Математика әлеміне саяхат (8-сынып)

Раздел Математика
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Математика әлеміне саяхат

Мақсаты: 1. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын,

оқуға ынтасын арттыру

  1. Оқушылардың ауызша есептеу дағдыларын,

математикаға деген қызығушылығын арттыру

  1. Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкешілікке,

өзін-өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу

Түрі : Топтық сайыс

Типі: Ойын түрінде

Көрнекілігі: Интерактивті тақта ,слайдтар

Сайыс шарттары: 1. Геометрияны оқып үйренейік?

2. Сөз тізбегі

3. Капитандар сайысы «Шахмат ойыны»

4. «Кім шапшаң» ойыны

5. «Есепке кім жүйрік» ойыны

6. Жаңылтпаш айту

7. Қорытынды

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен көрермендер!

Бүгінгі біздің «Математика әлеміне саяхат» атты сайысымызға хош келдіңіздер! Сайысымызды бастамас бұрын әділ-қазылар алқасымен танысалық

Бүгінгі сайысқа қатысушы сыныптар : 8 «ә», 8 «б», 8 «в»

Сонымен І -топ Ромб 8 «ә» сынып

ІІ -топ Квадрат 8»б» сынып

ІІІ- топ Трапеция 8 «в» сынып

Сайысымыздың 1 бөлімі . Геометрияны оқып үйренейік?

Геометрияны оқып үйренейік?

Сұрақтар таңдалады, тез жауап алынады

А -сұрақтар

1. Дәлелдеусіз қабылданатын тұжырым? Аксиома

2. Үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жатқан қабырға гипотенуза

3. Екі жағы шектелген түзу кесінді

4. Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді? Хорда

5. Барлық қабырғалары тең параллелограмм ромб

6. Қарсы катеттің іргелес катетке қатынасы? Тангенс

7. Өзі шыққан бұрышты қақ бөлетін сәуле биссектриса

8.Үшбұрыштың медианаларының қиылысу нүктесі ауырлық центрі

9. синус 300 градустың мәні ½

10. Бір жазықтықта жатқан және ортақ нүктесі болмайтын түзулер?

параллель түзулер

В - сұрақтар

1. Барлық қабырғалары тең үшбұрыш тең қабырғалы

2. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда диаметр

3. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш квадрат

4. Іргелес катеттің гипотенузаға қатынасы косинус

5. дәлелдеу арқылы қабылданатын тұжырым теорема

6. 1800 градусқа тең бұрыш қалай аталады? жазыңқы

7. Төртбұрыштың қарама-қарсы қабырғаларын қосатын кесінді диагональ

8. Үшбұрыштың биіктіктерінің қиылысу нүктесі ортоцентр

9. Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасының квадраты катеттерінің квадраттарының қосындысына тең Кімнің теоремасы ? Пифагор

10. Үшбұрыштың тік бұрыш жасап тұрған қабырғаларының аты

катеттері

С-сұрақтар

1. Дәлелденетін пікір теорема

2. Геометрия терминінің мағынасы жер өлшеу

3. Бұрышты өлшейтін құрал транспортир

4. Тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу перпендикуляр

5. Синустың косинусқа қатынасы тангенс

6. Косинус 600 тың мәні ½

7. Екі қабырғасы ғана параллель болатын дөңес төртбұрыш трапеция

8. Үшбұрыштың үш биссектрисаларының қиылысу нүктесі қалай аталады?

іштей сызылған шеңбер центрі

9. Қарсы жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы синус

10. Үшбұрыштың бір қабырғасының квадраты қалған екі қабырғасының квадраттарының қосындысына тең болса, ол қандай үшбұрыш болады?

Тік бұрышты үшбұрыш


Сайысымыздың ІІ бөлімін бастаймыз

  1. Сөз тізбегі

Экранда математикалық термин көрсетілген

Келесі сөз алдыңғы сөздің соңғы әрпінен басталуы және математикаға қатысты болуы керек. Қай топ көп жазады сол ұтады Уақыт беріледі

1-топ: Гипотенуза - ….

ІІ -топ: Катет- …..

ІІІ- топ: Ромб - ….

Сайысымыздың ІІІ- бөлімі

3. Капитандар сайысы «Шахмат ойыны»

Мына суретте шахмат тақтасының бір бөлігі кескінделген

Шахмат атының жүру тәртібі бойынша оқығанда математиктердің

қанатты сөздері шығады


да

математика

қамқоршысы

бастаушысы

жанашыры

де

сан

жаңалықтары

ғылымның

іргетасы

химия

физика

« Сан - математика ғылымының іргетасы» Бұл қанатты сөзді айтқан Орынбек Жәутіков - физика-математика ғылымының қазақ арасынан шыққан тұңғыш докторы

Шабыт

алгебраға

дарын

қажет

поэзиядан

түспейтін

геометрияға

керек

артық

кем

бітпейтін

да

«Геометрияға да поэзиядан кем түспейтін шабыт керек»

Бұл қанатты сөз шығыстың ұлы ойшылы математигі ӘЛ-Фарабидің айтқаны

жоқ

із

иә

де

теориясы

да

кесуде

идеясы

сызықтар

жатыр

бар

графтар

«Із кесуде - графтар теориясы жатыр»

Бұл қанатты сөзді айтқан Жаңбырбаев Бегалы Сәдуақасұлы

Қазақтың үздік математиктерінің бірі


Сайысымыздың IV бөлімі

  1. «Кім шапшаң» ойыны

Сен 30-ға дейін санауды білесіңбе? 30-ға дейінгі санды айт, бірақ 3-ке бөлінетін санның орнына «мен білем» деп айт Енді шапшаң санап шық

Сол сияқты 40 және 50 дейін сандарды айт және 4-ке және 5-ке бөлінетін сандардың орнына «мен білем» деп айт Тез санап шығыңдар

30: 1,2 « мен білем» 4,5 «мен білем» 7,8 «мен білем» 10,11, «мен білем» 13,14, «мен білем» ,16,17, «мен білем» 19,20, «мен білем» 22,23, «мен білем» 25,26, «мен білем» 28,29, «мен білем»

40 : 1,2,3 «мен білем» 5,6,7«мен білем» 9,10,11, «мен білем» 13,14,15, «мен білем» 17,18,19, «мен білем» 21,22,23, «мен білем» 25,26,27, «мен білем» 29,30,31«мен білем» 33,34,35, «мен білем» 37,37,39, «мен білем»

50: 1,2,3,4 «мен білем» 6,7,8,9, «мен білем» 11,12,13,14, «мен білем» 16,17,18,19«мен білем» 21,222,23,24, «мен білем» 26,27,28,29, «мен білем»

31,32,33,34, «мен білем» 36,37,38,39«мен білем» 41,42,43,44, «мен білем» 46,47,48,49«мен білем»

Сайысымыздың V- бөлімін бастаймыз

5. « Есепке кім жүйрік» ойыны

Мұнда логикалық есептер беріледі

1. Бірдей үш цифрмен жазылған үш таңбалы сан 3-ке де, 37-ге де бөлінеді Сол санды тап жауабы . 111

2. Екі қыстақтың арасы 10 км Қырсық жолаушы күніне 2 шақырым алға жүріп , 1 шақырым кейін қайтады Жолаушы қыстаққа неше күнде жетеді ?

Жауабы 9 күнде

3.Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 км жүріп өткен Әрбір аттың жылдамдығы қандай еді? Жауабы: 15 км/сағ

4. Бөрененің ұзындығы 150 см, оның 1/3 бөлігін кесіп тастады. Қалған бөлігінің ұзындығы қанша? Жауабы: 100 см

5. 81 санынан 63-ті алып, 86 санына 12-ні қосамыз. Сонда біріндегі азайтқыш пен екіншісіндегі қосынды қағаз бетіне жазбастан қалай көрсетуге болады? жауабы: 81- төңкеріп 18

86- төңкеріп 98

6. Егер а санын 3-ке көбейтсек 6 санын табамыз Егер 6-ға 2 қоссақ с санын аламыз Бұдан а+с = ? жауабы 10

Сайысымыздың VІ - бөлімін бастаймыз

6. Жаңылтпаш айту

1. Айқыш бұрыш, айқыш бұрыш

Тең-тең бұрыш, тұтас бұрыш

Тұстас бұрыш, тұстас бұрыш

Сәйкес бұрыш құрған бұрыш

Жазыңқы бұрыш құрған бұрыш

2. Бес түп алма, « бестік » алғандікі

Төрт түп алма « төрттік » алғандікі

« Төрттік » алған бес түп алма алмайды

« Бестік » алған төрт түп алма алмайды

7. Қорытынды

Жеңімпаз топты анықтау, марапаттау



© 2010-2022