Ойлы болсаң, озып көр

«Опытное поле орта мектебі» Орындаған: Қайратова М. Өскемен, 2014Сыныбы: 6-7 сыныптарСабақтың тақырыбы: «Ойлы болсаң, озып көр»Мақсаты: Білімділік: Математика пәніне деген қызығушылықты арттыру.Дамытушылық: Оқушылардың ой –өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілеттін дамыту.Тәрбиелік: Оқушыларды алғырлаққа, тапқырлыққа, шапшандыққа тәрбиелеу.Түрі: Сайы... Күлдіргі жұмбақ есеп шығару. Фигура құру. Қорытынды. Әр тапсырма 10 балдық жүйемен бағаланады.Кіріспе сөз. Бүгінгі шәкірт ертеңгі азамат. Сол азамат бойында тапқырлықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады. «Білімді азамат –ел ертеңі», «Білікті бірді, білімді мыңды жығар» деген халықтың даналық сөзі бар- дей отырып сіздерге Ақ жол тілейміз.Кешімізді бастамас бұрын біз әділ –қазылар алқасын таныстырып өтейік:Мұғалім: Қош келіпсіздер, ойынға, барша қауым!Қатардан артта қалып қоймайық,Белсенді болайық ортада,Уақытты ...
Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ойлы болсаң , озып көр«Опытное поле орта мектебі»



Ойлы болсаң , озып көр



Орындаған: Қайратова М.




Өскемен, 2014

Сыныбы: 6-7 сыныптар

Сабақтың тақырыбы: «Ойлы болсаң, озып көр»

Мақсаты:

Білімділік: Математика пәніне деген қызығушылықты арттыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой -өрісін кеңейтіп, шығармашылық

қабілеттін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды алғырлаққа, тапқырлыққа, шапшандыққа

тәрбиелеу.

Түрі: Сайыс.

Әдісі: Топ бойынша жұмыс.

Тапқырлар сайысының жоспары:

  1. Топтардың сәлемдесуі.

  2. Күлдіргі жұмбақ есеп шығару.

  3. Фигура құру.

  4. Қорытынды.

Әр тапсырма 10 балдық жүйемен бағаланады.

Кіріспе сөз.

Бүгінгі шәкірт ертеңгі азамат. Сол азамат бойында тапқырлықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады.

«Білімді азамат -ел ертеңі», «Білікті бірді, білімді мыңды жығар» деген халықтың даналық сөзі бар- дей отырып сіздерге Ақ жол тілейміз.

Кешімізді бастамас бұрын біз әділ -қазылар алқасын таныстырып өтейік:

Мұғалім: Қош келіпсіздер, ойынға, барша қауым!

Қатардан артта қалып қоймайық,

Белсенді болайық ортада,

Уақытты тектен текке жоймайық.

Сіздердерді кешімізге шақырамыз,

Есеппен басыңызды қатырамыз

Математиканы ұғындырып,

Аз да болса білімізді толықтырамыз.

Сәлемдесу.

«Алғырлар» тобы:

Шақырып жарыстарды сан -салады.

Алғырлар топ жарғалы зер салады!

Ту етіп достықпенен татулықты,

Тапқырлар командасын қарсы алады!

Тапқырлар биіктерде қалықтасын,

Жеңіспен көк жүзінде шарықтасын.

Жеңіс туын желбіреп алауласын,

Бәйгені сенен ешкім ала алмасын.

Білімге толы санамыз,

Бүгінгі күн жеңісте.

Алғырлықпен аламыз,

Есепті біз шешеміз.

Оны мақтан етеміз,

Тапқырларға бүгінгі

Кете қоймас есеміз.

Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бір екен,

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

«Тапқырлар» тобы:

Осындай алғыр достар кез келгенше

Жетсін-ау жарыстарда жеңгенге не?

Қарсылас болғанымен құрбысыңдар,

Тілейміз ізгі тілек сендерге біз

Құрметтеп алғырларды ой-саналы

Тапқырлар сәлем беріп ән салады.

Бүгінгі сайыста достарына

Қашанда тапқыр бол деп ой салады.

Дайындықпен келіп тұрмыз жарысқа,

Есеп білсек жетеміз ғой табысқа.

Сайыстарда біз оңай беріспейміз,

Тең ойынға тағы да келіспейміз.

Тапқырлықпен алдыға жан салмаймыз,

Алғырлардан ешқашанда қалмаймыз.

2030-дың бағдарлы биігі,

Білімнің еншісі бұны әркім біледі.

Сондықтан достар ау дарынды қарайық,

Алынбас қамал жоқ шыңдайын жігерді.

Мұғалім: Ойнайық, ойлайық та ойнайық!

Білімділік көрсетейік , сынайық,

Жеңсең де, жеңбесеңде ренішсіз болмайық,

Қаймықпай көңілді боп тарайық!

Кешіміз міне басталды

Ұмыт болғанды еске алды

Қиында болса қызық сабақ

Жұмыс істетейік бастарды.

Кешіміз міне басталды!!!

1-кезең. «Тіл өнері» 2 топқа жұмбақтар қойылады. Жұмбақтың жауабын тауып, үш тілде айтулары қажет.

Мұғалім: Есептен шет қалмаңыздар

2-кезең. «Ғажайып үштік» Бұл бөлімде оқушылар төмендегі кестеден ұпай бойынша сұрақтар таңдайды. Дұрыс жауап берсе сол ұпай қосылады. Әр есепке бір минут беріледі. Ұпай аз 3 оқушы ойыннан шығады.

3- кезең. «Кім жылдам?» Фигура құру. Бұл кезеңде топтар айтылған фигураларды құрастыру керек:

  1. Паралель түзу.

  2. Үш бұрыш

  3. Тікбұрышты үшбұрыш

  4. Төртбұрыш.

  5. Перпендикулярь түзу.

Жарайсындар, әділқазылар өз ұпайларын беріп өтсе.

Келесі тур 4-кезең. «Ойымды жалғастыр» сайысы.( Әр командаға жеке-жеке математикаға байланысты мақал-мәтел беріледі,соның жалғасын табасыңдар.)Дұрыс жауап 7 -ұпай;

1.Жеті жұрттың тілін біл, .........................( жеті түрлі білім іл)

2.Білікті бірді жығар, ............................(білімді мыңды жығар)

3.Екі жақсы қас болмас, ...........................(екі жаман дос болмас)

4.Досыңды үш күн сынама, ...........................(үш жыл сына)

5.Бір елі ауызға- .........................(екі елі қақпақ)

6.Жүз сомың болғанша, .....................(жүз досың болсын)

7.Отыз тістен шыққан сөз, ..........................(отыз елге тарайды)

8.Білгенің бір тоғыз, .......................(білмегенің тоқсан тоғыз)

9.Бір кісі қазған құдықтан, ......................(мың кісі су ішеді)

10.Алты жасар бала келсе, .........................(алпыстаға қария келіп сәлем берер)

5-кезең. «Сиқырлы мозайка». Бұл турда әр топқа бірдей тапсырма,карточка арқылы беріледі.Кесте ішінде жасырулы сөздер бар,сол сөздерді сөзқума арқылы тауып айту.Әр дұрыс, әрі толық жауапқа 10-ұпай;

1-карточка

С

А

Н

Н

А

Т

У

Р

А

Л

М

А

Қ

О

С

У

Б

Ү

Т

І

К

Т

Е

М

А

Т

И

К

А

Н

Ө

Б

Е

Й

Т

Ү

Б

Ө

Л

У

К

О

О

Р

Д

И

Н

А

Т

А

2-карточка

М

А

С

С

А

М

А

С

Ш

Т

Т

Е

Р

І

С

О

Ң

Н

Ө

А

Б

Ө

Л

Ш

Е

К

П

Р

Л

Б

Р

А

Ц

И

О

Л

У

О

П

О

Ш

А

М

А

Н

А

Я

И

Ц

Р

Соңғы турғада келіп жеттік

Мұғалім: Есеп додасы басталды.

6-кезең. «Мат-логика» сайысы. Бұр турда аты айтып тұрғандай математикалық логикалық есептер беріледі. Сол есептердің дұрыс жауаптарын тауып, ұпай жинайсыздар. Әр дұрыс жауап 10-ұпай;

1-топқа:

1.Егер тырна бір аяғымен тұрса 3кг болады, ал екі аяғымен тұрса неше кг болады?( 3кг)

2.Үстел беті төртбұрыш, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? ( 5 бұрыш)

3.Төрт қойдың неше аяғы бар?(16 аяқ)

4.Ағаш үстінде 10 торғай отырды. Аңщы біреуін атып алды, неше торғай қалды?(1-торғай)

2-топқа:

  1. жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа неше минутта піседі?(3 минутта)

2.1 т мақта ауыр ма, 10 ц темір ауыр ма?(тең)

3.Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар.Жанұяда неше бала бар?(алты бала)

4.Асханаға жүз кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді.Асханаға неше кг картоп әкелінді?(300 кг)

Ендеше бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті, қазылар алқасынан әр турдың жиналған жалпы ұпай санын сұраймыз.

Бүгінгі сыныптан тыс ашық сабағымызды аяқтап, эстафеталық сайысқа белсене қатысқан оқушыларды анықтап, қазылар алқасы марапаттайды.

  1. Қорытынды. Әділқазыларға сөз беріліп, марапатталады.

Сау болыңыздар!!!

© 2010-2022