Кеңістіктегі векторлар тақырыбындағы сабақ жоспары/ 10 сынып/

Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Кеңістіктегі векторлар тақырыбындағы сабақ жоспары/ 10 сынып/Кеңістіктегі векторлар тақырыбындағы сабақ жоспары/ 10 сынып/Кеңістіктегі векторлар тақырыбындағы сабақ жоспары/ 10 сынып/Кеңістіктегі векторлар тақырыбындағы сабақ жоспары/ 10 сынып/10 а сынып Геометрия

Тақырыбы: Кеңістіктегі векторлар

Түрі: Жинақтау және жүйелеу сабағы

Білімділік: Кеңістіктегі векторлар тарауы бойынша алынған білімді жалпылау және қорытындылау. Тарау бойынша негізгі мәселені айқындап,бір-бірімен байланыстарын анықтау. Есептер шығара алу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: сөйлеу мәдениетін дамыту, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке баулу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін жетілдіру, пәнге қызығушылықты арттыру, шығармашылық іс-әрекеттерін дамыту.

Әдіс-тәсілдері:топпен жұмыс, саралап-деңгейлеп оқыту.

Көрнекіліктері: компьютер, интерактивті тақта.

  1. Ұйымдастыру кезеңі(1-2 мин)

Оқушыларды орындарына отырғызу, түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру

2)Мақсат қою кезеңі(1-2мин)

«Мен геометрияға қабілетсіз адам болады дегенге сенбеймін».

«Әркімнің өзі шығар биігі бар»

Білімді көтеру кезеңі

Әр топтан бір оқушы шығып, шаршының бір сұрағына жауап беру керек

1

1

1

2

2

2

3

3

3

Сұрақтары:

1) Вектор дегеніміз не?

2) Вектордың координатасын қалай табады?

3) Тең векторлар деп қандай векторларды атайды?

4) Векторлардың ұзындығын қалай табады?

5) Нөлдік вектор деген не?

6) Коллинеар векторлар деп қандай векторларды атайды?

7) Коллинеар вектор дегеніміз не?

8) Векторларды қосудың қандай ережесін білесін?

9) Векторлардың скалярлық көбейтіндісін тұжырымда.

Сәйкестендіру кестесі

тапсырмалар

жауаптары

1

2

3

4

5

6

а + в

АВ+ВС

а∙в

а₁в₁+а₂в₂+а₃в₃

к(а+в)

а+(в+с)

(а+в)+с

а∙в

в+а

к∙а+к∙в

АС

|а|∙|в|∙cosϒ

«Білегіңе сенбе,біліміңе сен!»

Берілгені а(4;0;3) табу керек

1)|a|⇒

2)|в|⇒

3)2а+в⇒

4)в-а⇒

5)|а+в|⇒

6)cosϒ⇒

Әркімнің өзі шығар биігі бар.

А В

Д Е С

Деңгейлік тапсырмалар

1 деңгей

1)C(-1;3;-2) векторының ұзындығын тап

2)А(2;-4;3) В(6;-5;4) болса,АВ векторының координаталарын табыңдар

3)а(-2;2;1) және в(-1;0;1) векторының арасындағы бұрышты табыңдар

2 деңгей

1)Егер векторлардың координаты x=-4, z=3 және ұзындығы 13-ке тең болса, онда вектордың үшінші координатын тап.

2)n=(2;4;5) және m=(1;0;1) векторларының координаталары берілген. a=(m-3n)-(3m-4n) векторының ұзындығын тап.

3 деңгей

1)a-в және а+в векторларының арасындағы бұрыштың косинусын табыңдар. Егер а(1;2;1) және в(2;-1;0) болса

Біз нені үйрендік?

1)Векторлар . . . кесінді.

2)Егер екі векторлардың скалярлық көбейтіндісі 0-ге тең болса, онда олар . . . болады.

3)Векторларды қосу ережелері . . .

4)Векторларды қосудың заңдары . . .

5)Векторлардың скаляр көбейтіндісі . . .

Векторлар математика мен физикада кеңінен қолданылады. Геометрияда векторлардың көмегімен жазықтықтың, түзудің және т.б фигуралардың теңдеулерін қорытып шығарамыз. Оны келесі сабақта қарастырамыз.

Қорытындылау кезеңі:

Математиканың түсінікті болған он беті, түсінбей жаттап алгған жүз беттен артық, ал өздігінен оқып игерген бір бет, әйтеуір түсінікті он беттен артық.

Үй тапсырмасын ұйымдастыру: (1-2) §24-§25-§26-§27 оқу,№237,№249, №250 есептерді шығару









© 2010-2022