Математика әлемінде сыныптан тыс шара

Раздел Математика
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Математика әлемінде» көңілді тапқырлар сайысы.

Мақсаты: Студенттердің логикалық ойлауын дамыту,өз бетінше іздену құштарлығын қалыптастырады. Сыйластық, ұйымшылдық қасиеттеріне тәрбиелеу, математикаға қызығушылығын арттыру.

Түрі: Математикалық сайыс

Әдісі: Топ бойынша жұмыс

Көрнекілігі: нақыл сөздер,таблицалар.

Қолданылған нақыл сөздер:

1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы. (К.Гаусс)

2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика

3. Математика - барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те.

(Р.Бэкон)

1-жүргізуші: Құрметті студенттер, ұстаздар! Назарларыңызға 1 курс студенттер арасында өткізілгелі отырған «Математика әлемінде» атты көңілді тапқырлар сайысын ұсынамыз.

Ден қойып тыңдап, өздеріңізге қажеттілеріңізді тауып қайтуларыңызға тілектеспіз.

2-жүргізуші: Ғылымдардың патшасы атанғансың

Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың

Төзбейтін емессің сен, қаталдансың.

«Ақыл ойды тәртіпке» келтіретін

Нағыз пән - математика атанғансың!-дей келе көңілді тапқырлар сайысын бастаймыз.

1-жүргізуші: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсаттарың бір екен.

Сәтті болсын сапарларың әрдайым.- дей келе ортадағы сайыскер командаларды таныстырамыз.

1-топ: «Пифагор»

2- топ: «Жас математиктер »

3-топ: «Альфа »

2-жүргізуші: Шын жүйрік шабысынан танылады,

Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда

Сіздерге құрметпенен қол соғылады.- дей отырып сайыскерлеріміздің білімі мен баға беретін сайысты қадағалап, әділ бағасын беретін - әділ қазылар тобымен таныстырайын.

ОӘЖЖ директордың орынбасары: Гулзада Амангелдіқызы

Физика және математика пән бірлестігінің жетекшісі: Кулаш Каржауқызы

Бөлім әдіскері: Гулбарам Мантубетқызы (әділ қазылар сайыскерлерді- 3,4,5 бағалармен бағалайсыздар)

2-Жүргізуші:

Жоспарымен таныстыру.

1. Таныстыру сайысы (топтың аты,ұраны, эмблемасы)

2. «Кім білгіш?» сайысы (үй тапсырмасы,әр топқа ұлы математиктар берілді,слайдпен

қорғау)

3. «Тапқырлық» сайысы (жұмбақтар)

4. «Формулалар әлемі» сайысы

5. «Тез есепте, уақытыңды үнемде» (логикалық есептер)

6. Ұлы математиктерді білеміз бе? сайысы

7. «Біліміңді сынап көр!» топ басшылар сайысы (сұрақ-жауап)

8. «Тапқыр болсаң, шеш жылдам» (топқа тесттер)

1-жүргізуші: Біреу озса жарыста,

Біреу артта қалады.

Ренжімей тараса,

Озбағандар жарады.

Сәт сапар, тілеп бәріңе

Сайысты біздер басталық.

Көрсетіңдер өнерді,

Қалмаңыздар жасқанып,- дей келе, командалардың өздерінің таныстыруын тыңдаңыздар.

1. Таныстыру (топтың аты,ұраны, эмблемасы)

1-топ. « Пифагор» (9ю-12, 9рс-12)

2-топ. « Жас математиктер» (Г-112, 9-112)

3-топ. « Альфа» (9ст-12, 9.312)

2-Жүргізуші: Математика ғылымдар патшасы деп,

Мойындаған бар ғылым жер шарында.

Сол қағида тағы да дәлелденбек,

Бүгінгі кеш бағдарлы жоспарында-дей келе келесі сайысымыз

2. «Кім білгіш?» ( үй жұмысы)

« Математика әлемінде» - Декарт Рене, Эйлер Леонард және Готфрид Вильгельм Ле́йбниц т.с.с ұлы ғалым математиктар бар.(әр топ өздерінің үй тапсырмаларын слайдпен қорғайды)

1-топ. «Пифогор» - Эйлер Леонард 2-топ. «Жас математиктер » - Декарт Рене

Математика әлемінде сыныптан тыс шараМатематика әлемінде сыныптан тыс шара

3-топ. «Альфа» - Го́тфрид Ви́льгельм Ле́йбниц

Математика әлемінде сыныптан тыс шара

1-Жүргізуші: Арифметика бар ғылымның патшасы,

Біледі оны жан біткеннің баршасы

Математика құрметтеуге лайық

Мәртебесін көтерейік халайық,-дей келе келесі сайысымыз

3. «Тапқырлық» сайысы (жұмбақтар)

1-топ. «Пифагор»

  1. Айналған шешу құралына

Төрт саны араласқан құрамына

«Теңдеудің түбірлері нешеу?» - деген

Қандай сан жауап береді сұрағыма

(Дискриминант)

  1. Егіз туған қос жүйрік
    Жарыса шауып терлейді.
    Бірін-бірі көрмейді.
    Дамылсыз қанша шапсада
    Бір мәреге келмейді.

(Параллель түзулер)

  1. Бірдей санды бірнеше рет
    Көбейтуден тұрады
    Ықшамдасаң егер оны
    Қандай атау болады?

(Дәреже)

2-жүргізуші:

2-топ. «Жас математиктер »

1.Айқасқан екі таяқ

Тұрады жоқты сұрап

(Х (икс)

2.Түзіудің бір бөлігі

Екі шеткі нүкте көрігі.

Ұзындығы және бар

Айтшы сыйлық сенікі.

(Кесінді )

3.Нүктеден, екі сәуледен

Құралған айтшы бұл не екен?

(Бұрыш )

1-жүргізуші:

3-топ. «Альфа »

  1. Санға қосып алсаң

Сол санның өзі шығады

Санды оған бөлуге болмайтынын

Математиктер ұғады

Көп адамдар сол санға

Шекесінен қараған

Сан осін қақ бөлуге

Сол саныңыз жараған

(0)

  1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазылып тұр бойында.

( сызғыш)

  1. Дүниеде бүтін нәрсе бола бермейді

Көңілге армандаған қана бермейді.

Бүтін нәрсе бөлігін көрсететін,

Қандай сан бар, достарым, пікір демейді

(жай бөлшектер)

2-жүргізуші: "Арифметика - математиканың, ал математика - барлық ғылымдардың патшасы"-

дей келе келесі сайысымыз

  1. «Формулалар әлемі» сайысы

1-топ. «Пифагор»

  1. Синустар теоремасының формуласы: (Математика әлемінде сыныптан тыс шара)

  2. Параллелограм ауданының формуласы: (S = a · ha)

  3. a3 - b3 өрнегінің көбейткіштерге жіктелуі: (a - b) · (a2 + ab + b2)

1-жүргізуші:

2-топ. «Жас математиктер»

  1. Герон формуласы: (Математика әлемінде сыныптан тыс шара)

  2. Квадрат теңдеудің формуласы: ах 2+вх+с=0

  3. a2 - b2 өрнегінің көбейткіштерге жіктелуі: (a+b)(a-b)

2-жүргізуші:

3-топ. «Альфа »

  1. Үшбұрыштың периметрінің формуласы: P=а+в+с

  2. (a-b)3 өрнегін көбейткіштерге жіктелуі а3-3а2b+3ab2-b3

  3. Нақты көрсеткішті дәрежесінің көбейтіндінің, бөліндінің формуласы:

an * am =an+m an / am = an-m

1-жүргізуші: Есепті түрлі түрлі шығарамыз.

Арасында ойын ойнап жарысамыз.

Ойламды сұрақ, қиын сұрақ бәрі де бар,

Қызықты есеп шешіп жарысамыз- дей келе келесі сайысымыз


  1. «Тез есепте, уақытыңды үнемде» сайысы (логикалық есептер)

1-топ: «Пифагор»

1-Әкесі 34 жаста, баласы 11 жаста. Неше жылдан кейін әкесінің жасы баласының жасынан 2

есе артық болады? Теңдеу арқылы шеш. (12)

2 -Тек қосу таңбасын пайдаланып, сегіз-сегіздіктен 1000-ды құрастыру керек.
Жауабы: (888+88+8+8+8)

3-Бір сағаттың бір тәуліктен неше сағаты кем? (23 сағаты)

2-жүргізуші:

2-топ: «Жас математиктер»

1-Атасы немерелеріне сақтап қойған асығын бергісі келді.Оларға жетеуден берсе, асықтың екеуі

артық қалады. Ал сегізден берсе, асықтың біреуі жетпей қалады. Атаның неше немересі бар?

Асығы нешеу? (23 асық, 3 немере)

2-Сағаттың 4 -тен 1 бөлігі неше минут? (15 минут)

3-Бөлмедегі әр бұрышта 1 мысықтан және оған қарама-қарсы 3 мысықтан отырса, бөлмеде неше

мысық бар? ( 4)

1-жүргізуші:

3-топ: «Альфа »

  1. Жыл он екі айдың ішінде, 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі. (Барлық айда)

  2. Жүгіру жарысынан Әсет, Марат,Талғат 3 орын алды. Егер Марат 2-ші орын алмаса, ал Талғат 1-ші орын алмаса, Кім қандай орын алды? ( 1-Марат, 2-Әсет, 3-Талғат)

  3. Көшеде 2 әкесі 2 баласы және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр?

(3 адам)

2- Жүргізуші: Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер,- дегендей, өз білімдеріңіз бен ақылдарыңызға сене отырып, сайысымыздың келесі кезегін бастайық.


6.Ұлы математиктерді білеміз бе? сайысы

1-топ: «Пифагор»

  1. 1637 жылы координаталық түзуді енгізіп, теріс және оң сандарға түсінік берген француз математигі. (Рене Декарт)

  2. «Функция» ұғымын алғаш рет енгізген ұлы атақты математик. ( Лейбниц)

1-жүргізуші:

2-топ: «Жас математиктер»

  1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы. (К. Гаусс)

  2. Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін математика. (М. В. Ломоносов)

2- Жүргізуші:

3-топ: «Альфа »

  1. Координаттық жүйесін енгізген француз математик. (Декарт Рене)

  2. Пифагор теоремасын енгізген ұлы ғалым (Пифагор.)

1-жүргізуші:

Ән баянсыз өмір сүре алмайды, ал команда топ басшысыз болмайды. Енді ортаға топ басшыларды шақырамыз. Келесі сайысымыз

7. «Біліміңді сынап көр!» топ басшылар сайысы (сұрақ-жауап)

1-топ: «Пифагор»

  1. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш. (шаршы)

  2. 225 нешенің квадраты? (15)

  3. Қиылыспайтын екі түзу. (параллель)

  4. Дәлелденбейтін ұйғарым. (аксиома)

  5. Ұзындықтың өлшем бірлігі (метр)

2- Жүргізуші:

2-топ: «Жас математиктер»

  1. у=х2 функциясының графигі.(парабола)

  2. Екі ғасырда неше жыл?(200)

  3. Шеңбер сызатын құрал?(циркуль)

  4. Координаталық жазықтықта неше ширек бар?(4)

  5. Бұрышты өлшейтін құрал? (транспортир)

1-жүргізуші:

3-топ: «Альфа »

  1. Шамасы 180˚С тең бұрыш қалай аталады? (жазыңқы бұрыш)

  2. 7-ге қарама-қарсы сан? (-7)

  3. Екі нүктенің арасындағы түзу. (кесінді)

  4. 1метрде неше см бар? (100см)

  5. Үш ғасырда неше жыл?(300)

2- Жүргізуші:

8. «Тапқыр болсаң, шеш жылдам» (Топтарға бірдей тест беріледі, 7 мин уақыт)

1. Өрнектің мәнін тап

Егер Математика әлемінде сыныптан тыс шара болса, Математика әлемінде сыныптан тыс шара-ді табыңыз.

А)5

В)6

С)4

Д)7

Е)2.

2.Математика әлемінде сыныптан тыс шара фунцкциясының Математика әлемінде сыныптан тыс шара нүктесіндегі мәнін табыңдар.

А)Математика әлемінде сыныптан тыс шара

B) Математика әлемінде сыныптан тыс шара

С) Математика әлемінде сыныптан тыс шара

Д) Математика әлемінде сыныптан тыс шара

Е) Математика әлемінде сыныптан тыс шара.

3.Егер Математика әлемінде сыныптан тыс шара және Математика әлемінде сыныптан тыс шара болса, онда Математика әлемінде сыныптан тыс шара - тің мәні қандай?

А) Математика әлемінде сыныптан тыс шара

B)Математика әлемінде сыныптан тыс шара

С)Математика әлемінде сыныптан тыс шара

Д)Математика әлемінде сыныптан тыс шара

Е)Математика әлемінде сыныптан тыс шара.

4.Өрнекті ықшамдаңыз:Математика әлемінде сыныптан тыс шара

A) Математика әлемінде сыныптан тыс шара

B) Математика әлемінде сыныптан тыс шара

C)Математика әлемінде сыныптан тыс шара

D) Математика әлемінде сыныптан тыс шара

E) Математика әлемінде сыныптан тыс шара

5.Өрнекті ықшамдаңыз: Математика әлемінде сыныптан тыс шара

A) Математика әлемінде сыныптан тыс шара

B) Математика әлемінде сыныптан тыс шара

C) 1

D) Математика әлемінде сыныптан тыс шара

E) Математика әлемінде сыныптан тыс шара

1-жүргізуші:

Келесі жанкүйерлер сайысы (әділқазылар ақылдасып алғанша жанкүйерлерге сұрақ)


  1. Бір топ үйрек ұшып келе жатты.Біреуі алдыңда, екеуі артында, бірі артында, екеуі алдыңда, біреуі екеуінің ортасында, үшеуі тізбектеліп қатар ұшқан.Қанша үйрек ұшып келеді. ( Үш үйрек.)

  2. Алматыдан Астанаға қарай ұшақ 1 сағ 30 мин ұшқан, ал Астанадан Алматыға 90-ақ минут ұшты, неге? (90 мин-1сағ 30 мин.)

  3. Төрт бұрыштың бір бұрышын кесіп тастаса неше бұрыш қалады. (5 бұрыш.)

  4. Екі әкесімен екі баласы үш алманы бір-бірден бөліп жесе, олар қалай бөліскені. (Әкесінің баласы және оның баласы болған.Сонда небәрі үш адам.)

  5. Екі жарым кг ет екі сағатта піссе, жарты кг ет неше сағатта піседі. (2 сағатта)

  6. Көшедегі өткелді жолақтап ақпен бояп қояды. Егер олардың арасында 30 боялмаған жолақ болса, ақ жолақтар саны қанша болғаны? (31)

2-жүргізуші

Жарыстың соңғы сәті таяп қалды,

Демеңіздер біз өнерді аяп қалды.

Әділқазы- сіздерге сөз береміз,

Жеңімпаздар кім болып сарапталды (әділқазылар сөйлейді)

1-жүргізуші:

Алдыңызда жайнаған жүздер әні,

Сіздермен кездесерміз біздер әлі.

Ұстаздар, көрермендер сау тұрыңдар

Күтеді бізді жарқын күндер әлі,- деп бүгінгі «Математика әлемінде» көңілді тапқырлар сайысымыз аяқтаймыз.

Қорытындылау: Сау болыңыздар.

Сайыскерлерді, жеңімпаздарды марапаттау.






















© 2010-2022