Планирование по математике «Өткенді пысықтау»

"Описание материала:Өткенді пысықтау Сабақтың мақсаты: Білімділік: Жазбаша көбейту және бөлу тәсілдерін бекіту. Дамытушылық: Көбейту мен бөлу ережелерін пайдалана отырып, әртүрлі есептерді шығару қабілетін тексеру және өздігінен ойлап есеп шығарып, дұрыстығын анықтай білуге дағдыландыру, талдап, қорытынды жасай білуін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа, тиянақтылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Көрнекілігі: интерактивті тақта, сандық, Пәнаралақ байланыс: ана тілі, дүниетану.... - Алланың жер бетіндегі елшісі Мұхаммед пайғамбар білімдар ғұлама болған. Бірде Мұхаммед пайғамбарға періштелерінің бірі «Білім артық па, әлде дүниебайлық артық па ?» деп сұрақ қояды. Не деп жауап бергенін білгілерің келе ме ? Ол жауапты біз бүгінгі сабағымызда тапсырмаларды орындау барысында білетін боламыз. Мұхаммед пайғамбардың жауабы «Сиқырлы сандықта». Жауабын сиқырлы сандықтан жеңімпаз бала алып оқиды. 1 – тапсырмаІІ. Үй тапсырмасын тексеру 1 – жауап: «Білім артық, себ...
Раздел Математика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Планирование по математике «Өткенді пысықтау»Қыдырова Алуа «Үстірт орта мектебі» ММ бастауыш сынып мұғалімі Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы

Өткенді пысықтау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жазбаша көбейту және бөлу тәсілдерін бекіту. Дамытушылық: Көбейту мен бөлу ережелерін пайдалана отырып, әртүрлі есептерді шығару қабілетін тексеру және өздігінен ойлап есеп шығарып, дұрыстығын анықтай білуге дағдыландыру, талдап, қорытынды жасай білуін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа, тиянақтылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Көрнекілігі: интерактивті тақта, сандық, Пәнаралақ байланыс: ана тілі, дүниетану. Түрі: аралас сабақ Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. ХХІ ғасырда Қазақстанды әлем таныды, өркениетті елдердің қатарына қосылуға үлкен қадамдар жасады. Елбасы Н. Ә. Назарбаев "Еліміздің болашағы бүгіннен басталады» деген үндеуінде сендерге үлкен үміт артып отыр. Енді 30 жылдан кейінгі елімізді басқаратын және жоғарғы техниканы меңгерген жұмысшылар сендер боласыңдар. Ендеше мұның бәрі сендерден терең білімді қажет етеді. Осы жайында мына бір әңгімені айтып берейін.

- Алланың жер бетіндегі елшісі Мұхаммед пайғамбар білімдар ғұлама болған. Бірде Мұхаммед пайғамбарға періштелерінің бірі «Білім артық па, әлде дүние байлық артық па ?» деп сұрақ қояды. Не деп жауап бергенін білгілерің келе ме ? Ол жауапты біз бүгінгі сабағымызда тапсырмаларды орындау барысында білетін боламыз. Мұхаммед пайғамбардың жауабы «Сиқырлы сандықта». Жауабын сиқырлы сандықтан жеңімпаз бала алып оқиды.

1 - тапсырма ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 1 - жауап: «Білім артық, себебі ол Пайғамбардан қалған мұра» 2 - тапсырма

ІІІ. Жаңа сабақ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

  • Балалар, біз бүгінгі сабағымызда өткен тақырыптарға қайталау жасаймыз.

  • Біз өткен сабақта нөлдермен аяқталатын сандарды көбейту және бөлу тәсілдерін орындадық.

81 000 : 30 = 2 700 Нөлдермен аяқталатын сандарды нөлдермен аяқталатын сандарға бөлу кезінде алдымен бөлінгіш пен бөлгіштегі нөлдер теңдей алып тастап, содан соң бөлуді орындау тиімді. ә ) Баған түрінде шығар және дұрыстығын тексер.

976 * 87 = 84 912 2 376 : 33 = 72 9 * 3 080 = 27 720 9 407 : 23 = 409 84 912 :87 = 976 72 * 33 = 2 376 27 720 : 3 080 = 9 409 * 23 = 9 407 2 - жауап: « Білімің көп болса, досың көп болады» 3 - тапсырма Теңдіктер тура болатындай етіп жақшаларды қой. 2 820 - (960 : 6 + 280) = 2 380 (6 900 - 900 ): 6 - 670 = 330 3 - жауап: «Білімді іздей берсең, толып көбейеді, ал дүниені жарата берсең, азайып құриды»

Сергіту сәті

4 - тапсырма «Кім жылдам» ойыны. Бөлінгішті тап.

7 * 32 + 30 = 254 8 * 33 + 31 = 295 3 * 34 + 32 = 134 : 32 = 7 ( қалд. 30) : 33 = 8 ( қалд. 31) : 34 = 3 ( қалд. 32) 4 - жауап: «Білімің көп болса, оны қанша ғасыр сақтасаң да іріп - шірімейді, ал дүние ескіреді»

5 - тапсырма Топпен жұмыс. Қай жерде абайлау керек ? «Ойлан, тап» ойыны 1 900т : 5 = 380т 9 000 кг : 2 = 4 500 кг 3 960 кг : 9 = 440 кг 4 320 кг : 2 = 2 160кг 35 000 г : 2 = 17 500 г 9 480 т : 30 т = 316т

5 - жауап: «Білімді болсаң сені ел құрметтейді, сыйлайды. Ал байлығың болса, қызғанышпен қарайды» 6 - тапсырма Шығармашылық жұмыс. Сызба бойынша теңдеу құру арқылы шығаруға болатын есеп құрастыр.

Сәбіз _____25кг______________

Пияз _______35 кг__________________________ 80 кг

Картоп ______Хкг_________

25 кг + 35кг + Х кг = 80 кг 60 кг + Х кг = 80 кг Хкг = 80кг - 60кг Х = 20кг 25 кг + 35 кг + 20 кг = 80 кг 6 - жауап: «Білім өміріңді жарық етеді, ал дүние тура жолдан тайдырады»

ІV. Сабақты қорытындылау

  • Сонымен Мұхаммед пайғамбар нені артық депті ?

  • Білімді

  • Қазақстан өз дамуында жаңа серпіліс жасап, әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылуды меже тұтып отыр. Еңселі отыздыққа ену үшін біз қандай болуымыз керек ?

  • Білімді болуымыз керек

  • Қай мемлекеттің де негізгі тірегі - білімді де, белсенді, дарынды адамдар.

  • Ендеше, тек қана білім бізді дамыған елдер қатарына жеткізеді екен.



Не білемін?

Не білдім ?

Не үйренемін ?


V. Бағалау

VІ. Үйге тапсырма. №8 есеп, 23 - бет.



© 2010-2022