Сабақ жоспары Рационал сандарды бөлу6 сынып

Раздел Математика
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары Рационал сандарды бөлу6 сыныпҚарағанды облысы Балқаш қаласы

«қалалық гимназия»

математика пәнінің мұғалімі

Тикей Мейрамгул

Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды бөлу.6сынып

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік:Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді

қолдануға дағдыландыру ,есептер шығару барысында оқушылардың шығармашылығын, ойлау икемділігін шыңдау.

2. Тәрбиелік: Дәлдікке, ұқыптылыққа,сауатты сөйлеуге тәрбиелеу.

3. Дамытушылық:Оқушылардың ой-өрісін ынтасын арттыру, іскерліктерін және өз бетімен еңбектену қабілеттілігін, белсенділігін дамыту.

Сабақтың түрі: білімді тиянақтау сабағы

Сабақтың типі: Өткен тақырыпты қайталау (ойын сабақ)

Әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, іздендіру.

Көрнекіліктері: интерактивті тақта, слайд, таратпа қағаздар.

Сабақтың жоспары:

1.Ұйымдстыру кезеңі

а) амандасу түгендеу ә) сабақтың мақсатымен таныстыру

2.Үй тапсырмасын тексеру

3. «Сұрақ- жауап» ойыны

4. «Кім көп біледі?» ойыны

5.«Кім жылдам?» ойыны

6. «Кім тапқыр?» ойыны

7. «Оқулықпен жұмыс »

8. Тест тапсырмасы

9.Үй тапсырмасын беру

10.Қорытындылау

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру (оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру, сабақтың мақсатын айту)

Оқушылармен амандасып, бүгінгі сабақтағы мақсатымыз - «қайталау- оқу анасы» деген қағидаға сүйене отырып, алған білімдерімізді есеп шығаруда пайдалана алу.

ІІ. Үйге берілген №566(1-6),№568(1), есепті тексереміз.

ІІІ. «Сұрақ-жауап» ойыны

  1. Кез келген теріс сан оң саннан -------? Кіші

  2. а кез-келген теріс сан---нөлден? a<0

  3. Координаталық түзу бойында -3,2 саны -3 тің---? Сол жағында

  4. Қарама - қарсы сандардың қосындысы ? 0

  5. Бөлінгіш пен бөлгіштің таңбалары бірдей болса, бөлінді қандай сан болады? +

  6. Таңбалары әр түрлі сандарды бөлсе, бөлінді қандай сан болады? (-)

ІV. «Кім көп біледі» ойыны

  1. 0 мен теріс санды салыстыр?. ( 0 үлкен теріс саннан)

  2. 0 мен оң санды салыстыр? ( 0 кіші теріс саннан)

  3. Екі теріс санның қайсысы үлкен болады?

  4. Екі теріс санды қалай қосады?

  5. Таңбалары әртүрлі ,модульдері тең емес сандарды қалай қосады?

  6. Рационал сандарды қалай азайтады?

  7. Таңбалары әр түрлі екі санды қалай көбейтеміз?

  8. Таңбалары бірдей екі санды қалай көбейтеміз?

  9. Таңбалары әр түрлі екі санды қалай бөлеміз?

  10. Таңбалары бірдей екі санды қалай бөлеміз?

V. «Кім жылдам » ойыны

1) -5:(-1) 2) 28:(-7) 3) 0:(-2) 4) 25:(-5)

5) -0,5:0,1 6) 55:(-11) 7) -6,3:3 8) 46: (-2)

9) -105 :( -21) 10) -68: (-34) 11) -42 : (-3) 12) 72 : (-3)

VІ. «Кім тапқыр » ойыны (слайд) кеспе қағазда

-8,5:1,7= -15,2:9,5

9:(-1,8)= -8,32:(-6,4)

(9-17):(8-12)= -1,22:х=6,1

(-32:8)-0,5*(-6)= -8,9 :(-х)=11,57

VІІ. «Оқулықпен жұмыс »

А .№558(1-3), В. №570(1-3) , С. №581 (1)

VIIІ. Тест тапсырмасы. (Слайд)

  1. 6,3: (-0,9)= А) -7 В)7 С) -700

  2. -5,4:(-3)= А)-18 В)1,8 С)-1,8

  3. 3,6:( -4)= А)-0,9 В)9 С)-9

  4. -8:(-1,6) = А)0,5 В)5 С)-5

  5. 9:(-5) = А)1,8 В)-1,08 С)-1,8

VIII. Сергіту сәті

Сабақты қорытындылау. Мысық пен күшік ойыны

Мысық -теріс таңбалы, күшік- оң аңбалы

ІХ. Үйге тапсырма №570 (4-6),№572,№581(2)



«Балқаш қаласы қалалық гимназияі»













«Рационал сандарды бөлу»





Сынып:6

Пәні: математика

Мұғалім : Тикей Мейрамгул



















Балқаш қаласы

© 2010-2022