Математика пәнінен 1-2 тоқсанда өткенді қайталау. (4 сынып)

Сабақтың тақырыбы: Өткенді қайталау. Мақсаты: 1-2 тоқсанда өткен материалдар жайлы оқушылардың білімін тиянақтау. Математикалық тілі,логикалық ойлауын,есте сақтау, қабілеттерін дамыту. Байқампаздыққа,алғырлыққа, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу. Көрнекіліктер: портреттер, карточкалар, сызбалар, суреттер. Сабақтың түрі: аралас сабақ Пәнаралық байланыс :әдебиет,дүниетану
Раздел Математика
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Өткенді қайталау.

Мақсаты: 1-2 тоқсанда өткен материалдар жайлы оқушылардың білімін тиянақтау.

Математикалық тілі,логикалық ойлауын,есте сақтау, қабілеттерін дамыту.

Байқампаздыққа,алғырлыққа, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: портреттер, карточкалар, сызбалар, суреттер.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Пәнаралық байланыс :әдебиет,дүниетану

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,ойын

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Психологиялық дайындық.

Абай ауылы

Күн жарығын алақанға саламын.

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік,жарық,мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым

Мағжан ауылы.

Күн жарығын алақанға саламын.

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Нұрын шашып жарығы мен мейірімін,

Көркін ашар мына әсем даланың

Ыбырай ауылы.

Аспанға қарадым ай көрдім,

Төменге қарадым жер көрдім.

Оңға,солға бұрылдым,

Егеменді ел көрдім.

Ой жинақтау:

Үй тапсырмасын тексеру.

132,133 беттегі №4,9

20498 300, 20574 300, 444017 60, 444059 60,

Салыстыру: 36м47см 347см 15 км375 м 15753 м

30т337 303 ц37км 8 сағ 300мин 510 мин

Ой қозғау (математикалық диктант)

1-ауылы: 690-ды 300-ге кем3т

520-ны 80-ге арттыр

400 бен 9 сандарының көбейтіндісінің мәнін тап.

2-ауылы : БІРІНШІ қосылғыш -463,екінші қосылғыш 400 қосындының мәнін тап.

2 т -дан 67 кг ал.

3-ауылы: 480-ді 80 мен 3 сандарының көбейтіндісіне бөл.

Ой ашар.Өткен сабақтарды қайталау.

Абай ауылының тапсырмалары.

Сандықша: 54376+20414= 74790-20414= 39246+759=

1800-48= 42709+27592= 37907+22093=

Мағжан ауылының тапсырмалары.

Жылдамдық,уақыт және қашықтық.

Автобус 45 км сағ жылдамдықпен 90 км жол жүрді. Ол қанша уақыт жолда болды?

2. Жеңіл машинасы 90 км сағ жылдамдықпен 270 км жүрді.Ол қанша уақыт жүрді?

3 Жүк машинасы 70 км сағ жылдамдықпен 280 км жүрді.Ол қанша уақыт жолда жүрді?

Сұрақ: Қашықтық пен қозғалыс белгілі болса,қозғалыс уақытын қалай табуға болады?

Қашықтыққа жылдамдықты бөлу арқылы табу керек.

2. Теңдеу және оны шешу тәсілдері.

Х+420 = 597420, х-546 = 464, 432+х= 900

Топ басшылар: х+20*8 = 2600

40*6+х = 9400

Х-560: 7 = 2000

Сергіту сәті.

Абай кім ? Мағжан кім ? Ыбырай кім? Хор: Ұстазым.( Ұстаздар сіздердің құрметтеріңізге)

Ой толғаныс. Ыбырай ауылының тапсырмалары

Санды көбейтіндіге көбейту,бөлу.

1. Әр түрлі тәсілмен есептеп тап.

18: ( 3*2) = 42 (2*7 ) = 36: (3*6) =

2. Тиімді тәсілмен есептеп тап: 25* (2*3 )= 90:( 5*2)= 7200:( 9*4) =

3. Түсіндіре отырып ауызша есептеп шығар.

27*30 23*40 12*80

810: 30 920: 40 960: 80

4. Көбейту және бөлу.

182*30 = 231*40= 121*70=

5460:30 = 9240:40 = 8470:70

Ой қорыту: Балалар қазір жылдың қай мезгіл ( қыс)

Топ басшылары сабақты қорытады. Аққаланың макетін құрастыру.

Абай ауылы: 50*2+х = 1482

Мағжан ауылы: 4096: 8 =

Ыбырай ауылы: 47*(25*4)=

Қорыту және сергу тапсырмасы. (Сұрақ-жауап)

  1. Тауық бір аяғымен тұрғанда 2кг,екі аяғымен тұрғанда неше

  2. Сенің әке-шешең көршіңе кім болады

  3. Үйдің 4-бұрышында 4-мысық отыр.Әрқайсына қарап 3-мысық отыр.Үйде неше мысық отыр

  4. 1-жұмыртқа 3-мин піседі.2-жұмыртқа неше мин піседі

  5. Бір адам қалаға барат жатыр еді,жолда 3-танысы қарсы шықты.Қанша адам қалаға барды

  6. Ержанның төрт ұлы бар. Олардың әрқайысының туған қарындастары бар

Ержанның неше ұлы,неше қызы бар

Үйге тапсырма: 134 бет № 8, 9

Бағалау .

9-12 ұпай " 5 " 4-1 ұпай- "3»

8-5 ұпай " 4"



© 2010-2022