Білімділер додасы, 6-10 сыныптар

Раздел Математика
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білімділер додасы, 6-10 сыныптарБілімділер додасы, 6-10 сыныптарБілімділер додасы, 6-10 сыныптарБілімділер додасы, 6-10 сыныптарБілімділер додасы, 6-10 сыныптарБілімділер додасы, 6-10 сыныптарБілімділер додасы, 6-10 сыныптарБілімділер додасы, 6-10 сыныптарБілімділер додасы, 6-10 сыныптарБілімділер додасы, 6-10 сыныптарБілімділер додасы, 6-10 сыныптарБілімділер додасы, 6-10 сыныптарБілімділер додасы, 6-10 сыныптарБілімділер додасы


Мақсаты: оқушылардың логикалық ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамытып, математикаға деген қызығушылығын арттыру.

Барысы:

1-жүргізуші:

Алып әсте саспайық,

Батыл қадам бастайық.

Еркіңді билеп барынша,

Жарыста, сірә, қалыспа!

Кеш қызығын, ей достар,

Осылайша шабытпен

Қане, енді бастайық!

2-жүргізуші:

Мұнда қызық табылар,

Жағылтпаш, жұмбақ - бәрі бар.

Айтыс, тартыс тағы бар,

Сөзжұмбақ та, санжұмбақ,

Суретті жұмбақ, шеш жұмбақ.

О-о-ой, бір қызық кеш болар,

Өздеріңмен бес болар.

1-жүргізуші:

Бүгінгі кеште барлық ғылымдардың ішіндегі ең қиыны және қызықтысы болып көрінетін екі егіз пәннің мектебіміздегі алыптарын ортаға шақырайық. Біздің мектепте бүгін математика пәнінің алғырлары білімдерімен күш сынаспақ. 6-10 сыныптар арасында «Білімділер додасы» атты сайысымыз өткелі отыр.

2- жүргізуші:

Шақырамыз, келіңдер жарысуға,

Күш, өнер, білімменен алысуға.

Бар өнерді салайық ортамызға,

Қанеки, кім шығады сайысуға, - деп 4 топтың сайыскерлерін ортаға шақырамыз. Бүгінгі сайысымызға баға беріп отыратын әділқазылар алқасымен таныстыра өтейік.

Құрметті көрермендер және сайысқа қатысушылар, сайысымыз мынадай бөлімдерден тұрады:

І бөлім. «Бәйге»

ІІ бөлім. «Дода»

ІІІ бөлім. «Көкпар»

ІV бөлім. «Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін - математика».

1-жүргізуші: Сайыстың алғашқы бөлімі - «Бәйге». Бұл бөлім бойынша сайысқа қатысушы топтарға сұрақтар қойылады. Кім бірінші белгі берсе, сол жауап береді.

Әрбір дұрыс жауапқа - 1 ұпай.

  1. Гипотенузаның квадраты катеттердің квадраттарының қосындысына тең. Қандай үш бұрыш туралы айтылып тұр? (тік бұрышты үшбұрыш)

  2. Қандай санның бір ғана квадрат түбірі бар? (0)

  3. «Бастамалар» деп аталатын еңбегі бар ғалым. (Евклид)

  4. Айқасқан екі таяқ, тұрады жоқты сұрап? (х)

  5. Дәлдеуді қажет ететін математикалық сөйлем (теорема)

  6. Параллелепипедтің неше қыры, неше жағы бар? (12 қыры, 6 жағы)

  7. Қандай сандар иррационал сандар деп аталады? (шектеусіз периодсыз ондық бөлшектер)

  8. Оқушы кешкі сағат 8-де ұйықтауға жатады да, сағатты 9-ға қоңырауға қояды. Оқушы қанша сағат ұйықайды? (бір сағат)

  9. y=x2 функциясының мәндерінің облысы. (теріс емес сандар жиыны)

  10. ұлы Александр патшаның ұстазы, Грециядан шыққан ұлы данышпан ғалым. (Аристотель)

  11. Шеңбердің неше симметрия осі бар? (шексіз көп)

  12. Кез келген санның 0 дәрежесі неге тең? (1-ге)

  13. Отырардан шыққан ұлы ойшыл. (әл-Фараби)

  14. Сағаттың төрттен бір бөлігінде неше минут бар? (15 минут)

  15. Сағат үшті көрсеткенде, оның сағатының және минутының тілдері қандай бұрыш жасайды? (тік төртбұрыш)

  16. Сәуледе бір бүтін, екі жарты, төрт ширек алма болды. Барлығы неше алма? (үш)

  17. Пропорция дегеніміз не?

  18. «Цифр» қай елдің, қандай мағына білдіретін сөзі? (Арабша «бос орын»)

  19. Ең аз қабырғалы көпбұрыш? (үшбұрыш)

  20. Sin450 мәні неге тең?

2 - жүргізуші: І бөлімді қорытындылай келе, осы бөлім бойынша алған ұпайларын көрейік.

  1. жүргізуші:

Ана - тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте - дей келе, сайысымыздың келесі «Дода» бөлімін бастайық. Бұл бөлім бойынша топтарымыз ұпай бойынша сұрақтар таңдап, жауап берулері керек. Бірінші болып ұпай саны ең аз топ таңдайды. Математика, алгебра, геометрия пәндері бойынша сұрақтар таңдап, жауап берулері қажет, егер дұрыс жауап берсе, сол ұпайларды өз топтарына алады.

Математика -10

«Т» әріпімен басталатын жеті математикалық сөздерді ата.

Математика -20

80 санының 20% - ын тап.

Математика - 30

8 күнтізбе 72 теңге тұрады. Осындай 12 күнтізбе қанша тұрады?

Математика - 40

Дүкеннен 19 теңгеге сауда жасадық, бірақ сенде кілең 3 теңгелік, ал сатушыдан кілең 5 теңгелік ғана. Тығырықтан шығатынжол бар ма? (3*8=24. 24-5=19)

Математика -50

Бірінші себетте 48 алма бар, ал екінші себетте гі алма оның 5/8 -індей. Екі себетте неше алма бар?

Алгебра -10

Екі санның қосындысы 8-ге тең, айырмасы 2-ге тең, көбейтіндісі 15-ке тең. Олар қандай сандар?

Алгебра -20

Sin450+cos450 мәні неге тең?

Алгебра - 30

Әкесі 29 жаста, ал баласы 8-де. Қанша жылдан кейін баласы әкесінен 2 есе кіші болады?

Алгебра -40

Теңдеулер жүйесін шешіңдер:

х - 6у = 17

5х + 6у = 13

Алгебра -50

Сыныпта 16 ұл мен бірнеше қыздар оқиды. Олардың әрқайсысы -16 мен 15 жасқа толғандар. 15 жасқа толған қыздар мен 16 жастағы ұлдардың саны бірдей. Сыныпта 15 жастағы оқушылардыңсаны қанша?

Геометрия -10

Шаршының қабырғасы 9 см. Периметрін тап.

Геометрия -20

Қаттері 6 см және 8 см тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасын тап.

Геометрия - 30

А(1;1) және В (-1; 1) нүктелерінің арақашықтығын табыңдар.

Геометрия - 40

Параллелограммның екі қабырғасының қатынасы 3:5 қатынасындай, периметрі 48 см. Параллелограммның қабырғасын тап.

Геометрия -50

Өлшемдері 4 м, 3м, және 12м болатын тік параллелепипедтің диагоналының ұзындығын табыңдар.

2-жүргізуші: Осымен, ІІ бөлім аяқталды. ІІбөлімнің қорытындысын айтатын әділ қазыларға сөз кезегін берейік.

Әділқазы сөзі


  1. жүргізуші: Келесі бөлім «»Көкпар» деп аталады. Бұл бөлімде логикалық есептер беріледі, шығарып әділ қазыларға тапсыру керек.

  1. Сұрақ белгісінің орнына тиісті санды қойыңыз:

2 4 6 8

4 16 36 ?

  1. Әріптердің орнына 0 мен 9 арасындағы цифрлар қойып, С-ның орнына қандай цифр сәйкес келетінін анықта:

С9А

1СА

2А0

  1. Барлық бағандардағы және қатарлардағы сандардың қосындысы тең болса, А+В+С+Д неге тең?

А

В

С

6

5

9

Д

9

4


  1. Сандар қандай да бір заңдылыққа бағынады. Сұрақ бегісінің орына тұрған сан:

91

78

32

25

=425 =4964

43

=94 = 811 =?


  1. Барлық бағандардағы, қатарлардағы және диагональдардағы сандардың қосындысы тең болса, х неге тең?

Х

6

4

3

5


  1. Сандар белгілі бір арифметикалық амалдар нәтижесінде алынған. Сұрақ белгісінің орнына қандай сан сәйкес келетінін анықтаңыз.

?

94

104

9 10 6 9 8 10

2 7 5 8 3 7

2-жүргізуші: ІV бөлім - «Жорға».С.Ковалевская: «математиканың өз тілі бар - ол формула» деген екен, яғни бұл бөлімде формулаларды табу керек. Дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.

Сайыскерлерімізге сәттілік тілейік!

  1. Шеңбердің ұзындығы

  2. Трапецияның орта сызығы

  3. Дұрыс үшбұрыштың ауданы

  4. Тік параллелепипедтің көлемі

  5. Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы.

  6. Дискриминантты табу формуласы

  7. Дөңгелектің ауданы

  8. Кубтың көлемі

  9. Геометриялық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы.

  10. Геометриялық прогрессияның алғашқы n-ші мүшесінің формуласы.

  11. Арифметикалық прогрессияның алғашқы n-ші мүшесінің формуласы.

  12. Үшбұрыштың ауданы

1-жүргізуші: V бөлім - «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін - математика». Бұл бөлімде әр топқа ақ бет пен маркер беріледі, оқушылар постер қорғайды. Математиканың адам өмірінде алатын орны туралы айтады.

2-жүргізуші: Қазылар алқасы ұпай санын есептеп шығарғанша кезекті көрермендер өнеріне берейік.

Сайыс соңында қазылар алқасы ұпай саны бойынша жеңімпазды анықтап, белсене қатысқан топтар марапатталады.

1-жүргізуші:

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренеміз аман болсақ, - дей отыра, осымен «Білімділер додасы» атты сайысымызды аяқтаймыз. Кездескенше, қош, сау болыңыздар!

© 2010-2022