Әдебиет пәнінен «Ерте келген тырналар» хикаятына әдеби талдаудың 2-сабағы

Күні:15.05.12 Пәні: әдебиет Пән мұғалімі: Байтерекова М.А Сабақтың тақырыбы: «Ерте келген тырналар» хикаятына әдеби талдау  2-сабақ Сабақтың мақсаты: Жазушы хикаяты бойынша талдау жұмыстарын жүргізу арқылы тақырыбы мен идеясын меңгеру Күтілетін нәтижелер: üСоқашылардың іс-әрекеттері туралы меңгереді; üСұрақтар қоя біледі;.   üТоппен, жұппен жұмыс жасауға үйренеді; üРөлдік тапсырманы жақсы орындай алады; üЖауап бере біледі, жауабын жаза алады; üӨзін-өзі бағалай алады; ü  Талдау жұмыстарын жүргізе біледі; üБағалау арқылы қатені түзете алады; üИнтерактивті тақтаны пайдалана алады, жұмыс жасай  біледі; Сабақ кезеңдері: Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеттері Белсенді әдіс түрлері Дифференциация Бағалау Ресурстар Ұйымдастыру бөлімі:       2минут Топта орналасқан оқушыларды 1,2,3 санына қарай саналуды сұрап, сол сандар бойынша бірыңғай орналасуды сұрайды. Бағалау парағын әрқайсысына таратады. Оқушылар өздері отырған топта саналады, сандар бойынша бірыңғай топтарда орналасады.   Тренинг   Қызығушылықтарын ескеру  
Раздел Математика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары

Күні:15.05.12

Пәні: әдебиет

Пән мұғалімі: Байтерекова М.А

Сабақтың тақырыбы: «Ерте келген тырналар» хикаятына әдеби талдау 2-сабақ

Сабақтың мақсаты:

Жазушы хикаяты бойынша талдау жұмыстарын жүргізу арқылы тақырыбы мен идеясын меңгеру

Күтілетін нәтижелер:

  • Соқашылардың іс-әрекеттері туралы меңгереді;

  • Сұрақтар қоя біледі;.

  • Топпен, жұппен жұмыс жасауға үйренеді;

  • Рөлдік тапсырманы жақсы орындай алады;

  • Жауап бере біледі, жауабын жаза алады;

  • Өзін-өзі бағалай алады;

  • Талдау жұмыстарын жүргізе біледі;

  • Бағалау арқылы қатені түзете алады;

  • Интерактивті тақтаны пайдалана алады, жұмыс жасай біледі;

Сабақ кезеңдері:

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеттері

Белсенді әдіс түрлері

Дифференциация

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру бөлімі:

2 минут

Топта орналасқан оқушыларды 1,2,3 санына қарай саналуды сұрап, сол сандар бойынша бірыңғай орналасуды сұрайды.

Бағалау парағын әрқайсысына таратады.

Оқушылар өздері отырған топта саналады, сандар бойынша бірыңғай топтарда орналасады.


Тренинг

Қызығушылықтарын ескеру



Үй тапсырмасын тексеру

3 минут

Үйге берілген жұмыстардың орындалғанын не орындалмағанын бағалау парағына түсіруді сұрады.

Бағалау парағында үй тапсырмасын тексеру кезеңі бойынша оқушылар өздерінің тапсырмаларын бір-бірімен алмастырады, бірін-бірі бағалайды.

Кері байланысқа түседі.



Жұптарда өзара бағалау


Қызығушылықты ояту

3 минут

Хикаят бойынша түрлі тапсырмалар орындалатыны туралы айтады.

Хикаят бойынша білгендерін есіне түсіруді, талқылау үшін жұп таңдауды, жұбымен не білетіні туралы талдау жүргізуді ұсынады.

Оқушылар хикаят бойынша не білетіні туралы алдымен ойланады, содан соң жұп таңдайды да, жұбымен талқылайды.

Жұппен жұмыс


Өзара бағалау


Мағынаны таныту

15 минут






7 минут

Рөлдік тапсырма орындалатын айта отырып, тапсырманы орындау үшін қасына екі сыныптасын таңдауды ұсынады. Орындалатын рөлдік тапсырманың шартын түсіндіреді.

Оқушылар сұрақтарға жауап беру тапсырмасын орындау үшін қасына бұрын-соңды бірге жұмыс жасап көрмеген екі сыныптасын таңдайды,1,2,3 ретімен саналады да, рөлмен танысады. № 1 санды таңдаған оқушы сұрақты қояды, №2 санды таңдаған оқушы сұраққа жауап береді, №3 санды таңдаған оқушы жауапты жазып отырады да, рөлмен ауысады, жалғастырады, берілген сұрақтарға жауап береді.

«336» әдісі


Сұрақ-жауап


Рөлдік тапсырма


Эталон арқылы бағалау

Дұрыс жауап жазылған парақтар (эталон)













Оқушыларға әртүрлі тапсырмалар жазылған парақтар таратады.

Парақтан тапсырманы таңдап алуды сұрайды.


№1 тапсырма:

Балама тест

№2 тапсырма:

Таңдау тесті

№3 тапсырма

Сәйкестендіру тесті

Оқушылар бұл тапсырманы орындауда таңдау жұмысын жүргізеді, белгіленген уақыт ішінде орындайды.Жұмыстарын тексеру үшін өз қалаулары бойынша жұмыстарын интерактивті тақтада орындайды, оқушылар қателерімен жұмыс жасайды, түзетеді.

Тестпен жұмыс

Қабілеті мен бейімдеріне қарай таңдауы

Өзін-өзі бағалау

Тапсырмалар жазылған парақтар, бағалау парақтары, түрлі түсті маркер


Интерактивті тақта

10 минут

«Сақина салу» ойынын ұйымдастырады, ойынның шартын түсіндіреді. Ойын бастаушысын ортаға шығару үшін сұрақ қояды.

Оқушылар дөңгеленіп отырады.Мұғалімнің берген сұрағына жауап береді.Жауап бере білген оқушы ойынды бастайды, сақина салады. Өзінің сұрағына жауап беретін оқушыны таңдайды.Сақина

кімге салынса, сол оқушыға сұрақ қояды, оқушы жауап береді. Жауап берген оқушы ойынды әрі қарай жалғастырады.

«Мен-саған, сен-оған, ол-оған» әдісі


Сұрақ-жауап


Критериилі бағалау

Критериилі бағалау парағы, сақина

Рефлексия

5 минут

Cіз өзіңізді қалай бағалайсыз? сұрағы жазылған парақтар таратады.

Оқушылар таратылған парақтарға осы сұрақ төңірегінде өз жауаптарын жазады. Мұғаліміне тапсырады





Үйге тапсырма:

Сұлтанмұратқа мінездеме беру; Тақырып бойынша сурет салу






Бағалау парағы Оқушының аты-жөні_____________________________

Үй тапсырмасын тексеру (Жұптарда өзара бағалау)

Табыс өлшемдері

Толық орындалды

Жартылай орындалды

Мүлдем орындалмады

ББҮ кестесінің 2- бөлігінде жауабын таппаған сұрақтарға жауап беру


Жаңа тақырыпты меңгеру бойынша бағалау парағы

Қызығушылықты ояту

Хикаятты меңгерген

Жартылай меңгерген

Ештеңе меңгермеген

Хикаяттың мазмұнын білуі

Мағынаны таныту

Рөлдік тапсырма

Табыс өлшемдері

Жоғары

Жартылай

Төмен

Топпен жұмыс жасай білуі, белсенділігі




Сұраққа жауап беруі

Жауапты толтыруы

Рөлдік тапсырманы орындау деңгейі

Сұрақ-жауап

Өте жақсы

Жақсы

Орташа

Мұғалім сұрағына жауап беруі

Сұрақ қоя білуі

Сұраққа жауап бере білуі

Өзін-өзі бағалауы



Тест тапсырмаларымен жұмыс


Табыс өлшемдері

Өз бағасы

Топ бағасы

Мұғалім бағасы

Балама тест


Қатесіз орындалды-5балл

1-2 қатесі бар-4 балл

Жартылай дұрыс емес-2 балл

Мүлдем дұрыс емес-0 балл

Таңдау тесті


Қатесіз орындалды-5балл

1-2 қатесі бар-4 балл

Жартылай дұрыс емес-2 балл

Мүлдем дұрыс емес-0 балл

Сәйкестендіру тесті


Қатесіз орындалды-5балл

1-2 қатесі бар-4 балл

Жартылай дұрыс емес-2 балл

Мүлдем дұрыс емес-0 балл



1- тапсырма Балама тест

Сұрақтар

Жауаптары

иә

жоқ

Cұлтанмұрат хикаяттағы негізгі кейіпкер



«Ақсай десанты» деп төраға атады



Шекіш- бригадир



Сұлтанмұратқа жүктелген лауазым-командирлік



«Егіннің бітік шығуы тырналардың ерте келуінен»-деді Сұлтанмұрат



2- тапсырма Таңдау тесті

Сұрақтар

Жауап нұсқалары

А

Б

В

Сұлтанмұраттың сабақ үстіндегі іс-әрекеті

Далаға қарады

Мұғаліммен пікірлесті

Оқулықтан бас көтермеді

Сұлтанмұрат қандай бала?

Тентек

Еңбекқор

Сауатты

Соқашылар таңдауда байқауды ұйымдастырған кім?

Тінәлиев

Сұлтанмұрат

Еркінбек

Аттарды нешеуден ұстады?

төрттен

екеуден

бесеуден

Тырналар мен бозторғайларды кім байқады?

Еркінбек

Сұлтанмұрат

Анатай

3-тапсырма Сәйкестіндіру тесті

ЦӘдебиет пәнінен «Ерте келген тырналар» хикаятына әдеби талдаудың 2-сабағыейлон аралы Төраға Тінәлиев

Байқау Аттарды тексеру

Жұмысқа қабылдаған Іңкамал апай

Төраға «Ақсай десанты»

Ақсай алқабы Аттарды ағыту

Ауа-райының бұзылуы үш күн жырту




РЕФЛЕКСИЯ

Өзіңіз келісетін сөздерді қоршауға алыңыз

Әрқашан

Кейде

Ешқашан

Менің топпен жұмыс жасағым келеді.

Жұпта өзара бағалау түрі жүргенін қалаймын

Сыныптасын таңдау жұмысы мені қанағаттандырады

Рөлдік тапсырма орындау мен үшін маңызды

Сұрақ-жауап кезеңін ұнатамын.

Тестпен жұмыс жасағанды қалаймын

Мұғалім көмегіне жүгінемін

Өз пікірімді білдіруде қиналамын



© 2010-2022