Зерттеушілік әңгімені пайдаланып оқушылардың ойлау қабілетін дамыту

Осы тақырыпты таңдау мақсатым:Зерттеушілік әңгімені пайдалана отырып, ойы озық, ұстанымы мықты, заман талабына сай келешек ұрпаққа жаңаша білім беру. Оқушының әлеуметтік жағдайы,қарым-қатынасын зерттеу арқылы әрбір баланың –жеке тұлғалық ерекшелігін ескере отырып,құзырлылық қабілеттерге тәрбиелеу. Математика-ерте дамыған ғылымдардың бірі. Ол адам баласын өзі қоршаған ортаны мөлшерлі көрсету керек болғаннан бастап,дүниежүзілік қоғам мәдениетінің және ой-өрісінің дамуымен қатар қалыптасты. Ғылым ...
Раздел Математика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Зерттеушілік әңгімені пайдаланып оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

Мен мектептен жаңаша білімді оқушыларға игерту үшін осы оқуға сұраныс жасадым. Осы тақырыпты таңдау мақсатым:Зерттеушілік әңгімені пайдалана отырып, ойы озық, ұстанымы мықты, заман талабына сай келешек ұрпаққа жаңаша білім беру.

Оқушының әлеуметтік жағдайы,қарым-қатынасын зерттеу арқылы әрбір баланың -жеке тұлғалық ерекшелігін ескере отырып,құзырлылық

қабілеттерге тәрбиелеу. Математика-ерте дамыған ғылымдардың бірі. Ол адам баласын өзі қоршаған ортаны мөлшерлі көрсету керек болғаннан бастап,дүниежүзілік қоғам мәдениетінің және ой-өрісінің дамуымен қатар қалыптасты.

Ғылым мен тәжірибенің даму қарқыны ,экологиялық үдерістерді басқару теориялары күннен күнге математикалық сипат алып бара жатқаны тарихи шындық. Екінші жағынан қуатты техникалық электрондық есептеуіш техниканың пайда болуы,олардың өндірісте кең көлемді қолданылуы техникалық,экономикалық үрдістерді басқаруға араласуы еңбек өні

мін,экономикалық тиімділігін арттырумен қатар математикалық білімнің болуын қажет етеді.Олай болса осы қоғамға сай білімді оқушы тәрбиелеуде

зерттеушілік әңгімені пайдалана отырып оқыту тәжірибесін жетілдіруге ықпал етпекпін.

Әр уақытта жан- жақты білімді, шығармашыл, талантты, дарынды жастар қажет екендігі айқын. Менің мектептегі іс-тәжірибе кезеңінде іс-әрекетті зерттеу барысында осы модульді басшылыққа алғаным да тегіннен -тегін емес еді. Білу,түсіну,қолдану,талдау,жинақтау, бағалауды зерттеушілік әңгіме аясында сабаққа ендіру. Зерттеушілік әңгіме бойынша оқушылар сабақ барысында ашық және түрткі сұрақтар арқылы білім алса,ойлау қабілетін дамытса деген оймен осы тақырыпты таңдадым.

Оқушыларға қарым-қатынасымды өзгертіп,оқушыларды өздігінен оқытуға үйретіп зерттеушілік әңгіме арқылы ойлау қабілетін дамыту менің басты мақсатым. Сондай-ақ өзін-өзі тану,өзін-өзі анықтау және өзін-өзі жетілдіру арқылы оқушы бойындағы жеке қабілетін дамыту,логикалық ойлауға баулу менің басты міндетім.

Міндеті: Оқушының өзін-өзі тануына жан-жақты жағдай туғызу,Өзінің бойындағы қабілетінің артуына түрткі болу,мұғалім мен оқушының бірін-бірі тану,қарым-қатынасын нығайту,құнды ақпараттарды практикада қолдана білу.

Нәтижесі; Өз ойын дәлелдей алатын,білімді,білімін іс жүзіне асыра алатын,көзқарасы бар.мәселені шеше алатын,өзіне сенімді тұлға қалыптастыру.

Барнс(1976) пен Мерсердің айтуынша, зерттеушілік әңгіме мұғалімдердің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде дамыту қажет болып табылатын әңгіменің түрі. Зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс істейді. Оларда ортақ проблема болады, бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптасады.Идеялармен пікір алмасып, бір-бірінің идеяларын талқылайды, баға береді, ұжымдық біліммен түсінікті қалыптастырады. Басқаша айтқанда, оқушылар бірге ойланады. Оқушылар зерттеушілік әңгімеге тартылғанда, өз ойларын дауыстап айтады, болжамдар ұсынып талқылайды. Осындай сценарий бойынша оқушылар бірін-бірі тыңдап өз жауаптарын талдайды. Бұлай жұмыс істеген оқушылардың дәлелдері пікір алмасудың нәтижесі болып табылады. Менің зерттеушілік тақырыбым бойынша оқушылар осы айтылғандарды сабақ барысында көрсете білді. Балалар мен ересектер белсенді қарым-қатынас жасап жұмыс жүргізгенде балалардың оқуы және когнитивті дамуы артады. Оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің рөлі айтарлықтай. Мен сабағымда оқушының білім деңгейін көтеру үшін әр түрлі деңгейдегі сұрақтар дайындадым. Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен және сыныптастарымен диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда білім беру жеңіл болмақ. Талданатын ойлар оқушы түсінігінің нақты бөлігі болмағанымен, ЖАДА аясында қарастырылғандықтан білімді ұғынатын болады (Л. Выготский ). Осы айтылғандарды сабақтарымда зерттеушілік әңгімені пайдаланып оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда мектептегі тәжірибеде қалай болғанын айтпақпын.Сыныбым үшін маңызды болып табылатын зерттеушілік әңгімені сабақтарымда қалай қолдана білдім?

5-сыныпта «Теңдеу» сабағым теңдеу туралы ұғымды дамытып, оған есептер шығару арқылы шығармашылық ойлау жүйесін дамыту мақсатында сабақ өтілді. Алдымен сынып психологиялық ахуалға келтіріліп алынды.

Үй жұмысын теңдеуді шешуде өткен тақырыпқа байланысты сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу, қайта бағыттау техникаларын пайдалана отырып сұралды. «Айнымалы деген не?» , «Теңдеу деген не?», « х деген не?» деген жабық сұрақтары қойылды. Осы сұрақтар арқылы алдыңғы сабаққа шолу жасалынды.

Менің оқушыларым, үй жұмысын есептер шығарып келіп, оны менің тексеруіммен жүзеге асыратын. Тек қателерін тексеріп, қателерін өзім шығарып көрсететінмін. Сол арқылы есепті топта бірге талқылатып, қателерін өздеріне дәлелдеткізгім келді. Әрі бұл менің жаңа сабақты түсіндіру барысында өз септігін тигізеді деген оймен жасадым. Теңдеуге берілген есептерді оқушылар өз ойларын жинақтап шығара білді. Сонымен қатар ауызша өз ойларын жеткізе білді. Мәтінге берілген есепке де теңдеу құрастыра алды. Теңдеудің ережесін оқып, теңдеу туралы түсініктері қалыптасты деп бейнежазбаны көре отырып қорытынды жасадым.

Оқушылар өздігінен шешім қабылдауды және өзгеге көмектесуді үйренді.

(Қосымша, 4)

Зерттеушілік әңгімені пайдаланып оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.Зерттеушілік әңгімені пайдаланып оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

Менің оқушыларым бұрынғы дәстүрлі сабақтарымда жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұғалімнің айтуымен және тақтаға жазуы бойынша түсінетін. Мақсатын мұғалімнің өзі түсіндіріп беретін. Олардың бойында осындай дағды қалыптасқан болатын. Ал бұл сабақтарымда оқушылар өздері тақырыпты оқып, талдау арқылы түсінді.

Осыны іс жүзінде көрмек үшін сызба бойынша сұрақтарға жауап алдым.

Тақырыпты пысықтау үшін есептер әр топтарға кеспе қағаздары арқылы таратылып берілді.

Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдері өздері үшін қаншалықты маңызды екенін көрдім.

Бұл тапсырмада теңдеудің мәтінді түріне аса көңіл аударылды. Онда топта талқылатып, топ тапсырманы жұптасып жұмыс істеді. Олардың әрқайсысы екіншісіне өз баяндамашысын есепті өзге құрдастарына қаншалықты үйрете алатынын көрдім.

Дүкендегі орам матадан 16м мата сатылды.Қалған матадан әрбір көйлекке 3 метрден жұмсап,8 көйлек тігілді. Дүкендегі орам мата алғашқыда неше метр болған?

Егер кеткен кемшілік болса қатесін тексеру керек болатын. Мен оларға сол бір есепті шешу үшін бірнеше тәсілдерді қолдануға болатынын және нақты бір жағдайларда олардың кейбіреулері басқаларға қарағанда тиімдірек болуы мүмкін болатынын түсіндіргім келді. Бұл оларға есепті тиімді шығаруға мүмкіндік жасау болатын. Мен оқушылардың өзара талқылау тәсілін пайдаланып, бір-бірінен үйренетініне мүмкіндік жасатқым келген болатын. Жұп болып есептерді талқылап шығарды. Қателерін екеуара қайта талқылады. Ермек (А) мен Мақсат (В) есептерді жұптық тәсілмен шығарғанын байқатты. Алтынай (С) есептерді шығаруда ұзақ ойланды. Ермек (А) мен Мақсаттың (В) теңдеуді талқылауда жақсы нәтиже көрсететінін байқадым. Оқушылар бір-бірімен ой бөлісуді үйренді.

Критерийлер құру арқылы бірін-бірі бағалады. Критерийлер құра отырып, бір-бірін әділ бағалай алады деп ойладым. Оқушылар тапсырма бойынша критерийлер құра білді. Критерий негізінде бір-бірін бағалай білуге үйренді.

Сабақтар бойынша сұрақтарға Ермек (А) жақсы жауап қайтарды. Бұл сұрақтар баланың білім алуын шектемей, одан әрі өсуіне көмектеседі деген тұжырымды іс - жүзіне асырғым келді. Бұрын оқушылар жұмыстарды тек жеке орындайтын. Көп нәрсені түсіне бермейтін. Өз бетімен жұмыс жасау барысында көп қиналатын. Осы олқылықтардың орнын толтыру үшін топтық жұмыстың маңызды рөлін көргім келді. Осы арқылы оқушылар топта қаншалықты жұмыс істейтінін, өзгенің пікірін қалай қабылдайтынын, өз түсінігін топқа түсіндіре алатынын көрдім. Сурет арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын көрдім.

Бірінші тапсырмада оқулықпен жұмыс жасалды. Мақсат оқушылардың топпен жұмыс істеу барысында білімдерімен бөлісу, сөйлеу дағдыларын дамыту, бір-бірімен сөйлесе алу қабілеттерін дамыту үшін бердім. Оқушылар топтық жұмыста тақырыптың ұқсастығы мен айырмашылығын аша білу үшін, ой бөлісулеріне мүмкіндік жасауды ойладым. Зерттеушілік әңгімені пайдаланып оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

Екінші тапсырманы орындау үшін топқа күрделірек есеп берілді. Выготский бойынша, тым күрделі жұмыс балаларға орындалмайтын, ынтасын жоятын жұмыс болып көрінетіндігін дәлелдейтін «Жақын арадағы даму аймағы» негізінде балалардың өзекті қабілеттерінің деңгейлерін бағалаудың тиімді екендігін баса айтады.

Аткинсон мен Шифрин (1968) және Баддели мен Хитчтің (1974) қысқа мерзімді жады адамның ойында негізгі орын алады деген идеясын ала отырып, жауап арқылы бала бұл сабақты есінде ұзақ сақталады деген оймен қолданылды.

Сондықтан да оқушыларға тым күрделі тапсырмаларды ұсына бермеу керектігін түсіндім.

Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар зерттеу үшін өз ойларын ортаға салып , тілдерін дамыту үшін бердім. Оқушылардың білімін алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу, қайта бағыттау сияқты түрлі техникалары қолданылды.

Зерттеушілік әңгімені пайдаланып оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.Зерттеушілік әңгімені пайдаланып оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

Топтық жұмыс үстінде слайдтан көрініс

Мақсат (В) топта талқылап келген жұмысын баяндап, топ түсінігін жеткізді. Оның нәтижесі төмендегі суретте көрсетілен. Зерттеушілік әңгімені пайдаланып оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Зерттеушілік әңгімені пайдаланып оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

Жұмыстың нәтижелігіне орай топқа критерийлер бойынша бағалауы іске асырылды. Топта талқылау арқылы оқушылар бір-біріне деген сенімділіктің жоғары болатынына, пікір білдіруіне, одан қорытынды ой шығаратынына көзім жетті. Бес топ та бір-бірімен бәсекелестікте қызу жұмыс жасап, жоспар құру тәсілдеріне күндегіден ерекше соны леп алып келді. Оқушылар және топтар өзара коммуникативтік байланысқа түсті, пікірлерін ой таразысына салып, салмақтады. Соңғы бөлім бағалауда бес топтан топ мүшелері тақта алдына шығып, сабақтың жүрісін және сабақтағы оқушылардың іс-әрекеттерін бағалады. Сабақ барысында сергіту сәті көңілді өтті.

Оқушылар Ұлы математиктердің есімімен топтарға бөлінді. Зерттеушілік әңгімені пайдаланып оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Зерттеушілік әңгімені пайдаланып оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.Зерттеушілік әңгімені пайдаланып оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

Тақырыпты ашу үшін тақтадан сурет көрсетілді.Талқылау мен диалог өзінің танымдық әлеуетімен ерекшелінеді. Диалог барысында балаларға баламалы мүмкіндіктер беріліп, басқа адамның көзқарасын өзінің тұжырымдылық түсінігін тереңдетіп, дамуын ынталандыратын әдістермен қарастыру ұсынылды (Александер, 2008). Осыны негізге ала отырып, жаңа сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау үшін интерактивті тақтадан сызба көрсетіп: «Осы суреттен не байқадыңдар?» деген сұрақ берілді.

Осы сұрақ бойынша оқушылардың терең ойлауы мен түсіну дағдысын дамытуға жағдай жасадым. АКТ- ны дұрыс қолдануға үйреткім келді.

АКТ-ны негізге ала отырып, онымен жұмыс жасау тиімді екенін көрсеткім келді. Ермек, Мақсат, Алтынайды ерекше бақылауға алдық.

А деңгейдегі оқушы - Ермек

Бұл оқушы сыныптастарына қарағанда зерек, зерделі, ойы ұшқыр, шапшаң ойлағыш, сөз саптауы жатық, барлық пәндерден терең білімді. Зерттеуге алған себебім - танымдық қабілетін басқа оқушылармен салыстыру. Ермек математика сабағында әрдайым белсенді оқушы. Зерттеушілік әңгімені пайдаланып оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. . Зерттеушілік әңгімені пайдаланып оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Зерттеушілік әңгімені пайдаланып оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

В деңгейдегі оқушы - Мақсат

Бұл оқушы ортада ерекшеленіп көрінбейді, білімі орташа, мінез - құлқы бірқалыпты, өзгелерден айрықшалайтын жеке қабілеті, дара тұлғасы жоқ. Зерттеуге алған себебім - оқушының сенімін қалыптастыру, ойын жетілдіру.

С деңгейдегі оқушы - Алтынай күнделікті сабаққа дайындығы төмен, білімге деген ұмтылыс - құлшынысы көңілге қонымсыз, өзін ортада көрсете алмайды. Зерттеуге алған себебім - бойындағы құндылықтарды анықтау, кішкене де болса таланттың көзін ашу, өзін ортада еркін ұстай білуге дағдыландыру.

Ермек сабақты өте жақсы оқиды. Есеп шығарғаннан кейін мен көбінесе оларға түсіндіріп беруін сұрайтынмын. Сондай кездері Мақсат қиналатын. Ал Алтынайдың тапсырманы кейде біреудің көмегімен шығарып келеді, түсіндіруін сұрасаң айта алмайды. Постер жасау кезінде олардың іс - әрекеттерін қадағалап байқағаным Мақсат тапсырманың есеп шығару бөлімін алса, соңында оны қорғаған кезінде ешнәрсеге көңіл бөлмей шын ниетімен түсіндіргенін байқағандай болдым.

Ермек постерді көркемдеуге, сурет салуға бейімділігін көрсетті. Қасындағы құрбыларымен пікір алмасып, олардың ұсыныстарына құлақ түріп отырды. Мақсат болса топ басшысының тапсырмасы бойынша суретті салып, қажет жерінде оны түсіндіріп беріп отырды. Сабақ барысындағы іс - әрекетінен оның да ойлана жұмыс істеп отырғанын көрдім.

Ермек (А) пен Мақсат (В) Акт бойынша жақсы жұмыстар атқарды. Сурет арқылы түсіну алдынғы сабақтардан көргеннен кейін аса бір қиыншылық тудырған жоқ. Түсінгендері сұраққа жауап алу барысында айқындалып тұрды. Зерттеушілік әңгімені пайдаланып оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Зерттеушілік әңгімені пайдаланып оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

Үй салуға тапсырмалар берілді. Осы үй салу бойынша зерттеушілік әңгімені негізге ала отырып, тапсырманы осы негізде құрдым. Бірінші тапсырма қарапайым есептер берілді.

Балалар тапсырманы белсене орындады. Оны зерттеуімдегі оқушы Мақсат (В) сабақ соңында жазған рефлексиясында байқауға болады. Оның пікірінше: «Бұрын тек топ болып отыратын едік, енді ынтымақтастықпен үйренудеміз»,- дейді. Бұл оқушының сабақтағы топтық жұмыстың тиімді

екенін айтқысы келетінін білдіріп тұрғандай.

Осы есептер шығарту арқылы оқушылардың бойына өздеріне сенімділікті күшейткім келді. Нағыз топтық жұмыстың тиімді екенін көрсеткім келді. Кей есептерді шығару кезінде топта қиналған сәттер орын алды. Ол кезде өзге топтан көмекші шақыртып, бірлескен жұмыс болды. Есепке таланты бар оқушылар басқаларға көмектесті. Оқушылардың әлеуетін дамыту мақсатында терең зерттеулер жүргізу үшін олар жобаларға тартылып немесе зияткерлік тапсырмалар берілуі керек. Фриман (1998) дарынды, талантты балаларды анықтау мақсатында қолданылатын бақылау п арақтары мұғалімдерді шатастырып, қате бағыт беретіні жайында да зерттеулермен мысал келтіреді. Бірақ бақылау парағында зерттеулерге негізделген және ең үздік оқушыларды анықтайтын сенімді өлшемдерді тиімді қолдануға болады, олар төмендегідей іс-әрекеттерден тұрады:

Зерттеушілік әңгімені пайдаланып оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. есте сақтау және білім: олардың есте сақтау қабілеттері өте жоғары; олар ақпаратты біліп қана қоймай, оны пайдалана алады;

Зерттеушілік әңгімені пайдаланып оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. өз білімін жетілдіру: олар оқыту үдерісінің қалай жүретінін басқалардан гөрі жақсы біліп, өздерінің оқуын реттей алады;

Зерттеушілік әңгімені пайдаланып оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. ойлау қабілетінің жылдамдығы: олар жоспарлауға көп уақыт жұмсауы мүмкін, бірақ жоспарды тез жүзеге асырады;

Зерттеушілік әңгімені пайдаланып оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. мәселені шешу: олар ақпаратты толықтырып, олардың қайшылықтарын анықтап, мәніне тезірек жетеді;

Зерттеушілік әңгімені пайдаланып оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.икемділік: басқаларға қарағанда олардың ойлау қабілеттері жақсы ұйымдастырылған, дегенмен олар оқуда және проблемаларды шешуде балама шешімдерді көріп, қабылдай алады;

Зерттеушілік әңгімені пайдаланып оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.күрделілікке деген сүйіспеншілік: қызығушылығын арттыру үшін олар күрделі ойын мен тапсырмаларға ұмтылады;

Зерттеушілік әңгімені пайдаланып оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.шоғырлану: ерте жасынан бастап ерекше қабілеттерін ұзақ уақытқа шоғырлау қабілеттері бар;

Зерттеушілік әңгімені пайдаланып оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.ерте символдық белсенділік: олар ерте жасынан сөйлей, оқи және жаза бастайды.

Осы белгілерді анықтау оқу үдерісінің барысында оқушыларды мұқият бақылауға алуды талап етеді. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 54-бет). Сынып арқылы мұғалімге баға беруге әбден болады.

Зерттеушілік әңгімені пайдаланып оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.Зерттеушілік әңгімені пайдаланып оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

Үшінші тапсырма жұп болып орындау үшін берілді.

  1. Самат бір сан ойлады.Егер оны 37-ге бөліп,шыққан бөліндіден 5-ті азайтса ,айырма жетіге тең болады. Самат кандай сан ойлады?

Онда берілген тапсырма бойынша екеуара талқылап, есепті шығару болатын. Есептің шығару тәсілі мен жолын бір-біріне үйрету болатын. Дәлелмен түсіндіру болатын.

Екеуі бірлесе отырып есептің шығару жолын түсіндірді. Уақыттың шектеулілігіне байланысты бұл есептерді бір тәсілмен шығарды. Тек Ермек (А) пен Мақсат (В) жұбы осы екі тәсілді қолдана отырып, тапсырманы толық орындап шықты.

Сол арқылы өзге сыныптастарына түсіндіру арқылы үйретті. Өз жұмыстарын өздері критерийлер бойынша бағалады.

Олай болса топпен, жұппен жұмыс жасау әлдеқайда тиімді болып көрінеді.

Төртінші тапсырма зерттеу есебі қарастырылды.

Осы тапсырма бойынша оқушыларға зерттеу есебінің ойды жетілдіруде маңызды рөл атқаратынын байқадым. Алдағы жұмыстарды осындай есептер кездессе қинала қоймайтынын айтқым келді.

Соңғы сәттерде сабақтан алған әсерлерімен бөлісіп, өз топтарын критерийлер бойынша бағалап, түрлі-түсті қағаздар арқылы жиынтық бағалау жасалынды.

Зерттеушілік әңгімені пайдаланып оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.Зерттеушілік әңгімені пайдаланып оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

Түрлі пікірлерді жинақтап қағаз бетіне жазу үшін біраз уақыт берілді. Пікірлерін бір жерге жинақтап, бір-біріне үйретуін көргім келді. Өз ойларын плакат бетіне әр түрлі идеямен безендіріліп салынды, есептер Зерттеушілік әңгімені пайдаланып оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Зерттеушілік әңгімені пайдаланып оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

шығарылып, бір-бірін толықтырып отырды. Плакатқа автобус, машина,

тауық, қозы, бөшке сияқты анық заттар салынып теңдеуді шешуді нақты іс-әрекеттер арқылы оқушылар мазмұнды түсіне отырып құрастыра білді.

Постерді жасаған соң оқушылар оны тақтаға іліп қорғады. Теңдеуді шешуді оқушылар меңгере алды.

Зерттеушілік әңгімені пайдаланып оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.Зерттеушілік әңгімені пайдаланып оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

Есептер шығаруда ойлану үстінде

Бақылаушыларға топтың тынысы мен өзге топтың нәтижелері баяндатылды. Топтың жұмысы қаншалықты тиімді болды, топ мүшелері өз тобына тигізген еңбегін анықтағым келді. Оны оқушының өзі анықтағаны олардың ары қарай өсуіне жол ашады деп ойладым. Өзгенің жұмысына баға бере алатындығын, содан өзіне керегін алсын дедім. Бақылаушылар барлық болған жағдайларды баяндап, топтық баяндау жүзеге асырылды.

Топ жұмысын тыңдату арқылы өз ойын көпшілік алдында жеткізуге ықпал еттім. Баяндамашылар жұмыстарын тақтада талқылауға үйренді. Өз жұмыстарын баяндау арқылы өзге топ мүшелері есеп шығару дағдыларын қалыптастырды.Алғашқы топтың салған сара жолын қалған үш топтың оқушылары да айта білді. Ендігі кезек оқушылардың өзін-өзі бағалауына келіп жетті. Сабақ басталмас бұрын әр топтың топбасшысына бағалау критериийлерін ұсыну, ортаға салу міндеті жүктелген болатын. Олар топ мүшелерінің пікірлерімен санаса, әр оқушының құнды пікірлерін бағалай отырып, ортақ шешімге келген еді. Сабақтардағы оқушыларды бағалау жүйесі мынадай критерийлер бойынша жүргізіледі. Сабақтарға бағыт-бағдар сілтеуші мұғалім әр сабақтың жоспарын бөлімдерге бөліп, этап бойынша құрып келеді, дәл сол бөлімдердің әрқайсысына қаншалықты белсенділікпен атсалысқандығына қарай оқушылар тобындағы топ мүшелерінің білімін бағалап отырады. Оқушы ұсынған бағалау парағындағы бағалар мен мұғалімнің өзі жүргізіп отырған бағалау парағындағы бағалар сабақ соңында салыстырылып, нәтижесінде қорытынды баға анықталады. Нәтижесінде сыныптағы барлық оқушы бағалануға қол жеткізеді. Бағаның жариялылығы сақталады. Бұл - менің бір сабағымда ғана емес, барлық сабақтарымда қолданылған бірыңғай бағалау тәсілім. Жеңіл түрде болу себебі - оқушылардың әлі өзін-өзі бағалауға үйренбегені. Мәселен, алғашқы сабақтарда бағалау парағын мұғалімге тапсырарда тосылып қалып отырған топбасшылары үшінші, төртінші сабақтарда мұғалім үстеліне жарыса жететін болды. Болашақта Зерттеушілік әңгімені пайдаланып оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. келесі оқу жылдарында бағалау критерийлерін оқушылармен бірлесе отырып, мұнан да күрделілеу етіп құрастыру ойымда бар.

Осы «Теңдеуді шешу» тарауын қайта өтуге мүмкіндік болса оқытуды қайта былайша кіріктірер едім:

  1. Сұраққа жауапты оқушылардың іс-әрекетімен көрсету арқылы алғызар едім;

  2. Теңдеу құру арқылы шығарылатын мәселе есептерді деңгейлік тапсырмаларға кіріктірер едім.

  3. Өмірде қалай қолданатынын өздеріне тәжірибеде дәлелдетер едім.

Балалар зерттеушілік әңгіме жүргізе алатын ортада оқу жетіле бермек. Оқушылар бұндай ортада жұмыс істегенде әңгімелеріне қарай олардың ой пайымдары да айқындала түседі,әрі мұғалімдері мен құрдастарының көмегімен одан әрі дамытылуы мүмкін.

Зерттеушілік әңгіме жүргізу үстінде:

- әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынды;

- әркімнің идеясы пайдалы ретінде бағаланып, мұқият бағалау жүргізілді;

- қатысушылар бір-біріне сұрақ қойды;

- қатысушылар сұрақ қойды, айтқандарын дәлелдеді;

- топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысты. ( Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 100 бет)

Бұл бағытта атқарылған зерттеу жұмыстарының да нәтижесі көңілге қонарлықтай. Алдымен алғашқы сабақтағы оқушылардың бастама іс-әрекеттері мен соңғы сабақтағы төселген іс-әрекеттеріне барлау жүргіздім. Барлау жүргізу нәтижесінде сабаққа деген ынтасы төмен, жігерсіз, тиянақсыз оқушылардың ортамен байланысқа түсіп, іс-әрекетке икемделгендігіне көзім жетіп, іштей риза болдым. Жүргізілген сауалнамалардың, сұрақтарға алынған жауаптардың нәтижесінде оқушылардың мінез-құлқында бірталай оң өзгерістер болғандығын байқадым. (Қосымша №6)

Біздің тәрбиелеп отырғанымыз - ХХІ ғасырдың жастары. Ал, ХХІ ғасыр дегеніміз - өрлеу, өркендеудің ғасыры. «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен ғана озады.

Бірлескен жұмыс түрімен ғана заманауи талапты бағындыра алуымыз мүмкін. Ол үшін жаппай жаңашылдыққа бет бұрғанымыз абзал. Оқушылар арасына түрткі сұрақтарды қоя отырып, нәтижеге бағытталған жұмыс жүргізу - мұғалім щеберлігі деп білемін.

Бірлескен критериалды, яғни оқушыларды критерий бойынша 0,1,2ұпайларымен бағаладым. Бұл бағалаудың тиімділігі оқушылардың сабаққа қатысуына байланысты нақты әрі тиянақты бағалайды. Сабаққа қатысып және берілген барлық есептер мен теориялық материалдарды өте жақсы меңгерсе ол оқушыларға міндетті түрде 2 бағасын, ал егерде жартылай түсініп белсенділігі төмен оқушыларға 1 бағасын, ал мүлдем сабаққа қызығушылық танытпай отырған оқушыларға 0 бағасын қойып отырдым.

Бір сыныптағы үлгерімі әр түрлі үш оқушылар үшін бірдей тақырыптың табыс критерийлері оқушылардың білім дәрежесіне байланысты ерекшеленетіні теңдеулерді шешу тақырыбында байқалды.

Ермек сабақты жылдам қабылдады,мәтінді теңдеуге есепті құрастыра білді. Жаттығулар жоғары деңгейдегі тапсырмалар болатын. Сұрақтар да әдеттегі сұрақ тапсырмалардан өзгешелеу.Себебі оқушының ойын оятып, білімді тиянақты меңгеру еді.Мақсат теңдеуді шешуді жақсы меңгергенімен мәтінді теңдеуге есептер шығаруда біршама қиналды.

Ермек

Мақсат

Алтынай

6 тапсырма

орындады

4 тапсырма

орындады

3 тапсырма

орындады

Мәтінді теңдеулерді шешуді толық меңгерді

Теңдеулерді шешуді меңгерді.

Сұрақтарға дұрыс жауап бере алмады. Мәтінді теңдеулердің шешуге қиналды.

Зерттеушілік әңгімені пайдаланып оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

Оқушылардан алынған сауалнама

Сыныпта

келісемін

Келіспеймін

Үнемі емес

Жауап бере

алмаймын

Жаңа материалды түсіндіру барысында топтық жұмыстарға белсене қатысамын

74%

22%

6%

Сыныпта топтық жұмыс маған ұнайды

91%

9%

Сыныпта топтық тапсырмаларды үнемі береді

100%

Жаңа тақырыпты талқылау кезінде қасымдағы сыныптас-тарыма үнемі көмектесемін

58%

42%

Сыныптағы қазіргі сабақ маған ұнайды

100%

Мұғалімнің, сыныптастарымның бағалауымен үнемі келісемін

95%

2%

3%

Топтық жұмыс кезінде сыныптастарыммен орындаған тапсырмалар қызықты болады

100%

Топтық,жұптық тапсырмалар барысында өзімді еркін ұстаймын

80%

5%

5%

10%

Топтық тапсырмалар арқылы өз ойымды еркін жеткізе аламын

90%

10%

Топтық тапсырма орындау барысында барлық оқушылар толығымен қатысады

75%

25%

Өзін-өзі және өзара бағалауды білемін

68%

20%

12%

Оқушылардың ерекшелігі мен қызығушылығын түсініп, олардың қарым-қатынастары мен эмоцияларына көңіл аудару қажет. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық,47 бет).

Зерттеуші Александер: «Оқытудағы әңгімелесу-қарым қатынас жасаудың бірсарынды емес ,керісінше идеялар екіжақты бағытта жүре отырып ,осының негізінде оқушының білім алуы жүретін өзара байланысты процесс» деп атап өткендей зерттеушілік әңгімелесу барысында оқушылар

өз ойын ортаға салып еркін отырып білім алады.

Оқушылардың сабаққа қуанып кіріп қуана шығуы мен үшін жаңа белестерді бағындыруға болатындай көңіл күй сыйлады. Тізбектелген сабақтар топтамасындағы сабақтар арқылы көп нәрсені үйрендім. Модульдерді тиімді қолдану арқылы оқушылардың жан - жақты дамыған тұлға ретінде қалыптасатынына ықпал етемін. Келешекте осы тәжірибені ары қарай нәтижелі қолдануға тырысамын. Қиыншылықтарымды уақтылы түзететініме, өзгерте алатыныма сенімді болдым.

Осы білім берудегі жаңа әдіс-тәсілдер: зерттеушілік әңгімені қолдана отырып, білім берген кезде біз зор жетістікке жеткіземіз, пәнге деген қызығушылығын арттырамыз, метатанымын күшейтеміз. Біліміміз айқындала түсті,көңілде жүрген көптеген сұрақтардың жауабы табыла бастағанын ұғына бастадым Атап айтар болсақ зерттеушілік әңгіме арқылы арқылы оқушылардың метатанымын арттыру, ойлау дағдысын қалыптастыру, дүниеге көзқарасын кеңейту, сенімділігін арттыру. АКТ -ны балаларға көбірек қолдандырамын. Интерактивті тақтаны мүмкіндігінше тиімді пайдаланамын. Осы оқыған кезде алған білімім мен біліктілігім өзімнің кәсіби тұрғыдан өзгеруіме себебін тигізді. Осы жеті модульді сабақтарыма енгізе отырып, оқушылардың ары қарай білім алуына өзіндік үлесінің жоғары екеніне көзімді жеткіздім. Математика күрделі пәндердің бірі болғандықтан оқушылардың игеріп кетуіне олардың логикалық ойлау дәрежесінің дамуына көп кедергісін тигізетін.Үнемі мүғалімнің тақта алдында өзі сөйлеуі оқушының ойын оятпайтынын түсіндім. Осы пәнді игеруіне, әсіресе, айналасындағы сыныптастарының рөлі ерекше екеніне көзімді жеткізді. Алдыңғы әдіс-тәсілдер бойынша оқушылар жаттығуларды тек жеке орындайтын.Есептерді қиналып шығаратын. Олардың сабақ үстінде бір-біріне көмек көрсетуіне мүмкіншілік болмайтын. Тапсырманы тек тақтаға орындатып, есептің шығару жолын жай тексеріп, өзім көмектесіп тұратынмын. Жаңа тақырыптың аясы мен мақсатын өзім түсіндіріп, тек менің айтқаныммен түсіндірілетін. Көбіне өзім сөйлеп, ал шәкірттерім аз сөйлейтін. Сурет немесе сызба, бейне жазбалар, постер жасау арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту ойыма келмепті. Осы курсқа келгелі көп нәрсені үйренгендеймін. Ұнамды және тиімсіз жақтарын саралап көрдім. Қорытындыға келгенде бұл әдістің бала білімінің өсуіне, дамуына тигізер пайдасының бар екенін байқадым. Бұл менің кішкене болса өзгергенімнің айғағы ретінде қабылдасам да болады. «Адамгершілік мақсаттағы мұғалімдер өздерінің әріптестері мен айналасындағыларға әсер ету үшін көшбасшылық қасиеттерін көрсетеді. Олардың көңілінде үнемі талапқа сай оқыту тұрады» деген Фросттың сөзінің өзі қаншама ұстазға ой салады деген ойдамын.

Мектептегі іс - тәжірибе барысында тапсырмалар мен жаттығулар дайындау кезінде көп нәрсені ұқтым. Балалардың нені қалайтынын анықтадым. Олардың алдында кездесетін кедергісін анықтадым.Терминдерді қолдана сөйлеудің қиындығы кедергі болатынын анықтадым. Өз сабақтар жоспарларыма қарап, модульдерді кіріктіре отырып тапсырмалар дайындадым. Оқушыларды сабақтарымда топқа бөліп отырғызып, тапсырмалар беру арқылы ойлау қабілеттерін, өз ойларын айта білуге үйреттім. Сабақта оқыту үшін бағалауды қолдандым. Балалар критерийлер бойынша бағалай алды. Мені осы модуль ішіндегі өзгерте алғаны оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулі болды. Осы модуль арқылы баланың ары қарай дамуын жетілдіретініне көзім жетті. Осы модульдерді өз сабақтарыма енгізе отырып, білім беруді жақсартатынын түсіндім. Сабақты оқушылардың өздеріне түсіне білулеріне мүмкіндік бере отырып, олардың бір-біріне сабақ түсіндіру, ой бөлісу, пікір таласқа түсу дағдыларын қалыптастыруға тырыстым. Бірлескен оқуды, зерттеушілік әңгімені пайдалана отырып оқушылардың ойлау қабілетін дамытуды әр сабақ сайын негізге алдым. Топтық жұмыстың оқытудағы тиімділігі өте жақсы екенін байқадым. Төмен деңгейлі оқушылардың белсенді оқушылармен жұмыс істеу барысында алға қарай ұмтылыстары арта түскенін байқадым. Оқушылар осыны үйрену нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір - көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды. (Мұғалімдерге нұсқаулық, 6-бет) Осы арқылы оқушының назарын өзіме қарата алатыныма көзім жетті. Топпен жұмыс істеу барысында оқушылардың қарым-қатынасын, ынтымақтастықта жұмыс істей білулерін қадағалап отырдым. Топпен жұмыс істегенде білімнің арта түсетіндіктерін білдім. Мен оқушылардың сабаққа деген ынтасының күннен күнге артып келе жатқанын көрдім. Топпен жұмыс жасаған кезде олардың бірлігін, ұйымшылдық іс-әрекетін байқадым. Өзімнің де сабаққа асыға келгім келетіндей. Мінезім де, ұстанымымда өзгергендей.

Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен және сыныптастарымен диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда білім беру жеңіл болмақ. Талданатын ойлар оқушы түсінігінің нақты бөлігі болмағанымен, ЖАДА аясында қарастырылғандықтан білімді ұғынатын болады. (Л. Выготский ). Күнделікті сабағыма бағалау жүргізу арқылы оқушылардың оқуындағы кедергілерді анықтап, қиындықтарды жеңу үшін түрлі есептер мен түрткі сұрақтарды орнымен қоя білуге үйрендім. Оқушылардың пікірлерімен санаса отырып, ойларын жете түсінуді меңгердім. Зерттеушілік әңгімені қолданғанда оқушылардың бойында өзгерістер байқалды. Сабақта көп сөйлемейтін, құрдастарымен жақсы араласа қоймайтын оқушы сөйлей білуге, достарымен еркін сөйлесе білуге, жақсы қарым - қатынас жасауға аз болса да дағдылана бастады. Егер осы жұмысты осылай жалғастыра берсем нәтиже беретініне сенімдімін. Ендеше,

1. Сұраққа жауапты оқушылардың іс - әрекетімен көрсету арқылы алғызар едім;

2. Теңдеу құру арқылы шығарылатын мәселе есептерді деңгейлік тапсырмаларға кіріктірер едім.

Суретті, сызба, логикалық есептер, есептер жазылған кеспе қағаздарын,слайдтар,постер жасату арқылы оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау, сөйлеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасадым. Енді мектепке барған соң ең бірінші күнделікті сабақ жоспарыма логикалық есептерді міндетті түрде енгіземін. Көзбен көріп, өз әрекетімен жасалынатын тапсырмалар санын көбейтемін. Келешектегі жұмысыма сурет бойынша есептер құрастыруға және теңдеу құру арқылы шығарылатын мәтіндік есептерді көбейтемін. Сыныптан тыс уақытта қосымша ойды дамытатын есептер беруді дағдыға айналдырамын.

Бүкіл оку барысында менің байқағаным, білім берудегі жаңа тәсілдерді қолдана отырып балалардың өздеріне оқуына мүмкіндік беру,күнделікті өмірде қолдана алатын есептер жөнінде ой тастау. Мұғалім оқушыларды терминдермен сөйлеуінің, өзі тапсырманы орындауына ыкпал етіп отыруы тиіс. Үнемі оқушыларға бағыт - бағдар беріп тұруы оқуды жеңілдетпек. Модульдер бойынша жұмыс жасаудың тиімділігі және оның мұғалімге зор табыс әкелетінін, тек ерінбей, талмай, қажымай жұмыс жасасаң, өз жемісін беретініне сенемін.Бұл жерде мұғалім сыни тұрғысынан ойлауын дамытады және оқушының сыни тұрғысынан дамуына әсер етеді.

Мұғалімдер жазбаша және ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш - жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады (Александер,2001). Александер айтқандай бағалау - одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Неге осыны алдын жасамадым деген сұрақты өзіме қойдым. Сол кезде айтылған ойлар мен пікірлерді ескере отырып келешектегі сабақтарымда тапсырманы орындамастан бұрын сол тапсырмаға қалай бағалайтыным туралы критерий құрып алып, оқушыларға сол бойынша тапсырманы орындатамын. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашу үшін табыс критерийлерін қолданамын. Үнемі баланың қабылдауы қандай деңгейде тұрғанын және оған қандай көмек керектігін анықтап отырамын. Қорыта айтқанда,оқытудағы зерттеушілік әңгіменің маңыздылығы оқушы сабақта отырып-ақ әңгімелесе отырып негізгі білімді сыныпта игере алады.Игерген білімді болашақта қажетіне жарата алады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.

1.Barnes,D (1971)Language and learning In the Classroom ( Сыныптағы тіл және оқыту) Journal of Curriculum Studies,3(1), 27-38.

2.Mercer,N.,Hodgkinson,S.(2008) Exploring talk in school:inspired by the work

of Douglas Barnes (Мектептегі зерттеушілік әңгіме; Дуглас Барнастың жұмысымен рухтану) London: Sage.

3.Alexander.R. J.(2008).Towards Dialogic Teaching.Rething clasroom talk (4-th ed)[||Диалогтік оқыту.Сыныптағы әңгімені қайта қарау(4-,басылым)].York: Dialogosі

4.Glaser,E.M.(1941).An Experiment in the Development of Critical Thinking[Сын тұрғысынан ойлауды дамыту эксперименті].New York: Bureau of Publications,teachers College,Columbia University.

ҚОСЫМША

Зерттеушілік әңгімені пайдаланып оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.Зерттеушілік әңгімені пайдаланып оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.Зерттеушілік әңгімені пайдаланып оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.Зерттеушілік әңгімені пайдаланып оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.Зерттеушілік әңгімені пайдаланып оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.Зерттеушілік әңгімені пайдаланып оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.Зерттеушілік әңгімені пайдаланып оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.Зерттеушілік әңгімені пайдаланып оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.Зерттеушілік әңгімені пайдаланып оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.Зерттеушілік әңгімені пайдаланып оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.Зерттеушілік әңгімені пайдаланып оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.Зерттеушілік әңгімені пайдаланып оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

23



© 2010-2022