5 -сынып кысқа мерзімді жоспар ондық бөлшектерді көбейту

Раздел Математика
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

4.05.2015.ж 5 «А» сынып математика Бекітемін:

пән мұғалімі : Караматдинов.С Маханбетова Р.

Сабақтың тақырыбы:

Ондық бөлшектерге амалдар қолдану

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың ондық бөлшектерге амалдар қолдануды игерулеріне бағыт-бағдар беру және жаттығуларына ықпал жасау.

Тәрбиелік мақсаты:

Оқушыларды адамгершілікке, бір-біріне құрмет көрсете білуіне, бір-бірінің ойын тыңдауға үйрету.

Күтілетін нәтиже:

Ондық бөлшектерге берілген есептерді кез келген жерде пайдалана алады.

Бағалау :

Топ басшысы өз тобын бағалап өтеді , жиынтық бағалауды сабақ соңында өзім хабарлап кетемін.

Ресурстар;

АКТ, оқулық, А4 парақтары, Плакаттар, стикерлер, жеке тапсырмалар.

Кезеңдер

Уақыт

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

1

5 мин

Оқушыларды топқа бөлу , түгендеу, сыныптың сабаққа дайындығын көз бен шолу.

Оқушылар топқа бөлінеді. Кезекші оқушы, жоқ оқушыларды хабарлайды.

7 мин

Үлгерімі төмен оқушылардың үй жұмысын көзден өткізеді. Керек жерін талдау жасайды. Мүмкіндігіне қарай дәптерді ауыстырады.

Үй жұмысын көрсетіп , мұхият тыңдалым.

2

1 мин

Оқушыларға жаңа тақырыпты хабарлап оларға тапсырма береді. Жаңа тақырыпты игеруіне бағыт бағдар береді. Топтың бір мүшесі бағалау парағын толтырып отырады.

Өз кезегінде оқушылар жаңа тақырыппен танысады. Топқа берілген тапсырманы алады.

10 мин

Оқушылардың жаңа тақырыпты қалай игерулерін зерттеп , бақылау жүргізеді. Топтағы көшбасшы кім екенін анықтауға тырысады.

Топ мүшелері тапсырманы лезде бөлісіп алып орындайды және бір біріне түсіндіруге әрекеттенеді.

3

10 мин

Топ мүшелеріне таныстырылымға шығуларына ишара береді.Таныстырылымды мұхият тыңдау.

Тапсырманы таныстырылымға топ мүшелері ойласа отырып кім шығатынын хабарлайды.

Таныстырылымға шығады.

7 мин

Жаттықтыруға есептер әр топқа жеке беріледі . Топ мүшелеріне бағыт бағдар беріп отырады.

Топ мүшелері бірлескен жұмыс атқарады . Бір біріне түсіндірулер жүргізеді. Түсініксіз жері бар болса мұғалімге жүгінеді.

4

5 мин

Рефлексия. Оқушылармен кері байланыс орнату .Үй жұмысын хабарлау. Сабақты қорытындылау.

Не түсінгені туралы қысқа мәлімет жазады . Сұрақ жауап.

© 2010-2022