8-сынып. Ромб, квадраттың қасиеттері мен белгілері

Раздел Математика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың қысқа мерзімді жоспары. 02.10.2015 жыл


Аты-жөні, жұмыс орны

Иманкулова Гулден Ерденовна

№4 ЖББМ

Пәні: геометрия

Сынып: 8 «Б»

Сабақтың тақырыбы:

Ромб, квадраттың қасиеттері мен белгілері

Мақсаты:

(SMART, орта мерзімдегі жоспар)

-Параллелограмның ерекше түрлері ромб және квадрат ұғымдарымен таныстыру.

-өзіндік қасиеттерін оқып үйрену.

-Ұғымдарға берілген анықтама мағынасын ашып көрсету.

Күтілетін нәтиже:

(орта мерзімдегі)

-Параллелограмның ерекше түрлері ромб және квадрат ұғымдарымен танысады.

-өзіндік қасиеттерін айыра алады.

-Ұғымдарға берілген анықтама мағынасын сыни тұрғыдан бағалай алады.

Табыс критериі:

-Параллелограмның ерекше түрлері ромб және квадрат ұғымдарын білді.

-өзіндік қасиеттерін айыра алды.

-Ұғымдарға берілген анықтама мағынасын сыни тұрғыдан бағалады.

Негізгі идеясы:

Оқушылар өз беттерімен жаңа материалды меңгерге жағдай жасайды. Білгендерін ортаға салып, ой бөліседі.

Оқулық:

(ҚР ҒБМ ұсынған)

Геометрия. Ә.Н.Шыныбеков

Алматы «Атамұра» 2012

Сабақтың барысы/ мұғалімнің ескертпелері:

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Формативті (ОүБ)

Суммативті (ОБ)

5 мин

Орындарында шеңбер құрып тұрады. Аттарына сәйкес бір-бірлеріне сәттілік тілейді.

Орындарында шаттық шеңберін құрады. Аттарына сәйкес бір-біріне сәттілік тілейді. Мыс: Айдана - ақылды бол, т.б.

5 мин

Ромб, квадрат ұғымдары туралы төменгі сыныптан білетін мәліметтерін ортаға салу.

Оқушылар ұғымдарға қарапайым түрде білетін ақпараттарымен бөліседі.

Жақсы

10 мин

Әр топқа фигураларды бөліп беру. Олардың қасиеттерін, белгілерін ұсыну

Берілген фигураның қасиеттерін, белгілерін ортаға салып түсіндіреді.

Әр оқушының аттарына жазылған тұсына плюс қойылып отырылады.

10 мин

Әр топтың фигурасы бойынша ой бөлісуін ұсыну

Топтан бір-екі спикер шығып фигураны таныстырады

Топтар бір-бірін бағалайды

10 мин

Практикалық тапсырма орындайды.

Оқушы тақтаға шығып есеп шығарыд

Топ басшылары бағалап отырады.

5 мин

Білім. Жаңадан қандай білім алдың?

Түсіну. Берілген білімді түсінгеніңді қалай дәлелдейсің?

Қолдану. Алған біліміңді қайда қолданар едің?

Анализ. Алған біліміңнің маңызы не?

Синтез. Алған біліміңді жинақта.

Баға. Өзіне баға бер.

Қабілетті оқушы берілген сұрақтарға толық әрі жылдам жауап бере алады.

Қабілеті төмен оқушы бір сөзбен жауап беруі мүмкін.

Топ басшылар бағалайды.

Жиынтық бағалау


© 2010-2022