«Зерде» интеллектуалды ойыны 5 сынып

«Зерде» интеллектуалды ойыныМақсаты :Оқушылардың ойлау қабілетін, жылдамдығын , таным белсенділігін арттыру.Ойын сайысының міндеттері: 1.Оқушыларға сыныптан тыс жұмыс барысында математика пәндерінен алған білімдерін жинақтау, толықтыру. 2. Оқушылардың логикалық ойлау, интеллектуалдық қабілетін, сана-сезімін жан-жақты дамыту, зеректілігін қалыптастыру, қызығушылығын, белсенділігін арттыру, танымдық, шығармашылық ізденістерін ұштау. 3. Оқушыларды жауапкершілікке, шапшаңдыққа, Отан сүйгіштікке, тат...
Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Зерде» интеллектуалды ойыны 5 сынып«Зерде» интеллектуалды ойыны 5 сынып«Зерде» интеллектуалды ойыны 5 сынып«Зерде» интеллектуалды ойыны

Мақсаты :Оқушылардың ойлау қабілетін, жылдамдығын , таным белсенділігін арттыру.

Ойын сайысының міндеттері:

  1. Оқушыларға сыныптан тыс жұмыс барысында математика пәндерінен алған білімдерін жинақтау, толықтыру.
    2. Оқушылардың логикалық ойлау, интеллектуалдық қабілетін, сана-сезімін жан-жақты дамыту, зеректілігін қалыптастыру, қызығушылығын, белсенділігін арттыру, танымдық, шығармашылық ізденістерін ұштау.
    3. Оқушыларды жауапкершілікке, шапшаңдыққа, Отан сүйгіштікке, татулыққа тәрбиелей отырып, тапқырлыққа баулу.

Түрі: Ойын
Көрнекілігі: Слайд
Барысы:
1.Ойынның шартымен таныстыру.
2. Ойыншыларды таныстыру.
3. Ойынның жүргізілуі
4. Жеңімпазды анықтау.
5. Жеңімпазды марапаттау.

«Зерде» интеллектуалды ойынына қош келдіңіздер.Ойынға 3 топ қатысады.Әр топта екі оқушыдан.

Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық - деп сайысқа қатысушы топтармен таныс болайық.

1-топ оқушылары :Асылмұратова Алина , Умирзаков Махамбет

2-топ оқушылары :Шакиров Ерұлан, Жакиева Бақыт

3-топ оқушылары :Самарханова Ақтоты , Асылмұратов Рафхат

Оынның шартымен таныстырып өтейін.Қойылған сұраққа бірінші болып дұрыс жауап берген топқа ұпай беріледі.

І кезең «Кім жылдам?»

1.Көбелек дұрыс теңдікке отырып алды.Көбелек қонған санды тап.

6025-175=130+«Зерде» интеллектуалды ойыны 5 сынып

  1. Бұрыс бөлшекті аралас сан түрінде жазыңдар: «Зерде» интеллектуалды ойыны 5 сынып

3.Үш әке алты бала серуенге шықты,олар алма сатып алды.Бұлардың әрқайсысына 6 алмадан тиді.Бұл қалай болғаны?

ІІ. Логикалық сұрақтар.
1.Бөлмеде 2 ит, 3 құс, 1 шыбын бар. Осы жануарлардың бәрінің аяқтарын қосып есептегенде қанша болады?

2.Анасы 20 мандарин сатып алды. Жартысын Думан жеді, Айша екі мандарин жеді, Қалғанының жартысын Дина жеді. Қанша мандарин қалды?

3.Үш қатардағы сандар белгілі бір заңдылық бойынша орналасқан.Сұрақ белгісінің орнындағы санды табыңдар.
І 5,10,50,500
ІІ 3,6,18,108
ІІІ 4,8,32,256
ІV 1,.?,?,?

ІІІ. Тура теңдік шығар:
1) ХХV - XXI = X I

2) 2-ні 5 рет пайдаланып 3 санына теңестір.

3)2-ні 5 рет пайдаланып 5 санына теңестір.

4)5 5 5 5 5=100 ,бестердің арасына қандай арифметикалық амалдар қойғанда теңдік дұрыс болады?

5)9 9 9 9 9 =10, тоғ ыздардың арасына қандай арифметикалық амалдар қойғанда теңдік дұрыс болады?

ІV.Есте сақтау қабілетің қандай?

Түстердің орналасу ретін анықтаңдар.

Оқушылар көрсетілген 10 түсті ретімен орналастырулары керек.

V.Жоғалған санды тап

1.Сұрақ белгісінің орнында тұрған санды тап

8; 9;11; 14; ... ?

2. Сұрақ белгісінің орнында тұрған санды тап

15

14

16

13

?

30

31

29

32

?

  1. Сұрақ белгісінің орнында тұрған санды тап

4

9

15

22

3

8

14

21

6

11

17

?

4.«Зерде» интеллектуалды ойыны 5 сынып

VI.Математикалық фокустар

1.12 тоғыздық берілген. 9 9 9 9 9 9 9 9 9 9 9 9
Олардың арасына +,-,: , * таңбаларын өрнектің мәні 2000-ға тең болатындай етіп қойып шық.

Шешуі:
999+9:9+999+9:9+9-9=2000

2. Амал таңбаларын ретімен қойып шық.
3 3 3 3 3 3=90

Шешуі:
3*3*3*3+3*3=90

3.Суретте қанша кесінді бар?



  1. 16 сіріңкеден жылан түріндегі фигура құрастырылған.5 шырпының орнын ауыстырып әр түрлі өлшемдегі екі шаршы құрастыр.

«Зерде» интеллектуалды ойыны 5 сынып

  1. Пингвиндерді көрсетілген қатар бойынша қосқанда 12 саны шығатындай етіп орналастырыңдар.

.«Зерде» интеллектуалды ойыны 5 сынып

  1. Дұрыс көпбұрышты мына ережеге сәйкес орналастырыңдар:
    1)Қара түстілер жанасады;
    2) Е ақ түстілердің арасында;
    3)біреуі өз орнынды
    4) Д В-ның жанында емес

«Зерде» интеллектуалды ойыны 5 сынып

Әртүрлі сұрақтар

Торда 41 құс отыр. Оның 8-нен басқасы ұшып кетті? Торда қанша құс қалды?

Қабырғалары 5 см және 9см тіктөртбұрыштың периметрін тап?

Бөлменің 4 бұрышында 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысықтан отыр. Сонда бөлмеде неше мысық бар?

Қараңғы бөлмеде керосин шамы және шырақ қатар тұрса, бірінші нені тұтатар едіңіз?

Түйеқұс екі аяғымен тұрғанда бір пұт тартса, бір аяғымен тұрғанда қанша тартады?

Екі қыстақтың арасы 10 шақырым. Қырсық жолаушы күніне екі шақырым алға жүріп, кешке бір шақырым кейін қайтады. Қырсық жолаушы екінші қыстаққа неше күнде жетеді?

Екі қыстақтың арасы 10 шақырым. Қырсық жолаушы күніне екі шақырым алға жүріп, кешке бір шақырым кейін қайтады. Қырсық жолаушы екінші қыстаққа неше күнде жетеді?

Шаршының сол жағында үшбұрыш, оң жағында дөңгелек орналасқан. Шаршы қай жағына салынған?

5 алманы 5 кісіге тең бөліп беру керек және де себетте бір алма қалу керек.Бұл қалай?

Артық сөзді табу керек және себебін түсіндіру қажет.

ИМАТМЕАТКА

БЛИОГОИЯ

РХИТА

ПӘРЕДТ

Нәрселерді санағанда

Керек ол бізге ауадай,

Айтыңдаршы, бұл қандай сан,

Жан-жағыңа қарамай?

Сабыр түбі - сары …

______ сом ақшаң болғанша, _______ досың болсын.
20. ) ______ рет өлшеп, бір рет кес.

Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?

Сайыстың жеңімпазын анықтау.

























© 2010-2022