Сыныптан тыс шара математика пәнінен Мат – Арт мейрамханасы (5-6 сыныптар)

Раздел Математика
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 5 - 6 сыныптар

Тақырыбы: Мат - Арт мейрамханасы

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, ой - өрісін, логикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін пысықтау мақсатында «Мат - Арт мейрамханасы» атты сайыс оздырғалы отырмыз. Сайыс оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапгершілікке, тыңдай, сөйлей білуге тәрбиелеу бағытында болмақ.

«Сергіту сәті» - оқушылар сіздерге геометриялық фигураларды ұсынамыз. Сол берілген фигуралар орқылы топтасып отырасыздар. Төрт бұрыш, үшбұрыш.

Жүргізуші: Құрметті «Мат - Арт мейрамханасының» қонақтары бүгін мейрамханамыздың екі столының тапсырыс берген қонақтар бар. Соларды таныстыруға рұқсат етіңіздер.

Олар 1) Англиядан келген саяхатшылар

2) Қытайдан келген өлкетанушылар

Жүргізуші: Жақсы тәбетпен жеген ас қана сіңімді болады. Сондықтан тәбеттеріңіз ашылсын! Бүгінгі мейрамханамыздың тәртіпке бас аспаздар жауапты. (Әділ қазылар таныстырылады.)

1. МИФ пәндер бірлестік жетекшісі Дүйсенбаева А.И

2. Информатика пәнінің мұғалімі Құстаубаева Б.Е

3. Информатика пәнінің мұғалімі Қауметова Н.Н

Жүргізуші:Армысыздар ағайын!

Сіздерге ждар салайын.

Рұқсат сұрап ойынның,

Сайыскерлерін қарсы алайын.

Жүлдегері ғасырдың,

Үздіктері білімнің,

Төрден орын алыңыз,

Жарысқа қадам басыңыз!

Мейрамханамыздың ас мәзірі:

Сусындар: 1. Су (тассай) - 10 теңге

2. Газдалған шырын (Буратино) - 30 теңге

3. Газдалмаған шырын (Джой) - 50 теңге

(үш деңгейде тапсырмалар)

Ыссы тамақтар: 1. Күріш - 150 теңге

2. Манта - 200 теңге

3. Қуырдақ - 250 теңге

(логикалық тапсырмалар)

Дисерттер: 1. Круасан - 60 теңге

2. Пирожный - 90 теңге

3. Торт - 120 теңге

(сызба тіректер)

Жүргізуші: Уақыттарыңыз мәнді де сәнді өтсін! Біздің тағамдарымыз сіздерге ұнайды деп сенеміз. Астарыңыз дәмді болсын!

Сусындардың тапсырмалары:

Ыссы тамақтардың тапсырмалары:

Жүргізуші: Ал ендеше қонақтар астарымызды қорытыу мақсатында ойын ойнайықшы. Қазір сіздерге даяршы тапсырмалар береді, сол тапсырмаларды отырған көрермендергі ыммен, мимикамен, сойлемей түсіндіресіздер. Ал отырған көрермендер жауабын шешу керек. Келістік пе? Ал бастаймыз.

Ойлан тап. Құрастыратын Нұрбол Нұралыұлы

Дисерттің тапсырмалары: Есептер шығару

Жүргізуші: Бас аспазшы әділқазыларымыз ойынның қорытындысын шығара берсін. Оған дейін Нұрбол Нұралыұлына «Математикалық фокустар» көрсетеді. Тамашалаймыз. Қорытынды сөз кезегін әділқазыларға береміз.

Жүргізуші: Ренжімеңдер, қалсаңыздар жеңіліп,

Алда тұр талай жеңіс сізді күтіп.

Математиканы терең зерттеп, танысып,

Кездесейік сайыстарда қауышып.

Қай тіл, қай ғасырды алсақта,

Білім алу әр адамда мақсаттар.

Білімменен елімізді көркейтіп,

Жетейік біз асқар асыл мұратқа!

Бүгінгі «Мат - Арт мейрамханасы» атты сайысқа қатысып өз білімдеріңізді көрсетіп қатысқандарыңызға көп - көп рахмет. Бас аспазшы әділқазыларымызға, даяршы қыздарымызға, ойынға қатысқан қонақтарға алғысымызды білдіреміз.


Келесі кездескенше

сау болыңыздар.







Мейрамханамыздың ас мәзірі:

Сусындар:(үш деңгейде тапсырмалар)

1. Су (тассай) - 10 теңге

2. Газдалған шырын (Буратино) - 30 теңге

3. Газдалмаған шырын (Джой) - 50 теңге

Ыссы тамақтар:(логикалық тапсырмалар)

1. Күріш - 150 теңге

2. Манта - 200 теңге

3. Қуырдақ - 250 теңге

Дисерттер:(сызба тіректер)

1. Круасан - 60 теңге

2. Пирожный - 90 теңге

3. Торт - 120 теңге

© 2010-2022