Сабақтың тақырыбы: Дұрыс көпжақтар

Раздел Математика
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Дұрыс көпжақтар.

Сабақтың мақсаты: Дұрыс көпжақтарды анықтайтын қасиеттер мен дұрыс көпжақтардың түрлерімен таныстыру.

а)Білімділік: Дөңес көпжақтар үшін Эйлер сипаттамасын есептеу формуласын білу.

ә) Дамытушылық: Дұрыс дөңес көпжақтардың жазбасы бойынша олардың моделін жасау дағдыларын қалыптастыру

б) Тәрбиелік: Оқушыларды жылдам ойлауға, жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:түсіндірмелі - көрнекілік

Сабақтың типі:жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі:сызба,жазба материалдар

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа қатысуын, дайындығын тексеру. Оқушылармен амандасу.

ІІ.Өткенді қайталау.

1. Дөңес және дөңес емес көпжақтарға мысалдар келтіру

2. Призма дегеніміз не?

3. Пирамида дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Егер дөңес көпжақтың жақтары қабырғаларының саны бірдей дұрыс көпжақтар болса және көпжақтың әрбір төбесінен шығатын қырларының саны бірдей болса, онда оны дұрыс көпжақ деп атайды.

Дұрыс көпжақтың бес түрі болады: дұрыс тетраэдр, куб, октаэдр, додекаэдр, икосаэдр.

Сабақтың тақырыбы: Дұрыс көпжақтар.Дұрыс тетраэдрдың жақтары - дұрыс үшбұрыштар, оның

әрбір төбесінде үш қыры тоғысады. Дұрыс тетраэдр барлық

қырлары тең болатын үшбұрышты пирамида.

Сабақтың тақырыбы: Дұрыс көпжақтар.Кубтың барлық жақтары квадраттар,

оның әрбір төбесінде үш қыры тоғысады.

Куб - барлық қырлары өзара тең

тікбұрышты параллелепипед.

Сабақтың тақырыбы: Дұрыс көпжақтар.Октаэдрдің жақтары - дұрыс

үшбұрыштар, оның әрбір төбесінде

олар төртеуден тоғысады. Грек тілінен аударғанда, октаэдр

- «сегіз жақты» деген мағына береді.


Сабақтың тақырыбы: Дұрыс көпжақтар.Икосаэдрдің жақтары дұрыс үшбұрыштар, оның әрбір

төбесінде олар бесеуден тоғысады. Грек тілінен

аударғанда, икосаэдр - «жиырма жақты» деген мағына

Сабақтың тақырыбы: Дұрыс көпжақтар.береді.

Додекаэдрдің жақтары - дұрыс

бесбұрыштар, оның әрбір төбесінде

олар үшеуден тоғысады. Грек тілінен аударғанда,

додекаэдр - «он екі жақты» деген мағына береді.

Сабақтың тақырыбы: Дұрыс көпжақтар.

7-теорема. Дөңес көпжақтың жақтарының санын Г, қырларының санын Р, төбелерінің санын В деп белгілесек, онда Г + В = Р + 2 болады.

Жақтары мен төбелер санының қосындысы қырлар санынан 2-ге артық екені көрініп тұр. Мұны алғаш дәлелдеген Леонарда Эйлер (1707 - 1783).

ІV. Білімді бекіту. Өзін-өзі бақылау сұрақтары

1. Қандай көпжақ дұрыс көпжақ деп аталады?

2. Дұрыс көпжақтардың бес түрін атап, оларға сипаттама беріңдер.

V. Қорытынды.

Тетраэдр, куб, октаэдр, икосаэдр, додекаэдр дегеніміз не?

VІ. Үйге тапсырма. Дұрыс көпжақтардың моделдерін жасау

VIІ. Бағалау. Оқушылардың білім-біліктілігін анықтап баға қою.






© 2010-2022