Математика 6-сынып. Санның модулі

Раздел Математика
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Cанның модулі.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастырып, өткен тақырыптар мен жаңа тақырып бойынша байланыс жасап, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырата білуін және теориялық алған білімдерін, практика жүзінде ұштастыра білуін қамтамасыз ету.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға санның модулін табуға есептер шығарту арқылы, олардың дұрыс та, шапшаң, тиімді жолмен шығару тәсілдерін қамтамасыз ете отырып, дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушыларға патриоттық, адамгершілік, ұлттық және эстетикалық тәрбиеге баули отырып, шапшаңдық пен ұқыптылық, ұстамдылыққа тәрбиелей білім беру;

Дамытушылық: Оқушы білімін тақырыпқа сай және оқулықтан тыс қызықты да , тың мәліметтермен, қосымша дидактикалық құралдар, логикалық есептер, карточкалық есептермен қызықтыра отырып, білімдерін артыру, оқушылар арасында бәсекелестік тудырып, осы арқылы білімдерін дамыту;

Сабақтың пәнаралық байланысы: Геометрия, логика, т.б.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап;

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, сызғыш, үлестірме қағаздар

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Кезекшіні анықтау;

ә) Оқушыларды түгелдеу;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру;

а) Үйге берілген № 326, 327 есептерді шығару жолдарын тексеріп шығу;


ә) Өткен тақырыптарға арналған қайталау сұрақтары:

1. Оң сандар деп қандай сандарды айтамыз?

2. Теріс сандар деп қандай сандар деп айтамыз?

3. Қарама - қарсы сандардың анықтамасы.

4. Бүтін сандардың анықтамасы.

5. Рационал сандардың анықтамасы.

6. Таңбалар ережесі.

7. 0 саны теріс сан ба, оң сан ба?

б) Математикалық диктант:


  1. 2 санына қарама-қарсы сан - 2.

  2. Кез-келген оң санға қарама-қарсы сан теріс сан.

  3. 0 саны өзіне-өзі қарама-қарсы сан. Бүтін сандар рационал сандардың ішкі жиыны.

  4. Бүтін сандар мен бөлшек сандар рационал сандар деп аталады.

  5. -0,8 санына қарама - қарсы сан - (-2)

ІІІ. Жаңа сабақ

Жаңа тақырыпты түсіндіремін:

Тұрмыста кейбір шамалардың (ұзындықтың, массаның, температураның) өзгерістерінің сан мәні ғана жазылады.

Модуль латынша modulus - қазақша «мөлшер» деген мағынаны білдіреді. Кейбір жағдайда «модульдің» орнына абсолюттік шама деп те атайды.

Координаталық түзу бойынан А (-3) нүктесін белгілеп, А нүктесінің санақ басынан бірлік кесінді есебімен қашықтығын анықтайық. Координаталық түзу бойынан А (-3) нүктесі санақ басынан - О нүктесінен 3 бірлік кесіге тең қашықтықта жатыр.

Санның модулі дегеніміз координаталық түзудегі санды кескіндейтін нүктенің санақ басынан (бірлік кесінді есебімен алынған) қашықтығы.

Сонда, -3 санынң модулі 3-ке тең. Жазылуы:

Математика 6- сынып . Санның модулі.

Оқылуы: "- 3 санынң модулі 3 - ке тең.

I. Теріс санның модулі оған қарам қарсы санға тең. Мысалы, Математика 6- сынып . Санның модулі

II. Оң санның модулі.

Мысалы, 3,5 санының модулін табайық. Ол үшін координаталық түзу бойынан В (3,5) нүктесін белгілейік. Координаталық түзу бойындағы В(5) нүктесінің санақ басынан қашықтығы 5 бірлік кесіндіге тең. Демек, 3,5 санының модулі 3,5 ке тең. Жазылуы

Математика 6- сынып . Санның модулі

Сол сияқты, Математика 6- сынып . Санның модулі, Математика 6- сынып . Санның модулі

Оң санның модулі сол санның өзіне тең.

III. Нөл санының модулі 0-ге тең. Математика 6- сынып . Санның модулі=0

IV. Қарама - қарсы сандардың модульдері тең. Математика 6- сынып . Санның модулі

Мысалы, Математика 6- сынып . Санның модулі

Енді модульмен берілген қарапайым теңдеулерді қарастырайық.
1)|x|=3, 2 болса, онда x=3, 2 және x=- 3, 2 болады.
2)|x|+2, 1=3, 6 |x|=3, 6 - 2, 1 |x|=1, 5 бұдан x=1, 5 және x=- 1, 5 шығады.

IV. Оқулықпен жұмыс

Ауызша. № 356

№ 357, № 359, № 363,

V. Сергіту сәті

Сиқырлы квадратты толтырыңдар:


16

11

12

9

13

17

14

15

10

№ 365 (тақ)

VI. Қорытындылау.

1. Санның модулінің анықтамасы?
2. Оң және теріс санның модулі неге тең?
3. Қарама - қарсы сандардың модулі неге тең?
4. Таңбалар ережесін тұжырымдап айтып беру.

VII. Үйге тапсырма . Бағалау

№ 358, №365( жұп)


© 2010-2022