Урок на тему Сыйымдылық. Литр (2 класс)

Раздел Математика
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Сыйымдылықты өлшеу. Литр

Мақсаты

1. Заттың қасиетін сипаттайтын шаманың бірі - сыйымдылық жайында түсінік беру және оның бірлігі литрмен таныстыру, бір амалмен шығарылатын есептер құрастыра алуға дағдыландыру;
2. Оқушыларға түрлі тапсырмаларды орындату арқылы танымдық қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларды жауапкершілікке, шапшаңдыққа, төрт түлікті күте білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

- Балалар, ыңғайланып отырып, ойша қиялдайық. Таза ауамен еркін тыныс алып, кең байтақ даламен көк шалғынды кешіп келеміз. Алдымыздан... (дауыстар естіледі)
- Үнсіз даланы түрлі дыбыспен көңілді еткен, сайын далаға жан бітіріп, толтыра көркем еткен бұл не байлық? (Төрт түлік)
- Иә, балалар, бұл бір қожалықтың
Келе - келе түйесі,
Үйір - үйір жылқысы,
Табын - табын сиыры,
Отар - отар қой, ешкісі екен.
- Шаруашылық қожасы өз малдарына ен салыпты, ендеше көзіміз жеткен нөмірлерін тауып байқалық.
- Ол үшін амалдарды ауызша орындап, тек жауабын ғана ретімен тізбектей жазамыз.

- Әр түлікті берілген әріптері бар қоршауға кіргізейік. Сол әріптерді қоссақ, қандай сөз шығар екен?
- Шама деген не екенін еске түсірейік.
- Өткен сабақта қандай шамамен таныстық?
- Массаның қандай бірлігін білеміз?
- Осы түліктерден шаруашылық қожасы массамен өлшенетін қандай заттарды алады?
(Ет, жүн, тері...)
- Ал сүтті неге масса бірлігімен өлшей алмаймыз? (Сұйық )
- Үстел үстінде екі ыдыс тұр. Олар туралы не айта аласыңдар?( 1 литрлік банка, 1 литрлік бөтелке )
- Қалай ойлайсыңдар?
Осы ыдыстардың біріндегі сұйық, екіншісіне толық сыя ма? Оны қалай анықтауға болады?
- Сұйықты қандай бірлікпен өлшейтінін кім біледі? Осы өлшем бірлікті біз қайда кездестіреміз? Оқулықпен жұмыс
№1.
- Шырынды ұнатасыңдар ма? Пайдасы қандай? (Дәруменге бай)
- Ал сүтті ше? Пайдасы? (Сүттің құрамында бастысы ағзаға ең керекті кальций бар. Кальций сүйекті нығайтады,...)
Ал, біздің қожалықта тағы қандай сүт түрлері өндіріледі?
(Емдік қасиетке ие қымыз, шұбат және ана сүтінің орнына жүретін - ешкі сүті)
Ыдыстардың сыйымдылықтары салыстырылады. Ыдысқа құйылған сұйықтықтың мөлшері анықталады. Оқушылар сыйымдылықтың өлшем бірлігі туралы қорытынды жасайды. Жаңа шаманы - сыйымдылықты салыстыру орындалады.
10л * 3л 1л * 3л 2л * 1л және т. с. с.
№2. Есептер шығару.
1) есептің қысқаша шарты
2) Есептерді салыстыру.
3) Бидонға литрлеп қосып және литрлерді шығарып алуға бола ма? Қорытынды жаса.
Сергіту сәті. Тұлпарым


© 2010-2022