Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу

Раздел Математика
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары

Сабақ №108

Сынып: 6

Пән:математика

Мерзімі:22.01.16
Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларды бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шығаруға үйрету.
Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін дамыта отырып есептер шығару.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушыларды түгендеу.
ә) оқушылардың сабақта жұмыс істеу дайындығын тексеру.

II. Үйге берілген есептерінің шығарылуын тексеру:дәптер жинау тарату.
III. Оқушылардың өтілген материал бойынша білімін тексеру:

  1. Қандай теңдеуді бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу дейміз?

  2. Теңдеудің қасиеттерін айтыңдар.

  3. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің шығару алгоритмін айтыңдар.

  4. Жақшаның алдында плюс таңбасы тұрса, жақшаны қалай ашу керек?

Жауабы: Жақша алдында плюс таңба тұрса, жақшаны ашқанда жақша ішіндегі қосылғыштар өз таңбаларымен жазылады.

  1. Жақшаның алдында минус таңбасы тұрса, жақшаны қалай ашу керек?

Жауабы: Жақша алдында минус таңбасы болса, жақшаны ашқанда жақша ішіндегі қосылғыштардың таңбалары қарама-қарсы таңбамен алмастырылады.

IV. Сынып жұмысында: №846, №847, №848 есептерін шығару.
V. Оқушыларға үй тапсырмасын және оны орындауға нұсқау беру кезеңі.
1) Үйге №849, №850
2) Сабақты қорытындылау.

© 2010-2022