Квадраттық функция және оның графигін Excel электронды кестесінде салуға есептер шығару

Раздел Математика
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

8-сыныпта алгебра мен информатикадан «y=ax2+n, y=a(x-m)2 функциялары және олардың графиктерін Excel электронды кестесінде салуға есептер шығару» тақырыбындағы кіріктірілген сабақ

Жумагулова Еркежан Мурзахметовна, «Берел орта мектебі» КММ, математика-информатика пәні мұғалімі

Амурзакова Сагиля Акыевна, «Берел орта мектебі» КММ, математика пәні мұғалімі

Пәні: математика, информатика

Сыныбы: 8

Күні: 24.02.2016

Өткізілу орны:мультимедиалық кабинет

Типі: кіріктірілген, білім тексеру

Сабақтың өтілу формасы: сайысу арқылы білім тексеру сабағы.

Құрал-жабдықтар және дидактикалықматериал :

  • Microsoft Offiсe EXCEL, Advanced Grapher пакеттері орнатылған ноутбуктер;

  • EXCEL жұмыс кітабы, дайындамалармен;

  • Үлестірмелі карточкалар;

  • Практикалық жұмысты орындау нұсқаулықтары;

  • Microsoft Power Point дайындалған презентация, өткен материалдарды қайталауға арналған иллюстрациялық слайдтар;

  • Видеопроектор, интерактивті тақта.

Сабақтың мақсаты:

  • «Квадраттық функция және олардың графиктері» тақырыбы бойынша білімдерін бекіту;

  • Электронды кестеде график салу және есептеу дағдыларын дамыту;

Сабақтың міндеттері:

1. Білімділік:

  • «Квадраттық функция және олардың графиктері» тақырыбы бойынша есеп шығару және есептеу білімдерін бекіту;

  • EXCEL электронды кестесін практикалық түрде қолдану;

  • Функциялар бойынша графиктер тұрғызу біліктерін бекіту;

2. Дамытушылық:

  • берілген нұсқаулық бойынша компьютерде жұмыс жасау дағдыларын дамыту;

  • электронды кестені қолдану арқылы есептерді шешу мотивацияларын көтеру;

  • компьютерлік тәжірибелер арқылы талқылау және шешім қабылдау қабілеттерін дамыту;

  • алгебра және информатика пәндеріне деген қызығушылықтарын дамыту.

3. Тәрбиелілік:

  • жұмысқа шығармашылық тұрғыдан қарау және тәжірибе жасауға деген ынталарын арттыру;

  • ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа, жауапкершілікке және өз беттерімен жұмыс жасауға тәрбиелеу.

САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ:

  1. Ұйымдастыру кезеңі - 3 мин

  2. Сабақтың мақсатын хабарлау, дискрипторлармен таныстыру - 2 мин

  3. Білімдерін жан-жақты тексеру - 15 мин

  4. Үй тапсырмасын тексеру - 3 мин

  5. Сергіту сәті - 2 мин

  6. Практикалық жұмыс (интерактивті тақтада, компьютерде) - 15 мин

  7. Қорытындылау - 3 мин

  8. Рефлексия - 2 мин



САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

1. Ұйымдастыру кезеңі (3 минут):

Шаттық шеңбері (бір-біріне тілек айту, сәттілік тілеу). Көңіл күйіміз - ВО! (бас бармақпен көрсету)

Слайд 1 Слайд2 Слайд 3

Квадраттық функция және оның графигін Excel электронды кестесінде салуға есептер шығару Квадраттық функция және оның графигін Excel электронды кестесінде салуға есептер шығару Квадраттық функция және оның графигін Excel электронды кестесінде салуға есептер шығару

2. Сабақтың мақсатын хабарлау, дескрипторлармен таныстыру (2 минут).

Слайд 4

Квадраттық функция және оның графигін Excel электронды кестесінде салуға есептер шығару

Балалар, бүгінгі сайыс сабақта әрқайсысыларың өзбеттеріңмен тапсырмалар орындап, білімдеріңді көрсетесіңдер. Өздерің үшін жұмыс жасайтын боласыңдар.

Ал ол үшін дескрипторлармен берілген критерилерді сабақ барысында басшылыққа аласыңдар, ал дескрипторларды орындағандарың үшін жетондар беріледі, сабақ соңында жетондарыңның ұпайына байланысты «Білімпаз», «Алғыр», «Ұшқыр» оқушыларды анықтайтын боламыз.

Слайд 5

Квадраттық функция және оның графигін Excel электронды кестесінде салуға есептер шығару

3. Білімдерін жан-жақты тексеру (15 минут):

3.1. Ал, оқушылар енді өткен тақырыптар бойынша білімімізді еске түсіріп алайық. «Миға шабуыл» стратегиясы

Слайд 6

Квадраттық функция және оның графигін Excel электронды кестесінде салуға есептер шығару (әр тапсырмасын орындаған сайын жетон беру)


3.2. Қазір, енді интерактивті тақтада «Сәйкестендіру тестін» орындап жіберейік. (Тест сынағы стратегиясы)

Флипчарт 1 (қосымша 1) Слайд 7

Квадраттық функция және оның графигін Excel электронды кестесінде салуға есептер шығаруМұғалім Жәутіков туралы айтады Квадраттық функция және оның графигін Excel электронды кестесінде салуға есептер шығару

3.3. «Салыстырмалы карта» стратегиясы (карточкаларын таратып беру) (слайдта көрсету)

(4.Үй тапсырмасын тексеру дәптерлерінен тексеру - 3 минут)


Слайд 8. (Қосымша 2 ) ( График 1)

Квадраттық функция және оның графигін Excel электронды кестесінде салуға есептер шығару Квадраттық функция және оның графигін Excel электронды кестесінде салуға есептер шығару


5. Сергіту сәті (2 минут)

Қане біраз дем алып, сергіп алайық.


Слайд 9 Слайд 10 Слайд11

Квадраттық функция және оның графигін Excel электронды кестесінде салуға есептер шығаруКвадраттық функция және оның графигін Excel электронды кестесінде салуға есептер шығаруКвадраттық функция және оның графигін Excel электронды кестесінде салуға есептер шығару


6. Практикалық жұмыс (Конверттегі деңгейлік тапсырмаларды интерактивті тақтада, компьютерде, дәптерде орындайды) (15 минут)

Ал, оқушылар сергіп алсақ, практикалық жұмыстарымызды орындауға көшейік.

Слайд 12 («Конверт - сұрақ» стратегиясы»)

Квадраттық функция және оның графигін Excel электронды кестесінде салуға есептер шығару( тапсырма орындаған сайын жетондар беріп отыру.)

7. Қорытындылау (3 минут)

Ауызша сұрақтар қою.

  1. Оқушылар, бүгін біз сабағымызда қандай жұмыстар орындадық?

  2. Графиктерді қайда саламыз?

  3. Координаталық жазықтықты басқалай қалай атауға болады?

  4. Олай болса, бізге Ажар Декарттың кім екенін айтып берсін.

Слайд 13

Квадраттық функция және оның графигін Excel электронды кестесінде салуға есептер шығару

Қане, балалар, жетондарымызды санап, сабағымыздың қорытындысын шығарайық. Екінші мұғалім дескрипторлар бойынша бағалайды.

Слайд 14

Квадраттық функция және оның графигін Excel электронды кестесінде салуға есептер шығару


(жетондары бойынша номинациялар беру «Білімпаз», «Ұшқыр», «Алғыр». Болашақта сендерден бүгінгі сабақта аттары аталған Орынбек Жәутіков, Рене Декарт сияқты математиктер шығады деп сенеміз)

Слайд 15

Квадраттық функция және оның графигін Excel электронды кестесінде салуға есептер шығару


  1. Рефлексия (2 минут)

Слайд 16 Слайд 17

Квадраттық функция және оның графигін Excel электронды кестесінде салуға есептер шығару (бір-бірден жауап береді)Квадраттық функция және оның графигін Excel электронды кестесінде салуға есептер шығару

Ал, балалар сабақ басында көңіл-күйлерің өте жақсы болатын, ал сабақ соңындағы көңіл-күйлеріңді алдарыңдағы смайликтерді көтеріп білдірсеңдер.

Жақсы, осымен сабағымыз аяқталды, дем алуларыңа болады. Сау болыңыздар.


© 2010-2022