.Алтынсариннің портреті, ғалым-әдіскерлердің сөзі,

құрылыстың жобасы, мектептің суреті.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Жоқ оқушыларды түгелдеу, оқу-құралдарын тексеру.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Оқушылар алдын-ала тапсырылған мектептің жобасын дайындап отыруы керек.

2. ХІХ ғасырдың І және ІІ жартысындағы тарихи-әлеуметтік жағдайға шолу

Сұрақтар:

а) ХІХ ғасырдың І жартысындағы тарихи-әлеуметтік жағдай қандай еді? - Ресей патшалығының отарлау саясаты жүргізіліп жатқан кез.

б) Дәуірге қандай ат берілді, қандай ақындардың өмірі мен шығармашылығымен таныстық? - «Зар заман» дәуірі. Дулат, Шортанбай, Майлықожа т.б.

в) ХІХ ғасырдың ІІ жартысында оқу-ағарту саласында қандай жаңалықтар болды? - Алғашқы қазақ-орыс мектептері салына бастады.

Мұғалімнің кіріспе сөзі. Сабақтың тақырыбындағы мектеп мәселесі ХІХ ғасырдан бастау алып, бүгінгі күнгі мектеп мәселелерімен байланыстырылып, оқушылардың болашақтағы армандаған мектебімен ұласады.

Бұл сабақтың мақсаты - әдебиет сабағында оқушылардың өз беттерімен орындайтын шығарма жұмыстарына дайындықты ұйымдастыру және болашақта мамандық таңдауларына бағыт-бағдар беру. Негізінен шығарма 2 сағатқа беріледі, соның 1-сабағы, яғни дайындық сабағы өткізіледі, ал келесі 2-сабағында дайындаған материалдарының, түйген ойларының негізінде жазба жұмысы жазылады. Шығарма жазуда ғалым-әдіскерлердің маңызды ұсыныс-пікірлері басшылыққа алынған. Ә.Қоңыратбаевтың «Шығарма - жұмбақ емес, үйретуші форма» деген сөзі басшылыққа алынатын болса, оқушыларға шығарма жазуда үйретуге кеңес беріледі, Е.Дайрабаевтың «Шығарма - оқушының шығармашылық ісі, өзінің төл еңбегі» деген сөзі негізге алынса, мұнда оқушылардың әрқайсысының жеке ізденіс жұмыстары бағаланады. Сондықтан осы екі пікір шығарманың 2 сағатына негіз ретінде алынады. «Менің арменымдағы мектептің қос шырағы» тақырыбына өзекті мәселе болып кіріп отырған әдебиет пен сәулет өнерінің құдіреті талқыланады..

Сынып 2 топқа бөлінеді:

1. Әдебиетшілер- болашақ жазушы, ақын, тілші, қазақ тіл мен әдебиет мамандары.

2. Сәулетшілер- «Құлагер» құрылыс компаниясынан келген мамандар.

3. Келген мамандармен сұхбаттасу мақсатында телеарнадан тілші шақырылды.

- Шығарма жазу үшін белгілі бір заңдылыққа бағынамыз, ол үшін әдеби-теориялық ұғымдарды білуіміз керек. Олар қандай еді?

Оқушы: Ең алдымен, шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтап алуымыз қажет, одан кейін оның жоспары құрылуы керек. Жоспар құрғанда оның композициялық, сюжеттік құрылымы мен шығарманың көркемдігін ашатын айшықтау тәсілдеріне, образдар жүйесіне көңіл аудару қажет.

1-кезең. Әдеби - теориялық ұғымдарды еске түсіру

(интерактивті тақтадан көрсету)

1 - оқушы: Шығарма белгілі бір тақырыпты қозғайды. Тақырыпсыз шығарма жоқ. Ақын-жазушылар алдымен тақырып таңдайды, өзін тебірентер өмір құбылысын ізденіс үстінде тауып алады. Сан ой, сан алуан пікірлердің ішінде біреуін негізгі ойының қазығы етеді. Бүгінгі шығарманың тақырыбы - мектеп мәселесі.

2 - оқушы: Идея. Жазушы сол тақырып арқылы өмір көріністерін суреттегенде оны өз көзқарасы, өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Сол арқылы өз мақсат-мүддесін, арманын көрсетеді. Бүгінгі шығарманың идеясы - мектептің шағындығынан 1200 орындық мектеп жасау қажеттілігі туындап отыр және білім мен тәрбиенің жоғары деңгейде болуы.

3 - оқушы: Сюжет шығармадағы образдардың, құбылыстардың өзара қатынасқа

түсіп, жан-жақты ашылуы. Олардың арасы үзілмей, ширығып, жалғасып отырады.

Композиция. Шығарма қалай болса, солай орналастырыла салмайды, онда белгілі бір заңдылық бар. Мысалы, үлкен зәулім сарайды алсақ, бізге тұтас бір құрылым ретінде көрінеді. Ал ол сан алуан бөлім-бөлшектерден, детальдардан тұрады. Бірақ олар сорайып оқшау тұрған жоқ, шебердің қолымен қисынын тауып, жымдасып, сарайдың бүкіл бітімімен тұтасып кеткен. Әр деталь өз орнында, басқа бөлім-бөлшектерімен үйлесе көз тартады. Сол сияқты көркем шығарма да көптеген оқиғалардан, штрих, детальдардан тұрады. Солардың барлығы табиғи үндестік тауып, шығарманың композициялық құрылымын түзейді.

Мұғалім: Мінекей, балалар, құрылыс-сәулет біздің сабағымызға не үшін қажет, яғни біз шығарманың сюжеттік-композициялық құрылымын құрылыстың құрылымымен байланыстырамыз.

4 - оқушы: Айшықтау тәсілдері: аллитерация (бірыңғай дауыссыз дыбыстардың үндестігі), ассонанс (бірыңғай дауысты дыбыстардың қайталануы), теңеу, эпитет, метафора, метонимия, ирония, гипербола, литота т.б.

- Сонымен, балалар, біз шығармаға дайындықтың теориялық бөлімін еске түсірдік.

Төменде берілген жоспардың жалпы формасы бойынша бүгінгі шығарманың жоспарын тез жасап, болған соң тақтаға жаза қойыңдар.

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

А)

Ә)

Б)

Қорытынды

2-кезең. Сәулетшілердің 1200 орындық мектебінің жобасы мен құрылыс жұмысының жүргізілу жоспарымен танысу

Оқушылардан құралған «Құлагер» құрылыс компаниясының мамандарымен таныстырылады:

1.Бас сәулетші - жобалаушы

2. Бөлім бастығы

3. Құрылыс жұмыстарын ұйымдастырушы (прораб)

4. Кадрлар бөлімінің бастығы

5. Бас есепші

Ең алдымен, бас сәулетші - жобалаушы мектеп жобасымен таныстырып өтеді.

Бас сәулетші-жобалаушы: Мектеп 1200 орындық, 6 блоктан тұрады, 3 қабатты. (1-сурет)

А блогының 1 қабатында әкімшілік бөлімі, 2 және 3 қабатта акт залы мен спорт залы орналасқан. Б блогында бастауыш сыныптары, В және Г блоктарында орта және жоғары сынып оқушылары оқиды. Д блогының 1 қабатында асхана, 2 қабатында медициналық пункт пен оқушылардың бос уақытында уақыттырын өткізетін, яғни үйірмелерге арналған кабинеттер орналасады. Әр блокта өз дәретханалары болады.

Тілші: Сәулетші-жобалаушы мырза, сіздер жобаларыңыз дайын болғаннан кейін (сваи) қадау жұмыстарын жүргізесіздер. Ол не үшін?

Бас сәулетші-жобалаушы: Себебі Астананың жер асты өте ылғалды, батпақ, мектеп жерге батып кетпеу үшін 10-11 метр тереңдікте қадаулар жүргіземіз.

Екінші, бөлім бастығы фундамент құюдағы жұмыстармен таныстырады. (2-сурет)

Бөлім бастығы: Жоба бойынша біз ең алдымен жер жұмыстарын жүргіземіз. Экскаватормен жұмыс жасалады, геодезист мамандар жер өлшеп, қадауларды орналастырады. Ол салынатын мектептің мықты болуы үшін керек. Одан кейін фундаменттерін құямыз.

Тілші: Мырза сіздер жұмыста не нәрсеге көп көңіл бөлесіздер?

Бөлім бастығы: Қауіпсіздік техникаларына көп көңіл бөлеміз.

Үшінші, құрылыс жұмыстарын ұйымдастырушы (прораб) негізгі , қабырғаларды құрастыру жұмыстарымен таныстырады, кірпіштермен қалау, сырлау, әрлеу, сантехника, канализация, электр жүйелерін тарту жұмыстарының жүргізілу түрімен таныстырады.

Құрылыс жұмыстарын ұйымдастырушы (прораб): (2- сурет) Фундамент құйылғаннан кейін біз негізгі қабырғаларын тұрғызамыз. Монтажшылар бетондарды құрастырады, кірпіштермен қалайды, сырлайды. Одан кейін плиталармен төбесі жабылады. Ең соңында әрлеу жұмыстары басталады, сантехника, канализация, электр жүйелері тартылады.

Тілші: Сіздер жұмыстың қай жағын бірінші орынға қоясыздар?

Құрылыс жұмыстарын ұйымдастырушы (прораб): Ең алдымен мерзіміне, себебі Астана көзді ашып жұмғанша жылдам өсіп жатқан қала, сондықтан біз де соған сай жылдам қызмет етуіміз керек, сонымен қатар құрылыс сапасына баса назар аударамыз.

Төменде екі өнердің салыстырмалы

жұмыс жоспарлары.

(интерактивті тақтадан көрсету)

Кіріспе Кіріспе

Метептің шығу тарихы, мақсаты, түрлері Жоба жасау, фундамент құю.

Негізгі бөлім Негізгі бөлім

а) Мектеп сулет өнерінің биік шыңы а) Бетондарды құрастыру

б) Мектеп - рухани орталық б) Кірпішпен қалау

в) Мектеп жүрегі - мұғалім мен оқушы в) Төбесін жабу, есік-терезелерін орнату,

әрлеу, электр, канализация, сантехника

Қорытынды Қорытынды

Бір арнада тоғысқан қос шырақ Құрылысты тапсыру.

Мұғалім: Балалар, сонымен екі өнер иелерінің жұмыс жоспарлары дайын болды.

Қарап отырсаңдар, екі өнердің жұмыс жоспарларының жүргізілуінде ұқсастық бар, қане салыстырайық..

Әдебиетшілер енді өз жұмыстарыңның жобаларымен таныстырыңдар.

3- кезең. Әдебиетшілердің шығармаларының жалпы жобасымен танысу

Бірінші оқушы ХІХ ғасырдың ІІ жартысында салына бастаған қазақ-орта мектептерінің тарихымен, мақсатымен, түрлерімен таныстырады. Алғашқы мектептер ХІХ ғасырдың ІІ жартысында патша үкіметінің бұйрығын орындайтын мамандар дайындау мақсатында ашылды. 1841 жылы Жәңгір хан ең алғаш мектеп салдырған. Қазіргі мектептердің негізін салушы Ы.Алтынсарин (портреті). Мектеп түрлері: кадит, жадит, Ыбырай салған мектеп.

Екінші оқушы білім мен тәрбие мәселесін көтере келе, болашақта тәрбиенің жоғары деңгейде жүргізілуіне имандылық сабақтарын жүргізуді ұсынады. Себебі қоғамда өріс алып бара жатқан теріс қылықтар ( нашақорлық, ұрлық-қарлық, үлкенді сыйламау т.б.) сол имансыздықтан басталады деп тұжырымдайды. Себебі Дулат, Абай, Шәкәрім т.б. көрнекті тұлғалардың бәрі жастайынан діни сауат ашып, өзінің діни рухын мықты ұстаған. Осы діни мектептердің көптеп ашылуы патша үкіметінің қазақ халқын тез орыстандыру, христиандандыру саясатына кедергі жасады. Қазақ-орыс мектептерінде оқып шыққан қазақ арасында патша үкіметінің мақсатынан гөрі өз халқының арман-мұратын биік қойған асқақ рухты патриоттар шықты. Сондықтан біз де болашақта мектептен түлеп ұшқан әрбір оқушы иманды, адамгершілігі мол, рухы асқақ аззматтар болса екен деп тілейміз.

4- кезең. Қонақкәде

- Балалар, жоспарымыздың соңғы қорытынды бөлімі өте маңызды, әркім өзінің ойын, ұсынысын, пікірлерін білдіреді. Ал сәулетшілер тапсырыс берушіге құрылыстарын өткізеді, дұрыс еес жерлерін түзейді, ұсыныстарын қабылдайды. Осы бір маңызды бөлімді біздің тілшіміз жүргізсін.

Тілші: Қазақта келген қонақты күту, сыйлау, құрметтеу сияқты жақсы қасиеттер бар. Сонымен қатар үй иесі мен келген қонақ арасында қонақкәде немесе ауылдың алты аузын айту сияқты сыйластығы жарасқан әдемі салттары бар. 2 топ сіздер де осы салтқа орай өз сұрақ, ұсыныстарыңыз болса, ортаға салыңыздар. Рұқсат.

Сәулетші - (кадрлар бөлімінің бастығы): Біз өз жоспарымызды сіздердің жоспарларыңызбен салыстырып, арамыздағы байланысты көріп қуанып отырмыз, сіздер де риза шығарсыздар. Енді біз сіздерден қонақкәде сұраймыз.

Тілші: Әдебиетшілер дайындалғанша сізге бір сұрақ, сіздер кадрлар бөлімі, қандай мамандарға сұраныс жасайсыздар?

Сәулетші - (кадрлар бөлімінің бастығы): Дәнекерлер, өндіріс шеберлері, тас қалаушылар т.б.

Әдебиетші: ХІХ ғасырдың ІІ жартысында ұлы Абай:

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан,

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар қалан, - деп

айтып кеткен. Құрылыстың бір кішкентай элементі - кірпішті 2 ғасырға, 200 жылға тарта біз, әдебиетшілер, өлеңімізге қосып айтып келеміз. Тура мағынадағы кірпішті Абай атамыз адамға теңеп, оның әрқайсысының өмірде орны болатынын, сол орындарыңды табыңдар деп өсиет айтқан. Демек осы өлеңді қанша бала жаттап өсті, қанша түлек осы өлеңмен қияға ұшты.

Тағы бір айтарымыз, сіздердің әсем құрылыстарыңыздың сұлулығын да өлеңмен өрнектеп жеткізіп жатқан да әдебиетшілер. Сондықтан сіздер де бізге риза шығарсыздар.

Әдебиетшілер: 1. Сіздерге ұсыныс, болашақ мектепті өте сапалы жиһазбен жабдықтасаңыздар екен.

3. Біз неге өзге елдің мамандарының көмегіне жүгінеміз, өз мамандарымыздың білімі жетпей ме?

4. Қаржы дағдарысынан тұрып қалған құрылыстар сіздерді толғандыра ма? Бұл болашақта құрылыс мамандарына сұраныстың түсіп қалуына әкеліп соқтырмай ма?

Тілші: Бұл сұраққа бас есепші жауап береді, бірақ сізге ең алдымен менің сұрағым бар. Сіздер, бас есепші ханым, құрылыс қаржысын қалай бөлесіздер?

Бас есепші: Жартысы құрылыс материалдарына, жартысы жұмыскерлердің жалақысына бөлінеді.

Тілші: Жалақы көлемі жоғары білімге байланысты ма? Қандай мамандар жоғары жалақы алады?

Бас есепші: Жұмыс көлеміне байланысты. Қатардағы жұмыскерлердің арасында ең жоғары айлықты дәнекерлер алады. Ал енді әдебиетшілердің сұрақ, ұсынысына былай деп жауап берер едім. ХІХ ғасыр ақындарының ішінде М.Әуезов «айтыс өнерінің алтын діңгегі» деп ас жоғары бағалаған ақын Сүйінбай Аронұлы өзінің «Құс мұрын тастың үстінде» атты өлеңінде өмірдегі жақсылық пен жамандықты саралай келе, мынадай философиялық тұжырым жасайды.

Дүние - ескі сарайды,

Жолаушы жүрген азамат

Көркіне оның қарайды.

Сонда дағы тауарих

Көшіп өткен керуендей

Аттандырған талайды.

Өміріңнің орағы,

Қуанба, көріп, жаңа айды.

Бұл қазақ поэзиясындағы жаңа сөз. Ақынның «Құс мұрын тастың үстінде» деген сөзі - жер бетінде орналасқан ай. Ал өлеңде осы айды өмір орағы дейді. Орақтың міндеті - шөп щабу болса, өмір орағы адам өмірін қысқартады екен. Ақын: «Жаңадан шыққан ай, шыққан күн өмірді ұзартып қана қоймайды, пешенеңе жазылған айың мен күніңнің қысқарғаны болып табылады» - дейді. Мұндай өмір қайшылықтарының диалектикасын үлкен таланттар ғана ұғады. Сүйінбай Аронұлы өмірдегі жақсы мен жамандықтың кезектесіп келіп отыратынын философиялық тұрғыдан талдаған, демек мұндай қарама-қайшылықтардың болып тұруы өмір заңдылығы. ХІХ ғасырда біз Ресейдің отары болдық, бұл қазақ үшін жаман болса, ХХ ғасырдың аяғында тәуелсіздігімізді алдық, Астанамыз қарыштап өсті - бұл біз үшін жақсылық, ал қазіргі жағдай - уақытша қиыншылық. «Зар заман» ақындары сияқты біз де жарқын болашаққа сеніп, Сүйінбай ақынның мұрасын есімізден шығармайық.

Сабақты қорыту. Сәулетшілер арасында осындай әдебиет өнерімен сусындап өскен мамандардың болуы қуантарлық жағдай. Бүгінгі біздің сабағымызға келгендеріңізге үлкен рахмет, жасап жатқан жобаларыңыз іске асып, мына біздің қазіргі мектебіміз сияқты әдемі мектеп болып өркендей берсін.

Тілші сізге де рахмет, өнеріңіз өрге жүзсін. Ал әдебиетшілер, сіздер, бүгінгі сабақтан алған білімдеріңді, түйген ойларыңды жинақтап келіңдер, келесі сабақта шығармамызды жазып аяқтаймыз.

Үйге: шығарма жазуға дайындалып келу.

Бағалау. «4», «5» деген бағалармен бағалау. Қанағаттанарлық жауап берген балаларды мадақтап, одан әрі белсенді болуларын ескерту.

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қаракөл ауылы
Қаракөл орта мектебінің тарих пәні мұғалімі
Суатова Фарида Болатовна
8-сынып. Қазақстан тарихы

І. Сабақтың тақырыбы: §47 Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өмірі мен қызметі
ІІ. Сабақтың мақсаты
А) білімділігі
Замана шамшырақтарының бірегейі, ақыл мен ойдың телегейі, ұлтымыздың данагөйі, бір бойына барлық қасиетті жинақтаған, қалың ұйқыда жатқан қазақ елін өнер-білімге, ғылымға жетелеуді мақсат тұтқан Ұлы ойшыл, көрнекті қоғам қайраткері, ақын, сазгер, күйші, қара қылды қақ жарған төбе би-шешен, аудармашы Абай Құнанбаевтың өмірі мен қызметі, саяси көзқарасының қалыптасуы, жеке қасиеттері, Абайдың қоғамдық - саяси және тарихи көзқарастары, тәлім-тәрбиелік мәні зор ғақлияларының маңыздылығы, аудармашлық қызметін айта келіп, қазақ тарихындағы Абай орны, мұрасын насихаттау, білімдерін кеңейту, толықтыру.

ә) Тәрбиелігі.

Өскелең жас ұрпақты Абай атамыз армандағандай сегіз қырлы, бір сырлы, еңбексүйгіш, терең ойлай білетін парасаттылыққа, өзінің өткен әркүнінен міндетті есеп бере алатын ақылды, өзін -өзі тәрбиелейтін адамгершілік қасиеті мол ұрпақ ретінде оқыта, тәрбиелей отырып қалыптастыру.

б) дамытушылығы

тақырып бойынша сызбамен жұмыс жасату, тарихи тілмен сөйлеу қабілетін жетілдіру мақсатында кестедегі оқиғаларды ауызша баяндату, картамен жұмыс, дәптермен жұмыс, Абай өміріне байланысты хронологиялық кестемен жұмыс жасату.

ІІІ. Сабақтың көрнекілігі:

1. «Абай» энциклопедиясы;

2. «Аңыз Адам» журналы №5 қыркүйек 2010 жыл;

3. «Абай ұрпақтары» суреттері (слайдтар)

4. Интернет материалдары (Абай күйшілігі хақында)

5. Даналық ой-пікірлері жазылған слайдтар

6. «Абай туралы ойшылдардың бағалары» (слайдтар)

7. С. Негимов «Шешендік өнер»

8. З.Е. Қабылдинов, А.Т, Қайыпбаева «Қазақстан тарихы» 8-сынып оқулығы Алматы «Атамұра» 2008ж

9. Қазақ әдебиеті 9-сынып оқулығы

10. «Қалың елім қазағым» Алматы «Жалын» 1995ж

11. «Абайдың қара сөздері» - 2 том

12. М.Мырзахметовтың электронды оқулығы 4 кітап.

Пәнаралық байланыс -Қазақ әдебиеті, музыка, электронды оқулық

Сабақтың түрі - Семинар сабақ

Сабақтың әдісі - Аралас (ауызша баяндау, оқушы шығармашылығы, сұрақ-

жауап, сөзжұмбақ)

Ұйымдастыру:

1) оқушы қатысын тексеріп сабақтарына сәттілік тілеу.

2) Үй тапсырмасын сұрап, бекіту.

3) Жаңа сабақтың жоспарымен таныстыру.

4) Бағалау бекіту.

5) Шығармашылық тапсырма беру.

Үй тапсырмасы: «Менен сұрақ - сізден жылдам жауап»

(сұрақ-жауап әдісі)

1. «Айтыс» қандай жарыс түрі?

(суырыпсалма ақындардың ауызша өлең түріндегі сөз жарысы)

2. Атақты дәулескер, сазгер күйшіні ата? Қандай күйлерін білесің?, неше күйі бар? (Құрманғазы Сағырбайұлы 60 -тан астам күйі сақталған. Күйлері: «Кішкентай», «Ақбай, Ақсақ киік, Көбік шашқан, Түрмеден қашқан, Кісен ашқан, Адай Сарыарқа»

Би күйлері: «Қызыл қайың», «Балбырауын»)

3. ХІХ - ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ поэзиясы қандай мәселелермен байланысты болды? (халық мәдениетімен, дәстүрімен, әдет-ғұрыптарымен)

4. «Қапыда өткен дүние -ай,

Халқымның көрген қорлығы,

Хандардың өткен зорлығы» … деп басталатын өлең жолдарымен хан, сұлтандардың халыққа көрсеткен қасіреттерін аяусыз сынға алған ақынды ата? (Махамбет Өтемісұлы) Қандай өлеңдерін білесің? Ата («Ереуіл атқа ер салмай…», «Соғыс», «Алайма, сұлтан алайма!», «Баймағамбет сұлтанға айтқаны», «Тарланым»,Тайманның ұлы Исатай», «Мұнар да мұнар, мұнар күн», «Қызғыш құс» т.б)

5. ХІХ ғ. І жартысындағы поэзия өкілдерін ата? (Жанақ Сағындықұлы, Шөже Қаржаубайұлы, Сүйінбай Аронұлы)

6. ХІХ ғасырдың 40-60 жылдарындағы поэзияның жарқын өкілдерінен кімдерді білесіздер? (Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы)

7. 40-қа жуық әні бар әйелдер теңсіздігін жою жөнінде жар салған. «Айбозым», «Ақтентек», «Ғашығым», «Айтбай» әндерінің авторы, 20 жасынан бастап ән шығарған ақын, сазгер әнші? (Біржан сал Қожағұлұлы)

8. ХІХ ғ. ІІ жартысындағы қазақ музыкасындағы әйгілі тұлғалардың бірі, 70-ке жуықтау әннің сөздерін өзі жазған, «Кел балалар оқылық!» өлеңіне ән шығарған сазгер әнші, ақын публицисті білесіз бе? (Жаяу Мұса Байжанұлы)

9. «Жарым патша», «Бес төре» күйлерінің авторы, күйші, қобызшы, сазгер? (Ықылас Дүкенұлы)

10. 1820-1887 жылдары аралығында өмір сүрген күйші, сазгер, домбыра өнеріндегі лирикалық бағыттың негізін салушы (Дәулеткерей Шығайұлы)

11. «Шертпе» күйдің негізін қалаушы, 40-тан астам күй шығарған лирик сазгер? (Тәттімбет Қазанғапұлы)

12. Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау жерінде дүниеге келген айтыскер ақын, жырау, майталман жыршы, термеші, «Үш қиян» өлеңінің авторы, 1843-1906 жылдары аралығында өмір сүрген жерлесіміз кім? (Мұрат Мөңкеұлы)

13. Кіші жүз қазақтарының Исатай, Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне қатысушы және оның жалынды жыршыларының бірі халық ақыны? (Шернияз Жарылғасұлы)

14. ХІХ ғасырдың атақты айтыс ақындарын ата? (Орынбай, Жанақ, Шөже, Әсет, Сара, Сүйінбай)

15. Атақты сазгер, әнші ақын, әрі балуан «Ғалия» әнінің авторы? (Балуан Шолақ, Нұрмағамбет Баймырзаұлы)

V. Жаңа сабақтың жоспары

1) Ақынның балалық шағы

2) Озық ойлы орыс зиялы қауымының өкілдерімен араласуы

3) Абай - ұлы ақын әрі ойшыл, қоғам қайраткері, төбе-би шешен

4) Ақынның өмір сүрген ортасы.

5) Абайдың саяси және тарихи көзқарастары

6) Абай және халық ағарту ісі

7) Аудармашылық қызметі

8) Абайдың Қазақстан тарихында алатын орны

9) Қара сөздерінің мазмұны,тәрбиелік мәні.

VІ. Ұйымдастыру. «Миға шабуыл» әдісі

-Оқушылар мен сіздерге мына бір өлең жолдарын жасырғалы тұрмын. Ойланып көрейік, кімнің өлеңі екен?Осы өлең арқылы біздер жаңа сабағымыздың тақырыбын анықтап алмақпыз.

Бақпен асқан патшадан,

Мимен асқан қара артық

Сақалын сатқан кәріден,

Еңбегін сатқан бала артық

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар

Еңбегің мен ақылың екі жақтап (Абай)

№1 кесте

1845ж 10 тамыз Семей

облысының Шыңғыстауының Абайдың тәрбиесі

баурайында дүниеге келді үшін анасы Ұлжанның

1904 ж 23 маусым орны ерекше

Әкесі Құнанбай

Тобықты

Ибраһим руының аға сұлтаны.

(Абай)

«Телғара» (анасы Ұлжан мен кіші

шешесі Айғыз екеуінің арасында

тел өскен)

Қазақтың бас ақыны

Қоғам қайраткері

Ағартушы

Абай кім? Ойшыл

Сазгер

Төбе би - шешен

Аудармашы

Заңгер(74-бап «Шар ережесі», 1868ж Ережеге сай

100-бап «Абай ережелері»)

Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы

Болыс (Қоңыркөкше)

Құнанбай

әйелдері

Күңке Ұлжан Айғыз Нұрғаным

Құдайберді 1. Тәңірберді 1. Халиолла

2. Абай (1845-1904) 2. Ысмағұл

3. Ысқақ

4. Оспан

Шәкәрім

Жеті ата

Олжай

Айдос Қайдос Жігітек

Торғай Кенгірбай

Ырғызбай Көтібақ Топай Бөкенші

Борсақ

Өскенбай

Құнанбай

Абай

Абай

Ділдә Әйгерім Еркежан

Тұрағұл

1.Ақылбай

2.Әкімбай Мекаил

3.Әбдірахман (1868-1895) Ізкаил

4.Мағауия (1870-1904) Кенжеш

5.Күлбадан

6. Райхан

№4 Абай өмірі (хронолгиялық кесте)

1855-1857ж - ауыл молдасынан сауат ашты. 9жасында «Кім екен деп келіп

едім түйе қуған» алғашқы мысқыл өлеңін шығарды.

1857-1859ж - Семей қаласында Ахмет Риза медресесінде білім алды. 3 ай

«Приходская школа» атты орыс мектебінде қосымша оқыды.

Араб, парсы, түрік тілдеріндегі Шығыс ақындарының

кітаптарын оқыды. 13 жасынан - аға сұлтан Құнанбай әкесінің

көмекшісі болып, ел билеу ісіне араласты.

1870ж - Семей кітапханасында Е.П.Михаэлиспен танысады.

1876-1878ж - Қоңыркөкше еліне 3 жыл болыс болады.

1876 ж - Жала жабылады

1877-1878ж - 12 іспен тіркеліп, 3-4 ай Семей қалаасында жатты.

1880ж - Е.П.Михаэлис арқылы Н.И. Далгополов, С.С. Гросс, П.Д.

Лобановский, Н. Кончин секілді орыстың озық ойлы

демократтарымен танысады.

1889ж - 25-ке жуық өлең шығарды. «Күлембайға», «Жаз» деген өлеңдері

Омбыдағы «Дала уалаяты» газетінде Көкбайдың атымен

жарияланды.

1890-1898ж -Қара сөздерін жазды.

1891ж Сүйікті інісі Оспан қайтыс болған соң Абай өлеңдеріне мұң араласа

бастайды.

1895ж - Талантты ұлы Әбдірахман 27 жасында қайтыс болады.

1904ж 14 мамырында баласы Мағауия қайтыс болды.

1904ж 23 маусымда 40 күннен кейін Абай дүниеден өтеді.Жидебайдағы өз қыстауының жанына жерленеді

1909ж. Абай өлеңдерінің тұңғыш жинағын Петерборда Кәкітай Ысқақұлы басып шыңарды. Абайдың баласы Тұрағұл да атсалысты.

1922ж - Абай өлеіңдерінің жинағы Ташкентте жарық көреді.

1933ж - Абай шығармаларының толық жинағы Алматыда басылды.

1940ж - Абайдың туғанына 95 жыл Шыңғыстауда Абай ауданы, Семейде Абайдың мемориалдық- музейі ашылды.

1945ж - Абайдың 100 жылдық мерейтойы өткізілді. Алматы опера және

балет театры Абай атымен аталды.

1949ж - М.Әуезовтың «Абай жолы» романы Сталиндік сыйлық алды.

1959ж -Лениндік сыйлық алды.

1960ж Алматы қаласында Абай ескерткіші орнатылды.

1995ж .А.Құнанбаевтың 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде

аталып өтті.

№5 кесте

Әзіл әңгімесі

Ескендір (аяқталмай қалды)

Масғұд

№6 кесте

А.С.Пушкиннен М.Ю.Лермонтовтан

Онегиннің сипаты, Бородино,

Татьянаның Онегинге жазған Тұтқындағы батыр,

хаты, Онегиннің Татьянаға Ой, Қанжар,

жауабы, Онегин сөзі, Альбомға, Дұға,

Ленский сөзінен И.А. Крыловтан Қасиетті дұға,

Теректің сыйы,

Жалау, Шайтан

Жартас, Вадим.

Емен мен шілік,

Қазаға ұрынған,

Қара шекпен,

Жарлы бай,

Есек пен бұлбұл,

Қарға мен бүркіт,

Шегіртке мен құмырсқа,

Әншілер, Ала қойлар,

Қарға мен түлкі,

Бақа мен өгіз, Піл мен канден, Есек.

№7 кесте

«Абай туралы даналық ой пікірлер»

1. «Қазақтың бас ақыны - Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы - соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ».

А.Байтұрсынов

2. «Абай деген - терең теңіз, алып мұхит. Абайды таныған сайын, оның түбіне маржандарын алу үшін сүңги беруің керек,сүңги беруің керек. Ал мен оның бетін ғана қалқыдым»

М.Әуезов

3. «Абайдың әуелден-ақ әкенің баласы болмай, адамның баласы болуды армандағаны белгілі. «Адамға адамның баласының бәрін дос санады. «Біріңді қазақ, бірің дос көрмесең, істің бәрі бос» деген сөздері- шын мәнінде ұлт болып ұюмыздың негізі шарты. …..Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас темірқазық іспетті».

Н.Ә.Назарбаев

4. «Өз Отанының сом алтыны»

Ә.Бөкейханов

5. «Қараңғы заманда шырақ жаққан» шамшырақ»

М.Дулатов

6. «Әлемнің құлағынан әні кетпес» кемеңгер» М.Жұмабаев

7. «Ол халық тарихының биік шыңына жалғыз -дара шыққан тау ағашы сияқты»

М.О.Әуезов

Абай-шешен.Ұлттық өнеріміздің ішінде алмастай асыл, найзағайдың отындай жарқ-жұрқ еткен өткірлікке, тапқырлыққа суарылған дүниетаным тереңдігіне негізделген өнер-шешендік. «Шешендік дегеніміз» - кесімді билік айту, қажет нәрсені ортаға ,көптің талқысына салу яки айтатын нәрсе мен айтпайтын нәрсенің ара-жігін жіті айыра білу, өлшемнен асырмау, ой-пікірлерді айқындау және көмейі суырылған шешенде табиғилық, ұғымдылық, шыншылдық, сыршылдық, ақжарқындық, жаздың әсем таңындай сұлу көңілі болуы қажет.

Абайдың ел билеу өнеріндегі айтулы құбылыстың бірі - 1885 жылы мамыр айында Шар бойында Қарамола сиезінде (сьезінде) бес дуан елге арналып жазылған 74 баптан құрылған Ережесі. Тарихи мәні терең бұл құжат жүйелеп тексерудің, қазақ өмірінің әлеуметтік- ұлттық болмысын нақтылы шаншыла зерттеудің ең жоғары түріне жатады.

Бұл Ережеде: жер дауы, құн дауы, жесір дауы, қалың мал, құдалық жоралары, әйелдің бас бостандығы, ата-ана мен баланың арасындағы сыйластық, ерлі-зайыптылар қарым-қатынасы, әмеңгерлік мәселесі терең талданып, әділ билік - кесімдер, шара қолдану айтылады.

ұрлыққа

барымтаға

Шара қолдану: суға батқанға көмек

арық, көпір, құдық бұзғандарға

өрт, боран, аяз кезінде араша болмағандарға (35 бап)

Алты алаштың ардақтысы Әлихан Бөкейханов: «20 жасқа жеткенше Абай от тілді шешен, халық өмірі мен әдет-салтын, қазақ даласындағы атақты билердің әр істі шешкендігі төреліктерін жақсы білетін ділмар атанды. Абай өзінің қабілеті мен білімінің арқасында қазақтардың билік тартысында басты тізгін ұстаушы болды» -деп жазады.

Ахмет Байтұрсынов:«Ел ішіндегі сақталған қазақтың бұрынғы өткен билерінің билігі, шешендерінің сөйлеген сөзі, көсемдерінің істеген ісі, үлгілі сөздер, ұнасымды тілдер, мақал-мәтелдер сияқты нәрселерді Абай көп біледі екен. Заман бұрынғыдай болса, Абай алаштың атақты билерінің бірі болуы шүбәсіз. Біліммен би болып, жұрт білмейтін заман өтіп, таспен би болатын заманға қарсы туған» - деп бағалаған.

Дүниенің тылсым сырын надандық,

танып білу талапсыздық,

жалқаулық мінездерді

сынады.

Ар -ұят, адамгершілік

мәселелерін қамтыды

Абай терең зейінді адам болғандықтан өзі өмір сүрген ортасын, оның қоғамдық жағдайларын терең түсініп, ақиқаттықпен көрсете білді.

Ақын өмір сүрген кездегі қазақ қоғамы:

  • Феодалдық - патриархалдық құрылыстың шырмауында болатын;

  • Рулық құрылыс ыдырамады;

  • Патшалық әкімшіліктің ру басшыларының тартыстарын қоздыруы;

  • Қоғамдық ахуал шиеленсті;

  • Халықтың күйі нашарлап кетті;

  • Халықтың мұң-мұқтажын жоқтаған ақын болыс, төбе би болып әлеуметтік мәселелерді шешті;1868 жылы 100-бап ереже жасаған

  • Топтық қоғамда әлеуметтік әділдіктің болмайтынын да көре білді;

«Күшті жықпақ, бай жеңбек әуел бастан,

Қолға түсер, сілесі әбден қатып

Жаны аяулы жақсыға қосамын деп,

Әркім бір ит сақтап жүр ырылдатып» - деп теңдік алу үшін қанша арызданып ізденгенімен, байларға «ырылдатып ит қосып» күрескенімен ,кедейдің қалжырап, сілесі қатқаннан басқаға әлі жете алмайтынын көрсетті.

Өнер -білім меңгерудің орнынашен-шекпенге қызығып,мансап қуған жастарды көріп қапаланған Абай: (Электронды оқулықтан тыңдатылды)

Ойында жоқ бірінің,

Салтыков пен Толстой.

Я тілмаш, я адвокат,

Болсам деген бәрінде ой,-деп күйінеді.

«Болыс болдым,мінеки»өлеңінде:

Күштілерім сөз айтса,

Бас изеймін шыбындап,

Әлсіздің сөзін салғыртсып,

Шала ұғыман қырындап-деп сынайды.

Күшік асырап,ит еттім,

Ол балтырымды қанатты.

Біреуге мылтық үйреттім,

Ол мерген болды, мені атты- деп сатқындық, опаздық, екіжүзділік секілді жағымсыз әдеттерді сынады.

Кәрі қой ептеп сойған байдың үйі,

Қай жеріңде кедейдің тұрсын күйі?

Қара қидан орта кап ұрыспай берсе,

О да -қылған кедейге үлкен сыйы- кедей тұрмысының ауырлығын, кедейдің байға тәуелділігін көрсетеді.

«Бірлік жоқ, береке жоқ , шын пейіл жоқ,

Сапырылды байлығың, баққан жылқың

Баста ми, қолда малға талас қылған,

Күш сынасқан күндестік бұзды-ау шырқын»,-деп кеселді құбылыстарды қатты сынайды.

Абай өз кезіндегі тәлім-тәрбие ісін талдай отырып, феодалдық көзқарастағы тәрбиенің жағымсыз беттерін сынайды. Қазақтың өз баласын тәрбиелей алмайтынын өткір сынға алады. Баланың ескі көзқарастағы ата-анасы оны теріс жолға бағыттап, жөнсіз мінезге баулитынын айтады.Баланы тәрбиелеуде ерінбеуге,жалықпай ұстаздық етуге шақырады.

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға- деп, ең тамаша да, жауапты, абыройлы іс- ұстаздық етіп тәрбиелі де білімді шәкірт қалыптастыру әр ұстаздың бақыты деп тапсырады.

Өлеңдері: «Шәріпке», «Абралыға», «Жақсылыққа», «Жаз», «Көкбайға», «Көжекбайға»,«Өлең сөздің - патшасы,сөз сарасы», «Күз», «Қыс», «Күлембайға», « Сегіз аяқ», «Жазғытұрым», «Оспанға», «Баймағамбетке», «Әсемпаз болма әрнеге», «Ескілік киімі», «Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында». т.б

«Тапқыр болсаң, шешіп көр»

Абайдың жұмбақтары:

  • Алла мықты жаратқан сегіз батыр

Баяғыдан соғысып әлі жатыр.

Кезек-кезек жығысып, жатып-тұрып,

Кім шығары белгісіз түбінде ақыр.

Шешуі: (қыс пен жаз, күн мен түн, тақ пен жұп, жақсылық пен жамандық)

Қара жер адамзатқа болған мекен,

Қазына іші толған әртүрлі кен,

Ішінде жүз мың түрлі асылы бар,

Солардың ең артығы немене екен?

Шешуі: (темір)

  • Сыналар, ей, жігіттер келді жерің,

Сәулең болса, бермен кел талапты ерін,

Жан құмары дүниеде немене екен?

Соны білсең, әрнені білгендерің.

Шешуі: (білмекке құмарлық)

Абай сынаған 7 мақал (29 сөзінде)

  1. «Жарлы болсаң, арлы болма»

  2. «Қалауын тапса, қар жанады»

  3. «Сұрауын тапса, адам баласының бермесі жоқ»

  4. «Атың шықпаса, жер өрте»

  5. «Жүз күн атан болғанша, бір күн бура бол»

  6. «Алтын көрсе, періште жолдан таяды»

  7. «Ата-анадан мал тәтті»

Қорытынды:

Ұлы Абай

  • Жазба әдебиеттің негізін қалаған, ұлттық поэзия тілін көркейткен көсем.

  • Ғажайыпты болжаған айыр тілді аруақты шешен

  • Қазақ поэзиясына ұшан -теңіз өзгерістер енгізген реформатор

  • Ұлттық музыка өнерін асқар биікке көтерген біртуар композитор (сазгер)

  • Аударма өнерінің үздік шебері

  • Ана тілінің негізгі сөздік қорын сарқа пайдаланған ерен дарын

  • Абай мұрасы, Абай жолы кейінгі ұрпақ үшін сарқылмас қазына

Шығармашылық тапсырма

(Сынып оқушылары жаңа сабақ бойынша төмендегі тапсырмаларға жауап берді)

Абай-ақын

Абай-сазгер

Абай-шешен

Абай-ағартушы-ойшыл

Абайдың тарихи көзқарастары

Абай-күйші, сазгер.

Абай-аудармашы

Абай саясаткер

Абай төбе би- шешен

Қазақ тарихындағы Абай мұрасы

Топтық жарыс. Абай өлеңдерін жатқа айтқызу

Ой талқы

Жұмысы жоқтық,

Тамағы тоқтық

Аздырар адам баласын-оқушының өз көзқарасын тыңдау

«Бұл қандай оқиға?» (Абай өміріне байланысты сандар жасырылады )

Сөзжұмбақ шешу «Қазақтың бас ақыны»

Оқушы шығармашылығы (өздерінің шығарған арнау өлеңдерін оқыды)

Абай

Абайды барлық адам білетұғын,

Абайды бәрі жақсы көретұғын.

Абайдың ғақлиясын жақсы оқып,

Барлық адам өлеңін сүйетұғын.

Абайдың өлеңдері сырға толы,

Сырға толы, сыйқырлы жырға толы.

Өлеңді оқығанда кіргендейсің,

Бір әлемге, ғажайып мыңға толы.

Нұрлан Оралхан

.

Ақылшымыз, ардақтымыз, данамыз,

Әрқашанда құрметпенен қараймыз.

Әрбір сөзі адамдыққа шақырар,

Алыстатар жамандықтың арасын.

Қазағымның бас ақыны-Ұлы Абай

Әрі ақын, әрі сазгер-дана Абай

Бес нәрседен қашық бол деп үйретіп,

Бес нәрсеге асық бол деп шақырған.

Үсен Айғаным.

Кемеңгер, ойшыл ұлы Абай,

Қазақтың ұлы ақыны.

Үлкенді де, кішіні

Білім алуға шақырды.

Сенде бір кірпіш дүниеге,

Қалан деді баршаға.

Абайдың қарасөздерін,

Жаттап өсер әр бала.

Таңбай Жалғас.

Абай ақын домбырада ойнаған,

Абай дара,оза шапты бәрінен.

Абай шешен, әділ болды халқына,

Ән шығарып, өз халқына жырлаған.

Рысбай Тұржан.

Абай дана, ұлы ақын,

Аудармашы, жыршы ақын.

«Ескендір»-деп жырлаған,

Көңлі оның нұрлы ақын.

Ағартушы ұлы ақын,

Еңбегі мол, ер ақын.

Халық үшін жырлаған,

Ізі өшпейтін мәңгі ақын.

Бисенбай Ақтілек

Қазақтан Абай шыққан дараланып,

Жастайынан үлгерді бағаланып.

Атақты Абай ақын, ұлы дана,

Өмірде аты мәңгі қалары анық.

Өлең жазып, ән шығарып тынбайтын,

Артындағы жас ұрпағың баптайтын

Надандықтан көзін ашып халықтың,

Ұйқыдағы ел үмітін ақтайтын.

Әндерің көп күллі қазақ шаттанарлық,

Тұлға едің халқың үшін мақтанарлық.

Даналық ойға толы қарасөзің,

Ұрпақ үшін мәңгілік сақталарлық.

Нығымет Айтөре.

Қалың қазақ ұйқысын,

Бір сөз ғана оятты.

Сөнбестей қылып шамдарын,

Мұра етіп қалдырды.

Өшпес шамын жағып ол,

Көрсетті мәңгі үлесін.

Тербетті жырлап қазақтың,

Бастан кешкен мұңдарын.

Абай деген ұлы ақын,

Ұлылардың ұлысы.

Ән мен күйді шерткен

Бұл қазақтың баласы. Бағытжан Дастан.

Ұлы Абай!

Ұлы дана қазақ халқы атасы,

Абай ақын қазағымның данасы.

Ел-жұртына сыйлы болған ақыны,

Ақындықтың ең бірінші сатысы.

Ашып көзін жас ұрпақтың біліммен,

Баяндаған халық жайын жанымен.

Ағартушы, аудармашы, қайраткер,

Қазақ үшін орны бөлек бәрінен.

Мұра қылып жазғандарын артына,

Жас ұрпаққа үлгі етіп халыққа.

45-қып қазақ үшін маңызды,

Қара сөзін танытты ол қазаққа.

О,Абай, қай кісі бар оған жетер,

Өнерін көрген жанның есі кетер,

Өзінің заманында білім көзін,

Ең алғаш ашқан осы Абай көсем.

Береген Ақерке.

Абайға арнау

Әр сөзің өнеге гой ұрпағына,

Теңеймін мен өзіңді биік шыңға.

Арманым болмас еді бұл өмірде,

Сіз секілді кіре алсам жыр бағына.

Абай жаны құбылыс мәңгі жұмбақ

Біздер үшін ұлы Абай биік тұрмақ.

Сөздеріңді ұран қып алты алашқа,

Ұрпақтарың мәңгі жырлап жалғастырмақ.

Әр сөзіңде ой жатыр гой саналы,

Сол сөздерің барша адамға бағалы.

Өлеңді оқымаған кей қазақ,

Әрқашанда көш соңында қалады.

Абай ақын халқымның ер-данасы,

Әрдайым биік ұстар жыр атасы.

Абайдай ақын болмас бұл дүниеде,

Қазақтың туа біткен ғұламасы.

Жакешов Ришат.

Абай -дана, ғұламасы елімнің ,

Абай -ақын мақтанышы жерінің .

Абай атты бір данышпан болмаса,

Ақ,қарасын кім айырмақ өмірдің?

Сүйсінемін жазғанын оқығанда,

Абай сөзі бағдаршам оқырманға.

Адасатын адамдар болмас еді,

Абай ойын кеудеге тоқығанда.

Ол жалғыз ақындықты меңгермеген,

Ақылына еш мықты тең келмеген.

Ресей елі Пушкинмен қатар қойып,

Ескерткішке жай барып сенделмеген.

Қайратқызы Өміргүл.

Оқушыларымның осындай жүректерінен шыққан өлеңдерін тыңдай отырып, сабақта өзімнің жазған өлең шумақтарымды ұсындым.

Бойтұмар қылып Абайдың,

Жадыңда сақта сөздерін.

Әрбір өткен күніңнің,

Есебін алу міндетің.

Зерделі де, білімді болса ұрпағың,

Орындалмақ өмірдегі мақсатың.

Естілердің ескеріп жүрген әр сөзін,

Абыроймен «тәрбиелі» болмақ ұрпағың.

Надандық, еріншектік, залымдықтан,

Бойыңды аулақ ұста жамандықтан.

Өнер үйрен, білімге құштар болып,

Көріне бер , шәкірттер биік шыңнан.

Оқушыларды марапаттау. Сабақта белсенділігімен көзге түскен 5 оқушы мадақтамамен марапатталды.

Бағалау

Үйге тапсырма: «Мен таныған Абай» тақырыбында эссе жазу

Сабақтың мақсаты:

  • Абай шығармашылығы туралы оқушылар білімін тереңдету, қара сөздерінің философиялық мәні мен мағынасын түсінуге жетелеу.

  • Оқушылардың тілін, ойлау дағдысын жетілдіруге, қорытынды жасай білуге үйрету, дағдыландыру.

  • Ақын қара сөздерінің негізінде шәкірттер бойында адамгершілік асыл қасиеттер тәрбиелеуге ықпал ету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, рөлдерге бөліп оқу.

Көрнекілігі: ақын портреті, қосымша материалдар, шығармалары, музыкалық сүйелдеме, интерактивтік тақта, магнитафон, домбыра.

Пәнаралық байланыс: тарих, музыка, география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру

(Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін тыңдау арқылы сабақ басталады)

ІІІ. «Ой шақыру» стратегиясы

Қазақ әдебиеті пәнінен сабақ жоспары: А.Құнанбаев Ескендір поэмасы

IV. Үй тапсырмасын пысықтау кезеңі: Абай ауылына саяхат «Ақын» ауылы - Абайдың туған жеріне,табиғатына,тарихына тоқталып өту

Екінші топ - «Сазгер» ауылы - Абайдың өлеңдері, әні бар өлеңдері

Үшінші топ «Философ» ауылы - Абайдың «Қара сөзі» туралы (жалпы шолу жасайды)

V. Жаңа сабақты игеру кезеңі:

Қарасөз дегеніміз-ақын не жазушының өзі көрген өмір туралы толғаныстары, даналық ой-түйіндері, оқырманмен сырласу, кеңесу, ой бөлісу сәттері.

Көлемі шағын, мазмұн-мағынасы терең публицистика үлгісінде жазылған шығарма.

Абайдың «Он жетінші қара сөзін» магнитафоннан тыңдау (6 минут)

1. Рөлдерге бөліп оқыту

2. Орысша мәтінді оқыту

Қара сөз бойынша жұмыс ұйымдастыру

Қазақ әдебиеті пәнінен сабақ жоспары: А.Құнанбаев Ескендір поэмасы

Оқушылар Қайратқа, Жүрекке, Ақылға мінездеме береді.

Қазақ әдебиеті пәнінен сабақ жоспары: А.Құнанбаев Ескендір поэмасы

VІ. Жаңа сабақты бекіту (Творчествалық жұмыс)

Абайдың қара сөзінде адамға тән қандай жақсы және жаман қасиеттер туралы айтылғандығын көрсету:

Адамға тән қасиеттер

Жақсы қасиеттер

Жаман қасиеттер

Сұрақтар:

Абайдың қара сөзі бізді қандай болуға үйретеді?

Не білдік? Нені білгіміз келеді?

VІІ. Оқушылардың білімін бағалау

VІІІ. Үй тапсырмасын беру: Абайдың қара сөзін оқып, мазмұнын айту

IX. Рефлексия кезеңі: Сабақтан алған әсерін білдіру

Жамбыл Жабаевтың «Өтеген батыр» дастаны.

Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаевтың «Өтеген батыр» дастаны.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: жыр алыбы Жамбыл жайында мәлімет беру, «Өтеген батыр» дастанының мазмұнын, идеясын ұғындыру.
Дамытушылық: өлеңмен жазылған шығармаларды оқып, талдай білуге, ой өрістерін дамыта отырып, өздіктерінен қорытынды жасап, пікір айтуға, сөйлей білуге машықтандыру.
Тәрбиелік: елін, жерін сүюге, өзіндік пікірлерін ашық айта білуге, бір-бірінің пікірін тыңдауға, жұмыстарына баға беруге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: «Сын тұрғысынан ойлауды» дамыту бағдарламасы.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Көрнекілігі: оқулық, тақта, ақынның портреті, сызбалар.
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет (теориясы).
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгелдеп, сабаққа дайындығын тексеру.
Үй тапсырмасын сұрау.
1) М.Жұмабаевтың «Сағындым» өлеңінен ұнаған шумақтарын және «Балалық шақ» өлеңін толық жаттау;
2) «Сағыныш» тақырыбына шағын әңгіме жазу.
Оқушылар «Азамат» және «Болашақ» деген 2 топқа бөлінеді. Оларды бақылап, саралаушы топ «Қазақстан» болады.Топ басшылары топтың тапсырмасына сай өлеңді талдап, оқушылардан жатқа сұралады.

ІІ. Жаңа сабақ
Ақын өміріне қатысты мағлұмат беру.
Ж.Жабаевтың естелігінен: «Шу өзенінің бойымен жүре берсеңіз Хан және Жамбыл деген 2 тауға кез боласыз. Менің әкем Жабай бір кезде осы тауларда көшіп-қонып жүрген. Жамбыл тауының етегінде, қақаған қатты боранды күні мен туыппын! Маған сол көне Жамбыл тауының есімі ат болыпты. Бұл 1846 жылдың февраль (ақпан) айы екен.
Жамбыл 35 жасында, яғни, 1881 жылдың күзінде Іле бойында өткен бір үлкен жәрмеңкеде атақты ақын Құлманбетпен айтысып жеңіске жетеді. «Айтыстың арыстаны» атанған Жамбыл өткір, уытты жырларымен қатар кең тынысты ұзақ эпикалық туындылар шығарады. Халық эпосы мен ертегілерінің және тарихи жырлардың дәстүрінде ақын «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» сынды белгілі поэмалар туғызды.
«Топтастыру» стратегиясы.
Ақынның ақындық, тұлғалық бейнесін жасау
«Түсіну» стратегиясы.
Дастанның бас кейіпкері - Өтеген батыр туралы мағлұмат беріледі.
Өтеген батыр (1699-1773) - XVIII ғасырдың І жартысында жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен қазақ батыры. «1756 жыл шамасында Абылайдың Қытаймен бейбіт болу саясатына қарсы шығып, Жиделібайсында 17 жыл жүріп қайтыпты» деген аңыз да бар.
Екі топтың оқушылары дастанды оқып түсіндіреді.
«Талдау» стратегиясы.
Шығарманың композициялық құрылымына талдау жасау.
1) Оқиғаның басталуы.
«Алып келсем елімді
Жиделібайсын жеріне
Қалмас еді -ау арманым».
2) Оқиғаның дамуы.
«Бір жайлы қоныс іздеп он жеті жыл
Ел-жұртын аман-есен көрді дейді».
3) Оқиғаның шиеленісуі.
«Егер де айтқаныма көнбесеңдер
Бұл жерді ақырында алар орыс».
4) Оқиғаның шарықтау шегі.
Елінің Өтеген батырдың тілін алмауы.
5) Оқиғаның аяқталуы.
Өтеген батырдың еліне өкпелі болып, Түркістанға кетуі.

Картамен жұмыс (Қазақстанның географиялық картасынан Жиделібайсын жерін оқушыларға көрсету).
Ақмешіт қаласының іргетасы Сырдың жағасындағы «Қамысты қаладан» басталған. Ықылым заманаларға көз жіберсек, Жиделібайсын жері - осы жер.
Әзілхан Нұршайықов.
«Еркін жауап» стратегиясы.
1) Батырдың арманы не?
2) Батырдың ренжіп, қапалануы неліктен?
3) Шығарманың басты идеясы не?
«Венн диаграммасы».
Шығарманы оқып таныстық, талдау жұмысын жасадық, сұрақтарға жауап бердік, енді шығарманың салыстыру кезеңін жүзеге асырамыз. Яғни, 2 топ дастанды Асан қайғының Жерұйықты іздеуімен салыстырады.
Асан қайғы Өтеген батыр


«Инсерт» әдісі бойынша: «Не білдім?, Не білгім келеді?» деген сұрақтар негізінде өз ойларың айтып, қағаз бетіне түсіру.
Не білдім? Не білгім келеді?
Тарихта аты аңызға айналған Өтеген батыр болғанын, оның өмір сүрген заманда халқы үшін не істегенін білдім. Өтегеннің тағы қандай ерлік істегенін білгім келеді.
Өтеген батырдың халқы үшін бәрін істеуге дайын екенін білдім. Өтеген өкпелеп Түркістанға кетіп қалғанда не істеді екен, соны білгім келеді.
.................... .............................

«Бағалау парағы» бойынша оқушылардың баға қорытындысын шығару.
Қорытындылау. Міне, балалар, бүгін біз Жамбыл ақынның «Өтеген батыр» дастанында жырланған Өтегеннің халық үшін істеген игі істерімен таныстық. Сендердің де келешекте осындай халық қамын ойлайтын ұрпағы болуларыңа тілектеспін. Өйткені, сендер Қазақстанның болашақ жарқын азаматтарысыңдар! Сөз соңы сарапшылар тобы «Қазақстанға» беріледі.
Үйге тапсырма:
1) «Өтеген батыр» дастанын қайталап оқып шығу;
2) А4 форматқа Өтеген батырға хат жазып келу.

Тақырыбы: Сұраншы батыр.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: а) Жыр алыбы - Жамбыл шығармашылығы туралы оқушылардың білімдерін бір жүйеге келтіру.

ә) Сұраншы батыр туралы деректермен таныстыра отырып, батырдың тарихи тұлға екеніне тоқталу.

Дамытушылық: оқушылардың өз пікірін ашық, еркін айтуға төселдіру, тарихи деректер бойынша тұжырым жасай білу дағдысына үйрету, мәнерлеп оқу, сөйлеу мәдениетіне үйрету.

Тәрбиелік: туған жерді сақтау және оны аянбай қорғау сезімдеріне баулу, бабалардың ерлік рухын сезіндіру арқылы азаматтық тәрбие беру, поэзияны сүюге баулу, ұлттық сананы қалыптастыру, оқушының тұлғалық ерекшелігін дамыту.

Сабақтың әдісі: Шығармашылық ізденіс, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, сахналау, айтыс, өлең оқу.

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі.

Сабақтың жабдығы: «16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні» плакаты, «Тұмасы тұнық жырдың Жамбыл жырау» көрнекілігі, «Жыр алыбы - Жамбыл» әдеби стендасы, Жамбыл туралы жинақталған папка, шығармалары, үлестірмелі кәртішкелер, «Сандар сыры» плакаты, «Бағалау парақтары».

Пайдаланған әдебиеттер: Қазақ әдебиеті энциклопедиясы, Қазақ әдебиеті тарихы энциклопедиясы.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру. Оқушыларды топқа бөлу, топ басшыларын сайлау.

ІІ. Өткен сабаққа шолу.

Әдебиет әлемінде «жыр алыбы» деген лауазымға ие болған адам - Жамбыл Жабаев. Тіпті осы сөз құлағымызға сініп кеткелі қашан? «Өзі өлсе де, сөзі өлмейді» демекші Жамбыл мектеп оқушысына үлкен тәрбие екені даусыз. Қазақта Абай біреу, Жамбыл жалғыз. Біздің бала кезімізде Жамбыл «Алтын заң» деген тамаша өлеңмен танылды.

Еңбек ет те, міндет ет

Дем ал деген - осы заң -

деген жолдары әлі күнге дейін есімізде немесе сол кездегі күн көсем туралы:

Үнің кетпес құлақтан,

Ағыны күшті бұлақтан,

Тау суындай тасқыны,

Талқандап құзды құлатқан - деп жатқа зулағанбыз...

Ал, қазір ше, қазір заман талабына қарай бағдарламалар өзгеріп жаңаланып жатыр. Әр сынып сайын берілген материал көлемі де күрделене береді. Кезекті Жамбылдың өмірдерегіне берсек...

Бір оқушы Жамбылдың өмірбаянынан мәлімет береді.

Сахналық көрініс. Жамбылдың Сүйінбайдан бата алуы.

Жамбыл:

- Өлеңім келді жол шегіп,

Осынау елге алыстан

Түн болды үйге ен дейтін

Табылмай тұр таныс жан.

Ардақты үйдің иесі

Рұқсат ет кіруге

Бата бер менің жырыма

Қуат етіп үніңе.

Көңілін тапсын елімнің

Жар болда өзің жәрдем ет,

Жібер мені бір демеп.

Сүйінбай: - Қош келдің, бозторғайдай әнші құсым! Сүйінбай сені құшақ жайып қарсы алады. Кел, кел, қарағым! Көзің отты, түлеп ұшқан мұзбалақ ұлармысың әлде...

- Ассалаумағалейкум, ата!

- Уағалейкүмассалам, балам! Төрлет, жоғары. Сенің өлеңінде от бар, ал домбыраңның үнінен шымырқанған шабыт байқалады. Жырыңа лайық тартуымды ал, балам (шапанын шешіп Жамбылға жабады). Ал балам, атаңның сыйы - еліңнің сыйы болсын. «Жақсы сөзді ел жаттар, ел жаттар сөзде салмақ бар» деген. Осы сапарға шыққанда кімнен бата алып едің?

- Сүйеке, әкем өлеңді жек көреді. Сол үшін талай таяқ та жедім. Ол менің ақын болуыма қарсы. Сондықтан маған батасын берген адам тарту - таралғыдан мақұрым қалары хақ. Сол себепті өз шапаныңызды өз иығыңызға жапсам деп тұрмын. Маған батаңызды беріңіз.

- Ұлым, мен мұныңа ренжімеймін. Өйткені сенің әкеңді білемін, сен туралы да естігенмін. Сен маған бүгін өз жырыңды сыйладың, соның өзі жетіп жатыр. Қолыңды жай мен батамды берейін.

Домбыра - садақ та, өлең - жебе, ақылмен пайдалана білгейсің.

Шын ақынның ар-ұяты өлеңде. Оны көзіңнің қарашығындай сақтағайсың.

Ақылмен іс қылғайсың. Әділ де батыл бол. Сенің өлеңің халқыңа медет берсін, ісің өнеге болсын! Әумин!

Жас Жамбыл ендігі кезекте «ақын болдым он күште» деп жырлайды. «Өлеңі не күлдірмесе, жылатпаса - өлең емес. Нәрсіз сөз - зілсіз оқ еспетті» - дейді Жамбыл. Ендеше ақын өлеңдеріне бір сәт құлақ түрсек...

«Ленинградтық өренім»

«Патша әмірі тарылды»

«Алғадай туралы ой»

«Ата әлдиі»

«Өсиет»

«Абайдың суретіне»

Оқушылар кезекпен Жамбыл өлеңдерін мәнерлеп оқып береді.

Жамбыл - айтыскер ақын.

Жамбыл мен Айкүміс айтысы (Ұлтық киім киінген екі оқушы орындайды).

ІІІ. Жаңа сабақ. Сұраншы батыр.

Жамбылдың отаншыл жырларының ішінде дастандары ерекше орын алады. «Өтеген батыр» мен «Сұраншы батыр» дастандары күрделі дастандар қатарына жатады.

Ақын осы екі дастанды біp жылдары қатар жырласа керек. «Сұраншы батыр» дастанын Жамбыл ең алғаш рет Садырмек деген беделді кісінің асы күні толғапты. Бұл жиын Жиренайғыр деген өзеннің бойында өтеді. Ертеде Сұраншы батыр қоқандықтармен осы өзен бойында соғысып жеңіске жеткен екен. Міне осы өзен бойында жайлаған Шапырашты, Дулат, Ысты, Жаныс ақындар Жамбылдан «Сұраншы батыр» дастанын жырлауды өтініпті. Халық талабымен Жамбыл «Сұраншы батырды» таң атқанша жырлаған екен.

Сұраншы - тарихта болған адам, Жетсу халқының мүддесін корғаған нағыз батыр. Жер жәннаты Жетісуды алуға бip жағынан патшаның, екінші жағынан - қоқандықтардың ұмтылғаны тарихтан белгілі. Қоқандықтардың озбырлығынан зәбір көріп, бастарына қаралы күн туған халық ендігі үміт Сұраншы батырда екендігіне тоқтасады. Сөйтіп, хабаршы жіберіп, Сұраншы батырды алдырады .

Сол кездегі Сұраншы батырдың бейнесін, батырлық тұлғасын даралауда ақын өте шеберлік көрсеткен. Оның жауға қарсы соғысы да ақындық шабытпен шынайы суреттеледі. Арыстандай ақырған азулы жауға қарсы түлкідей айлалы болу керек екенін өсиет еткен Сұраншы батыр Қарасай батырдың соғыстағы амал - тәсілдерін қолдана отырып, жауды жеңіліске ұшыратады.

IV. Оқулықпен жұмыс. Дастаннан үзіндіні оку.

V. Бекіту сұрақтары.

- Балалар, жырдан Сұраншы батырдың қандай адам екенін байқадыңдар?

- Осы жырды қандай жырға ұқсатар едіңдер? Қай жолдар арқылы?

Салыстыру. «Қобыланды жыры»

Қобыланды сынды батырдың

Көңілі бітіп Бурылға

«Шырағым Бурыл шу» деді,

Құбылып Бурыл гүледі.

Кеткен қолдың соңынан

Жетемін деп Қобыланның жоқ еді тіпті есінде.

Өлең жолдарынан әдебиеттің теориялық ұғымдарынан нені байқадыңдар? Гипербола, теңеу, эпитет.

Үлестірмелі кәртішкелерді тарату. «Тәуелсіздікке 15 жыл»

VІ. Жырды қортындылау.

Сұраншы батырдың өмірде болғандығы. Дастанның тәрбиелік мәні.

Кәртішке бойынша жауаптар.

«Сандар сыры» Ту бейнелі плакатта күн жүйесімен орналасқан сандарға мағлұмат беру.

1846, 13, 16, 1913, 1936, 1941, 1945, 1986, 12, 1991, 1996, 2006.

«Таза тақта» ойыны. Тақтада тақырып бойынша жазылған сандарды сүрте отырып, тақтаны тазалау.

VІІ. Үй тапсырмасы. Жамбыл шығармашылығын қайталау.

Дастаннан үзінді жаттау.

1. Тест сұрақтары:
1. Жамбыл қай жылы, қай жерде дүниеге келді?
А)1845ж.Шығыс Қазақстанда В)1846ж.Әулие ата өңірінде.
С)1848ж.Орталық Қазақстанда. Д)1847ж. Көкшетау облысында.
2. Жамбылдың шығармасы.
А)``Сұраншы батыр`` В)``Қыс`` С)``Сағындым`` Д)``Жүйрігім``
3.Жамбылдың ұстазы кім еді?
А) Абай В) Тезек төре С) Cүйінбай Д) Шашубай
5. Ақынның жыры жас ұрпақты неге үндейді?
А) Білімге В) Еңбекке С) Жалқаулыққа Д) Ерлік пен туған жерді сүюге.
6.Жамбыл қай жылы қанша жасында қайтыс болды?
А) 1945ж 99 жасында. В)1946ж 100 жасында. С)1947ж 101 жасында. Д)1949ж 102 жасында.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі:Айтқожина Торғын Оразқызы
Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі, шығармашылығы.

© 2010-2022