Қайталауға арналған сұрақтар және есептер шығару (8-класс)

Раздел Математика
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алгебра 8 «Б»сынып

күні: 22.01.2016 жыл

Сабақтың тақырыбы: Қайталауға арналған сұрақтар және есептер шығару

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға квадрат теңдеулар тақырыбы бойынша қайталау сұрақтары және есептер шығару білімділігін дамыту.

2.Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту

3. Ұқыптылыққа және адамгершілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Сұрақ-жауап,ауызша жаттығулар

Сабақтың көрнекілігі: Формулалар, кеспе қағаздар, дидақтикалық материалдар.

Сабақтың барысы: Мотивациялық кезең

1. Үй тапсырмасын тексеру

2. Қайталау сұрақтары

Сынып төрт топқа бөлінеді

Топтың ережесін қайталау

І бөлім

«Алғашқы қадам» өткен тақырыптар бойынша оқушыларға

сұрақтар және есептер

1. І топ Квадрат теңдеулер дегеніміз қандай теңдеу?

Формуласын жазып көрсет

Жауабы: ах + вх+с=0 түріндегі теңдеу квадрат теңдеу деп аталады.

Мұнда а,в және берілген сандар , ал х- айнымалы

с -бос мүше

ах+вх+с квадрат үшмүше

Келтірілген теңдеу а=1 -ге тең теңдеу Мысалы: х+5х-6 0 теңдеуі.

2. ІІ топ Рационал теңдеулер туралы не білеміз?

Жауабы: Теңдеу бүтін және бөлшек түрде берілсе оны рационал теңдеулер деп атаймыз .

3. ІІІ топ Квадрат теңдеу түбірлерінің формуласының жалпы түрін жазып көрсет?

Д в+ 4ас

Мысал келтір :

4. ІҮ топ

Виет теоремасы туралы не білеміз

формуласын жазып көрсет

ІІ бөлім

«Білімің -ұшар қанатың» деп аталады . Бұл бөлім бойынша әр топқа оқулықтан есептер беріледі.

№385 №387 №388 есептер шығару

ІІІ бөлім

Шығармашылық жұмыс

І топ

Екі таңбалы натурал сан берілген. Осы санның квадраты мен осы санды құрайтын цифрлардың орнын ауыстыруда шыққан санның квадратының айырмасы 495 -ке тең. Осы санды тап.

ІІ топ

Екі таңбалы сан өзінің цифрларының қосындысынан 6 есе үлкен.Осы санды тап.

ІІІ топ

Екі санның айырмасы 6-ға , ал көбейтіндісі 216-ға тең . Осы сандарды табыңдар

ІҮ топ


Екі таңбалы санның бір цифры екіншісінен 1-ге артық. Осы санның квадраты мен оның цифрларын кері тәртіппен жазғанда шығатын санның квадратының 1558-ге тең. Осы екі таңбалы санды тап.

Рефлекция

Білдім. Білемін. Білгім келеді

Оқушыларды бағалау

Үй тапсырмасы: № 237 №238

Қорытындылау.




© 2010-2022