Разработка по математике на тему Рационал сандарға есептер шығару (6 сынып)

Раздел Математика
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

№43 орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі




«Рационал сандарға»

есептер шығару

Пәні: Математика.

Сыныбы: 6 «В»

Пән мұғалімі: Баймуханова С.С




Тараз-2015

Сабақтың тақырыбы: «Рационал сандарға» есептер шығару.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Рационал сандарды әртүрлі есептеулерде пайдалана отырып, есептер шығаруға үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың математика пәніне

деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Дәлдікке, ұқыптылыққа, ұжым намысын жоғары қоюға

тәрбиелеу.

Сабақтың типі: пысықтау сабағы
Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, есептер шығару, «серпілген сауал», топтық жұмыс, жұптық жұмыс, «крестик-нолик».

Бағдарлама модульдерінің кіріктірілуі: сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқыту мен оқуда ақпараттық технологияны пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқытуды басқару және көшбасшылық.

Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар, Microsoft Power Point программасындағы презентация, көмекші құралдар, доп.

Пәнаралық байланыс: геометрия

Болжамдап отырған нәтиже: Рационал сандарды пайдалана алатын, математика пәніне деген қызығушылығы бар, логикалық ойлау қабілеті дамыған, тез есептей алатын, дәлдікке, ұқыптылыққа, ұжым намысын жоғары қоюға тәрбиеленген тұлға қалыптастыру.

Сабақ жоспары:

I. Ұйымдастыру.

  1. Оқушылармен сәлемдесу

  2. Оқушыларды түгендеу

  3. «Шаттық көңіл-күй» сыйлау

  4. Сыныпты топтарға бөлу, топ мүшелерін тағайындау.

II. Үй тапсырмасын сұрау

  1. «Семантикалық карта» арқылы есептерді тексеру

  2. «Серпілген сауал»

III. Есептер шығару

  1. Топпен жұмыс (постермен жұмыс), «Адасқан әріптер»

  2. Жұптық жұмыс (оқулықпен жұмыс)

  3. «Бесбармақ» бағалау

IV . Қорытынды

  1. «Крестиктер-нөлдіктер» ойыны

V. Үйге тапсырма беру

№ 535, 536 есептерді шығару

VII. Оқушыларды бағалау (Оқушылардың білімділігі, белсенділігі бойынша топ мүшелері өздерін бағалау)

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру

  1. Оқушылармен сәлемдесемін.

  2. Оқушыларды түгендеймін.

  3. «Шаттық көңіл-күй» сыйлаймыз, (шеңбер құрамыз).

Біз бір-бірімізге қуаныш сыйлаймыз,

Біз қонақтарға қуаныш сыйлаймыз,

  1. Сыныптағы оқушыларды геометриялық фигуралар арқылы 3 топқа бөліп, топ жетекшілерін тағайындаймын.

І-топ: Оң сандар.

ІІ-топ: Теріс сандар.

ІІІ-топ: Таңбалары әртүрлі сандар.

II. Үй тапсырмасын тексеру

1.Семантикалық карта

Тапсырма:

-22

-2

-1

2,4

24

21-(5-8)





3,7-(4-5,3)


-13-(20-32)


-4,5-(7-9,5)


-18-(9-5)



  1. «Серпілген сауал» (доппен сұрақ қою).

Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін, сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтыру.

Разработка по математике на тему Рационал сандарға есептер шығару (6 сынып)Разработка по математике на тему Рационал сандарға есептер шығару (6 сынып)

III. Есептер шығару

  1. Топтық жұмыс (постермен жұмыс) «Адасқан әріптер»

(есептерді шығарып әріптерді орналастыру арқылы бір топтың аты ашылады)

Мына нүктелерді тауып координаталық тузудің бойына орналастырыңдар.

Разработка по математике на тему Рационал сандарға есептер шығару (6 сынып)

І-топ:

Ң(-6+6); Т(-18+10); С(11,6+(-5,6)); А(-2,8+6,8); Ы(-3,3+11,3); Б(4,55+(-2,55)); А(-1,9+(-4,1))

Жауабы: Таңбасы

ІІ-топ:

Т(-6+6); Ә(-18+10); Л(11,6+(-5,6)); Р(-2,8+6,8); І(-3,3+11,3); Ү(4,55+(-2,55)); Р(-1,9+(-4,1))

Жауабы: әртүрлі

ІІІ-топ:

Е(-6+6); Т(-2,8+6,8); Е(11,6+(-5,6)); Р(-3,3+11,3); П(4,55+(-2,55)); С(-1,9+(-4,1)) ; Е(-18+10);

Жауабы: есептер

Топ басшылар шығып қорғайды.


  1. Жұптық жұмыс «Кім ойшыл?»

Жұптаса отырып оқулықтағы есептерді шығарады.

Разработка по математике на тему Рационал сандарға есептер шығару (6 сынып)Разработка по математике на тему Рационал сандарға есептер шығару (6 сынып)

№ 531, № 532

V. Қорытынды

«Крестиктер-нөлдіктер» ойыны

  1. 1-ші команда кестеден сан таңдайды.

  2. Мұғалім сол нөмірдегі сұрақты оқиды.

  3. Жауап дұрыс болған жағдайда , 1-ші команда сол квадратқа нөл қояды.

  4. Жауап дұрыс болмаған жағдайда (крестик), 2-ші команда сұраққа жауап беруге және сол квадратқа нөлдік қоюға мүмкіндік алады.

Разработка по математике на тему Рационал сандарға есептер шығару (6 сынып)

  1. 5-9+3; Жауабы: 1

  2. Екі теріс санның қосындысы? Жауабы: теріс сан

  3. -9+(-0,3); Жауаубы: -9,3

  4. -9,5+(-100); Жауабы: -109,5

  5. -6+11-8; Жауабы: -3

  6. Қарама - қарсы сандар қандай сандар? Жауабы: Бір- бірінен тек қана таңбаларымен ажыратылатын сандар.

  7. Өз-өзіне қарама- қарсы сан қандай сан? Жауабы: 0

  8. Теріс санның модулі неге тең? Жауабы: қарама-қарсы санға тең.

  9. Қандай өрнек алгебралық қосынды деп аталады? Жауабы: оң сандардың және теріс сандардың қосындысы түрінде жазылған өрнек

VI. Үйге тапсырма беру

№ 535, №536.

VII. Оқушыларды бағалау

(Оқушылардың білімділігі, белсенділігі бойынша жеке бағалау).

Оқушылар өздеріне сабақта не ұнағанын, не ұнамағанын жазады.

Бағалау парағы.

Тақырыбы: «Рационал сандарға» есептер шығару.

6 сынып оқушысы: ______________________

Рефлексия. Өз көңіл-күйіңе сәйкес суретті таңдап ал.

Сабаққа дайынмын. Маған бәрібір Мен өзіме сенімсізбін.

Тапсырмалар:1. Серпілген сауал______________

2. Топтық жұмыс «Адасқан әріптер» ___________

3. Жұптық жұмыс «Кім ойшыл?» ___________

4. «Бесбармақ»___________

5. «Крестик -нөлдік» ойыны_________

7. Өзіңді бағала _________

8.Жалпы баға___________

© 2010-2022