Қазақ әдебиеті пәнінен өзге тілді 7 сыныпқа арналған «Абай - ұлы ақын» тақырыбына мазмұндама

Материал содержит поурочный план-конспект урока-изложения по казахской литературе для учащихся 7 класса русской школы. В конспекте использован материал, который отсутствует в учебнике. Урок является итоговым в изучении творчества великого поэта казахского народа Абая Кунанбаева. Главная задача урока - научить учащихся выражать свои мысли на казахском языке, развитие функциональной грамотности обучающихся (умение использовать теоретический материал на практике) и повышение интереса к изучению каз...
Раздел Математика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

СЫНЫБЫ: 7

КҮНІ: 04.12.2013

ТАҚЫРЫБЫ: Мазмұндама. «Абай - ұлы ақын».

МАҚСАТЫ: Оқушылардың жүйелі ойлау, ойын жаза білу, сауатты жазу қабілеттерін жетілдіру

Міндеттері:
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев өмірбаяны туралы білімдерін кеңейту;
Жоспар құру, жоспар бойынша мәтін жазу, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі мен жалғауларды орынды қолдану қабілеттерін дамыту;
Қазақстанның ұлы тұлғаларының шығармалары мен өмірбаянынан хабардар, әдебиетті сүйетін тұлға қалыптастыруға ықпал ету.

САБАҚ ТҮРІ: мазмұндама

КӨРНЕКІЛІГІ: Абай Құнанбайұлы портреті, интерактивті тақта, тірек-сызбалар, грамматикалық кесте

ПӘНАРАЛЫҚ ҚАТЫНАС: қазақ тілі, орыс тілі, орыс әдебиеті

САБАҚ БАРЫСЫ:

САБАҚ КЕЗЕҢДЕРІ:

ЖҰМЫС МАЗМҰНЫ:

І. Ұйымдастыру, жалпылау

Бүгін сыныпта кім кезекші?

Бүгін қай күн?

Ауа райы қандай?

Қазір жылдың қай мезгілі?

Қыста қандай өзгерістер болады?

Сыныпта кім жоқ?

2-3 мин

ІІ. Кіріспе

Оқушылардың бір-біріне тілектері

Біз бүгін «Абай - ұлы ақын» тақырыбына мазмұндама жазамыз.

ІІІ Оқушы білімдерін жаңғырту

Абай Құнанбаев туралы не білеміз?

5 мин

Абай

Не жазған?

Қашан қайтыс болған?

Қашан, қайда туған?

Кім?

Қайда оқыған?



Өлеңдерінен үзінділерді еске түсіру. 2-3 мин

ІV. Негізгі бөлім.

  1. Мазмұндама мәтінімен таныстыру:

Абай Құнанбайұлы - қазақ халқының ұлы ақыны, поэзияның пайғамбары, сазгер, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы және оның алғашқы классигі. Ол Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында 1845 жылы дүниеге келді.

Абайдың шын аты - Ибраһим. Оны әжесі Зере Абай деп атап кеткен. Ол кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Семейде жүргенде өзбетінше орыс тілін оқып үйренеді. Орыс ақын, жазушыларының шығармаларын көп оқиды.

Абай 1860 жылдардан бастап өлең жазған. Өлеңдерінде табиғат бейнесін, адамдар портретін жасаған, ішкі-сыртқы қылық-қасиеттерін, мінез-бітімдерін шебер суреттеген.

Абай қазақ қоғамын ерінбей еңбек етуге, жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, ғылым-білім үйренуге шақырды.

Абай орыстың ұлы акындарының 50-ден астам өлеңін қазақ тіліне аударған.

Абай есімі дүние жүзі халықтары әдебиетінде Шекспир, Пушкин, Гетелермен қатар тұрады.

3 мин









V. Бекіту



VІ. Негізгі бөлім

  1. Мәтіндегі таныс емес сөздермен жұмыс: 5 мин

Сазгер - композитор

Пайғамбар - бог, пророк

Алғашқы - первый

негізін қалаушы - основатель

бауыры - подножие

шын - настоящий, правда

зеректік - любознательность

көзге түсу - быть замеченным

әуелі - сначала

сауатын ашады - научился грамоте

өзбетінше - самостоятельно

бейне - образ

қылық-қасиет - качества

мінез-бітім - характер

шебер - искусно, мастерски

қоғам - общество

имандылық - гуманность

  1. Көп нүктенің орнына қажетті жалғауларды қою:

Абай... шын ат... - Ибраһим. (Абайдың шын аты -Ибраһим)

Абай орыс... ұлы акындары... елу... астам өлеңі... қазақ тілі... аударған. (Абай орыстың ұлы ақындарының елуден астам өлеңін қазақ тіліне аударған)

  1. Сөздерді дұрыс қойып, сөйлемдер құрау:

Абай, бастап, жазған, өлең, жылдардан, 1860. (Абай 1860 жылдардан бастап өлең жазған)

Пушкин, Абай, қатар, есімі, дүние, әдебиетінде, жүзі, Шекспир, тұрады, Гетелермен, халықтары. (Абай есімі дүние жүзі халықтары әдебиетінде Пушкин, Шекспир, Гетелермен қатар тұрады)

  1. Мәтін бойынша жоспар құру. 5 мин

  1. А.Құнанбайұлы қашан, қайда туған?

  2. Оның шын аты.

  3. Абай қайда оқыды?

  4. Абай өлеңдері.

  5. Ақын өлеңдерінің тақырыптары.

  6. Абай аудармалары.

  7. А.Құнанбайұлының әлем әдебиетіндегі орны.

  1. Жоспарға сай мәтін мазмұнын айтуға машықтану. 3 мин

  2. Мазмұндама жазу. 7-10 мин

VІ. Қорытынды (рефлексия)

Абай өлеңнен басқа қандай шығармалар жазған?

Неге Абайды ұлы ақын дейді?

Абай Құнанбаевтың аты қандай әлем әдебиеті өкілдерінің атымен қатар тұр?

Ол туралы қазақтың белгілі ғалымы А.Байтұрсынұлы: «Қазақтың бас ақыны - Абай Құнанбаев. Онан асқан біз білетін ақын болған жоқ» деді. 5 мин

VІІ. Үйге тапсырма.

А.Құнанбаев туралы белгілі адамдардың сөздерін жазып келу.



© 2010-2022