Ел мерейің асқақтатқан-ер Елбасы

Менің елім-Қазақстан! Бұл әрбір дала перзентінің көкірегінде мақтаныш пен айтатын сөзі. Елбасы «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді аянбай жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа»,-дейді. Расында да, болашақта өз елінің қожасы да, иесі де өздеріңізсіздер. Осыған орай «Ел мерейің асқақтатқан- ер Елбасы!» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.  Егемен елдің берекесін арттырған ...
Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тобы:

Уақыты:

Сабақтың тақырыбы:

«Ел мерейің асқақтатқан- ер Елбасы!»

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А) ақпараттық құзыреттілік

Ә) коммуникативтік құзыреттілік

Б) проблеманы шешу құзыреттілігі

а) Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сан қырлы талант иесі,құдіретті тұлға екендігін студенттердің санасына жеткізу;

ә) Елімізге еңсе тіктетіп, мемілекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру;

б) Елін сүйген,елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі:

Дөңгелек үстел

Сабақтың әдісі:

Топтық - ұжымдық жұмыс

Көрнекіліктері:

слайдтар көрсету,шарлар, суреттер, видео

Оқыту құралдары:

компьютер, мультимедиалық проектор, презентация.

Шараның барысы:

Оқытушының қызметі

Студенттің қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру бөлімі

- амандасу

- зейіндерін аудару

-тәрбие сағатының мақсатымен таныстыру.

- амандасады -зейіндерін аударады

Тәрбие сағатын жақсы өткізуге ат салысады

ІІ. Негізгі бөлім

Әнұран орындалады.

Әнұран орындайды

Елжандылық сезімі дамиды

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Ел мерейің асқақтатқан- ер Елбасы

Менің елім-Қазақстан! Бұл әрбір дала перзентінің көкірегінде мақтаныш пен айтатын сөзі. Елбасы «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді аянбай жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа»,-дейді. Расында да, болашақта өз елінің қожасы да, иесі де өздеріңізсіздер. Осыған орай «Ел мерейің асқақтатқан- ер Елбасы!» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Оқытушы сөзіне назарларын аударады.

Тәрбиелік шараның мақсат - міндеттерімен танысуы

1-жүргізуші - Ойшыбаев Жасұлан

1-жүргізуші - Ақмамбетова Балнұр

1-жүргізуші

Қайырлы күн! Егемен елдің берекесін арттырған азат елдің ұландары! Бүгінгі ашық тәрбие сағатымызда әділеттің ақ жолын ту етіп, елінің егемендігін ойлаған, ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған ұрпақтың саналылығына мән берген ар менен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері - Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы болмақ.

2-жүргізуші

Болашағым Қазақстанның алдағы,

Орындалсын қазағымның арманы.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев,

Халқымыздың сеніп алған таңдауы.

Сағыналиев Жантілес «Ұлт күні - Қазақ күні»

Ел мерейің асқақтатқан- ер Елбасы

1-жүргізуші

Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

Бізге Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қызықты да, өнегелі өмірі жайында алғашқы баяндаманы қорғайтын Өтепова Мөлдірге сөз кезегің берейік!

Ел мерейің асқақтатқан- ер ЕлбасыЕл мерейің асқақтатқан- ер Елбасы

Сағыналиев Жантілес

«Ұлт күні - Қазақ күні»

Жақсылар жанын қиды қасіретпен,

Алаштың ерлері бар асыл өткен.

Арманым болмас еді-ау туған елім,

Гүл жайнап, қазақ болып тасып өтсем.

Өр Елім, маңдайыңнан жарық көрдім,

Бабалар өнегесін алып келдім.

Ескерткіш Елім үшін орнатпасам,

Мына жалған өмірге неғып келдім?

Рухынан жақсылардың нұр саулаған,

Жанымды мейірімі құрсаулаған.

Жайсаң өлке, жайдары Қазақстан,

Шуақ шашқан сәулелі күнсің маған!

Нұрына шомылдырып алтын күннің,

Республикам ертеңге талпындырдың.

Өзінен шабыт алып ақын қиял,

Шалықтап кең далада шалқып жүрмін.

Егемен елім десем, сенім кіріп,

Бойымды билеп кетер сенімділік.

Ешкімге ауыстырмас алтын Отан,

Жырлаймын қасиетіңді төгілдіріп.

Жарқырап жанған күндей азаттығы,

Көрінер ұлтымның да ғажаптығы.

Республика күнімен құттықтаймын,

Өйткені ол - Ұлт күні, Қазақ күні!

Баяндама:

Ел мерейің асқақтатқан- ер Елбасы

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті. 1969 жылдан бастап комсомол және партия жұмысына ауысты. Жоғары мемлекеттік және партиялық қызметтерді 1979 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы болып сайланған кезден атқара бастады.

Сөз саптай білуі, орындау шығармашылықтары мен мазмұндылығы

-тапсырманы орындау барысында белсенділіктерін көрсетуі; -еркін ойлауы;







Қазақстанның өркениетті ел қатарын қосылуна Елбасының үлесін көре отырып, ұлттық мақтаныш сезімі дамиды

«Ақ Ордаға» саяхат

Ел мерейің асқақтатқан- ер Елбасы

Ел мерейің асқақтатқан- ер Елбасы



Ел мерейің асқақтатқан- ер Елбасы


Ел мерейің асқақтатқан- ер Елбасы


Ел мерейің асқақтатқан- ер Елбасы

Ел мерейің асқақтатқан- ер Елбасы


О АҚОРДА АҚШАТЫР

ҰЛЫСЫМА БАҚ ШАТЫР

БАЯНДЫ БОЛСЫН АЗАТТЫҚ

ОСЫ МЕНІҢ МАҚСАТЫМ

О АҚОРДА АҚШАТЫР

Егемен Қазақстанның жаңа астанасында көркемдік маңызы мен ауқымы жөнінен қала орталығының бірегей сәулеттік ансамблі бой көтерді. Оның құрамындағы ең басты туынды-Ақорда-Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы. Резиденция қала құрылысы ансамблінің композициялық және мазмұндық орталығы болып саналады. Ақорда түпкі ой мен оның іске асырылуы жөнінен Қазақстан тәуелсіздігінің көркем бейнесін білдіреді. Қазақы және шығыстық мотивтер сарайдың сәулеткерлік жасау-жиһаздарында шеңберлер мазмұны және ою-өрнектіде кор арқылы көрініс тапқан. Авторлық жобаның айрықша өзгешелігі, эксклюзивті ер екшелігі-резиденцияға көркемдік тұтастық беретін қазақ бейнелеу өнерінің бірегей жиынтығы.

Резиденция құрылысы 2001 жылы басталды. Авторлар алдында даму үстіндегі елдің қуатымен қарқынын білдіретін қайталанбас бірегей кешен құру міндеті тұрды. Жоба жұмысын Еуропа мен Қазақстанның белгілі сәулетшілері жүргізді. Олардың қатарында еуропалық әйгілі дизайнерлер М.Гуалацимен А.Мольтени бар. Ішкі көріністі ұлттық мәнерде орындау академик Қ.Монтақаевтың кеңесімен жүргізілді. Аса маңызды мемлекеттік нысанды салу үшін 26 ұлт өкілдері және әлемнің ондаған елінің мамандары мен жұмысшылары еңбек етті. ҚАЗАҚСАТАН Республикасы Президентінің жаңа резиденциясының ресми тұсау кесері 2004 жылғы 24 желтоқсанда өтті. Ғимараттың жалпы ауданы- 36 720 шаршы метр. Ғимарат құрылыстағы ең соңғы заманауи әдістер мен озық инженерлік құрылғыларды қолдану арқылы монолиттік бетоннант ұрғызылды. Үшкір төбесімен қосаалғандағы ғимарат биіктігі- 86 метр. Ғимарат жер үстіндегі бес қабатты және жер астындағы екі қабатты үйден тұрады. Бірінші қабаттың биіктігі 12 метрге тең.Сәулет ансамблінің бөлінбейтін құрамдас бөлігі-сыртқы абаттандырылуынада айрықша көңіл бөлінген. Ақорда алдындағы алаң көше беттегі негізгі қас беттің сән-салтанатты сипатын аша түседі. Субұрқақ пен гүлдер аллеясыда салтанатты көрініс тудырады. Мемлекет басшысы резиденциясының атауында терең мағына бар. Тікелей аударғанда «Ақорда» кәдімгі «ақорда» («белаяставка») дегенді білдіреді. Резиденцияның қас беттерімен ішкі көріністерінің түстеріне қатысты шешімде ақтүспен ашық реңктер басым. «Ақ»сөзі түркілік мәдениет семантикасында еңалдымен қасиеттілікті (киелілікті) білдіреді. Бұлұғым-шаттықпен сәттіліктің, шынайылықпен мәрттіктің, ар-ұят пен жақсылықтың нышаны. Ақтүстің байсимволикасы Ақорданың сәулеткерлік келбетінде көрініс тапқан. Бірінші қабатта көлемі 1800 шаршы метр Орталық салтанатты холл орналасқан. Ол құрметті қарауылдың қатысуымен өтетін ресми қабылдауларға арналған. Холдың ортасына зәулім күмбезді хрусталь аспалы шам ілінген. Соныменқатар, бірінші қабатта Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ресми қабылдаулар өткізуге арналған Салтанат залы, Мемлекет басшысының БАҚ өкілдерімен баспасөз конференциясы және кездесулер өтетін зал, сондай-ақ Қысқыбақ орналасқан.

  1. ҮЛКЕН, АДЕМІ АСПАШАМДАР ЗАЛДЫҢ ДӘЛ ОРТАСЫНДА ОРНАЛАСҚАН. СОНДЫҚТАН СУРЕТКЕ ТҮСІРУ МҮМКІН ЕМЕС.

  2. ҚАЗАҚСАТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСЕТІН КОНФЕРЕНЦИЯ МЕН МӘЖІЛІС ЗАЛЫ

  3. ІЛЕСПЕ АУДАРМАНЫ ТЫҢДАУҒА АРНАЛҒАН КРЕСЛО ШЫНТАҚШАСЫНДАҒЫ ҚҰЛАҚШЫН.

  4. АҚОРДА ЖЕДЕЛСАТЫЛАРЫ АҒАШТАН ЖӘНЕ МӘРМӘРДАН ЖАСЫЛЫНҒАН.

  5. ЖОҒАРҒЫ ҚАБАТТАРҒА ТЕКПЕШЕК АРҚЫЛЫ КӨТЕРІЛУГЕ БОЛАДЫ.

  6. ЕКІНШІ ҚАБАТТА ПРЕЗИДЕНТ ӘКІМШІЛІГІ ОРНАЛАСҚАН.

  7. БАЛКОННАН АСПАШАМ МЕН ҚОЛ КӨРІНІП ТҰРАДЫ.

  8. АСПАШАМНЫҢ САЛМАҒЫ 3,5 ТОННА

  9. ҮШІНШІ ҚАБАТТА КЕЗДЕСУ МЕН КЕЛІСІМ ЗАЛДАРЫ ОРЫН ТЕПКЕН.

  10. ҮЛКЕН ҚҰРМЕТ МЕДАЛЬДАРЫ БЕРІЛЕТІН МӘРМӘР ЗАЛЫ

  11. 3 ҚАБАТТА ҚЫСҚЫ БАҚ ОРНЫЛСАҚАН.

  12. НҰРЛАН БОЛАТБЕКОВТЫҢ «СКИФ САРЫНЫ» КОМПОЗИЦИЯСЫ

  13. ҚЫСҚЫ БАҚТЫҢ ҚАРАҒАНДАҒЫ БАЙТЕРЕКТІҢ КӨРНІСІ

  14. ӘЙНЕК БЕТІНДЕГІ АЛТЫН ЖАЛАТЫЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБА

  15. ҮШІНШІ ҚАБТТЫҢ ХОЛЫ

  16. ШЕТЕЛДІК МЕЙМАНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗЕТІН АЛТЫН ЗАЛ

  17. ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ҮЛКЕН ДЕҢГЕЙДЕ ЕЛБАСЫ КЕЗДЕСУЛЕРІ МЕН ІСКЕР ОРТАДА ӨТЕТІН КЕЛІСІМДЕР

  18. ПРЕЗИДЕНТТІҢ АРҚЫЛЫ ОРЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕ ҚАПТАМА МЕН ЖАСАЛЫНҒАН.

  19. ПРЕЗИДЕНТ ӘКІМШІЛІГІ МЕРЕКЕГЕ ДАЙЫНДАЛЫП ЖАТЫР

  20. ҮСТЕЛ ҮСТІ СӘНІНЕН АЛМАТЫ АПОРТЫ АЙНАЛДЫ.

  21. ІШЕКТІ АСПАПТАР КВАРТЕТІ МОЦАРТ, ШУБЕРТ, БЕТХОВЕН, ГАЙДАННЫҢ ТУЫНДАЛАРЫ ОРЫНДАУДА.

  22. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҰЛАНДАР ҚАТРЫНА АҚЫЛДЫ МЫҚТЫ, КЕЛБЕТТІ, БОЙЫ 178 САНТИМЕТРДЕН АСАТЫН ЖІГІТТЕРДІ АЛАДЫ.

  23. ПРЕЗИДЕНТ КЕЗДЕСУІ САЛТАНАТТЫ ЗАЛДА ӨТЕДІ.

  24. ҚҰРМЕТТІ ҚАРАУЫЛДАР ЕЛШІЛЕРДІ КҮТУДЕ.

  25. ПРЕЗИДЕНТ БАРЛЫҚ МЕЙМАНДАРҒА ӨЗ АЛҒЫСЫН БІЛДІРУДЕ,

  26. ПРЕЗИДЕНТТІҢ КЕЛГЕН ҚОНАҚТАРЫНА ЕСТЕЛІК РЕТІНДЕ СУРЕТКЕ ТҮСУІ.

Ел мерейің асқақтатқан- ер Елбасы

- мемлекет басқару ісі мәртебелі міндет екенін ұғынуы

- басшы басқарған ел - ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық екендігін білуі

-ұсынылған ақпаратты талдау барысында тақырып мазмұнын толық аша білуі;









Ауызша тіл мәдениетін, көпшілік алдында сөз сөйлеу іскерлігін дамытады.

Ел мерейің асқақтатқан- ер Елбасы

Ел мерейің асқақтатқан- ер Елбасы

2-жүргізуші

Қазақ елі желбіреп көк байрағың

Гүлге оранды ауылың мен аймағың

Нұрсұлтаның биіктерге бастады

Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын-, дей келе біздің алдын ала колледж ішінде сауалнама жүргізген едік. Сол сауалнамаға назар аударайық! (видеоролик)

1-жүргізуші

Әнге қосып, аққақтатып үніңді

Елбасымыз аман болсын деп жүрем

Еліміздің жетістігін бүгінгі,

Елбасының саясаты деп білем.

Келесі Елбасымыздың қазақ елің әлемге танытқан саясаты жайында баяндама қорғайтын Сайлау Гүлзияны ортаға шақырайық!

2-жүргізуші

Келбетіңнен ізгілік нұр көрінген,

Лебізіңнен ал арманы өрілген.

Сенің арқаң- Қазақстан көркейіп,

Достық әні шарықтайды төрімнен!

Ортаға тобымыздың бұлбұлдай күміс көмей әнші қызы Каллиулова Лаураны

« » әнімен қарсы алайық!

1-жүргізуші

Серпігенде бодандықтың тұманын,

Жетті әлемге ұраным мен жыр-әнім.

Өзің болдың көшбасшысы елімнің,

Өзің болдың биік ұшқан қыраным

2-жүргізуші

Басыңнан серпіп бодандық жүгін,
Кетпейді ойдан Отандық ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім,
Таниды сені бар әлем бүгін.
1-жүргізуші

Келесі кезекті сергіту сәті. Яғни тренингке берсек. Бұл тренингті жүргізетін Муханбетов Махамбет. («Бес құндылық» деп аталатын тренинг өткізіледі.)

Баяндама: «Елбасының саясаты»

Біріншісі - 1997 жылы Президент Н.Назарбаев ұсынған «Қазақстан - 2030» даму стратегиясы, екіншісі -елорданың Алматыдан Астанаға көшірілуі. Үш ғасырға жуық уақыт бойы отаршылдықтың тауқыметін тартып, этнос ретінде шалажансар халге түскен қазақ халқын ел етіп, ТМД елдерінің аясындағы ең көп тілді, көп конфессиялы Қазақстанның еңсесін көтеріп, тәуелсіздік жолымен алып жүру міндеті Нұрсұлтан Әбішұлының маңдайына жазылды. Бұл жолда да тәуелсіздікті тәу ететін, шынайы демократияға ұмтылған, ұлтаралық түсіністік пен достықты өмір салты еткен, болашағына сеніммен қадам басқан қазақстандықтардың символына айнала білді.

Ел мерейің асқақтатқан- ер Елбасы

Ұлт көшбасшысы Елбасымыздың шығармашылығы жайында видео көрініс

Ел мерейің асқақтатқан- ер Елбасы

Аяпов Нұрболдың орындауында Терме: «Қазақ - осы ...»

Елбасының саяси өмірімен танысуы, Сөз саптай білуі, орындау шығармашылықтары мен мазмұндылығы, сөйлеу мәнеріның дамуы








Қорытынды

Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

Елбасымыз өзі әр сөзіңде тілге тиек етіп айтып жұргеніңдей, жастар елдің болашағы! Ал жастар дегеніміз ол біздер. Сондықтан ата-бабаларымыздың аңсап көре алмай кеткен, ең бағалы еліміздің егемендігің сақтау жолыңда Елбасымен бірге болайық! Сонда ғана біздің ертеңгі күніміз ашық, болашағымыз нұрлы болары анық!

Ақмамбетова Балнұр мен Кушанова Гүлдананың орындауында

Ән: «Жаса Қазақстан»

Ел мерейің асқақтатқан- ер Елбасы

Өз Отанының өркендеуіне өзінің қосатын үлесін айқындайды. Елбасының саясатын қолдауы.

Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж



Ел мерейің асқақтатқан- ер Елбасы


Тақырыбы:

Ел мерейің асқақтатқан- ер Елбасы




Өткізген: Топ жетекшісі М.С.Жұматова







2014 - 2015 оқу жылы

© 2010-2022